Әппақ, әппақ, әппағым
Әппақ, әппақ ақ сезімдер,
Әппақ, әппақ ақ көңілдер,
Ақжаулықты анамдайсың.
Әппәқ сезім ажарымсың,
Әппәқ көңіл базарымсың
Ақша қардай еркелейсің.
Сарыарқаның сары аязы
Қыс қаһары әл баяғы
Салып сурет өрнектеген
Әппәқ аяз, әппақ қырау.
Қыс қабағын түйді тым-ау
Бір ақиық сәт құрып.
Ақ бүркеніп дала жатыр
Үлфіл сезім балаң батыр
Ойым сенен қорықпау.
Күн күледі жаз шығады
Жөңки ағар тау бұлағы
Сұлу өзен қалыспас.
Айдын көлге аққу қонар,
Көл жағасы үнге толар
Ән қанаты қалықтап.
Айна көлге қаздар қонып
Баяғы сұлу күндей болы
Табиғат сәні толысар.
Әппәқ , әппәқ ақ көңіл,
Аса нәзік ақ сезіммен
Сұлулықты жырлайды ән.
Шырша жыры
Далам әппәқ, қалам әппәқ
Қар жауып тұр тынбастан
Қалың орман қар жамылып
Маужырайды көк аспан.
Алақай- ау,Қыдыр ата
Келе жатыр алыстан.
Ән салайық, би билейік
Қарша қыздан қалыспай.
Аяз қартта әнге салды
Балбөбекке қосып сән.
Құтты болсын, құтты болсын!
Шырша тойы- мереке,
Елге келсін береке.
Боран
Қарлы боран, әппәқ аспан
Көктен жерге жол салған
Қыс бораны дауырығып
Орман, тоғай ән салған.
Қысқы боран қарлы құйын
Орманды әнмен тербеткен
Қарағайлар қалғып әннен
Ақ қайыңдар селт еткен.
Ақ бұрқақтан аспан мүлгіп
Кейде өрши ұлиды
Іздегендей төркіндерін
Кәрі бұлттар жөңкиді.
Ақ боранда әппәқ қарда
Балалықпен жарысқам
Ақ жүзімді аяз қарып,
Жасғығыммен табысқам
Көктем келді
Мінеки күй күлді,
Нәуірзек гүл жайнап.
Маң дала құлпырды.
Мал төлдеп,
Жер жәннәт түледі
Бәйшешек күлімдеп
Гүл сезім сыйлайды.
Самалмен тербелген
Гүл майса ырғалып,
Бар Әлем жырлайды
Ұя
Орман толы ұя бар,
Ұяға құс ұялар.
Балапанын өсіріп,
Көктеміне үн қосар.
Күншуақ
Күншуақ самалды.
Күн сұлу ажарлы
Нұр төкті әділет
Күн көктем қыдырып
Гүл шашу шашты көп.
Ақ қоян
Көп қоян
Әппәқ қардай
Ақ қоян
Көзі ғана
Қап-қара
Жасырды көзін жасқана
Әй, пәле-ай!
Екі қаз
Әжемнің үйінде
Бар еді екі қаз
Екі қаз үнемі
Жүреді бір бөлек
Бірі ала, бірі ақ
Барлық қазға
Бастық – ақ
Сұр көжек
Жүгір, секір сұр көжек
Жаздай тойын тоғайда
Қыс күніңді оңайла.
Үкі
Үкі, үкі, үкім
Қартаймашы шөкім,
Қауырсының мамық
Сүйем сені анық.
Кокек
Көкек, көкек, көкек,
Шақырмадың көптен.
Неге жаттың үндемей
Көкек айын тостың ба,
Әніңе ән қостың ба?
Шар
Ақ шар, қызыл, көк шар,
Аспанға ұшты топ шар.
Шындық
Шындық биік шыңнан да,
Шындық терең құздан да
Теңізден кең айдыны
Шындық деген сұлу ән
Шындық сөзі шекер бал.
Айдай анық шындық бар
Шыншыл жүрек жайнасын,
Шындық ардың айнасы
Шындықтың көп пайдасы.
Тапқыр қоян
(Ертегі өлең)
Арыстан патша бір күні
Жариялап бәйгіні,
Орманға жарнама жасапты
«Бір қазан ыстық, қайнаған
Суды ішкен аңдарға
Сыйлығым бар жайнаған».
Аңдар түгел келеді,
Олай бұлай жүреді,
Қайнаған су қазанда
Бұрқырап буы тебеді.
Ыстық суды іше алмай
Патшадан сыйлық ала алмай
Суға кетіп салдары
Томсырайып, соқиды,
Айла таппай қоқиды.
Аңқылдаған аққоян
Келді жетіп қазанға
Тік көтеріп алды да,
Тізіліп тұрған аңдарды
Жағалады жайымен
Деді, міне, қараңдар,
Ыстық қазан, ыстық су
Жаным жақсы көреді
Аязда ішсем ыстық су,
Терім жылдам кебеді,
Болғанша қоян аралап.
Қазанда су да, суыды
Сіміріп салып тапқырың
Патшаға келіп жүгінді,
Ұзын құлағы бүгілді.
Сөзінде тұрып арыстан
Көп сыйлығын ұсынды.
Шошынған аңдар таң қалып,
Аузын, ашып көз жұмды.
Аңқау, аңғал аңдарды
Тапқыр қоян алдады.
Кішкентай ертегі
Көлеңкесін тоғайдың
Саялайды құс пен аң
Жиналады кеңеске
Мақтанады кезекпен
– Кім сұлу, кім жүйрік? – деп
Есек тұрды есінеп,
Арыстан тұр ақырып.
Уақытты меңзеумен
Әтеш отыр шақырып.
Түкең келді түстікке
Бас көз болып бар іске.
Қоңыр қонжық бақырып,
Таба алмай жүр апанын.
Жар басында жапалақ,
Айтпай отыр көргенін.
Ақ сауысқан алаңдап,
Жан жағына қарайды.
Екі шоқып бір қарап,
Жаңбыр құртта бар ойы.
Барды жоқты байқамай
Қаскең келді жалаңдап.
Зытып кетті көк таушан,
Ал жетіп көр нар ноян.
– Кеңесті бұзған, бұл кім?-деп,
Гүр етті орман патшасы
Үрейі ұшқан сұр көкжал
Артын қысып тымпиды.
Кішкентай бөбек, көркемім,
Осымен бітті ертегім.
*Жаңбырқұрт немесе шылаушын
*Таушан - кішкентай дала қояны.
Жалқау
Аспан жылап, нөсерлеп,
Су болды жалқау малшынып
Зорға жетіп үйіне
Лақтырды бөрік, күртесін.
Бәтеңкесі батпақ боп,
Қалды төрдің алдында,
Киімдерін лақтырып,
Құлады сұлап диванға.
Ұйықтап жатыр пысылдап.
Сөйлеп те қояды былдырлап.
Сөйтсе, жалқау түс көріп,
Түсінде бөркі қашыпты
Бәтеңкесі быттыйып,
Саздан қорқып, бақырып,
Жүгіріпті өзенге.
Жалқауға не тиеді,
Ертең несін киеді?
Қашты бәрі жан жаққа,
Түсінде қуып жете алмай
Оянды жалқау шошынып.
Мектепке қалай барам деп,
Уайымдап, өкінді
Сабақ болды түсі
Тазалады, сүртті,
Бәрін жинап, күтті.
Киімдері кешіріп,
Қайтадан болды досы
Доп
Доп, доп, топылдайды доп,
Теуіп қалдым допты,
Домалады, жүгірді,
Жоғалады-ау, қап, қап,
Тез, қуып жет, тап, тап.
Алақай
Қыс келді, алақай,
Шаңғы теп, балақай,
Өзенде су қатса,
Сайлап қой шанаңды.
Айнала әппәқ қар
Соғайық аққала,
Жасайық сырғанақ,
Отырып шанаға,
Ал, зула, ал, зула!
Қыс
Қар жамылды кең дала,
Өзен көлді мұз басты.
Сары аязы ақпанның
Терезеге гүл салды.
Аю қыста неге ұйықтайды?
Ертеде бір күні...
Аязды қыс еді,
Орман ішін аралап,
Апанына аяңдап,
Келе жатты бір аю.
Үстінде жылы тоны бар
Ақ қарға салған жолы бар
Өткелден аттай бергенде,
Ебедейсіз қорбаңдап,
Түлкінің басты құйрығын.
Түлкішек салды айқайға,
Шулатып ішін орманның.
Зәресі ұшып айқайдан
Қарағайға шықты аю.
Шыршада отыр тоқылдақ,
Тиынға үй сап, тақылдап,
Аюды шенеп сөз айтты:
Оу, аю-ау, қорбаңдамай,
Жүрсеңші ордаңдамай,
Қарасаңшы астына аяғыңның.
Содан ба? Аю ойланды,
Ойланып, көп толғанды.
Сүрлеумен енді қыдырмай,
Ешнәрсеге қам жемей,
Ұйқының ойлан мән-жайын,
Табанның жалап көк майын,
Қарлы шатыр астында,
Өзі ойлап тапқан апанда,
Кетті тәтті ұйқыға.
Түлкінің құйрығын баспайды,
Ұзақ-ұзақ ұйықтайды.
Өзінің құйрықсыз болғанын
Тегін емес- ау, деп болжайды.
А.Коваленкодан аударма (Почему медведь зимой спит?).
Неше аяқ бар кірпіде?
Міне, біздің бақшада
Бір кірпі жүр қыдырып.
Оңашада келеді,
Құйған сүтті ішеді,
Ақылды өзі керемет.
Бізді көрсе қашады
Топ топ етіп жүгіріп.
Аяғын оның көрмейміз.
Үстінде толған инесі,
Санауға ерік бермейді,
Тонында, әсте, шешпейді.
Таянсаң болды - ақ ,
Домаланып доп болып,
Ұстасаң инесін түйрейді.
Ұстамақ боп ұмтылып,
Немерелер гулейді.
Әрі-бері ойланып...
Айдана мен Адина,
Айгерім мен Айзере,
Әлібек, Шаһон дауласты...
Шешуін таппай болды әуре.
Білгілері келеді
Неше аяқ барын кірпіде,
Сегіз - дейді Айдана,
Алтау - дейді Адина,
Төртеу - дейді
Айгерім мен Айзере
Жүгіреді адамдай
Екеу - дейді Әлібек
Аяғы жоқ, доп сияқты,- дейді Шаһон.
Мүмкін, әлде, қырық,
Көруге бермейді ырық.
Айтыңдаршы сендер,
Кім дұрыс, кім бұрыс?
Ай мен Ажар
Ажар шықты далаға,
Аспан ашық, тамаша.
Ілулі тұр «қолорақ»,
Ай екен ғой қараса.
Ажар жүрді бақылап,
Бес күн өтті ақырындап.
Жетінші күн қараса
«Кимешекті әжесі»
Отыр күтіп аспанда.
Он төртінші күн болды,
Дөңгелек боп Ай толды.
Сүттей әппәқ сәулесі
Күлсе, ол да күледі,
Жүгірсе, ол да жүгіріп,
Жүрсе бірге жүреді.
Мәшинеде зырласа,
Ай да бірге зырғиды,
Мәшине жүрсе жүреді,
Тоқтаса Ай да тоқтайды.
Секпіл беті нұрланып,
Көзін қысып қарайды.
Жиырма күндей болғанда
Айдың нұры азайды...
Көңілі пәс, күлмейді,
Жүгірседе жүрмейді,
Әппәқ жүзі бозарып,
Өңі жүдеп барады.
Енді шықсам бір күні
Төменде тұр Айым,
Нашарлапты ау жайы,
Бірде жоқ боп кетті.
Әжесінен сұрады:
– Енді, Ай қайда тұрады?
– Табиғаты солай...
Шаршаған ғой жолдан,
Ай отырып, туады
Бір жетіде қайтадан
Айың туып оңыңнан,
Жұлдыздар туады соңынан,
Деді әжем ақылман.
Табиғаттың сырын ол
Өз әжесінен тоқыған.
Тісің нешеу?
Көз, құлағың - төртеу.
Тісің, сонда нешеу
Дәлдейік
Көз көреді, мұрын сезеді,
Тіс шайнайды, тіл дәмдейді,
Бас бәрін дәлелдейді.
Санамақ
Бір, -дегенім білім,
Екі, - дегенім еңбек,
Үш, - дегенде үйрен,
Төрт, -дегенде түрлен.
Бес саусақ жайлы әңгімем,
сіздерге айтам, немерем.
Бес саусақ,
Өзі сау, өзі сақ,
Жақтырмасаң қақ,
Ұстасаң бол сақ.
Бес саусақ бар оң қолда,
Бес саусақ бар сол қолда
Аттары оның тамаша:
Бас бармақ.Балаң үйрек.Ортан терек.
Шылдыр шүмек.Кішкене бөбек.
Он саусағым он бұтақ
Қос теректің бойында
Өсіп тұрған секілді.
Түп тамыры бекіген
Бес саусағым бес бұтақ.
Ең үлкені бас бармақ
Тұрған соң қолдың басында,
Бас дейміз оны
Басқарады бәрін өзі.
Балаң үйрек- сұқ саусақ,
Сұқыңдамай тек тұршы.
Ортан терек ортаңғы
Бәрінен бойшаң аңғарлы,
Ортан қолдай ағалар
Елімізде дерлік бар.
Шылдыр шүмек шидей,
Өзі ешкімге тимей,
Жұмысты да сүймей,
Тұрады не істерін білмей.
Кішкене бөбек шынашақ
Өзі бар ғой ұрыншақ,
Құлақ, мұрынға сұғыншақ.
Бес бармақ
Бар істі бірге басқармақ.
Бабына қарайды
Жақсы істі қалаулы
Бас бармаққа балайды!
Сұқ саусақ сиқырлы
Іс қылар мың түрлі
Түртініп жүреді,
Шаң көрсе сүреді.
Кітаптың беттерін
Бір бірлеп түреді.
Білмейтінін, білгенін
Түртіп те көреді
Түгелдеп те біледі,
Санауды да біледі.
Білмей қалсаң
Сұқ саусағын шошайтып,
Байқа, бала, -деп күледі.
Ортаң қол маңғаз
Ортан қолдай ағаларым бар,-деп
Мен боламын мәз.
Шылдыр шүмек - аты жоқ
Өзімен өзі жүреді,
Жұдырыққа бірігіп,
Жұмылғанды біледі,
Жұдырықтың арасына кіреді.
Кішкене бөбек ұшқалақ
Көмегі де мүшкіл -ақ.
Бес саусағың біріксе
Жұмыл ұстар үлкен
Бақ Алақанды аялап,
Жұмыла жұмыс жасайды
Бақыт, Бірлік, Білімді
Бес саусақтай білу һақ!
Бес саусақ неге бірдей емес
(әфсана)
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкентай бөбек, (ертегіден)
Бесеуі бес түрлі. Бірі жуан, бірі ұзын, бірі қысқа, бірі мыртық. Олар қазақша Бармақ, Сұқсаусақ, Ортанқол, Атыжоқ және Шынашақ, - деп аталады. Әр саусақтың өздері атқаратын қызметі бар. Ал бесеуі бірігіп жақсы іс тындыра алады.
Әу баста бес саусақ бірдей болып жаратылған деседі. Бір күні олардың басы қосыла қалады да, әңгіме-кеңес құрады...
Бесбармақ:
– Ұрлық қылайық! – деп,ой тастайды төртеуіне.
– Қылсақ қылайық! – дейді қостап, Сұқ саусақ. Ортан қолдың өзгелерге қарағанда иманы болса керек, әлгі екеуінің әңгімесіне қосыла кетпей.
– Құдайды қайтеміз?- дейді, сұраулы жүзбен.
– Е, Құдай неқылады дейсің?- дейді, тәкаббарлана Аты жоқ саусақ.Төртеуінің сөзін түгел естіп тұрған Шынашақ, ұрлықы мал алдында тұрғандай,шыдамсыздана:
– Әкел бермен, қара қойды сояйық, қан-жынына тояйық! – деп шырылдаған даусымен әндете жөнеліпті.
Бесеудің пәтуасы Жаратқанның құлағына жетіпті. Сол себептен олардың әрқайсысының бойын өз ниеттеріне қарай өзгертіпті.
Ал қылмыс жасауға итермелеген Бармақты өзге төртеуінен оқшаулап, бөлек орналастырыпты. Шынашақты шипитіп қауқарсыз етіп қойыпты, мұрын мен құлақты шұқып тазалаудан басқа амалы қалмапты. Иманды Ортаңғы саусақты бәрінен бойшаң жасап Ортанқол деп атапты.
Осы әңгімеге орай болар, қазақта біраз мақал-мәтелдер де бар. «Бес саусақ бірдей емес», иәки дүниедегі бар жағдай бірдей, бір қалыпта емес дегені. «Ортанқол азамат», дейді, иәки жақсы, иманды дегенді мезгейді. «Өзі бір шынашақтай шілтиген неме», дейді, иәки нашар, қауқарсыз, көкірек дегенге саяды.
Ал Басбармақ болса, өзінің оқшау қалғанын сезініп, санасы оянып, тек жақсылықты көруге тырысады. Сондықтан болар, жақсы іске жайы рақаттанған жан жұмысты басбармағымен бағалайтын болыпты. Бес саусақ бірігіп жұмылса, төртеуінің үстінен Басбармақ басып тұрады, дегенмен атына лайықты болғысы кегені-ау.
Бұл, тек, әфсана, дегенмен «жақсыдан үйреніп, жаманнан
жиренетіндей» әңгіме, әркімге Аллаһм берсін Бақ, ана!
Менің досым он
Бірінші досым – Бақыт
Жүрегіме тым жақын;
Екінші досым - Еңбек
Еңбекпен өмір өнбек;
Үшінші досым - Үміт
Үмітке жетсін күнім;
Төртінші досым — Тағат
Тағатты ақыл бағад;
Бесінші досым — Берік
Жөнсізге берме ерік;
Алтыншы досым - Ақыл
Жақсыға ол жақын;
Жетінші досым - Жомарт
Адамға ол жарасад;
Сегізінші досым - Сенім
Сенімге сенер сезім;
Тоғызыншы досым — Талап
Талаптыға нұр жауад;
Оныншы досым - Отан
Отан болсын аман
Он досымда он түрлі...
Мақсат пенен мүдде бір
Осы онның тілегі:
Ар, Ұят, Парасат-тірегі.
Он жерде оным...
«Бір» дегенім: Береке, Бірлік, Бақыт
«Бес» дегенім: Бекем, Берік, Бейбіт
«Жеті» дегенім: Жеті жақсы, жеті ата, жеті жұрт.
«Тоғыз» дегенім: табиғат және таһиһат
«Он екі»десем, бір мүшел толық туған бел..
«Он бес» - деген, өрім толған өнеге
«Он сегіз» - деген, өрім жас , әрнәрсеге көңіл мас.
«Жиырма» - деген, жастық шақ, ақылдыға қонар бақ
«Жиырма бес» -деген, жалын кез, орда бұзар жігіт кез
«Отыз бесте»- дегенім, өнерді тасқа егедің
«Қырық» -деген қызықты, қамал алар қылықты
«Қырық бесте» қылшылда, қалтайды жұмыс қылқылдап.
«Елу» дегенде елеңдеп, алды артыңды ойлайсың
«Алпыс»- деген, албасты ден саулыққа жармасты
«Алпыс бесте»- ақыл көп, жан-жағыңда тақыр көп,
Әрнәрсені ойлайсың, ақылыңа бойлайсың.
«Жетпіс»- деген жетесіз, бір күн сау, бір күн не етерсіз.
«Сексен» деген сезімсіз, Сегіз сері төзімсіз.
Кеуде еңкейіп алдыға, аяқ тартар артыңа
Ойға да тез батасың. қисайып жиі жатарсың
«Тоқсан» - деген оңып па?
Толайым болар тоқтықтар, тек, түске кірер жоқтықтар.
«Жүз» -деген жас жүзімдей, бір бірлеп қана үзіп же.
Ақыл есті Аллаһ алмасын, жақ суалып көз талмасын!
Жүз жасыңды ырым деп,
Жүреғат келсін таласып.
Шөбере жүрсін жағалап,
Әр сөзіңді бағалап, Әмин!
Аллаһның бергенін жасайық,
Отанды әнге қосайық,
Немере, немене алдында
Аллаһның бұйрығын тосайық, Әмин!
Мен мен менмен
-Кім жүйрік?
-Мен
-Кім сүйрік?
-Мен
-Кім алғыр?
-Мен
-Кім сылбыр?
-Мен
-Кім мықты?
-Мен
-Кім мылжың?
-Мен
Меннен басқаны білмейсің
Не жаман,
Не жақсыны сезбейсің.
Ойлап сөйле,
Байқап көр
Дей берсең: мен, мен
Боларсың менмен.
һәріптер әсері
«А» һәрпінен баста
Бес асыл сөз жатта:
Ана, Ата, Ақыл, Адал
Арды бапта,
Абыройды сақта
«С» Салқын самал
Сай - сала,
Сылдырайды су сылаң.
Сарғалдағын сағынып,
Сусар сағым сабылған.
«Г» Гүл- гүл, - дейді Гүлсән
Гүл- гүл, - дейді Гүлпаң
Гүлзардағы гүлді
Ертемен Күн сүйді.
«Е» Ерік еріншек
Есен де еріншек
Елгезек екен
Еркін мен Ермек.
«Ө» Өмір - өзен
Өзен - өлең
Өлең - өлкем
Өлкем – өркен
«Ғ» Ғарыш- ғалам
Ғарышкер Ғажап.
Ғарышта, ғажапта
Ғарышкер ғана.
«Ә» Әдемі Әліппе
Әфсана әріпте
Әріпжан, Әлібек,
Әлішер, Әзілбек,
Әмина, Әзима,
Әлия, Әліптер,
Әліппе әдемі
Әріптер әсерлі
Әлпеште әліпті.
«Қ» Қасқа құлын
Қызықты құлын
Қос құлақ қайшы
Құйрығы қазық
Құйынды қуып,
Құйындай құйғыт.
«Ж» Жүйрік жылқы
Жерде желіп,
Желдей жүйткі.
Ақ бөпем
Ай да саған нұрын төкті ақ бөпем.
Өлең, ертек, жұмбақ айтып берейін,
Айға мініп жұлдыз санап келейін,
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Тыныш ұйықтап, жат бөпем.
Ақ бөпеш
Шырылдап туған сәбиге
Жаялық болған жазирам.
Айналайын баладан,
Жаратылдың...
Дарын атты даладан.
Әлди әлди , ақ бөпеш,
Ауыл бесігіне жат бөпеш.
Аршадан болсын бесігің,
Қайыңнан болсын бесігің,
Ауылдан болсын несібең.
Ақсақалдары айтулы,
Бәйбішесі ақылды
Батырлары тақымды.
Құрықтарын майырып,
Жылқыны асау қайырған,
Жақсы да, жайсаң
Жаратылыс шықты ауылдан.
Асық ойнап табысқан,
Тайға мініп шабысқан,
Балалары бақытты
Туған ауыл, тау - тастан
Кім екен бізді айырған...?
Айналайын, ақ бөпеш,
Құлынжарғақ жабар ем,
Атыңа үкі тағар ем,
Адассақ арқа сүйейтін
Ауылды қайдан табар ер?
Әттең, шіркін, дүние - ай,
Ата - ана қалды артымда
Көрінбейді мазары,
Жан - жүйем жүр ызалы
Қаламым жыр жазады.
Болашағым - ертеңім,
Мен кеше саған сенгенмін,
Ертең де саған сенемін.
Еңбегіңді жазармыз,
Ауылды да табармыз.
Айналайын, ақ бөпеш,
Ауылдан шыққан
Бақ- көкең.
Айналайын, даналар,
Жаратылдың
Дарынды, дарһан даладан!
КӘНЕ, БАЛАЛАР, ОЙЛАЙЫҚ
Жұмбағыма жіті қара,
шеше білген балбөбектің білімі дара. (Автор)
Жұмбақтар
1. Шеті де жоқ, домалақ, жоқ кіндігі,
Үсті зеңгір, оның да жоқ түңлігі.
Ортасын мекендеген пенделерге
Жұмақ суын құяды һақ Тәңірі ( , , )
2. Бапым, бапым, бақ құсым
Ақылды бол бап құсым.
Айнала қар, ақ сонар,
Өнеріңді аңға сал (........)
3. Тоқпен мұздайды.
Тамақты бұзбайды ( .......)
4. Тоқтап, шайқап, тоқпен жүреді,
Тазалықты сүйеді (.....)
5. Қалпағы, аузы, мұрны бар,
Бірақ қасы, көзі жоқ ( ......)
6. Іштен қараса дала көрінеді,
Сырттан қараса бөлме көрінеді (...........)
7. Біресе ызың ызың,
Біресе шылдыр, шылдыр
Өзі бір қызық ызың, шылдыр (...............)
8. Басы қоңыр, денесі ақ
От шашады жарқырап (............... )
9. Ақтүтек арайлы
Жолдарды орайды (............ )
10. Білгенге маржан,
Білмеске арзан (...)
11. Бақ, бақ, балпақ
Айтатыны бір тақпақ,
Менде алдым жаттап (....)
12. Қарр, қарр, қар - ры, - деп.,
Орманда қалықтайды.
Екі шоқып, бір қарап,
Жол шетінде жорғалайды (............)
13. Екі аяқта тік тұрған,
Қос жанары шам - шырақ.
Нұр төгілген сөзінен,
Көркем мүсін, ол кім? (....)
14. Гүлден гүлге қонады,
Гүл шырынын сорады,
Білесің бе, бала,
Оның аты (...)
15. Секең, секең етеді
Орман оның мекені
Білесің бе, ноян,
Оның аты (....)
16. Желмая дала кемесі
Не деген ірі денесі.
Білсең оны күлме,
Оның аты (....)
17. Орман» ішін аралап,
Әрлі берлі жылжиды.
Мұртты, шәшты
Кезек сипап,
Ұзын «қолы» сырғиды (....)
18. Көп онда ине, түйреуіш
Тасадан шығар топылдап.
Сүтті ішіп алады,
Менен көрсе қашады (...........)
Күпісі оның инеден,
Қорықса доптай, түйілген.
Тасадан шығып қарайды,
Сүт ішкенді қалайды (............)
20. Бұты қысқа,
Басы үлкен,
Арандай аузын ашады (............)
21. Мойыны түтас,
Үлкен бас
Бұты талтақ,
Жоны жалпақ, (.......)
Суда жүзеді,
Керемет сүңгиді.
Бауыры қара,
Алқымы ақ
Ұшпайды биік аспандап (...)
Бөркінің асты толған көз (...)
Тігінші де, шебер де емес,
Ешнәрсені тікпейді,
Қысы - жазы
Қолынан ине түспейді (............)
Сақ, сақ , деп, сақылдайды,
Сақтыққа шақырады.
Үй маңын торуылдап,
Иіс сабын, тамақты ұрлап,
Көршіні мазалайды (............)
26. Таудан құлай сырғанап,
Екі тақтай келеді (..........)
27. Бірі түкті кілем, бірі түксіз кілем (....., ...)
28. Жаралғанға жабысқан (....)
29. Өзі жасыл, көзі көк,
Шыр-шыр, - деген сөзі кеп (............)
30. Қолы жоқ, шегесі, балғасы жоқ,
Үй салды бедері көп (...)
31. Жаз өтіп, қыс түссе де,
Кейлегі өның бір түсте (............)
32. Қара сиыр пысылдайды,
Қызыл сиыр ысылдайды (..........)
33. Көл теңізден биікке көтерілді,
Қайта түссе, жер түрленді (.............)
34. Еңбектеніп тынбайды,
Гүлді аралап жырлайды,
Тәттісін бізге сыйлайды (...)
З5. Ұзын мұртты,
Киімі сары,
Қалтасында наны (..........)
36. Ағаш толы жұмыртқа
Күзге қарай піседі
Мезгілінде алмасаң
Үзіліп жерге түседі (...)
37. Басында бұтағы,
Биік тау тұрағы (....)
38. Бір бас бар
Бір басга жүз тал шаш бар,
Әр талымда үш жүз алпыс бес жұлдыз бар,
Әр жұлдыздың он екі үкісі бар,
Әр үкінің отыз балапаны бар
Әр балапанның төрт інісі бар.
Әр інісі жеті тілде сөйлейді,
(......, ... ... , ... ... , ... ... ... , ... ... , .... ... . ... ...)
39. Ақ домалақ әдемі үй,
Қақты есікті ішінен.
Алтын түсті керемет,
Жүгіріп шықты ішінен (....)
40. Қосақтап міндім қос атты (......)
41. Аяқпен басып жүресің,
Аунап, ойнап, күлесің,
Аулаға апар ұрып соқ
Жалтырап өңі түлесін (....)
42. Үшкір басы салбырап,
Жазда емес, қыста өседі.
Күншуақтан жасқанып,
Үзіліп, жылап, түседі (.........)
43. Тоқ, тоқ етіп қояды,
Тоқтоғына тояды (..........)
44. Аузын ашып ұшады,
Шыбын , шіркейді қағып жұтады (.......)
45. Сияны ішеді
Қағазды сүйеді (........)
(жаңбыр-жер-аспан; бүркіт; тоңазытқыш; кіржуғыш; шәйнек; әйнек; телефон; сіріңке; боран; сөз; бақа; қарға; адам; ара; қоян; түйе, тарақ, кірпі; кірпі; керең; мүйізтұмсық; қасқалбақ; аспашам (Б.Т люстра), шырша; сауысқан; шаңғы; жер мен аспан; есім; шегіртке; ұя; шырша, пеш пен от; жаңбыр; ара; масақ; алма; бұғы; ғасыр,жүз жыл, бір жыл, он екі ай, отыз күн-төрт апта, бір апта, жеті күннің аты; балапан; коньки; кілем; мұзсүмелек (Б.Т.сосульки); тоқылдақ; қарлығаш, қаламсап Б.Т.)
Достарыңызбен бөлісу: |