Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет7/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық
- деп айласыз, парақорлықсыз, көз бояушылықсыз, біреуге қиянат жасамай, тек терең біліммен, адал еңбекпен бақытты өмір мен табыстылыққа жетуге болатынын айтады. Себебі данышпан адам ақыл-ойдың, білімнің молдығы, кең өрістілігі, келешекті болжау, ой қорытып, түйін жасау, ғылымның келер көкжиегінің жетер жерін анықтауға арналған ой-тұжырымы бар парасаттылық.
Жантану атауларының түсіндірме сөздігінде данышпандық - кемеңгерлік, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет - адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге белгілі іс-әрекет саласында қол жеткізуі. Данышпандық - бүкіл адамзаттың игілігі үшін өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді парасаттылықпен шеше алатын адамға тән психологиялық қасиет деген анытама берілген. Демек бұл айтылған ой данышпан - лидер, ал данышпандық лидерлік сапа ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Келесі өлең жолдарынан:
......Ал, енді, олай болса, кімді алалық?
Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?
Шын іздесек, табармыз шыны ғалым,
Күнде күйлей бермелік бозбалалық
- дегені көптің ішінен бөлініп, ерекшеленетін лидерді тану, уақытты бос өткізбей пайдалы іспен шұғылданып, лидерлік сапаларын дамыту.
......Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық! –
лидердің сақтығы, жағдайды алдын ала болжауы, тәжірибеге сүйенуге, өзінің үлгі тұтқан тұлғасына, лидермен кеңесуге шақырады. Бойында шынайы лидерлік сапалары бар адам ғана, басқа лидердің ақылына, кеңесіне сүйеніп, тәжірибесі, білімі мен беделі бар адамды мойындай алатын қасиетке ие.
.......Білімді сол кісіден ізденелік!
«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.
«Өмір зая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге
» делік.- бұл өлең жолдарынан жалған намыс, өркөкірек лидерге жат мінез – құлық, сондықтан білген адамнан сұрауға, білмегенді үйренуге нағыз лидерге тән сапа екенін байқаймыз.
«Көп қуға көзіңізді сүзбе» делік!
«Ұқпас деп бізден үміт үзбе» делік!
«Залымдар заң үйретіп адастырды,
Бізді сал жөнделерлік ізге» делік!
– бұл өлең жолдарында жастарға өзіне сенуге, өз пайдасын ойлайтын арандатушы адамды тани білуге, көрсе қызарлыққа, арбаушылыққа түісіп қалмауға, нағыз лидер өз қатесін дер кезінде түсініп, жөндеуге қабілеті екенін білеміз.
Ақын «Бай мен қонақ» өлеңінде лидерлік сапаға қарама –қарсы адамның бойындағы арсыздықты, бассыздықты, бетпақтықты, ұждансыздықты сипаттайды. Кедей байдың үйіне қонаққа келіп, төрге шығып, жөн сұрасқандай етін жеп, шәйін ішіп, кетерінде ақша сұрайды, ақша жоқ деген сөзден соң, аттың майын сұрайды дейді. Өзінің ішіп, жеп отырғаны аздай алақанын жайып, оңай пайда тапқысы келетін айтады. Соңында мақсатына жетпеге соң, бермедің деп ренжіп, араздасып, жек көріп, өкпелеп кетеді дейді. Бірақ одан өзінен басқа адам зардап шекпейтінінде айта кетеді. Мысалы ........Зиян тартпай қалмайды осыдан бай,
Болмаған соң қонақтың қөңілі жай.
Көрінгенге көз сүзбей күнін қөріп,
Қазақ қашан ел болар, құдайым - ай! ...... Ш. Құдайбердіұлының идясындағы кедей – қазіргі қоғамда лидерлік сапалары дамымаған адам, жалқау, адал еңбекке етуді ұнатпайтын, өсек сөзге жақын, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, табыстылықа жету туралы ойлау қабілеті төмен адамдар. Осы жерде ақынның «Бай мен қонақ» өлеңіндегі идеясына байланысты невролог Пол Маклиннің «Кедей миы және бай миы» териясына тоқтала кетсек, Пол Маклин миды үш бөлікке бөлген: Мысалы ойлау, сезім, инстинкт.
Ойлау – құндылықтың, даналықтың, интуицияның, шығармашылықтың, өзін-өзі жүзеге асырудағы саналы шешім.
Толғану (Эмоция-лимбическая система) - лимбикалық жүйе, яғни қуаныш, қорқыныш, ашу, қайғы, жек көру.
Инстинкт – (Рептилді кешен) – күн көріс, қорқыныш, агрессия. Рептилді ми туралы айтып кететін болсақ, рептилді ми адамның мінез –құлық іс –әрекетіне жауап береді.
Сонымен қатар Пол Маклин миды екіге бөледі.

  1. Кедейдің миы.

  2. Байдың миы

Кедейдің миы – кедей адам мүлдем ойды қолданбайды, ол бәрін ата-анасы мен ортасы тәрбиелегендей қабылдап «автопилота» өмір сүреді. Ақшаны мақсатсыз, импулсивті, ұғынбай ойынан шығарған тілектеріне жұмсайды. Кедей адамда эмоция мен инстинкт басым. Мысалы, қорқыныш, күн көріс, сұқтанушылық, үрей, қызғаныш, жыныстық қатынас және тб.
Байдың миы - бай адам ойын, инстинктті, эмоциясын бақылауда ұстайды. Жеке құндылықты, батыл армандарды, есті мақсаттарды басшылыққа алады. Сондықтан жақсы табыс табады. Өздеріне ұнайтын іспен шұғылданады. Ақшаны ақылмен, өзінің нақты тілектері мен армандарына жұмсайды. Қорыта айтатын болсақ Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінде лидердің типтерін, сапаларын, лидерлікке тәрбиелеудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін анық көруге болады. Өз бойында лидерлік сапалары дамыған тұлға ретінде ақынның жастарға қалдырған лиделік идеялары құнды.

Семинар сабағының мазұны


XVIII-XIX ғасырдағы қазақ қоғамдағы лидер мен лидерліктің рөлі. Ш. Уалиховтың лидерлік іс-әрекеттері. Қазақ халқының балаларды лидерлікке тәрбиелеу тәжірибелері. Қазақ хандарының лидерлік сапаларының көрінісі.


Тақырып бойынша сұрақтар





  1. Қaзaқ ойшылдaры мен aғaртушылaрының еңбектерiндегi лидерлiк идеялaры.

  2. Ы. Алтынсариннің еңбектеріндегі лидерлік мәселелер

  3. Ы. Алтынсариннің қазақ балаларын оқытатын мектептің ашылуы

  4. А. Алтынсариннің ұстаздық жолға түсуіне әсер еткен факторлар

  5. А. Алтынсариннің «Дала қоңырауы» атануы

  6. Ы. Алтынсариннің «Қарға мен түлкі», «Азған елдің хандары» өлеңдеріндегі лидерлік идеялары

  7. Ы. Алтынсариннің «Кел балалар оқылық» өлеңіндегі әлеуметтік табыстылық идеялары

  8. Абай Құнабайұлының философиясындағы лидер және лидерлік

  9. Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасының тұлғаны лидерлікке тәрбиелеудегі маңызы

  10. Абайдың қара сөздеріндегі лидерлік идеялары

  11. Абай философиясындағы бала тәрбиесі

  12. Абайдың отбасында баланы лидерліккке тәрбиелеу идеялары

  13. Ш. Құдайбердіұлының еңбектеріндегі лидерлік идеялар

  14. Ш. Құдайбердіұлының «Бай мен кедей» өленін талдау

  15. Ш. Құдайбердіұлының «Бай мен қонақ» өлеңін жаттау және талдау

Өзіндік жұмысқа тапсырмалар:



  1. XVIII ғасырда жоңғар жаулаушыларына қарсы елді бастап, ерлік көрсеткен батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, би Қазыбек, Хан Абылайханның лидерлік сапалары

  2. Ы. Алтынсариннің «Балғожа бидің баласына жазған хаты» өлеңіндегі лидерлік идеялары.

  3. Ы. Алтынсариннің «Азған елдің хандары» өлеңіндегі лидерге тән емес мінез-құлықты анықтау.

  4. Ы. Алтынсариннің «Өсиет өлеңдері» мен «Әй жігіттер» өлеңіндегі лидерлік пен лидердің сипатына салыстырмалы талдау

  5. Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі лидерлік идеяларына талдау

  6. Абай Құнанбайұлының өлеңдеріндегі лидерлік көзқарастары (нақты бір өлеңіне педагогикалық талдау жасау)

  7. Абай Құнанбайұлының этикалық идеясындағы «адам» мен «пенде» ұғымына салыстырмалы талдау.

  8. Абайдың 17 қара сөзіндегі лидерлік идеялары

  9. Абайдың қара сөздеріндегі лидер және лидерлік мәселелер.

  10. Ш. Құдайбердіұлының еңбектеріндегі лидерлік идеялар

  11. Ш. Құдайбердіұлының «Анық пен танық» өлеңін талдап эссе жазу.

Негізгі әдебиеттер:



  1. Абай Кунанбаев. Слова назидания. – Алматы, 2004

  2. Абай. Энциклопедия. (Главный ред. - Р.Н. Нургалиев). - Алматы: «Атамура».- 1995

  3. С.Д. Изтлеуова. Воспитание человека в произведениях Абая и Шакарима. Учебное пособие. Алматы. «Інжу маржан», 2011.

Қосымша әдебиеттер

  1. Биекенов К., Садырова М. Толковый словарь социологии. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. - 344 стр.

  2. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет

4 тақырып. Білім берудегі лидерлік



  1. Білім берудегі лидерлік туралы түсінік

  2. XX ғасырдың басындағы қазақ ағартушыларының кәсіби лидерлік іс-әрекеттері

  3. Қазақ интеллигенциясының Кеңестік дәуірдегі өкіметі орнаған жылдары жаңаша мектеп құру жолындағы еңбектері және педагогтарды кәсіби лидерлікке тәрбиелу идеялары.

Негізгі ұғымдар: интеллигенция, қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері,саяси платформа, жаңаша метеп, патриот, патша үкіметі декларация, РСФСР, декрет, мектеп сатысы, ересектер мектебі, сауат ашу,қабілет, әдіс, комплекспен оқыту,

Білім берудегі лидерлік белгілі бір қызмет саласында және нақты әлеуметтік ұйымда жүзеге асырылады, сондықтан өзіндік өзгешелігі бар лидерліктің әр түрлі кәсіби салалары (спорт, саясат, бизнес, ғылым, білім) бар деп айтуға болады. Лидерлік әрбір қызмет саласында түрлі кәсіби жағдайлар туындайды және әлеуетті лидерлердің жеке және кәсіби қасиеттеріне түрлі талаптар қойылады. Білім беру саласы үшін лидерлік ерекше маңызды, мұнда қызмет ету және даму тиімділігін арттыру мүмкіндіктер шектеулі, өйткені қызметтің нәтижесі нақты өнімге, пайдаға көзделмей, адамның белгілі бір субъективті қасиетін, жағдайын білдіреді. Білім беру лидерліктің табиғаты мен ерекшелігі білім беру мен тәрбие, оның мақсаттары мен әдістері, білім беру үрдісіндегі педагог пен білім алушының орны туралы қалыптасқан түсініктер аясында қарастырылуы мүмкін. Білім берудегі лидерлік жүйелі құрылым ретіндегі әлеуметтік бастамаларды таныту үшін және лидерлерді анықтау үшін жағдай жасайды.


Жаңа педагогиканың ең маңызды бағыты білім алушының мүмкіндігінен туындайтын, оның дамуын қамтамасыз ету, Лидерлер білім беру үрдісін білім алушылардың мүдделеріне, құндылықтарына және субъективті тәжірибесіне сүйене отырып, оларға оқу тәртібінде және оқу қызметінде өзін іске асыру мүмкінігін беру, білім алушылардың интеллектуалды әлеуетін белсендіру және жеке лидерлік стратегияларды қалыптастыруға көмектесу.
Білім алушылардың белсенділігін сақтау және дамыту бойынша педагогикалық міндет өзін-өзі реттеу тетіктерімен қолдауды білім алушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі бекіту үдерісінің қағидасы негізінде ғана шешіле алады. Өзін-өзі реттеудің тиімді тетігі және өзара әрекеттесудің тәсілі ретінде лидерлік тетігі қарастырылады. Әлеуметтік тетік ретіндегі лидерлік білім беру жүйесінің ретке келтірілуін қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар, ең алдымен, оның едәуір тиімді және табысты қызмет етуіне мүмкіндік береді. Білім беру қызметінің ерекшелігін, білім берудегі қазіргі заманғы жағдайының ерекшеліктерін, сонымен қатар «білім беру лидерлігі» санатының «лидерлік» жалпы санатынан пайда болуын ескере отырып, білім беру лидерлікті білім беру саласындағы қызмет тиімділігін арттыру тетігі ретінде анықтап алаған жөн. Бұл тетік білім беру қызметіне қатысты өзара әрекеттесуге жататын тараптардың тұлғалық-кәсіптік субъектілігін көздейді. Білім берудегі лидерлер – өзінің жеке тұлғасы деңгейінде де, сол сияқты жалпы білім беру мекемесі деңгейінде де алға қарай «ұмтылуды» жүзеге асыра алатын, тұлғалық және кәсіби тұрғыдан өте дамыған білім беру саласының қызметкерлері. Білім берудеггі лиерлік деген түсініктемесінде екі көзқарасты ажыратуға болады:
1. Педагогтың кәсібилілігінің жоғары деңгейі, педагогтың кәсіби ұстанымы ретіндегі лидерлігі; лидер – педагогикалық үдерісте өздігінен, шығармашылықпен әрекет ететін тұлға, оқытуда өз технологиясы мен стилі бар субъект; оның кеңістігі – білім берудің мазмұны мен нысандары, оқу ұжымындағы әрекет етудің стратегиясы мен стилі. Адамның қажеттіліктері оның кәсіби қызметінде ғана тұйықталмайды. Сонымен қатар тәжірибесіне, жағдайына және мотивациялық құрылымына байланысты, өзін-өзі танытудың қажеттіліктеріне және олар арқылы белгілі бір салада лидерліктің қажеттілігіне трансформацияланады;
2. Білім беруді басқару, басқарушылық ұстаным ретіндегі лидерлік; лидер – тиісті қызметтері мен қасиеттері бар билік өкілі; оның қызмет ету өрісі – білім берудің және оның құрылымының жүйесі.
________________________________________
Трансформация (көне лат. transformatіo – айналу) генетикада – оқшауланған дезоксирибонуклеин қышқылының көмегімен генетикалық ақпаратты қандай да бір жасушаға ендіру процесі.
Педагогтың лидерліктің қажеттілігіне трансформациялануы - жақсы қасиеттерін жетілдіру, кәсібилігін арттыру, шеберлік деңгейін көтеру.

Кез келген ұйым тиімділігінің маңызды шарты кәсіби қызметтегі жетекшінің лидерлікке жетуі болып табылады.


Лидерлік басшылықты толықтырады, әлеуметтік шиеленістерді шешуді және алдын алуды, ұйымның қызметінің тиімділігін қамтамасыз етіп, еңбек өнімділігін арттырады.
Берілген екі ұстанымда лидер білім берудегі басшылар да, педагогтар да бола алады. Педагогикалық қызметтің, оның мазмұнының, түрлерінің, әдістерінің жаңа түсінігі білім берудегі лидерліктің маңызды алғышарты ғана болып табылмай, сонымен қатар оның ерекшелігін белгілеп отырады. Білім беруде лидерліктің төмендегідей ерекше қасиеттері бар:

  • лидер және ізбасарлары өзара тікелей байланыстары бар;

  • педагогикалық қызмет өз субъектінің полифункционалдылығын көздейді (кәсіби қызметтің түрлері: тәрбие беру, оқытушылық, ғылыми-әдістемелік); сондықтан білім беру лидерлігі көп қырлы болып табылады;

  • лидерлік тұлғалық сапа болып табылады,

  • лидерлік қасиеттер мен қабілеттерге тек білім беру ұйымдарының басшылары ғана емес, білім беру үрдісінің өзге субъектері де меңгеруі тиіс;

  • білім беру лидерлік әлеуметттік қауымдастықта өз ұстанымын бекітуге ғана емес, сонымен қатар өз ізбасарларының лидерлік қабілеттерін дамытуға және лидерлік әлеуеттерін іске асрыуға бағытталған іс-әрекеттерінен ғана құралмаған.

Лидерлікті жүзеге асыру - ұйымда, шағын топта субъектілердің лидерлік әлеуетінің болуын, яғни білім беру ұйымында лидерлік рөлді атқару үшін қажетті қабілеттердің, қасиеттердің, білім, білік және дағдылардың болуын көздейді. Педагогта кәсіби маңызды және жеке қасиеттер кешенінің болуы оның лидерлік әлеуеті туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Лидерлік әлеуетті зерттеу оның төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет