Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет8/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
- қалыптастыру;
- дамыту;
- іске асыру кезеңдерін қарастыруды көздейді.
Адамда лидерлік әлеуетінің жоқтығы:
- тәртібінің лидерлік нысандарына бағытталмағанымен;
- лидер мәртебесі қызықтырмайтындығымен;
- заманауи білім беруде қажетті кәсіби құзыреттілік жиынтығының жоқтығымен;
кәсіби қызметте белсенділіктің (субъекттіліктің) төмен деңгейде болуымен сипатталады.
Адамда лидерлік әлеуеттің қалыптасуы немесе пайда болуы:

  • лидер және лидерліктің белгілі бір образы қалыптасатындығымен,

  • лидерлік рөлді атқару үшін қажетті өзіндік жеке-психикалық ерекшеліктер, қасиеттер, қабілеттер мен мүмкіндіктерді түсінетіндігімен,

  • бойында лидерлік сапалардың жиынтығы айқындалуымен байланысты болады.

Лидерлік әлеуетінің дамуы лидерлік рөлді, лидерлік тәртіптің тәжірибесін меңгеруін қарастырады.
Лидерлікті қалыптастыруды әлеуметтік ортадан бөліп қарастыру мүмкін емес. Орта лидерді белгілі бір шарттарға бағындырып, оған өзін дамыту, қабілеттерін ашу және көрсету мүмкіндіктерін береді немесе керісінше шектетуіде мүмкін.
Лидер өзін қоршаған ортаны түрлендіреді, ол заттық немесе әлеуметтік факторларды өзінің іс-әрекеттеріне үйлесімді бағыттап, негативті факторларға тосқауыл болатындай етіп ұйымдастырады. Ол өзінің тәртібін ортаға сәйкес реттеп, өз іс-әрекеттерін оған бейімдейді.
Лидердің қалыптасуының ерекше кезеңі - студенттік кезең болып табылады, осы кезеңде студент болашақ мамандығының негіздерін меңгеріп, қызметі үшін кәсіби маңызды лидерлік сапаларының қалыптасуы мен әрі қарай дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік болады.
Білім беруде лидерлік сапаларды дамыту – лидерлікке оқыту қоғам тарапынан талап етілуі, кәсіби қызметте және түрлі тұлғааралық қарым-қатынастар барысында лидердің өзін-өзі танытуына мүмкіндік беретін жұмыстар тапсырып, іргелі білімді алуға бағытталған жеке тұлғаларды даярлау.
Студенттердің лидерлік әлеуеттерінің көрсеткіштері:

  • оқу-танымдық, тәрбиелік іс-әрекетінде көрініс табатын шығармашылық белсенділік, қызығушылық;

  • оқуға деген қызығушылықтың болуы, оқуда табысқа жетуге ұмтылу;

  • өзінің кәсіби білімі мен дағдыларын жоғары бағалау; -

  • инновацияларға және жаңа өмірлік тәжірибеге дайын болу.

Педагогтар мен білім алушыларда лидерліктің қабілеттері көбіне сәйкес келетіндігін атап өткен жөн. Бұл білім беру саласының ерекшеліктеріне сәйкес өзара әрекеттесудің екі тарапы да субъектілікке ие болады.
Жоғары оқу орнында лидерліктің маңызды мәселесі жеке тұлғаны лидерлер қатарына шығару мәселесі болып табылады. ЖОО үдерісінде студенттің лидерлік сапаларының дамуын жеке тұлғаның белсенділігін, оның шығармашылық, танымдық, интеллектуалдық, ұйымдастырушылық қызметі түрінде жүзеге асуын қарастырады.
Қазір білім беруде қоғамның талабына сәйкес лидерлерді даярлау арнайы бағдарламасын жасау және оны жүзеге асыру арқылы қанағаттандырылуы тиіс. Бағдарламада әндік оқыту арқылы әрекеттегі жеке тұлғаны дамытудың және тәрбие берудің жалпы қағидалары іске асыратын оқыту технологиялары мен әдістемелерін жетілдіруге ден қойылуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет