Анам, сізге қарыздармын
Ғажап ғүмырға келгенім үшін,
Жақсы өмірді көргенім үшін,
Жақсылармен дос болып,
Тәтті дәмді татқаным үшін
Анам, сізге қарыздармын.
Құлпырған сәнді өмірім үшін,
Жырдан өрнек түйгенім үшін,
Аспан мен Жердің сұлуын танып,
Мәпелеп бала сүйгенім үшін
Анам, сізге қарыздармын.
Менің анам
Менің анам бесаспап
Жөтелсем де емдейді,
Түшкірсем де емдейді.
Алақанда аялап,
Көмегімен демейді.
Бес алып келсем сабақтан
Құлыным, деп, сүйеді,
Тентек болма, балам, деп,
Көз қиығын түйеді.
Сөз және тіл
Сөз өнері тұрады сөзбен тілден,
Ақын тілі өрелі лебіз сөзден.
Өлең-сөздің кестесі, көркем өнер,
Ақын тілі - ақ бұлақ, асау өзен.
Сөз шумағы иалуғат тілі болар
Ақынның сөз өрнегі төрге озар,
Өлең сөздің өрнегі айшықталып,
Әр шумақта ақ тармақ бунақ тұрар.
Бунақ-бунақ өлеңнің ән тармағы,
Әр тармақтың шумағы сөздің нәрі.
Өлең-өнер, ендеше, ақын-өлең,
Толқын дауыс, сезімді сөз мәнері.
Сөз өнері қазаққа үлгі, тәлім,
Ақыл-дана сөздері елге мәлім.
Мәдениет сатысы тілден туар,
Жақсы сөздің тәлімін ақын буар.
Тілек
Ақыл, Дана, Балалар,
Сіздерге айтар тілек бар
Ақындардың жүрегі —
Өлеңдерін оқыңдар?!
Дүние жұмақ дөңгелек,
Жүреді тынбай дөңгелеп.
Оқып білім жұттасаң,
Жалған дүние не қажет?
Өлең оқып жасымнан,
Абайменен таныстым.
Сыр сандығын Сәкеннің,
Ақтарып сан қауыштым.
Оқымасаң ақынды,
Санада болар тоқырау.
Әр сөзімен ақылдың,
Жүрек күйін асырау.
Жалғыз тілек бір тілек,
Түсінгенге мың рақмет!
Айтарлық мың сыры бар,
Өлеңді оқып тұрыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |