Кәсіпорының негізгі бәсекелесі Шымкент қаласындағы дене шынықтыру ұжымдары болып табылады. 3-кестеде көрсетілгеніндей Оңтүстік Қазақстан облысында олар онша көп емес.
Шымкент қаласында сондай бір балалар футбол клубы жоқ, тек мектептерде дене шынықтыру ұжымдары мен спорт алаңдары бар, оларда спорттың әр түрімен айналысады.
Шымкент қаласында кәсіби футбол клубы бар. Ол 2000 жылғы шілдеде «Томирис» және «Жігер» командаларының 2003 – «Ордабасы» командасымен бірігуі нәтижесінде «Достық» деген атпен құрылды.
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер
«Қазмұнайгаз» компаниясы Қазақстанда көп функционалды спорт алаңдарын салудың екі жылдық бағдарламасын әзірледі және бекітті. Ұлттық компания өзінің еншілес компаниялары арқылы 60 спорт алаңын салуды жоспарлап отыр. Олардың үшеуін «ҚазТрансГаз» АҚ өткен жылы Шымкент қаласында салды, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінде тағы да 9 алаң салу жоспарлануда. Сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ үстіміздегі жылғы мамырда футбол турнирін өткізуді ұйымдастырды, ол Шымкенттегі № 50 мектептің футбол алаңында өтті.
4.4 Маркетинг стратегиясы
Қызмет беру саласында жұмыс істейтін заманауи компаниялар жетістіктері құрамдауыштарының бірі – оны ұсыну сапасы. Нарықтағы бәсекелестіктің күшеюіне байланысты басқа да тең жағдайларда клиент өз таңдауын сервис деңгейі барынша жоғары компанияның таңдауына береді.
Клубтағы сервистің сапасына басымдық беру болжануда. Ең алдымен, бұл әрбір клиентке жеке қызмет көрсету, барлық шағымдар мен ұсыныстарды (жеке әңгіме, сауалнама) қарау, инабатты, ізетті қызмет көрсету.
Жоспарланған жарнама науқанының басталуы – клубтың ашылуына бір ай қалғанға дейін. Ең алдымен, Интернетте дербес web-ресурс ашу, БАҚ-та жарнамалар беру, жарнаманы объект орналасатын аудандардағы лайт-бокстарда орналастыру.
Сондай-ақ, спорт дүкендері желісін («Мегаспорт», «Adidas» және басқалары.) ынтымақтастыққа тартуға болады. Нұсқалардың бірі ретінде мынадай схеманы қолдану жоспарлануда: спорт құралын сатып алатын адамға пакетіне спорт клубының карточкасы салынады, оның қысқаша сипаттамасы мен деректемелері, сондай-ақ жасалатын жеңілдіктер көрсетіледі. Өз кезегінде, дүкен клубтың ғимаратында өз жарнамасын орналастыру мүмкіндігіне ие болады.
Әрбір келушіге жеке қызмет көрсетілуіне орай карточка жүйесін енгізу, жеңілдіктер мен бонустар жүйесін әзірлеу.
5-кесте - SWOT-талдау
Сыртқы
орта
|
Мүмкіндіктер
|
Қала мектептері арасында турнирлер өткізу мүмкіндігі
Көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту
|
Қатерлер
|
Шымкент қаласында жаңа спорт клубтарын ашу.
Футболдың кеңінен танылуының азаюы.
|
Ішкі
орта
|
Басымдықтар
|
Жоғары технологиялы заманауи жабдықтарды пайдалану.
Көрсетілетін қызметтің жоғары сапасы.
Жоғары білікті құрам.
|
Кемшіліктер
|
Қалыптасқан оң имидждің болмауы (танымал еместігі).
|
Бәсекелестер алдындағы басымдық, ең алдымен, мыналардың есебінен алынуы мүмкін:
- кәсіпорынның оңтайлы (бағасы мен сапасының арақатынасы) жарнама науқанын әзірлеу;
- ата-аналармен жеке жұмыс;
- баға саясатын уақытылы түзету;
- ұжымдық іс-шаралар: жарыстарды, турнирлерді пайдалана отырып жарнама науқанын ұйымдастыру;
- ақы төлеуге «ата-ана және бала» тұрғысынан келу,бірлескен жаттығуларды көтермелеу, жеңілдіктер жасау;
- тұрақты клиенттер үшін көтермелеу жүйесін әзірлеу.
5. Техникалық жоспарлау
Футболда техника дегенді спортшының доппен жұмыс істеуін және дұрыс қимылдауы деп түсінеді. Доппен жұмыс істеу техникасы жас футболшыларды одан әрі оқыту тұғырнамасы болып табылады. Егер баланың мектептегі оқумен салыстырсақ доппен жұмыс істеу де қалыпты жазу және оқу үшін қажетті әліпбиді зерделеумен бірдей болады.
Футболшылар ең алдымен ойынды құрайтын жекелеген әдістер мен олардың үндестігін үйренулері қажет. Осы футбол «әліпбиін» игеру онымен айналысушының жеке ынтасында және өзін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны белгілі.
Жаңа футбол клубында дайындалу схемасы мынадай. Жаттығуда (бастауыш топтар) топтың бір бөлігі алғашқы 30 минутта дене үйлесімін жаттықтырумен, қалған уақытта - техникалық әдістерді жетілдірумен айналысады. Жаттығудың екінші жартысында олар жаттығулардың орнын ауыстырады. Ересектер тобының да схемасы осындай. Олар 30 минут қақпаға доп салумен, басқалары - ойын жағдайларын қалыптастырумен айналысады. Екінші 30 минутта олар орын ауыстыруда. Әрбір жаттығу 1 сағатқа есептелген. Қатысушылардың бәрі жастары бойынша топқа бөленген – 7 жасқа дейін, 8-11 жастағылар, және 12-14 жастағылар. Әрбір жаттығу кезінде балалар төрт түрлі жаттығу топтарын жасайды:
1) қимылды дамыту;
2) техникалық әдістерді пысықтау;
3) қақпаға доп салу;
4) ойын жағдайларын қалыптастыру.
Барлық апталық циклда әрбір жас тобы әр жаттығу түрлерін бірнеше рет жасайды. Әрбір топпен бір жаттықтырушы және оның көмекшісі жұмыс істейді. Негізінен бұлар бұрынғы спортшылар. .
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар
Клуб мектептің жалға алынған спорт залында орналасады. Сондай-ақ балалар футбол алаңдары да жалға алынады. Кәсіпорынның жоспарында офис сатып алу қарастырылған..
5.3 Жабдық және инвентарь (техника)
Жобаны іске асыру нәтижесінде жалпы құны 262 мың теңге тұратын спорт құралын шығаратын әлемдік өндіруші болып табылатын Nike компаниясының 30 жаттығу футбол добы сатып алынады. Бағасы sport.wikimart.ru сайтының деректері негізінде алынды.
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым
Жобада қажетті коммуникациялық, атап айтқанда электр-, жылу- және сумен жабдықтау инфрақұрылымдары бар орын-жайды жалдау қарастырылған.
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам
Кәсіпорынға директор жалпы басшылық жасайды.
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде көрсетілген түрлерден тұрады (3-сурет).
3-сурет – Ұйымдастыру құрылымы
Құрамды басқарудың келтірілген құрылымын жүйелікке жатқызуға болады. Ол директордың кәсіпорын жұмысын жедел басқаруына және жағдайдан хабардар болуына мүмкіндік береді
Достарыңызбен бөлісу: |