Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»


Абай Құнабайұлының философиясындағы лидер және лидерлік ойлары



бет6/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
Абай Құнабайұлының философиясындағы лидер және лидерлік ойлары

XIX ғасырда халқының еркіндігін, сауаттылығын арман еткен Абай Құнанбайұлының философиясында лидер және лидерлік ойлары терең және жан-жақты қамтылған. Абай заманында халқының өз еңбегінің жемісін өздері жеуге еріктері жоқ екені жанына қатты батты.
Билеушілердің қарапайым халыққа көрсеткен үстемшілдіктерін, әділетсіздіктерін және халықтың дәрменсіздіктерін еңбектерінде анық және тура жеткізе білді. Өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алауыздықты, жалқаулықты сынап, жастарды адал еңбекке, ізденімпаздыққа, жігерлілікке, адамгершілікке, өнер-білімге, бір орында тұрмай үнемі алдыға ұмтылуға шақырады. Халыққа басымшылдық көрсетіп, қанап отырған бай мен билеушілерді қатаң сынға алды. Ұлы ойшыл қазақ елін жайлаған алаауыздық, екі жүзділік, жалқаулық, сатқындық сияқты мінез-құлықтың жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін айта келе, болашақ ұрпақтың бойында лидерге тән негізгі сапа адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл аударды.
Қазақ халқының классик ақыны Абай (атамыз )туған елге деген сүйіспеншілік, ерлік, табандылық, адалдық, парасаттылық, сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық, әділдік, тапқырлық, үлгі-өнеге болу және т.б. сияқты адамгершілік құндылықтарды адамның бойына бала кезінен сіңіру керектігі туралы идеялары жылдан жылға өзектілігі арта түсуде. Себебі аталған адами құндылықтарды бойына сіңірген адам бүгінгі күні – лидер ретінде танылып отыр. Абай Құнанбайұлы шығармашылық мұрасында еңбектерінде лидерлікке тән және жат мінез-құлықтарды бөліп көрсетеді. Мысалы, адам мінезіндегі лидерге жат мінез-құлықтар: орынсыз мақтау, ойсыздық, жағымпаздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық, жалқаулық, дәрменсіздік, мақтау сүйерлік, менсінбеушілік, мақтаншақтық, кек сақтау, өштесу т.с.с. Лидерге тән мінез-құлықтар: естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу, білімге құштарлық т.с.с. Сонымен қатар Ұлы ойшыл адам бойындағы жаман әдеттер ақыл мен ойды тоздыратынын, өзіне де еліне де пайдасы болмай дәрменсіз күй кешетінін айтып, болашақ ұрпақты лидерлік сапаларын дамытуды насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал» дейді. Айтылған ойдан күнделікті іс-әрекетін жоспарлап, орындалған жұмыстарына, қол жеткізген жетістіктеріне, оң немесе теріс іс-әркетіне өзінен өзі есеп алуы адамды есті кісі қатарына қосылуға ықпал екен. Демек адамның өзінен – өзі есеп алуы лидерлік сапа, ал есті кісі – лидер деген тұжырым жасауға болады.
Абай Құнанбайұлы баланың сана-сезімін дұрыс дамытып, лидер қалыптастыруда әлеуметтену үдерісінің маңызының зор екенін айтады. Жетінші қара сөзінде «Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем, көрсем, үйренсем екен деу - жан құмарлығы. Бұл ойынан адам баласы өмірге тұғым қуалаушылық фактор – мінезбен, даралық ерекшеліктерімен туылатыны туралы айтылады. Абайдың қара сөзінен баланың бірі жан құмарлылығы - жағымды сапалармен дүниеге келсе, екінші бала тән құмарлылығы - жағымсыз мінез-құлықпен дүниеге келетінін білеміз. Жан құмарлылығымен дүниеге келген адам туралы: «....адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым...» ал ақыл мен ғылым табысты, жігерлі еңбек еткен адамға лайық. Айтылған идея лидерліктің «Ұлы адамдар» теориясына саяды. «Ұлы адам» теориясында лидерлік сапалар туа біткен қасиет, адамдар Ұлы лидер болып туады дегенге саяды.
Тән құмарлығымен туылған балаға байланысты «...адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады» дейді. Абайдың адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы тек генетикалық негізге емес, әлеуметтік ортаға, тәрбиеге да байланысты екенін дәлелдейді. Бұл айтылған ойлары Ұлы лидерлер болып туылмайды, қалыптасады деген лидерліктің бихевиористік теориясына келеді. Осыған байланысты 37-ші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», - дегені немесе 38-ші қара сөзінде «....ғылым-білімді әуелі бала өзі іздеп таппайды. Басында зорлық, яғни алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздейтіндей болғанша. Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Одан кейін ғана ғылым-білімді үйренсе, білсе деп үміт қылмаққа болады», – деп тұлғаны лидерлікке тәрбиелеуде әлеуметтену үдерісінің маңыздылығын басты назарда ұстау керек екендігін айтқан. Жалпы Абай Құнанбайұлының философиясында лидерліктің теориялық сипатына теориясына байланысты «...лидер өзіндік ерекшеліктермен туылады; лидерлік тұқымқуалаушылық негізінде пайда болады; харизматиялық лидер» болады деген ойлары анық байқалады
Кaзaқ ойшылы Абaйдың тұлғаға тән лидерлік қасиеттердің мазмұнына терең филлософиялық тұжырымдар жасағанын «Толық aдaм» тұжырымдaмaсыннан анық көруге болады. Он жетінші қара сөзінде қайрат, ақыл, жүректі, ғылымды кейіпкерлер ретінде алып, адамның мінез-құлқына байланысты сөйлетеді. Айтылған ойда терең үңілсек, мысалы лидер тек қайраттылығымен ғана ерекшеленетін болса «ғылым» айтқандай «....қайратсыз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруына қарай қаттылығы да мол, пайдасы да мол, бірақ залалы да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетуі мүмкін...», сол сияқты лидерде асқан ақыл болып, жүрек болмаса жаман мен жақсыны айыра алмай, жүрексіз ақылын зұлымдыққа пайдаланатынын айтады. Адам қайрат пен ақылды жүрекке билеткенде ғана шынайы лидерлік сапалары дамиды, яғни лидердің бойынан ақыл, қайратты билейтін үлкен жүрек болу керек. Жүрексіз лидерлік терісбағыттылық. Бұндай лидер терең, рухани біліммен ерекшеленбейтін, басқаруда адамдарды қорқыту, қаталдық таныту, жазалау әдістеріне сүйеді.
ХХ ғасырда лидерлік теорясының дамуына елеулі үлесін қосқан, гуманистік бағыттағы лидерліктің әйгілі X және Y теориясының авторы американдық әлеуметтік психолог Дуглас Мак-Грегор Абайдың осы идеясын растай түскендей, этикалық емес харизматикалық лидер және этикалық харизматикалық лидер бағыттарын көрсетеді. Этикалық емес харизматикалық лидер:

  • билікті тек өзінің жеке мақсаты үшін қолданады;

  • тек өзінің жеке көз қарасын алға тартады;

  • өзіне айтылған сынға жаза қолданады;

  • өзінің берген бұйрығын сөзсіз орындалуын талап етеді;

  • қарым-қатынасы өзінен төменге қарай бағытталады;

  • соңынан ерушілердің қажеттіліктері мен мүдделеріне сезімсіз қарайды

  • өзінің қызығушылығын қанағаттандыру мақсатында өзіне ыңғайлы жағдайларға, сыртқы моралдық стандартқа сүйенеді. Аталған лидер типінің соңында өзінің бағынушыларының және қолдаушыларының толықтай сенімінен айырылуы таң қалдырмайтын жағдай.

Этикалық харизматикалық лидер:

  • билікті басқалардың қызығушылығы үшін қолданады;

  • өзінің жеке көз қарасын соңынан ерушілердің мүдделері мен талпыныстарына байланысты алға тартады;

  • өзіне айтылған сынға түсінушілікпен қарап, қателіктерін түзеуге тырысады

  • екі жақты, ашық қарым-қатынасты жақтайды;

  • соңынан ерушілерді үйретеді, қолдау көрсетеді, дамытады және өзінің атақ-даңқымен бөліседі;

  • қоғамдық қызығушылықты қанағаттандыру мақсатында ішкі моралдық стандартқа сүйенеді.

Абайдың 17 қара сөзінеде айтылған ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек - этикалық харизматикалық лидердің бойындағы ажыратылмайтын сапасы болып табылады.
Қазақстанның Азаматтық партиясы 1995 жылы 720 беттен тұратын «Абай энциклопедиясын» 100000 дана басып шығарып, халыққа тегін таратты. Себебі олар нарықтық заманында сатып алуға мүмкіндіктері жоқ отбасыларының үйінің төрінде осы энциклопедия орын алып, Ұлы ойшылдың идеясымен әрбір ұрпақ суындап өссе, бойындағы жаман әдеттерін жойып, лидерлікке ұмтылып, ұлтымыздың келешегінің кемелденуіне өз үлестерін қосар еді деген мақсат қойды. Энциклопедияда Абайдың этикалық көзқарастарын сөз еткенде 2 нәрсеге ерекше көңіл бөлу керек екенін айтады. Мысалы, ол ақынның гуманистік және диалектикалық түсінігі. Абайдың гуманистік этикасы: Дүние мен жалған, адам мен пенде деген бір-біріне қарама – қарсы ұғымдар. Дүние мәнгі құбылыс, жалған өткенші құбылыс. Адам дүниенің, мәңгілік туындысы, пенде жалғанның, күнделікті тіршіліктің туындысы. Адамның өмірі – ақиқат, адалдық, әділеттік, әдемілік деген ұғымдармен ұштасып жатса, пенденің өмірі күнделікті тұрмыстың, тек тіршіліктің, күнкөрістің қамымен байланысып жатады. Пенде әрқашанда құптағыш, бағынғыш, күндегіш, затшыл, өзімшіл келді, мырзалардың алдында құрдай жорғалайды. Пенденің бір белгісі – ол өзінің қиялында да шарықтай алмайды, тауық сияқты қораның шарбағынан жоғары ұша алмайды. Қыранның қиялы шыңда болса, қораздың қиялы қи түбінде демекші пендені қоразға, адамды қыранға теңейді. Адам – өзін-өзі, айналасын сыйлайды, өзінің азаматтығын, адамгершілігін бағалай біледі, затқа бағынбайды, заттарды өзіне бағындырады. Пенделер заттың құлы болса, - Адам заттарды өзіне құл етеді. Осы тұрғыдан Абай Адам деген ұғымды үлкен даналық санайды. Демек Ұлы ойшылдың философиясынан «пенде» лидерлік сапалары дамымаған – адам, ал «Адам» ұғымы – біздің анықтауға мақсат қойып отырған – «Лидер» ұғымынының негізі екенін білеміз. Ұлы ойшыл, гуманист-ақын еңбектеріндегі жастарға адами құндылықтар, күш-қуат, бойына жігер, қайрат беретін, мұраларының мәні мен маңызы қазіргі кездегі өзекті мәселеге жастардың бойында лидерлік сапаларын дамытудың қайнар көзі.
Біздің өмірімізді осындай шыншыл, жүрегі таза, ынта-жігер беретін - лидер кездессе біз оған сенім артып, оның кеңестерін тыңдап, басқаруын қабылдаймыз. Егер жұмыста басшы, оқуда педагогтың лидерлік сапалары дамыған адам болса, онда олардың соңынан ерушілер өздерін бақытты сезініп, міндеттерін қуана, шығармашылықпен орындауға мүмкіндік алады. Осындай лидерлік қарым-қатынаста адамдар арасында жеке басының қызығушылығы, ақша, мансап, пайда, бақталастық емес, қоғам мүддесі үшін, ұжымның, топтың, көпшіліктің қызығушылығын қанағаттандыру маңызға ие болады. Мысалы, ақылды басшысы немесе шынай лидері бар ел, ұжым, топ мүшелері идеяларын жүзеге асыруда өзін қажетті адам ретінде сезінуі қуаныш және ішкі қанағаттануы, бұл қаражаттық пайда көруден маңызды. Адамдар ойлары, сөздері мен іс-әркеті арасында үйлесімділігі бар лидерге сенеді. Кез-келген елде, жерде, өндіріс орындарында адамдарының лидерлік сапалары дамыған болса, олардың өркениетті даму үдерісі күшейе түседі. Сондықтан да әр кезеңде қазақ хылығының лидер азаматтарының еркіндігін қиып, олардың халыққа жағымды ықпалын жойып, қазақ елінің өкениетті дамуына қастандық жасалып отырғанын тарихтан жақсы білеміз.
Лидердерді - лидер тәрбелейді деген қағиданы басшылыққа ал отырып, кез-келген тұлғаның лидерлік сапаларын дамыту үшін жағдайлар жасалу қажет.
Ш. Құдайбердіұлының еңбектеріндегі лидерлік идеялар Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаянынан ақындығының, қисынды ойлауының, парасаттылығының қалыптасуына өміріндегі жетекшісі, ұстазы, еліктеушісі, үлгі алушысы Абайдың лидерлік ықпалың зор болғанын білеміз. Бала кезінен зеректігімен көзге түскен Шәкәрім арнайы мектептерде білім алмаса да, молдадан ашқан сауаттылығын, өздігінен оқу, іздену арқылы дамыта алды. Бойында лидерлік әлеуеті зор Шәкәрім Абайдың соңынан еріп, тәрбиесін алғаны туралы былай деді: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырзаны, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім».
Шәкәрім Құдайбердіұлы араб, парсы, түрік, орыс тілдерін өздігінен оқып, үйреніп, жетік білгені, өз заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың қатарында болуы ақының лидерлігі.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» деген өлеңінің өзі лидер және лидерлікке тәрбиелеу идеяларына тұнып тұр. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет