2.XX ғасырдың басындағы қазақ ағартушыларының кәсіби лидерлік іс-әрекеттері.
Қазақстанда жас ұрпақты лидерлікке тәрбиелеудің қыр -сырын анықтау үшін әр кезеңнің тарихи жағдайларына тоқталмай кету мүмкін емес. Еліміздің әр ғасырда басынан өткізген тарихи жағдайлары педагогика ғылымындағы тұлғаны лидерлікке тәрбиелеу мәселелерінің қалыптасуы мен дамуына елеулі әсер етті.
ХХ ғасырдың басында Ресей патша үкіметі Қазақстан мен Орта Азияны толық жаулап алғаннан кейін отарлау саясатын жоспарлы түрде күшейте түсті. Бұл орайда патша үкіметі жергілікті халықтың тарихи өмір салтымен, дәстүрлі мәдениетімен есептеспей оларға тек отарлық қанаудың объектісі ретінде қарап, тілінен, ұлттық санасынан айыруға ықпал етті. Ол үшін түрлі әрекеттер, айла-шаралар қолданып, халықты экономикалық саясатпен және салық жүйесі арқылы қанауға көшті. Орыс көпестері қазақ жерін арзан шикізат көзіне айналдырып, пайдаға кенелді. Бұл жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайының күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Патша үкіметі отар аймақты әлеуметтік-экономикалық құлдыққа түсіре отырып халықтың санасын улап, орыстандыру саясатын ашық жүргізді. Патшалық Ресей өкіметі өте нәзік, жіңішке болып табылған әріп таңбаларына байланысты тұсты, яғни араб жазуын орыс жазуына алмастыруды ұзақ мерзім бойы құпия саясат тұрғысында ұстап, тек қазақ даласындағы билікті нық орнатқаннан кейін отарлық жүйені қалыптастырған уақыттан бастап ашық жүргізудің өзінде де оқу-ағарту жүйесіне сүйене отырып, мектеп түрлерін құру мен ашу, ондағы оқу-тәрбие саласындағы жұмыстарды „культрогерлік“ деп атап өз саясатын жүзеге асыруды көздеді.
Патшалық Ресей өкіметінің саясаты:
1. Төте жазуды латыншаға көшіру, ал содан кейін орыс жазуына алмастыру.
2. Қазақ жеріне жер аудару саясатының белең алды.
3. Түркі тектес ұлттардың салт-дәстүрі мен мұсылмандық дүниетанымын жою.
4. Орта Азия мен Қазақстанды шикізат көзіне айналдыру, т.б.
Бұл мақсатқа жету шараларын шет аймақтарда бұратана халықтар арасында негізінен миссионерлік мүддені көздеген аралас мектептерді ашу арқылы іске асырып отырды.
Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік жағдайлар сол кезде ағартушылық саласындағы лидерлердің дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасуына өз септігін тигізді.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында әр түрлі жаламен қудаланып, халық жауы атанған, XX ғасырдың соңында ақталып, ортамызға қайта оралған А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханұлы, М. Жұмабайұлы, Ж. Аймаутов, М. Дулатұлы, С. Торайғыров., Ш. Әлжанұлы, Қ.Жұбанұлы, Х. Досмұхамедұлы, Т.Шонанұлының және т.б. Ұлт лидерлерінің кәсіби лидерлік іс – әрекеттері мен идеялары құнды. Олар аз уақытта жаңа сипаттағы мектепті қайта құрып, маңызды педагогикалық мәселелерді әлеуметтік-саяси, экономикалық, шиеленіскен таптық күрес жағдайында шешуге мәжбүр болды. Сол кезеңде халық ағарту ісінің қайта құрылуын және тәрбиенің мақсатты-ұлттық тұрғыда сипат алу мәселелерін жаңа көзқарас тұрғысынан шеше білді.
_______________________________________________________
kulturtrager - нем. носитель культуры ироническое название человека (обычно колонизатора), прикрывающего свои корыстные, захватнические цели маской распространения культуры, просвещения.
Жазған оқулықтары мен оқу құралдары қазақ халқының ұлттық психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ мектебінде оқыту мен тәрбие үдерісің даму келешегінің бағыт бағдарын анықтай алды. Кеңес өкіметі орнаған жылдары сауатсыздықты жою саясатына байланысты Қазақстанда көптеген өзгерістер болды. «1917 жылдың соңында РСФСР-дің халық ағарту комиссиясына көзі ашық көкірегі ояу азаматтардан «сауатсыздықты жоюшы» (ересектерді оқытатын азаматтар) ретінде қолдану жайында өтініш хаттар түсе бастады. Олардың қатарында мұғалімдер, студенттер, жұмысшылар, шаруа әйелдерде болатын. Олар халық сауатын ашу ісінде жаңа билікке өздерінің көмектерін ұсынды. 1917 жылдың қысында РСФСР-дің халық ағарту комиссиясында еңбекшілердің сауатын ашу жұмысына өз еркімен қатысатындардың алғашқы мәжілісі өтті.
РСФСР-дің біртұтас еңбек мектебі туралы ережесінде және 1918 жылдың 16 қазанында ВЦИК декретімен бекітілген еңбек мектебі туралы Декларацияда мектепті қайта құрудағы басты бағыттары мен білімді демократияландыру мәселелері айтылған. Бұл жерде екі сатылы біртұтас еңбек мектебі құрылатыны жайлы баяндалып мынандай анықтамалар беріледі: мектептің I-сатысында 8-13 жас аралығындағы балалар 5 жыл оқиды, II-сатысында 13-17 аралығындағы балалар 4 жыл оқиды.
Сонымен 12 жылдық оқу 9 жылдық оқуға қысқартылып, балалардың оқуына жеңілдік жасалды. Тағы да айта кететін мәселе оқу ұлдар мен қыздар үшін бірдей және тегін болады деп жарияланған. Сол жылдарда халықтың сауаттылығын арттыру мақсатында қабылданған бұл міндеттің өзіндік орны бар еді.
Декларация қабылданғанан кейін 1918 жылдың 16 желтоқсанында Кеңес мектептерінде оқыту принциптерінің мазмұны алғаш рет А.В. Луначарскийдің «Тұтас еңбек мектебі туралы Декларация» атты еңбегінде жарияланды. Бұл еңбекте Кеңес мектебіндегі оқу-тәрбие үдерісі мына критерийлер тұрғысынан құрылуы тиіс болатын: оқыту үдерісінің шығармашылық сипаты, оқушылардың белсенділігі мен өзіндік дамуы және оқуды жекелендіре түсу мүмкідіктері.
__________________________________________
РСФСР - Российская Социалистическая Федеративная Советская Республика
ВЦИК - Всероссийский Центральный Исполнительный Комитет
1918 жылдың 23 қаңтарындағы «Шіркеуді мемлекеттен және мектептерді шіркеуден бөлу туралы» декрет мектептердің еркін дамуының бастауы болды. Барлық оқу орындар ағарту жөніндегі халық комиссариятының қарамағына берілуі, ұлдар мен қыздарды біріктіріп оқытуды ұйғарылды. Сонымен қатар ересек адамдардың арасында сауатсыздықты жою жөнінде көп жұмыстар атқарылды. Сауатсыздарды оқытуға байланысты тегін курстар ашылды. Айта кететін жағдай қаулыда, барлық ұлттарға ана тілінде жалпы білім беретін мектептер, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарын ашу құқығы берілді. Осылайша мұғалім мамандарын мектеп ашу ісіне тарту кезек күттірмейтін мәселегі айналады.
Алаш лидерлерінің саясаттан білім беру саласына бет бұруына әсер еткен негізгі факторлар жоғары білімді кәсіби педагогтарды даярлау, мектептер ашу және оқулықтар, оқу-құралдар, бағдарламалар дайындау қажеттілігі еді. Сол жылдары педагог кадрларының жетіспеушілігі қазақ мектептерінің білім сапасына кері әсерін тигізді. Осындай себептерге орай Республиканың барлық жерлеріндегі мектептерде педагогтар дайындайтын қысқа мерзімді курстар ашу кезек күттірмейтін мәселе болды. Курстарда жалпы білім беруге байланысты арнайы теориялық (ол кезде педагогтік деп аталды) және әдістемелік пәндер оқытылды.
- 1919 жылдың күзінде социалистік төңкерілістің мақсаты мен міндетін насихаттайтын жауынгерлердің сауатын ашуға арналған алғашқы кеңес әліппесі жарық көрді.
- 1919 жылдың 26 желтоқсанында халық комиссарлар кеңесінің РСФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы Декреті шығып, республиканың оқи және жаза білмейтін 8 бен 50 жас аралығындағыларға ана тілінде немесе қалауынша орыс тілінде оқып үйрену міндеттелді;
- 1920 жылдың шілдеде сауатсыздықты жою бойынша төтенше комиссия құрылды;
- 1921 жылы 26 шілдеде 16 мен 51 жасқа дейінгі аралықтағы жеткілікті білімі бар барлық адамдарды сауатсыздықты жою жұмысына қатысуға тарту туралы қаулы қабылды.
Сонымен қатар Республикада халықтың сауатсыздығын жою жөніндегі жалпы білім беретін мектептердің бастауыш, орта мектептер және арнаулы орта, жоғарғы оқу орындардың кең жүйесін құру яғни «Кеңес өкіметінің мәдениет мәселелері жөніндегі бірінші маңызды Декреттерінің арасында РСФСР Халық Ағартукомының «Аз ұлттардың мектептері туралы» қаулысы болды. Осыған сәйкес 1918 жылы тамызда Қазақ республикасының ОАК (ЦИК) мектептерде оқытуды ана тіліне көшіру туралы Декрет жариялады, ал қараша айында «Түркістан мектептерінің құрылымы туралы ереже» жарық көрді. Бұл құжаттар мектептер үшін ұлт тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар қажеттілігін арттыра түсті.
Осы жылдарда мұрағаттағы деректерге қарасақ Республика халқының сауатсыздығы 84% деп көрсетіп, араб жазуын меңгерген адамдар есепке алынбады. Осыған байланысты 1924 жылдың қазан айында «Мәдениет майданы» ал ақпан айында «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Қоғамға белсенді, лидерлік сапалары дамыған тұлғалар алынды. Қоғамның мақсаты оқуға байланысты үгіт-насихат жұмыстар жүргізу және мектеп пен саяси ағартушылық мекемелер жүйесін оқулықтармен, әдебиеттермен, қамтамасыз ету еді.
Қазақ интеллигенциясының Кеңестік дәуірдегі өкіметі орнаған жылдары жаңаша мектеп құру жолындағы еңбектері және педагогтарды кәсіби лидерлікке тәрбиелу идеялары.
Кеңес өкіметі орнаған жылдары білім беру мәселесінде кездескен көптеген кемшіліктер Қазақстанда ғана емес, Кеңес өкіметінің көп елдерінде соның ішінде Рессейді де үлкен орын алғанын айта кетпеуге болмайды. Оқулықтардың жетіспеушілігі, мектепте сабақтың дұрыс ұйымдаспауы, әсіресе ұстаз шеберлігінің жеткіліксіздігі орын алды. Осыған орай педагог А. И. Анастасиев 1917 жылы шыққан «Народная школа» атты кітабында «Во время урока должен быть спрошен, по возможности, каждый ученик или, по крайней мере, каждый привличен к участию в уроке. Большая ошибка – предложить десяти учиникам по пяти вопросов, а тридцати – ни одного. Никогда не обучай и не спрашивай подолгу только одного ученика, оставляя других без дела или не обращая на них внимания». деп жазды. Осылайша мектепті керек құрал жабдықтармен қамтамасыз еткеннен басқа педагогтың кәсіби шеберлігін шыңдау мәселесіне талаптар күшейе бастады.
Білім беру саласындағы өте күрделі жұмыстарды шешу еліміздегі патриот тұлғалардың лидерлік сапаларының анықталуына, дамуына әсер етті. Қазақ елінің болашағын ойлап, сауатсыздықтың шырмауынан шығудың сан-алуан жолдарын қарастырған интеллигенция қауымы - Ұлт лидерлерінің арқасында бұл мәселені шешудің жолдары жан-жақты қарастырылып, сауат ашуға байланысты оқулықтар мен оқу құралдары шығарылы бастады.
Осы орайда тарихи мағынаға ие «интеллигенция» әлеуметтік-философиялық ұғым ретінде сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |