Алма бар ма, мама?
Баласы, апа,
«Ал»-ға «ма» - ны қоссақ
А л м а болады,
«Бар»- ға «ма» - ны қосамыз,
Мама не болады, - деп , күмілжіді.
Мамасы:
Е, түсіндім.
Алма бар ма, мама? - деп айтасың -ау шамасы,
Ақылыңнан айналайын, -деді апасы.
Тығылыспақ
Мен тығылмақ ойнаймын,
Күн бұғынбақ ойнайды.
Күннің бетін бұлт басса,
Тығылады ол менен.
Жарқ етіп күн шыққанда
Бұғынады бұлт тауға.
Таптым, таптым Күнді
Тереземді күлдірді.
Таудың да тасы домалар
Ой, ғажап- ай!
(ойланайық)
«Т»- дан сөзді бастаса,
Қарның тойып қалады.
«Т»- ны алып тастасаң,
Мылтыққа оны салады. (... -..)
«К» -ден , егер бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«К» -ні алып тастасаң,
Қысқартып жіпті алады. (... - ..)
«Б»- дан , егер бастаса,
Бір мүшесі адамның.
«Б»- ны алып тастаса,
Асқазанның арқауы. (... -..)
«Т»- дан сөзді бастаса,
Тулап, тулап шабады.
«Т»- ны алып тастаса,
Түнді жарық қылады. (... -..)
«Б» -дан сөзді бастаса,
Жеміс - жидек мекені.
«Б»- ны алып тастаса,
Қардың түсін береді. (... -..)
«Т»- дан, егер бастаса,
Саған қарап өсемін,
«Т»- ны алып тастаса,
Балық аулап кетемін. (... - ..)
Егер «ж» дан бастаса,
Қаңбақтарды ұшырар.
«Ж» орнына «с» қойсаң,
Таудың да тасы домалар (..., ...)
Егер «қ» дан бастасаң,
Суық мезгіл болады,
«Қ» орнына «м» қойсаң,
Жер қойнында жатады. (..., ...)
Егер «т» дан бастаса,
Сөздің мәні келеді.
«Т» орнына «з» қойса,
Тілдің ауыр сезімі. (..., ...)
(Балақай, осылайша өзің жалғастырып көрші)
Достарыңызбен бөлісу: |