ТАРИҺ ҚОЙНАУЫНЫҢ ЗЕРДЕ ҚАЗЫНАСНАН.
Киелі сандар жайлы жиған - терген, ілім - білімдер.
Тірі адамға керек ізгі қасиет
соған келіп барлық нәрсе бас иед.
Жүсіп Баласағұни
Киелі сандар сөйлейді:
«Үш», «жеті», «тоғыз», «қырык» сандарымен байланысты ұғымдар.
Қазақтың тілінде әртүрлі нақыл сөз, тақпақ, мақал, діни танымдық сөздер, әдет-ғұрып, түрлі дәстүрлер, салт-сананы айқынды мәнде көрсете алатын сөздер әр түрлі сандармен (3 4,5,6.7,9,40 т.б) тікелей байланыс тауып, түрлі қасиетті ғажайып ұғымдар бере алады.
Бала тәрбиелеуде, үлкен-кіші, кәрі-жас адам тәрбиесіне терең мән беріп, мағыналап, сәтті де, мәнді қағидалар ұсынып, ерен ережелер, әфсәнә, қарымды қағытпалар, сықақ, мысқыл, тұспал, толғаныс, кейіптеу, күлдірмек (анекдоты), әзіл жасай отырып, жұмбақ, мақал, аңыз әңгімелер, жылнама, шежіре, мұңлы әуен, жыр, өлең, ән жазып дәйектеме түйіндеп, іліксөз бен ілмексөз, сыпаттама, пікір, түсініктеу айтын, ерсі әзіл мен әжуәлаған да, маһаббат әнін толғаған да, төрттаған жазып, ауыз әдебиеттің бейнелі өмірін жасап, достық әзіл, қошамет мадақ, бейнелі сөз, жалпы сөз асылын жасағандардың бірі деірісі - қазақ қалқы.
Бұл сандар жөнінде көптеген ғұлама ғалымдар: Н.Кеңесбаев, Н.Я. Марр, Н.И.Ильминский зерттеп, Әлішер Навои, К. Халидов, Будагов, Вамбери, Хортман, Н.И. Золотницкий, Балтабай Адамбаев, Ақселеу Сейдімбеков мақалалар жазған. Қазан каласында басылған кітаптарда, «Алтай» грамматикасында» көптеген пікірлер айтылған. Қазақ елінің идеологиясында - саналы қоғам ой-санасында, бұрынғы өмір тұрмысында бұлсандардың өзіндік орын алғанын аңғарып байқауға тұрарлық. Бұл сандар қазақ үшін өзгеше қасиетті, киелі ұғым екенін көруге болады. Бабадан мұра болып келген сандардың қасиетінің кейбірі барлық елге ортақ та болып келеді. Мәселен, жеті күндік – аптаның барлық елге ортақтығын білеміз. (Тым ертеректе қазақ айы 25-28 күн шамасында бітіп, аптаның бесінші – жұма күні демалыс күні болғанын айан, сондай – ақ: в, х, э, я, ю, ч, щ әріптері мен ь, ъ белгілер де болмаған. Сондықтан көп сөздер қате жазылып, немесе орыс сөзіне айналып кеткен). Н.Я.Марр өзінің «Сан есімдер туралы еңбегінде: «прежде всего создание этапов последовательной связанности не одной смены дня днем, получившего свое округление с течением времени сначала в пяти, потом в семи днях, ни одного года, с последовательностью месяцев, в его круговращении по сезонам, ... Это в целом мерило одинаково и времени, и пространства...»,- деген. Марр пікіріне қарағанда «жеті» санының адам баласының ертедегі өмірінде-ақ уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Осы күнгі сандаған қалықтардың өмірі мен тілдерінде жеті күндік апталықтың болуы, бұл санның айырықша екендігіне айғақ іздеу қажет емес, анық екенін әркім біледі. Демек, мағынасыз сөз,арнаулы бір ұғымға ие бола алмайды, яғни неғайбыл сөз тумайды, ол тілден орын алып, өмір сүруін жалғастыра алмақ емес. «Мағынасыз» сөздің белгілі бір арнаулы «мағынаға» ие болуында үлкен сыр, тамаша дәстүр бар. Иаки, «оу баста бес күндік апта» болғанына еш шүбә келтіруге болмас, ал жұма демалыс және ата-ана, әруақтарды еске алу күні болған. Шындығына жетем деген адамның, ізденуіне тұрарлық жай. Қазақ тіліміздегі көптеген сөздер өткен өмірдің айнасы деу дұрыс шығар. Оны кей тұстарда: ескі идеологиялық сөздер, бұрынғы мификалық ұғымның ықпалынан туған деген, т.б. дүмбілез пікірлер болғаны анық, әлі де айтады.Көркем де жақсы сөздерді ескіртіп, оның орнына түкке тұрғысыз басқа ұлт сөздерін қабыл алғанымызда анық шындық. Сондықтан қазақтың, бұрыннан да үлкен ордалы ел болғандығын, асыл сөздер мен дана ойлардың қазақ саһарасында туғандығын осы сандар туп-тура дәлелдеп, толық пікір білдіре алады.
«Үш» саны туралы айтар болсақ, «үш» пен «тоғыз» да, «қырық» та ала-бөле қолданылатын жерлері бар. Мәселен: «үш қайнаса сорпасы қосылмайды» (еш басы қосылмайды, бірікпейді, мағынасында - иичего общего не имеет); «үш ұйықтаса түсіне енбеген» (ешбір ойына кіріп - шықпаған, еш ойында болмаған, мағынасында - даже не мечтал); «ер кезегі үшке дейін»,— деген мақал бар. Ертегілердің өзінде: «үш баласы болыпты», үш қызы бар екен», «үш айдан соң», «һан үш қайтара сұрапты», «үш айлық жер екен», «үш айырық жолда үш түрлі жазу бар екен»,- деген сиякты сөз, сөйлем тізбелері(фраза) жиі-жиі кездесіп отырады.
Н.И. Ильминский өзінің «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегінде мынадай мысал келтіреді. «Қазақта жан алу, жан беру дәстүрі болған. Ертеде бір жағдайда жан беруге тура келсе, өлген бір ардақты кісінің моласына барып, оны үш рет айналып: «жалған айтсам осы кісінің әруағы ұрсын» деп қарғанған. Жан беруші айыпқа тартылса ол кісі емес, жазалауға ол кісінің үш ата алыстағы туысқаны болуы шарт болған. Туысқандығы үш атаға жеткен кісінің өзі әшкереленіп, жаман қылығы жұртқа аян болса, сенімсіз болса ғана айыпқа тартылған кісінің туысы жан беруі керек болған, бірақ үш атадан бері болмауы керек деп көрсетеді.
Сондай ақ «үш сөзімен байланысты ойын, ырым, салт, жыл мезгілі, түрлі сенім тәрізді сөздер бар. Қазақта «үш табан», «бес табан», «һан талапай», «бес қақпай», «шертіспек», «арқаласпақ» деген асық ойыны түрі бар. Қырғызда «ордо» деген балалардың асық ойыны да үшпен келетін сөз тізбектері (синтагма) бар екен. Ұйғыр тілінде бұрынғы жылдың үшінші айын «үшінді ай» деген. Мұндай сөздер басқа түркі елдерінде де болған.
Мұсылман елдері ауыз бекітетін «Ражаб», «Шабан», «Рамазан» айларын басқа айлардан бөліп, айырықша «үш айлар» деп атаған. Шағатай тілінде «үш» жақын, туған, қаны бір туысқан деген ұғымды берген «үштің бірі», «ағайынды үшеудің бірі» деген. Сондай-ақ, айып төлеуде де «үш тоғыз» болып келеді. «Үш» санымен байланысты өнеге, өсиет, үлгі сөздерді үнжарғы (газет), үнтолғам (журнал) баспаларынан оқып, біліп, іздестіруге болады. Онымен қоса Сейіт Кенже аһметұлының «Жеті қазына» (Ана тілі, ж.) жинақтауынан да біраз жайлармен танысуға болады.
Өз басым «үш» санмен келетін алпыстан аса үлгі өнеге тіркестерін жинақтадым. Аздап мысал келтіре кетелік:
Достарыңызбен бөлісу: |