Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал


Банк туралы қызықты деректер



бет89/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

Банк туралы қызықты деректер


  • Бүгінгі күні Швейцарияда 400-ге тарта коммерциялық банк жұмыс істейді. Олардың жалпы ақша айналымы 52 триллион долларға тең.

  • .Швейцарияның БАҚ-ның хабарлауынша сол банктердің бірінде 1902 жылы Владимир Ильич Лениннің атына ашылған, бірақ әлі күнге дейін жабылмаған есепшот бар екен. Оның ішінде 13 швейцар франкі сақтаулы.

  • 1179 жылы Рим папасы Александр ІІІ барлық банк қызметкерлерін шіркеуге қарсы адамдар деп жариялады. Банк қызметкерлерінің шоқынуға, мінәжат етуге және христиан ретінде жерленуге қақысы болмаған. Бұл олардың ақшаны беріп, үстіне пайыз қосып алатындығына байланысты. Әлі күнге дейін бұл заң күшін жоймаған. Христиан дінінен бөлек ислам діні де өсімқорлықты қолдамайды. Ислам банктері ешқашан пайыздық үстемемен ақша бермейді. Тек иудаизм дінінде ғана өсімқорлыққа шек қойылмайды. Себебі, ортағасырлық «банк қызметкерлерінің» көбісі еврейлер болған.

Ірімшік сақтайтын банк туралы естіп пе едіңіз?


Пармезан ірімшігі Италия елінде құнды болғаны соншалық, кейбір банк ғимараттары оны сақтауға дайын. Ол қатты, сынғыш, ащы. Оған алмұрт, грек жаңғақтары қосады. Көбіне пастаға, ризоттаға, омлетке қосып жатады. Орташа есеппен 100 грамда 392 ккал бар. Осындай ірімшік сақтаушы банктердің бірі – Кредито Эмилиано. Оның қорында 14-17 кг аралығында 300 000-ға жуық ірімшік сақталған. Мұның жалпы соммасы 200 миллион еуроға бағаланды. Ірімшік банкінің өзге банктерден ешқандай айырмашылығы жоқ. Жалғыз айырмашылығы бар, бұл ірімшік алтын және бағалы заттар тұратын қоймада жасырылады. Пармезанның қымбат болғаны соншалықты, Кредито Эмилиано банкіндегі ірімшік үш рет ұрланған. 1950 жылдары Италияның солтүстігіндегі банктер шаруларға несиені бергенде кепілге «ірімшік» алып отырған. Егер несие уақытында қайтарылмаса банк осы ірімшіктерді сатып шығынның орнын толтырған.

  1. Мәтінді оқып, кәсіби терминдерді теріп жазыңыз. Банк туралы мәтінді өздеріңіз білетін ақпараттармен жалғастырыңыз. Қарамен жазылған сөйлемдердегі ойды құптайсыз ба? Әлде Неге?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет