Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет10/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

«Интеллигенция» – латынның «intelligens» сөзі, қазақ тілінде мамандығымен, ой еңбегімен шұғылданатын, әлеумет мүддесіне қызмет ететін, шығармашылық жолдағы адамдар тобы, яғни «зиялы қауым» өкілдері, интеллигент: зиялы адам - оқыған, білімді, жоғары мәдениетті адам деген мағынаны білдіреді. Осыған байланысты зиялы қауымды – қоғамның қаймақтары деп те аталуы бекер емес. Педагогтар кез-келген қоғамның зиялы қауымы аталып, ерекше беделге ие.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт – 2020» атты ұлттық жобасы, «Қазақстан - 2050» стратегиясы ұлттық интеллигенцияның қоғамдағы рөлін және оның ұлттық құндылықтарды жасаудағы ең басты күш екенін арттыра отырып, барлық ғылым саласындағы зиялы қауымның туындыларынан жастардың үлгі алып, ой түзетіндей ықпал етуі тиіс екендігін айқындай түсті.
Қай кезде де ұрпақты тұлғалыққа жетелейтін нәрсе – ұлттық мұрат болған. Тұлғаның зиялылық түсінігі алдымен оның өз мақсаттарынан ұлт мұратын жоғары қойып, әлеумет рухын қастерлеп, бағалай білгенін сипаттайды. Зиялылық жеке адамның сыртқы бейнесі мен алған біліміне, мамандығына сай атқарып жүрген кәсібімен шектелмей, адамның ішкі дүниесіне тәуелді рухани болмысының даралық мәнін, дербестігін, еркіндігін көрсететін ұғым.
XX ғасырдың басында қазақтың оқу-ағарту мәселерімен айналысқан зиялы тұлғалардың бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров «Оқудағы мақсат не?», «Оқып жүрген жастарға», «Талиптарға», «Анау-мынау», «Соқыр сопы», «Оқу, Қазақ ішінде оқу», «Оқыту жолы қалай?» т.б. көптеген еңбектерін жазды. Осы жазылған еңбектердің барлығы қазақ халқының, болашақ ұрпақтың сауатын ашып, лидерлік сапаларын, мәдениетін көтеруді көздеген арманынан туындаған еді. Ол өзінің «Қазақ ішінде оқу», «Оқыту жолы қалай?» - деген мақаласында қазақ ауылындағы мектептерде оқытуды бір жүйеге келтіру және қалай оқыту керек екендігіне тоқталады. Мысалы, С. Торайғыров педагогтың баланы оқытқанда ұстанатын дидактикалық принциптерін бөліп көрсетті:
баларды оқытқанда, оларға ең әуелі түсінікті нәрселерден үйретуден бастау. Бұл дидактиканың жеңілден күрделіге қарай оқытуды ұсынатын принципі, яғни жүйелілік принципі;
оқытуда балалардың жас ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеру, бұл оқушылардың шамаға лайықтылығы мен оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу принципі.
С. Торайғыров сабақта дидактикалық қағидаларды есепке алу педагогтың кәсіби шеберлігінің көрсеткіші екенін ескертті.
Педагог оқу – тәрбие үдерісінде дидактикалық қағидаларды дұрыс ұстануы тәрбиеленушінің түрлі қабілеттерін ашуға оң ықпал етеді. Білім беруде оқушының жас ерекшеліктерін ескеру дидактиканың негізгі принциптері болып есептеледі.
Жас – адам ғұмырының белгілі бір кезеңін белгілейтін өлшемі және физиологиялық, морфологиялық, психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады, яғни адам баласы жасына байланысты оқу қабілеттерімен ерекшеленеді.
Қабілет – лидерлік сапа. Баланың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі, іс-әрекетті оңай және тез орындау мүмкіндігін танытатын, оның басқалардан өзгеше, жеке-дара психикалық ерекшелігі – қабілттілік. Демек оқыту барысында лидерлік сапаларды дамыту үшін айтылған принциптерді ұстанудың маңызы зор.
XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы Қазақстанның білім беру саласында зиялы тұлғалар К.Б. Жарықбаев, С.К.Калиевтің «Педагогикалық ойлардың антологиясы» еңбектерінде қазақ жеріндегі оқу-ағарту мәселері толғандырған лидер азаматтардың бірі Н. Төреқұлов ұлт тілдерінің дамуына ерекше көңіл бөлгенін айтып өткен.
__________________________________________________________
Бұратана орыс тілінде - инородцы. Ресей патшасы Николай ІІ-нің 1916 жылы 25 маусымдағы “Бұратана” (инородцы) халықтардың өкілдерін тылдағы жұмысқа алу жөніндегі жарлығы.


Н. Төреқұлов еңбектерінде ұлт мектептері, тіл мәселелері жайлы ұлағатты пікірлер айтты. Ғалым Кеңес өкіметі орнағаннан кейін «Ұлт мәселесі мен мектеп» атты мақаласында: «...Патша өкіметі Ресейде орыстан басқа ұлт бар деп білмейтін еді, білгісі де келмейтін еді....» Патша өкіметінің барлақ бағдарламасының мазмұны: бұратаналардың біржола тұқымын құрту, болмаса, орыс қылып жіберу мысалы: украин, беларус тағы талай ұлттарға өзінің ана тілінде жазуға тиым салынып, ана тілінде кітап шығаруға рұқсат етілмеген, украин мен ақ орыс (беларус) сияқты басқа ұлттар да отаршылдықтың азабын шегті. Мұндай ұлттардың жақсы жерлері, маңдай қоныстары тартып алынып, өздері тауға, тасқа, шөлге, құмға қуылып жатты. Кавказда, Қазақстанда, Орта Азияда да жағдай осындай болды. Патша өкіметінің ұсақ ұлттарды ағарту жолында істеген істері ұлттарды ағарту емес, бұлардың мәдениетті болуын ойлау түгіл түсіне де кіргізбеген, ол патша өкіметінің талай жылдар бойына ұсақ ұлттарды қорлау, азап тартқызу еді» деп ашынып жазған сөз жолдарынан көруге болады.
Оның осындай еңбектерінің бірі «Темірқазық» атты журналдың жарық көруі. Сонымен қатар Н.Төреқұлов «Қазақ-қырғыз үшін әліппе», «Бізге әліппе неге керек?», «Ұлт мәселесі және мектеп» т.б. көптеген ғылыми еңбектердің авторы.
Н.Төреқұлов баспагер ретінде Ә.Н. Бөкейханның, А. Байтұрсынұлының, М. Жұмабайовтың т.б. шығармаларын басып шығаруға зор еңбек сіңірген.
Қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекеше тұлға – Ә. Н. Бөкейхан. Оның есімі басқа алаш азаматтары тәрізді ұзақ жылдары бойы сирек аталып «буржуазиялық ұлтшылдықтың» синонимі ретінде қаралып келіп, кейінгі ұрпаққа қалдырған орасан зор аманат мұрасы бір кісінің ғұмырындай ұзақ уақыт шаң басып жатты. Ә. Бөкейхан халық тағдыры мен халықтың тілі арасындағы байланысты ұғына білген ғалым. Ғалым сол кезеңдегі қоғамдық-саяси тақырыптарға арналған көптеген мәселелерді шешуге талпыныс жасаған - лидер. Ол өзінің «Мұсылман сиезі», «Сусағанның түсіне су кіреді», «Ашық хат» т.б. еңбектерінде ана тілі мәселесіне ерекше назар аударды. Оның шығармаларынан іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу, балаларды мектепте ана тілінде оқыту мәселелерін көруге болады.
Ә. Бөкейханның «Серуен жасап зерттеу әдісі» атты мақаласы Қазақстанда дидактиканың қалыптасуына түрткі болған алғашқы әрекеттердің бірі деп есептейміз. Аталған мақалада педагог жаттау әдісіне қарсы. Білімді тәжірибемен байланыстырған кезде баланың шығармашылық, өзіне сенімділік, табиғатқа сүйіспеншілік, қоршаған ортаны қорғау т.б. көптеген адами құндылықтар жүйесі қалыптасатынын айтқан. Оқытуда тәжірибелік жұмыстар оқушыларды біліммен қаруландыру үшін қажет дейді. Мысалы, «Шын білім тәжірибеде ғана туады. Білім жолының негізі тәжірибия болады, жаттап алып білген білім кісіден сұрап киген тон сияқты. Тойда тоныңды бер деп шешіп алғандай жаттап алып білген білім мектептің табалдырығын аттай бере естен шығады да ұмытылады» деп жазған.
Ә.Н. Бөкейхан экскурсияны әдіс ретінде және оқытудың негізгі формасы деп қарастырады. Ол экскурсияның тәжірибелік мәнін аша отырып, зерттеудің бағыты кезеңіндегі міндеттін нақтылай түсті: «... тәжірибе көзбен көреген қолмен ұстағаннан басталды. Ақыл зерек тексеріп тергеп, терең бойлап толқып, кестелеп көзбен көргеннен қолмен ұстағаннан қортынды шығарады. Бұл неше сыннан өтіп, таспадай сыдырылып, таяқтай жанылып білім негізі болып шығады» деген. Мұнда ғалым практикалық әдісті зерттеумен лабораториялық әдіске жақын екендігін айтады. Оның ойынша, практикалық әдіс мұғалімнің басшылығымен сабақты бекіту кезеңінде пайдаланылады. Ол тақырыптың атауында экскурсия ретінде көрсетіліп, мазмұнында оқытудың негізгі формасы ретінде берген.
Автор ауылдағы мектепте табиғаттану тәжірибесін, яғни ең жақсы әрі қажетті лаборатория ол оқушылардың шынайы тірі қоршаған ортаның ғажайып құбылыстарымен өзгерістерін көзімен көріп, қолымен ұстап тамашалауы деп есептейді.
Ә. Н. Бөкейхан лабораториялық әдісті оқушыларға табиғат құбылыстарын ұзақ бақылату арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар Ә. Н. Бөкейхан оқыту мазмұнын ұлттық психологиямен байланыстыру мәселесіне ерекше назар аударған. Ол оқушыларға өмірге қатысты және күнделікті тұрмысқа байланысты тапсырмаларды шығармашылықпен орындауды талап етіп отырған.
Баланың дүниетанымын дамытудың басты құралы заттарды өз қолымен ұстап, көзімен көргенін, сезінгенін жадында жақсы сақтайтынын айтады, яғни теорияның тәжірибе арқылы қабылдануы есте ұзақ сақталады. Мысалы: «Тәжірибе жолымен білімге шыныққан адам білгенін көріне ала кіреді. Тәжіибәдан алған білім ұмытылмайды, төл ат болады. Осы күнгі тәжірибәсыз білімде негіз де жоқ, бет те жоқ. Білім анасы - тәжірибә» деп жазған.
Ә. Н. Бөкейхан пікірі өте құнды себебі адамда сезімнің бес түрі бар көру, есту, иіс, дәм, түйсік. Көру – ең басты сезім органы болып табылады, яғни бала көзімен көргенде естігеніне тез түсінеді Ә. Н. Бөкейхан мұндай экскурсия сабақтарын ұйымдастыру педагогтан шығармашылық пен шеберлікті талап ететінін ескерте отырып, былай дейді: «Баланы баулыған оқытушы ісіне шебер болса, өзі де, балаларды табиғатты әліп-бидей оқып, аты бәйгеден келіп, бүркіті түлкі алып қызыққа батады да қуанады. Бала оқуға күйі түскен қаршығыдай, түлеп ұшады».
Ғалым өз шығармаларында табиғаттану пәні бойынша зерттеуді қалай жүргізу жолдарын мысал ретінде жаза отырып көрсетеді. Сондай еңбектердің бірі оның «Мұғалімдерге хат», «Пыланеттер» атты ғылыми мақалалары.
Сонымен қатар Ә. Н. Бөкейханның педагогикалық идеяларында оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен тығыз байланыста болу қажеттігін алға тартады. Жеке адамды қалыптастыру мәселесіне байланысты «Ән өлең һәм оның құралы» атты әдеби-сыни зерттеуінде нағыз эстетикалық тәрбие өз орнын тапқан.
Ә. Бөкейхан жөніндегі шындық, әлі зерттеліп өз шегіне жеткен емес. 1920 жылдары қазақ еліндегі дидактиканы дамыту жолында Ә. Бөкейханмен бірге еңбек еткен замандасы, алаш лидерлерінің бірі А. Байтұрсынұлының өмірінің соңғы сағатына дейін болашақ ұрпақтың қамын ойлап, әрбір қазақтың бойынан лидерлікті көруді арман еткен, қазақтың өркениетті ел болатынына кәміл сенгендігін мына өлең жолдарынан білеміз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет