Мазмұны
Кестелер тізімі 3
Суреттер тізімі 4
Резюме 5
Кіріспе 7
1. Жобаның тұжырымдамасы 8
2. Өнімнің (тауардың) сипаттамасы 9
3. Өндірістер бағдарламалары 10
4. Маркетингтік жоспар 11
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 11
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 13
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер 15
4.4 Маркетинг стратегиясы 15
5. Техникалық жоспарлау 17
5.1 Технологиялық процесс 17
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 17
5.3 Жабдық және инвентарь 19
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 19
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 21
7. Жобаны іске асыру 22
7.1 Іске асыру жоспары 22
7.2 Жобаны іске асыру шығындары 22
8. Пайдалану шығыстары 23
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 24
10. Қаржыландыру қажеттілігі 26
11. Жобаның тиімділігі 27
11.1 Cash-flow проекциясы 27
11.2 Пайда мен залалдар есебі 27
11.3 Баланс проекциясы 27
11.4 Қаржы индикаторлары 27
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 29
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 29
12.2 Қоршаған ортаға әсер 29
Қосымшалар 30
Кестелер тізімі
Суреттер тізімі
Резюме
Жобаның тұжырымдамасы балалар бақшасы қызметтерін көрсету кәсіпорындарын құруды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мәні болашақ ұрпақты тәрбиелеу саласында сапалы және кәсіби қызмет көрсету болып табылады. Жоспарланып отырған кәсіпорынның нысаналы тобы орташа табысы бар отбасылары болып табылады.
Балалар бақшасында балалардың жалпы саны 120-ға дейінгі 6 топ ұйымдастыру жоспарлануда. Осындай балалар санын ескере келе балалар бақшасының түсімі жылына 64 800 мың теңгені құрайды (2014-2018 жж.).
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың теңге
|
2 012
|
Негізгі капиталға инвестициялар
|
12 711
|
Айналым капиталы
|
3 861
|
Барлығы
|
16 572
|
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлдануда.
Қаржыландыру көзі, мың теңге
|
Сомасы
|
Кезең
|
Үлесі
|
Өз қаражаты
|
4 972
|
01-06.2012
|
30%
|
Қарыз қаражаты
|
11 601
|
01-06.2012
|
70%
|
Барлығы
|
16 572
|
|
100%
|
Кредиттеудің мынадай шарттары қабылданды:
Кредит валютасы
|
теңге
|
Пайыздық ставка, жылдық
|
12%
|
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу
|
ай сайын
|
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
|
6
|
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
|
6
|
Өтеу түрлері
|
тең үлестермен
|
Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері
Активтердің рентабельділігі
|
21%
|
Міндеттемелерді өз капиталымен жабу коэффициенті
|
5,2
|
13% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың таза дисконтталған кірісі 10 707 мың теңгені құрады.
Ішкі кірістілік нормасы (IRR)
|
39%
|
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге
|
10 707
|
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл
|
2,8
|
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл
|
3,4
|
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты пайда табуына мүмкіндік береді;
мектепке дейінгі білім беру саласында сапалы қызметтер көрсету;
Астана қаласының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.
Әлеуметтік әсерлердің арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:
халықтың мектепке дейінгі мекемелерде жас ұрпақты тәрбиелеу қызметтеріне деген сұранысын қанағаттандыру.
Кіріспе
Қазіргі уақытта балалар бақшасын ашудың болашағы бар, оның себептері мынадай:
біріншіден, жалпы оң үрдіс адамдардың мемлекеттік балалар бақшасы мекемелерінің тәрбиешілері бір топтағы балалар санының көптігі және бюджеттің шектеулі болуы сияқты объективті себептерге байланысты көрсете алмайтын тиісті назарды балаларына көрсетсе болды өз балаларының тәрбиесі мен бос уақыты үшін ата-аналардың мүмкіндіктерінің бар екенін және ақы төлей алатынын болжайды;
екіншіден, сапалы және стандарты емес (массаж кабинеті, тіс емдеу кабинеті, бассейн, хореография студиясы және т.б.) қызметтерді ұсынатын жеке меншік балалар бақшасының қазірдің өзінде барынша кең тараған құбылыс екенінің растығы;
үшіншіден, жаңа бақшаны ашу инновациялық қызметтерді пайдалануды қалайтындарды көптеп тартатын болады;
төртіншіден, балалар бақшасы қызметінің бағдарламасына тілдерді оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың енгізілгендігі..
Қалада бизнестің осы түрін ашу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Осы уақыт кезеңінде мемлекеттік сияқты жеке де балалар бақшасының жетіспеушілігі қатты сезілуде, алайда адамдар өз балаларына барынша қымбат назарды сатып алуға қазірдің өзінде дайын. Орын босайды деп күту өзекті болмай қалды, халық өз қаражатын өз балалары үшін «сүйіспеншілік пен адалдыққа» орынды жұмсауға әзір, тек өкінішке орай осындай өтініш білдіретін орын жеткіліксіз болып отыр.
1. Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы бала бақша қызметтерін көрсететін кәсіпорын құруды көздейді.
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары болашақ ұрпақты тәрбиелеу саласында сапалы және кәсіби қызметтер көрсету болып табылады. Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы орташа табысы бар отбасылары болып табылады.
Балалар бақшасында балалардың жалпы саны 120-ға дейінгі 6 топ ұйымдастыру жоспарлануда. Осындай балалар санын ескере келе балалар бақшасының түсімі жылына 72 000 мың теңгені құрайды (2014 жылдан бастап).
Кәсіпорын қызметтердің толық кешенін көрсететін болады – күту, тәрбиелеу, білім беру. Ұсынылатын қызметтердің түрлері мен нысандары:
Икемді жұмыс кестесі бар жыл бойғы режим;
Көптеген үйірмелер мен сабақтар: Оқыту — тілдер, математика, қисын, т.б..;
Эстетичкалық даму— ырғақ, музыка, би, живопись, ән айту;
Педиатр, массаж кабинеті, спорт залы;
Күніне әр түрі режимді қолдану;
Балалар мерекелері мен таңертеңгіліктерін өткізу;
Қуыршақ театрына, драма театрына және балалар қойылымдарына саяхат ұйымдастыру;
Жануарлар мен құстар көрмелеріне саяхат ұйымдастыру.
Осы қызметтер аясы балалардың ата-аналарына ұсынылатын болады және олар өз тілектері бойынша балалары үшін қажеттісін таңдай алады.
Қызметтерді осы саладағы тәжірибесі мол, өз ісін жетік білетін білікті мамандар көрсететін болады.
Балалар бақшасы аумағы 240 м2 алаңдағы жалға алынған үй-жайда орналасатын болады, ауласы бар, онда балалар алаңын, спорт кешенін және басқа да жабдықтарды орналастыру жоспарлануда.
Идея сәтті іске асырылған жағдайда қаланың басқа аудандарынан да осындай балалар бақшаларын ашу жоспарлануда.
Достарыңызбен бөлісу: |