«Кәсіпті оқыту әдістемесі»



бет1/4
Дата04.07.2018
өлшемі243 Kb.
#46746
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





СМК құжатының 3-деңгейі

ОӘК

ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013

ОӘК

« Кәсіпті оқыту әдістемесі»


пәнінен оқу - методикалық материалдар

№1 басылым

10.01.2013




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

« Кәсіпті оқыту әдістемесі»


5В012000 – « Кәсіптік білім» мамандығына



ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013


ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013

№1 басылым 10.01.2013





Мазмұны

1 Глоссарий




2 Дәріс




3 Тәжірибелі сабақ




4 Курстық жоба




5 Студенттердің өздік жұмыстары






УМКД 042-Х.1.ХХ/03-2013

Редакция №1 от 10.01.2013

Страница 4 из


Глоссарий

Ағаш - сызбада қолданылатын сызғыш кұралдар (сызғыш, үшбұрыш) жасалатын материалдар.

Ағымды, мерзімді, қорытынды - сызудан оқушылардың үлгерімін бакылау түрлері

Ажыратылған қосылыстар - бұрандалы қосылыстар.

Аралас сабақ - жиі қолданылатын сызу сабағының түрі

Әдіс - амал, тәсіс немесе кимыл бейнесі; баска мағынада – танымалы, кершгс зерттеулері

Әдістеме - қандай да бір жұмысты мақсатты қолданудың әдіс-тәсілдер жиынтығы, білім құндылығын зерттейтін педагогикалық білім.

Акционерлік қоғам – бұл жарғылықты қаржысы белгілі бір бөлікке бөлінетін номиналды бағаға тең қоғам.

Ампельді өсімдіктер – жоғары ілінген горшоктар мен корзиналарға өсірілген ұзын салақтаған өсінді өсімдік.

Талшықты мата – химиялық заттармен қосылған мақта қалдықтары.

Бастапқы баға – тауардың сорты мен сапасын анықтайтын баға, сату-саудалау процесіндегі екі жақтың келісімімен және сол тауардың нағыз бағасын анықтаудағы нәтиже.

Биостимуляторлар қалқанжапырақтың тұнбасы, календула, түймедақ және басқа да өсімдіктер, қан айналымын, кішкене жараларды т.б жазатын табиғи өсімдіктер.

Бисквитті қамыр – көтерілуі үшін шайқаған белок қосылады.

Бланширлеу – аз уақытта (1-6 минутке дейін) қайнаған су мен бумен өңдеу шикізаты.

Жейде – кеудеше. Ол жеңді, жеңсіз, түймелі және түймесіз болады. Дененің үстіңгі жартысын жауып тұратын киім түрі.

Вискозды мата – ағаш талшығы (шыршалы) мен химиялық заттан жасалған.

Күйдіру – қызған затпен белгі, сурет өрнегін салу.

Өндіру – бір өнімнің жасалуына кеткен уақыт мөлшері.

Гигиеналық талап – киімге сай бағытталған талап. Яғни киім адам денесіне ыңғайлы, жайлы болуы, жұмсақ, жеңіл болуы.

Гиматий – ерлердің грекше жоғарғы жабыны (төртбұрышты плащ).

Тігін өндірісіндегі негізгі технологиялық дайындауды оқудағы басты мақсат – оқушылардың жағалы және белді заттарды өз бетімен тігуді үйренуі деген сөз (өзіне немесе жанұясына, туысына, достарына).

Екі қатар тігіс – тарқатылған мата мен іш киімдерді тігуде қолданылатын тігіс.

Дымдау – дайын болған бұйымның тігістерін жатқызу үшін сулау.

Сәндік-гүлді өсімдіктер - өсімдіктің аз ғана тобы, сәнді тиімді гүлдендіру үшін өсірілетін.

Ватман - сызба салу үшін, арнайы ақ және тығыз кағаз.

Даярша - қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығы.

Дәрк-эдпме – пәнге байланысты мұғалімнің кең акпаратты айтуы.



Диаметр - центр арқылы етіп екі нүктені қосатын кесінді.

Дидактикалык принциптер - ғылымилық, укыптылык, көрнекілік, жүелік, саналылық және белсенділікті оқыту.

Деңгейлік жазықтық - проекциялар жазықтығына параллель жазықтық.

Екі жақты бұрыш - ортақ қабырғасы бар екі үшбұрыш.

ЕСКД - сызу және құрастыру құжаттарында дұрыс орындауды камтамасыз ететін құжат.

Жазық фигура - барлық нүктелері бір жазықтыкта жататын фигура

Жұмыс орнында тексеру - окушылардың сызбаларын сабақ уақытында, олардың қатысуымен тексеру.

Кеңістікте елестету - сызу сабағында заттардың геометриялық көлемді пішін талдау түрі.

Кино және видеофильм - окытудың техникалық құралдары

Көрнекілік әдістері - сабак барысындағы оқу көрнекілік құралдарын: плакат, модельдер, кино және видеофильмдер түрлерін игеру.

Кілтек - біліктен дөнгелекке жүріс беретін, шеңбер кесінділі, призмалы және тағы басқа формалы бөлшек.

Күнтізбе - тақырыптық жоспар - оку материалдарының мазмұны, әр сабақ сағаттарына бөлінген, жүйелі түрде жасалған оқу құжаты.

Қаріптер - әріптердің, цифрлардың және сызб аларда қолданылатын белгілердің жиыны.

Құрама сызба - машина жасауға қажетті бейнелерде кұрастырылған бұйым.

Құрастырмалы-техникалық - сызуда құрастырмалы және технологиялық ұғымдарды бейнелейтін термин.

Масштаб - заттың сызбадағы ұзындығының, оның натуралық ұзындығына қатынасы (бөлшек сан)

Миллиметр - машина жасау сызбаларда өлшемдерді есеппен көрсету.

Миллиметрлық қағаз - сызу сабағында эскиздеуге колданылатын қағаз. Модельдеу - сызуда білім беру мүшесінің процесі.

Параллель - түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесінің болмауы. Перпендикуляр табаны - перпендикуляр және жазықтықтің қиылысу нұктесі

Практикалық әдістер - оқушылардың, орындауымен жасалатын жаттығулар, есептер, практикалық жұмыстар.

Проблемалык оқыту - оқушылардың жаңа білімді қабылдау процессіндегі шығармашылық мүмкіндіктерді тұлғаның танымдық ұызығушылығының және шығармашылық ойлауының қалыптасуын қамтамасыз ететін әдістемелік және құралдар жүйесі.

Проекциялаушы жазықтық - проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан жазықтық.

Пішім (формат) - өлшемдері тағайындалған сызба салуға арналған қағаз.

Оқу - сызудағы, геометрия және сызу геометриясына негізделген термин.

Оқу бағдарламасы - тақырыпты оқу үшін, сағат саны бөлінген, оқушылардың менгеретін білімі мен дағдыларын анықтайтын оқу құралы.

Оқыту әдістемесі - оқу пәнінің, окыту процессінің катаң бірізділікті, жүйелікті, нақты жоспары.

Рейсшина - горизонталь сызыұтарды жүргізу үшін, басы көлденең планкасы бар сызғыш.

Сабақ - окушылардың теориялық білімін және дүниетанымдағы ой-әрекетін бағыттайтын негізгі жұмыс түрі

Сызу - техника тілі болғандықтан, казіргі заманғы ощцрютщ негізгі,

заңдылықтарын түсінуде аткаратын кызметі ораса зор.



Сөз әдістері - мұғалімнің ауызша баяндамасы, оку материалының

дәріс, әнгіме түрінде өтетін, сынып тақтасын қолдана отырып

түсіндіру, оку және анықтамалық әдебиетімен жұмыс істеу.

Сызба – нәрсенің кескінінен және оны жасауға керекті басқада

мәліметтерден тұратын құжат.



Тапсырма материлдары - окушыларға практикалық жұмыстарды орындау үшін берілетін құралдар.

Тік бұрышты проекциялау - геометриялык денелердің және модельдердің жобаларын үш жазыктықта бейнелеу.

Тікбурыштық изометриялық проекциясы - осьтер өзара 120°-та орналасқан аксонометрия.



Түйіндесу - бір сызықтан екінші сызыққа үшінші сызықтың көмегімен біртіндеп ету.

Орталық (центр) – нүктеден бірдей қашықтықтағы, жазықтық нүктелерінің

геометриялық орны.



Формализм белгісі - сызбаларды оқу құжаттардан және тақтадан

мағынасын түсініксіз көшіру.



Эллипс – шеңбердің аксонометрия проекциясында болатын қисық, тұйық сызық.

Эскиз – көз мөлшерлі масштабпен бақылап, колмен орындалған детальдың кескіні, қысқа мерзімде қолданатын

Лекциялар тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар:
1 тақырыбы: Кіріспе. Еңбек және кәсіптік оқытудың дамуына тарихи-педагогикалық шолу. Пән және оның міндеті «Арнайы және жалпытехникалық мамандықтарды оқыту әдісі». Еңбек және кәсіптік оқыту әдісі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады.

Сабақтың мақсаты: Пән мен, еңбек және кәсіптік оқыту міндеттерімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Педагогикалыцқ теорияның пайда болуына дейін, Ежелгі Русьте жастарды көпғасырлық еңбекке баулу практикасының алатын орны айтарлықтай үлкен болған. Еңбекті сүю, еңбекке баулу сол кездегі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып ішінде маңызды болатын. Феодалдық қауымның пайымдауынша моральды-этикалық нормалар өзіндік мән-мағынаға ие болды. Бай қоғам өкілдері ақсүйектер еңбекке оның ішінде қара жұмыс туралы көзқарастары теріс болған. Себебі, қара жұмыс қарапайым халыққа тән деп есептеген. Алайда еңбек халықтың басым бөлігінің өмірлік қажеттілігін өтейтін болғандықтан, өскелең жас ұрпақтың еңбек етуге көзқарасын жақсартты. Осы көрініс әсіресе қарапайым отбасыларда орын алып, халықтық педагогикалық ойдың негізін қалауға себеп болды. Халықтық педагогика еңбек етудің маңызын тереңірек талдай отырып, оның халықтың материалдық қана емес сонымен қатар рухани дамуына қажет екенін айтты. Әдіс-тәсілдер пән ретінде оқу барысының заңдылықтары мен ерекшеліктерін қарастырады. Педагогика ғылымында әдіс-тәсілдерді жалпы және жеке деп екіге бөледі. Оқытудың жалпы заңдылықтары – дидактикамен қарастырады, ал оқытудың жеке заңдылықтары әрбір пәнді жекелей қарастырады. Әдіс-тәсілдердің өзіндік міндеттері мен зерттеу тәсілдері бар. Оқыту процесінің бір-бірімен байланысты үш түрі бар: оқытудың мазмұны, оқытушылық-мұғалімнің міндеті, ал оқу-оқушылардың міндеті болып табылады. Әдіс-тәсілдердің міндеті осы оқыту процесінің бір-бірімен

байланыстылығын зерттей отырып, нәтижесінде ойлап табылған мәселелер арқылы оқытуды жаңартып отыру. Сөйтіп, әдіс-тәсілдердің объектісі оқыту процесі болып табылады. Әдіс-тәсілдер оқытудың мән-мақсатын айқындай отырып, әрбір оқушыны жан-жақты дамытуды көздейді. Оқыту үрдісі әрқашан белгілі бір мақсатқа бағытталған. Оның мақсаты оқушыларды біліммен қаруландырып қана қоймай, өзінің позициясын толығымен ұстанып қорғайтын, қоғамда өзіндік орнын таба білетін тұлғаны тәрбиелеу. Оқыту әдіс-тәсілдері жақсы нетижелер беретін оқыту процесін ұстанады. Қазіргі еңбекке баулу әдіс-тәсілдері ғылыми әдебиеттерден оқыту пәндеріне мәліметтер таңдап алуда белгілі бір әдіс қалыптасқан. Еңбекке баулу әдіс-тәсілдері еңбек пәні мұғалімін дайындап шығаруда. Өйткені ол ғылыми педагогика, психология және қазіргі техника саласынан негізін алады. Сөйтіп «Арнайы және жалпытехникалық мамандықтарды оқыту әдісі» мамандығын психология, техника негіздері, оқу процесін ұйымдастыруды білмей игеру мүмкін емес. Педагогикалық білімді игеру үшін әр түрлі күнде кездесіп жатқан жағдайларда жақсы нәтижеге қол жеткізуге қол жеткізуге болатындығы туралы әдіс-тәсілдерді білу керек. Мұғалім әрдайым өзінің білім сапасын көтеріп отыруы қажет.



Сабақтың міндеті: Технология мұғалімінің алдында Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген бап бойынша әр республика азаматын даярлап шығаруда оқушыларды жан-жақты дамыту міндеті тұр. Еңбекке баулу міндеті оқушыларды бір-бірімен байланысты оқыту процесі мен тәрбиені қатар ала отырып, оқушыларды мектеп бітірісімен қоғамдық-әлеуметтік ортаға оңай араласып кетуіне септігін тигізу, өзін-өзі көрсете алуы. Ғылыми-техникалық жетістіктер біздің елімізде оқушылардың мектеп қабырғасынан дайындығын қажет етеді.

2 тақырып: Кәсіптік оқыту жүйесіне қатысты оқытудың дидактикалық принциптері.



Сабақтың мақсаты: оқытудың дидактикалық принциптерімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Еңбекке баулудың дамуы процесінде оқыту процесінің жалпы нормалары қалыптасқан,оны біз оқыту принциптері (латынша principium-негіз,бастау) деп атаймыз. Олар оқытудың мақсатын қандай қызығушылықпен қамтамасыз етуге болатындығын анықтайды. Оқу қатысты сабағынан да көруге болады.

Оқу принциптері туралы түсінік.

Оқыту принциптерін оқытудың мазмұнын,әдістерін,ұйымдастыру формаларын анықтайтын басқару жүйесін ретінде қатыстыруға болады. Негізінен бұл дидактикалық мінез-құлық нормалары. Бқл нормаларды сақтау арқылы мұғалім оқушыларды әлем туралы жүцелік білімнің негіздерімен таныстырады,олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін,көзқарастарын қалыптастырады.Егер оқыту мақсаты –неге оқыту керектігін анықтай болса, ал оқыту принциптері оны қалай іске асыру керектігін анықтайды.Еңбекке баулу пәнінде қолданылатын оқыту процесі ұйымдастыру нормаларын атап көрсетуге болады:

- көрнекілік принципі;

- жүйелік және бірізділік принципі;

- оқыту процесіндегі оқушылардың саналық және белсенділік беріктілік принйіпі;

- оқушылар білімнің беріктілік принціпі

- теория мен тәжірибенің, оқудың өмірмен байланыстылық принціпі;

- ғылымилық принціптері.

- оқушылар білімнің жылдамдылық принціптері.

Осы барлық басқау жүйелері бір- бірімен тығыз байланысты. Принциптердің топтастылуы:

Көрнекілік принципі. Ян Амос Коменский өзінің «Ұлы дидактикасында» кқрнекілік оқытудың «алтын ережесін» қалыптастырған. Осыған сәйкес заттардың өзін ,бейнесін өзіндік қабылдау арқылы байқап,тануға болады,яғни дәлірек айтсаң: көруге болатынды –көрсету, есіте алатынды- естірту, иісті, дәмді –сезім мүшелерімен сездірту,түйсікті туғызу.

Бастауыш сынып оқушылары (7-12жас) нақты-бейнелі ойлаумен сипатталады.Оқушылар оқу процесінде материалды сөзбен түсіндіргенде емес,ал көрнекіліктерді қолданып түсіндіргенде жақсы меңгереді. Жоғары сынып оқушыларын оқыту барысында керсінше сөздік –логикалық ойлау басым болып келеді.Бұл жағдайлар технология пәнән жүргізу барысында көрнекілік принциптерімен байланысты екі маңызды дидактикалық принципті сақтауда ескерілуі қажет:

1.іс- әрекетті тікелей зерттеу, яғни бақылауға, өлшеуге жіне іс-ірекеттің басқы тәжірибелік түрлеріне негізделген зерттеу.Бқлар оқушыларға сабақ барысында зерттелетін тақырыпты түсіну өте қажет.

2.Оқушы нақты заттар,құбылысжәне процестерді зерттеу арқылы дұрыс, жүйелі білімді меңгеру үшін, оның танымдық іс- әрекетін дұрыс басқара білу керек, яғни оны сәйкес нұсқаулар жүйесімен қамтамасыз етіп, оқушының назарын оқытылатын пәнге аудару керек.

3.Психологиялық жағынан көрнекілікті заттық,бейнелік сөздік деп бөлуге болады.Заттық көрнекілік технологияда өндірістік объектілерді (көліктердк, көлік бөлшектерін, шикі заттарды және т.с.с), жұмыс тәсілдерін қабылдауды болжайды.Бейнелік көрнекілік оқу және көрнекі құралдар арқылы жүзеге асады: үлгілер және макеттер, оқу кестелері, технолгоиялық қарталар, диапозитиптер, диафильмдер,теледидар және видео фильмдер.Сөздік көрнекілікке оқушылардан нақты көріністі тудыратын педагогтың ашық,бейнелі айқын сөзі жатады.

Жүйелік және бірізділік принціпі. Іс-әрекеттің жетістігі,қойылған мақсатқа жетудегі жұмыстағы жүйелілікке байланысты.Әсіресе, бұл еңбекке баулу барысында өте маңызды.Жұйелілік принціптің негізі мынада:оқытуда оқу материалының логикасын қатан сақтағанда,оқушылар білім,білік,дағдыларды ұзіліссіз меңгереді.Онда мынадай талап қойылады: жаңа материалды түсіндірместен бұрын, өткен материалға қысқаша шолу жасап, оның қаншалықты меңгерілгендігін тексеру қажет.Бұл дидактикалық ережелер сынып сабақтарын тыс сабақтарды да қамтиды.Еңбек пәнінің мұғалімі сабаққа әзірлену барысында келесідей дидактикалық ережелерді назарға алады:

1.Нақты бөлімді зерттеу барысында материалды сабақтар бойынша тарауларға бөлу қажет, және бұл «бөліктер» бірдей болуы керек.

2.Оқушылардың жаңа материалмен танысуындағы жетістіктерінің басты шарты олардың меңгерген білімдеңгейлерін анықтау және осы білімнің жүйелі түрде қолданылуын анықтау.

3.Әрбір сабақта оның мазмұнды орталығын анықтау маңызды болып келеді,соған сәйкес тәжірибелік зерттеу жүйесін, білім, дағдыны көрсетуге болады.

4.Технологияның алғашқы сабағынан бастап оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге үйрету керек, өз білімдерін өздері толықтыратындай етіп, жағдайлар жасау керек.

Жүйелілік және бірізділік принципін дұрыс жүзеге асырумен байланысты технология мұғалімінің тағы да міндетін көрсетуге болады.Бұл принцип мұғалімнің өзінен де сабақтарға деген жүйелік дайындықты, әрбір сабақтың тақырыбын мұқият талдауды, оқыту нәтижесін объективті бақылауды,бағалауды талап етеді.

Я.А.Коменский,материалдың сәйкестігін көрнекілік секілді, табысты оқу процесінің маңызды шарты ретінде есептеу,келесі дидактикалық ережелерді көрсетеді.

1.Оқыту процесінде оқушыға не жақсы және осыған дейін таныс емес болып келген мәселеге көшу керек.

2.Оқыту процесінде жеңілден күрделіге көшіп оқыту керек.

3.Оқыту процесінде таныстан бейтанысқа көшіп оқыту керек.

4.Оқыту процесінде оқыту жылдамдығының ерешеліктерін жеке оқушының ілгері тарту мақсатын ескеру керек.

Оқыту процесіндегі оқушылардың саналылық және белсенділік принципі. Еңбекке баулу процесінде оқушылардың саналылық және белсенділік принціпі төмендегідей бірнеше дидактикалық ережелерде атап көрсетеді.

1.Оқушылардың жекелей қызығушылықтарын,білім алу деген ынтасын дамытып,белсенді қоғам мүшесі екенін ұмытпау

2.Оқушылар алдына жағдаяттар қойып,талдай білу дағдысын,іскерлігін талап ету.

3.Оқушыларды ұжымдық жұмыс формаларына қатыстыру үшін жағдайлар жасау.



Оқушылар білімінің беріктілік принціпі.

Ақпараттың ағынның дамуы,ақпараттың мазмұнның дамуы шартында «Технология» мәселесіне қатысты болашақ еңбек іс- әрекетіне дайындауда білімінің беріктілігіне деген беталыс өзгеруі мүмкін.Еңбек мұғалімінің қажетті ақпаратты тауып,ізденуге деген мақсатқа бағытталған іс-әрекеті өте маңызды.Егер оқушы алғашқы сабақтан бастап-ақ сөздік кестеге қарап отырса,ол әдетке,нормаға айналып,кейін балада құнды кәсіби дағды қалыптасатын болады.



Теория мен тәжірибенің, оқытудың өмірмен байланыстылығы принціпі.

Мектеп бағдарламасына «Технология» білім бөлімінің енуі,осы принціпке жаңа бағыт берді.Өйткені еңбекке баулу пәнінде сабақты теориялық және тәжірибелік деп бөлу болмайды.Теориялық материалды оқудан тәжірибелік іс-әрекеткекөшуді қамтамасыз ету үшін теориялық мәліметтерді жеке сабақтарға бөледі. Осылайша,жаңатехнологиялық

бағыттар(биотехнология,нанотехнология,инжинерлік генетика және т.б.) қалыптасады.Мектеп бұл бағыт бойынша артта қалады.Бірақ ол өзінің түлектерін шынайы өмірге дайындап,қоғамда өз орнын табуға деген қасиетті қалыптастырып,уақытқа сәйкес келуі керек.

Ғылымилық принцип. «Технология» пәні көптеген технологиялық бағыттардың бірігуін, сәйкестігін қарастырады.Бірақ олардың барлығы мемлекеттік стандартта бекітілген,нақты технологиялық көрінісі бар өндірістік процестермен байланысты.Техникалық өлшеулер,электрлік-радио технологиялар,бағдарламалық тілдер,экономикалық терминдер-осының барлығы ғылыми бағытты қалыптасып,стандарт бойынша Халықаралық ұйымының талабына,мемлекеттік нормативке сәйкес келеді.Жоғары дәрежелі кәсіби маман ғана күрделі технологиялық жағдайды мысалмен түсіндіре отырып,оқушыға жеткізе алады.Мұндай кезде күнделікті тұрмыстық терминді қолданудан аулақ болу керек.Міне,осы себептен технология пәні мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен кәсіпкерлігінің ерекшелігі политехникалық дайындықты талап етеді.

Оқушылар білімінің жылдамдылық принціпі.

Оперативті білім қазіргі адамның білім алуында өте маңызды рөл атқарады.Мұнда оқушыларды өзінің бойындағы білімді қолдана білу іскерлігіне оқыту бойынша мақсатқа бағытталған іс-әрекет қажет.Бұған көбінесе жобалық іс- әрекетте қол жеткізуге болады.Оқушылар алған білімдерін саналы түрде қолдана іс-әрекетті көп жұмсауды талап етеді.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Принцип ұғымына анықтама беріңіз?

2.Оқыту принциптерінің саны күнделікті,қолданбалы болып келе ме?

3.Көрнекілік принципіне сипаттама беріңіз?

4.Білімнің жүцелілік және бірізділік принципінің жүйелілік және бірізділік принципінің мазмұнын ашып беріңіз?

5.Технология сабағына қатысты ма?

6.Оқыту процесіндегі саналылық және бірізділік принципі мен оқушылар білімінің жылдамдық принципінің ұқсастықтары неде,салыстырыңыз?

7. Технология мұғалімі ғылымилық принціпті қалай жүзеге асфырады?

8. Бұл кезде қандай қиындықтар туындауы мүмкін?
3 Тақырыбы: Еңбек және кәсіптік білім әдістері. Оқыту әдістері және оның классификациясы.

Мақсаты: Еңбек және кәсіптік білім әдістерімен студенттерді таныстыру.

Қысқаша мазмұны:

Әдіс (methodos) грек тілінен «жол», «тәртіп әдісі» деген мағынаны білдіреді. Әдістерді өту барысында біз мұғалімнің оқушылармен жұмыс істеуде қолданатын жүйелік тәсілдерін, білім қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытып, білімді меңгеріп оны тәжірибеде қолдануды үйренеміз. Қазіргі уақытта дидакттардың арасында оқыту әдістерінің бірдей классификациясы жоқ. Л.Я.Лернер мен М.Н. Статкиннің ұсынған классификациясын көптеген ғалымдар дұрыс деп санайды.



Түсіндірмелі – көрнекілі (репродуктивті) әдіс.

Оған демонстрация, лекция, әдебиетті талдау, радио және теледидар бағдарламаларын, дидактикалық машиналардың қолданылуын және т.с.с. жатады. Ол есте сақтау қабілетін шынықтырады, бірақ зерттеу жұмысын қызығушылықпен қамтамасыз етпейді және шығармашылықты дамытпайды.



Проблемалық әдіс лекция барысында бақылау, кітаппен жұмыс істеуде, тәжірибе барысында, экскурсияда қолданылады. Оның арқасында оқушылардың логикалық ойлауы дамиды.

Бөлшекті ізденіс әдісі оқушылардың өздік жұмысында әңгімелесуде, лекцияда, жобалау және т.б. Оқушылар ізденістің кейбір этаптарына қатыса алады. Сонымен қатар олар ғылыми – ізденіс жұмысының белгілі бөлімдерімен таныса алады.

Зерттеу әдісі оқушылар ақырын ғылыми зерттеудің принциптері мен этаптарымен меңгереді, гипотезаларды тексереді және алынған қорытындыларды бағалайды.

Кәсіби білім беруде бұл әдістер үш топта нақтыланады. Ол берілген ақпаратты меңгеруге байланысты: сөздік, көрнекілікті және тәжірибелі болады.

Әрбір топтың өзіндік ерекшеліктері болады. Технология сабағын беруде қолданылатын әдіс тәжірибе барысында өңделген. Технология сабағында оқушылармен жұмыс істеу үшін әр топтың дидактикалық ерекшелікткрін және әдістемелік аспектісін білу керек. Ақпаратты білу және меңгеру әдістері және оларға сипаттама. Сөздік әдістер көп қолданыста болғандықтан олардың әрқайсысының қолданыстағы ерекшеліктерін айыра білу керек. Бұл әдістің басты ерекшелігі сөз арқылы берілетін тіл байлығы, мәнер, көптеген түсініктердің болуы. Технология пәнінің мұғалімі оқушыларға күрделі техникалық түсініктерді түсіндіре отырып, оған сәтті таңдалған бейнелер мен аналогтарды қолдана алады. Сөздік әдістерде кәсіби маман жетік меңгеруге міндетті бірнеше талаптар бар. Дикция, темп, оқығанда анық дауыс оқушылардың ақпаратты қабылдауында үлкен орын алады. Анық айтылған терминдер, айтылған сөзді естіп, түсініп, ойлану үшін қолданылатын паузалар – бұның бәрі сөдік әдістің шарттары болып табылады. Дұрыс интонация, омонимдер мен омофондардың ден қойылып айтылуы, дұрыс екпін қою сөздік әдістің қойылатын талаптары. Технология пәнінің мұғалімі қолданатын сөздер оқушыларға анық, нақты мағынаны білдіру керек. Егер оқушыларға плакат не диафильмнен кадр ұсынылған болса, онда түсіндіу барысында пауза қоюдың керегі жоқ. Оқушылардың назары белгілі бір элементте болып тұрғанда олар айтылған сөзді қабылдамайды. Әңгіменің мазмұнының дұрыстығы мазмұндаушының эмоционалдығына байланысты. Әңгімелеушінің немқұрайлығы аудиторияға таралып тыңдаушыларға көшеді. Керісінше мұғалімнің өзі тақырыпты түсіндіргенде шынайы көңілмен түсіндірсе, қызықты фактілер келтіріп оқушылардың бар назарын өзіне аударса, онда оқушылардың да қызығушылықтары оянып сабаққа белсенді қатысатын болады. Оқушылардың техникалық оқулықпен жұмыс істеп өздік жұмыс жасауы оқушылардың білімін бекітудің ең тиімді әдісі болып табылады. Кітаппен жұмыс істеу бұл оқушыдан бақылау алу және оқушының өздік білім алуына көмектеседі. Технология пәнінің мұғалімінің тәжірибесінде көрнекіліктер маңызды орын алады. Тақырыпқа байланысты затты көргенде ғана оқушыда нақты білімі қалыптасады. Көрнекілікті қолданғанда да оның қолдану әдісі болады. Мұғалім білуге міндетті ережелер:

Оқушылар нені қарайды, қандай мақсатпен қарайтынын түсіндіру керек;

Көрсетілген зат оқушылардың отырған оқушылардың барлығына көрінетіндей етіп ұйымдастырылуы керек;

Оқушылар ол затты тек ған көрмей, сезінуі керек;

Заттардың ерекшеліктері оқушыларға әсер ететіндей етіп тырысу керек.

Оқушыларға жұмыс барысын көрсетуде келесі әдістер қолданылуы керек:

Еңбек процесін жұмыс темпінде көрсету;

Оны баяулатып көрсету;

Әр әдістен кейін тоқтатып көрсету;

Жұмыс ритмінде еңбек процесін қорытындылап көрсету;

Оқушыларға үйретілген әдісті меңгергенін тексеру.

Жаттығуларды орындау барысында технология мұғалімі оқушыларды асықтырмай жұмыстарын көріп олардың қорытындысын бағалау керек. Өз бетімен жұмыс істеуді үйренудегі негізгі жолдар:

Әртүрлі техникалық құралдардың қолданылуы;

Инструктаждың қолданылуы;

Оқушылардың сызуларды өз беттерімен сызып талдауы;

Жұмыс режимдерін талдау;

Бақылау – өлшеу құралдарды өз беттерімен қолдана алуы;

Дайын болған жұмыстың сапасын өзі бағалай алуы.

Жазулар сабақтың басында ғана болуы керек. Егер сабақтың көп уақытын жазу алатын болса, онда оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін тежейді. Оқушылар үшін тәжірибе көп болу керек. Тәжірибенің арқасында олардың білімі тереңдей түседі.
4 тақырыбы: Технология мұғалімінің мектептегі міндеттері.

Оқу және сыныптан тыс іс- әрекет мазмұны. Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби қасиеттері. Технология пәніне қойылатын талаптар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет