Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал



бет87/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

Сәйкес мақалды табыңыз. Жолдасы көптің – олжасы көп. А. Дружба – богатство бесценное.

Ә. Друга хвалить, что себя похвалить.. фонд Б. По труду и плоды.
В. Ленивому до печи пройти, как месячный путь проделать. Г. Что легко наживается, легко проживается.
  1. Әдеби тіл сөйлеу тілінен жоғары тұрған тіл.


А. Өткір Ә. Ескі Б. Дөрекі
В. Көркем Г. Нашар
  1. Салық алғаш рет қай мемлекетте пайда болды?


А. Қазақстанда Ә. Ресейде
Б. АҚШ-та
В. Қытайда
Г. Францияда.
  1. Салықтарды төлеу — әрбір азаматтың қасиетті .


А. Дүниесі
Ә. Борышы Б. Ісі
В. Әрекеті Г. Шаруасы
  1. Салық түрі-


А. Аукцион Ә. Лоторея Б. Жалақы В. Купон
Г. Харадж


СОӨЖ.


Сабақтың мақсаты: Студенттерді ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету.

Әдеби тіл нормалары


Қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдеп» сөзінің негізінде жасалған. Ол «сөз әдебі» дегенді білдіреді. Әдеби тіл сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді. Ондай жалпыға ортақ тілді әдеби тіл дейді. Әдеби тіл арқылы айтушының, жазып қалдырған адамның ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Әдеби тіл арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым алу әдеби тідің осы қатысымдық қызметі арқылы жүзеге асады.
Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі — адамдар арасындағы қатынас құралы болу.
Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл, жазбаша тіл. Мысалы: оқытушының сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта
берген жауабы, радио, теледидардан сөйлеген сөздері – ауызша тіл болады да, кітапта, газет - журналда жазылғандары – жазбаша тіл болып есептеледі.
Әдеби тілдің тұрақты нормалары болады.. Көркем әдебиет тілі, ғылыми әдебиеттер тілі, баспасөз тілі — бәрі де әдеби тілде жазылады



    • Әдеби тіл дегеніміз не?

    • Ауызша тіл дегеніміз не?

    • Жазбаша тіл дегеніміз не?

    • «Тілін білмеген — түбін білмейді» дегенді қалай түсінесіздер?

    • Тілді қадірлеу неден басталады?

    • Адам мәдениетінің алғышарты не болып табылады?

    • Тілін білмеген нені білмейді?

    • Қазақта дұрыс сөйлей білу мәдениеті деп нені атаған?




СӨЖ. :
1. «Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы салықтардың сипаттамасы» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз. Тақырып бойынша жаңа сөздерді
пайдалануға тырысыңыз.
2 .Салықтарға байланысты қосымша әдебиеттерден мәтін құрастырыңыз.
3. Ең көп қолданылатын салық түрлерін анықтаңыз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет