3. Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі
Тозу – негізгі қорлардың өндірістік процеске қатысу нәтижесінде өз құнын жоғалтуын сипаттайды. Негізгі қорлар оларды қолдануға немесе қолданбауға тәуелсіз тозуға ұшырайды. Тозудың екі түрі бар: табиғи және моральдык. Табиғи тозу – негізгі қорлардың пайдалануға немесе қоршаған ортаның ықпалына байланысты өз тұтынушылық, өнімді қасиеттерін жоғалту процесі. Нәтижесінде жарамсыз боп қалады. Табиғи тозу коэффициенті келесі формула бойынша анықталады.
Кт.т.= Қт/Қбас,
Мұндағы Қт – тозу құны, Қбас – бастапқы құны
Моральдық тозу – негізгі қорлардың құны экономикалық тұрғыдан төмендеуі (ғылыми-техникалық прогреске және әлеуметтік факторларға байланысты). Моральдық тозу түрлері:
1. Өндірістік: берілген қорды өңдіру шығындары азаюдың нәтижесінде болатын тозу. Т = Қб – Ққ.е.
2. Экономикалық: берілген қор бағасына тең бірақ оған қарағанда өнімділігі жоғары қорлардың пайда болуы: П. Г. Бунича формуласы бойынша:
Т = Қбе – Қбе/(Өе*Тне) – (Қбж*Тқ*Өе)/(Өж*Тнж)
Мұндағы: Қбе, Қбж – ескі және жаңа машинаның бастапқы құны
Өе, Өж – ескі және жаңа машинаның жылдық өнімділігі
Тне, Тнж – ескі және жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі, жыл
Тқ – Ескі техниканың қалған қызмет ету мерзімі, жыл
3. Маркетингтік: берілген машинаға сұраныстың өзгеруіне байланысты, нарықтағы өзгерістерге байланысты бағаның төмендеуі. Формуласы өндірістік моральдык тозуға сәйкес анықталады.
Тозу амортизация түрінде есептеледі.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – негізгі қорлардың құнын қалпына келтіру және өсіру шараларының жиынтығы. Интенсивті (сапасы жағынан) және экстенсивті (саны жағынан) болуы мүмкін. Түрлері:
А) Жаңа құрылыс; Б) Қайта құру; В) Өндірістің кеңеюі; Г) Техникалық қайта қарулану; Д) Модернизация (жаңарту); Е) Қорды ауыстыру; Ж) Жөндеу (күрделі, орташа, ағымдағы, бақылау)
4. Негізгі қорлардың амортизациясы
Амортизация – бұл негізгі қорлар құнының шығарылған өнім құнына біртіндеп түсу процесі. Амортизацияның жылдық сомасы негізгі қорлардың қызмет ету мерзіміне тәуелді болады және амортизация нормалары негізінде құрылады. Амортизацияның жылдық көлемі келесі формула арқылы табылады:
Корт – негізгі қорлардың орташа жылдық құны.
Тенг – қорды енгізу айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.
Кенг – енгізілетін қорлар құны.
Ешығ – шығарылатын қорлар құны.
Тшығ– қорды шығару айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.
Na – амортизация нормасы.
Амортизация нормасы – қорларды толығымен қалпына келтіру үшін амортизациялық төлемдердің нормасы:
Na = (Қбал – Қжою)*100 % /(Қбал*Тн)
Қбал, Қжою – қордың баланстық және жою құны
ҚР да қолданылатын амортизация әдістері
Сызықты әдісті көздейтін мемлекеттік органдармен белгіленген орталықтандырылған амортизация нормаларынан басқа амортизацияның басқа әдістерін қолдануға болады, өйткені амортизациялық қорды кәсіпорындар өзінің қызметін дамытуға жіберетін инвестиция ретінде қолдана алады. Мұнда амортизация әдісін таңдағанда ең маңызды фактор ретінде уақыт қолданылады.
Келесі әдістер қолданылады:
Сызықты тәсіл;
Кемітілмелі қалдық тәсілі;
Пайдалы қолдану мерзім жылдарының реттік нөмерлерінің қосындысы бойынша құнды аудару тәсілі;
Құнды өнім көлеміне пропорционалды аудару тәсілі;
Амортизацияның тездетілген әдісі (сызықты әдіс бойынша аударым құнының 3 еседен артық мөлшерде болмау керек).
Жылдық амортизациялық төлемдерді анықтау әдістемесі:
Сызықты тәсіл бойынша негізгі қордың бастапқы құнына және амортизация нормасына қарай анықталады;
Кемітілмелі қалдық тәсілі бойынша есепті жылдың басында негізгі қордың қалдық құнына және амортизация нормасына қарай. Мұнда амортизация нормасы берілген қорды пайдалы қолдану мерзіміне қарай анықтайды; бұл тәсілде амортизация әсіресе бірінші жылы тездетіліп өседі.
Пайдалы қолдану мерзім жылдарының реттік нөмерлерінің қосындысы бойынша құнды аудару тәсілі бойынша негізгі қордың бастапқы құнына және жылдық ара-қатысқа қарай анықтайды. Бұл жылдық ара-қатыстың алымында қорды пайдалану мерзімінің аяғына дейін қалған жыл саны болса, бөлімінде қордың қызмет ету мерзім жылдары сандарының қосындысы қойылады;
Өнім көлеміне пропорционалды аудару тәсілі бойынша есепті жылы өнім көлемінің натуралдық шамасына және қордың бастапқы құны мен осы қорды пайдалы пайдалану мерзімі ішінде жоспарланатын өнім көлемінің жалпы көлемінің ара-қатысына қарай анықталады. Бұл тәсіл негізгі тозу факторы пайдалану мерзімділігі болатын активтер үшін қолданылады.
Бұл тәсілдердің амортизация жылдамдықтары әртүрлі болады. (сур 5). Амортизациялық төлемдер өзіндік құн элементі болғандықтан, оларды өсіргенде пайда көлемі азаяды, нәтижесінде салық алу базасы төмендейді. Сонымен қатар, бұл ақша аударымдары кәсіпорын үшін ақша шығыны ретінде болмай (Cash-out), керісінше кәсіпорынға түсетін ақша түсімдеріне жатады (Cash-in).
Әртүрлі әдістерді салыстыру
Сонымен, тездетілген амортизация әдістері бастапқы кезде өзіндік құнды өсіріп, салық салынатын пайда мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Ал соңғы жылдары керісінше амортизациялық төлемдер азайып, салық салынатын пайда көлемі өсе бастайды, яғни салық салынатын пайда көлемі уақытта кейінгі мерзімдерге жылжиды. Ақшаның уақыттағы өзгерісін есебке алғанда компанияның ағымдағы салық төлеу шығындары төмендейді.
Кәсіпорынның инвестиция көздері ретінде пайда және амортизация болады. Әртүрлі тәсілдер осы екі көрсеткіштің уақыттағы шамасын өзгертеді, сонда кәсіпорынның «пайдасын» анықтау үшін қорларды пайдалану мерзімі ішінде амортизацияның жалпы сомасын және таза пайда сомасын бір-біріне қосу қажет және ақшаның уақыттағы өзгерісін (дисконтын) есебке алу керек.
5. Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер
Көрсеткіштердің екі түрі бар:
Жалпылама сипаттама беретін:
Қор қайтарылымдылығы – негізгі қордың әр бірлігінен шығарылатын өнім көлемі.
Қор сыйымдылығы – өнімнің бірлігіне жұмсалатын негізгі қор мөлшері.
Қорлармен қарулану деңгейі – бір адамға саналған негізгі қор құны.
Аорт.т. – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа тізімдік саны.
Сапалық көрсеткіштер – негізгі қорлардың сапасын сипаттайды:
Жаңару коэффициенті = Қенг/Қж.бас.; ҚКж.бас – жыл басындағы НӨҚ құны
Шығу коэффициенті =ҚКшығ /Қж.аяғ; Қж.аяғ – жыл аяғындағы НӨҚ құны
Тозу коэффициенті – жоғарыда формуласы көрсетілген
Негізгі қорлардың өсім коэффициенті = (Кенг – Кшығ)/Қж.аяғ
Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті = (Қбаст – тозу құны)/Қбаст
2. Негізгі қорларды жеке қолданылуын сипаттайтын көрсеткіштер жабдықтардың немесе өндірістік ғимараттардың жеке топтарын қолдану тиімділігін сипаттайды.
Жабдықты интенсивті пайдалану коэффициенті = Өі.ж./Өпаспорт (өнімділігіне қарай)
Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті = Ті.ж./Тнәт (уақытына қарай)
Жабдықты интегральды пайдалану коэффициенті = Ки*Кэ (қуатына қарай)
Нәтижелі уақыт қоры:
Экономикалық есептеулерде 3 түрлі уақыт қоры қолданылады:
Күнтізбелі уақыт қоры:Tk=365
Номинальды уақыт қоры – заң бойынша белгіленген уақыт қоры:
Достарыңызбен бөлісу: |