Кіріспе 3 І бөлім. ОҚыту заңдылықтары мен принциптері және оларға сипаттама



бет12/15
Дата21.05.2022
өлшемі67,66 Kb.
#144436
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
stud.kz-68713
еркек, Қуандыққызы Анеля кіріспе СРС2, Қуандыққызы Анеля кіріспе СРС2, Тауартану, receipt878639827

Қорытынды


Қорыта келгенде қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің міндеті



    • өзінің талантын танып және оны таныта алатын жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың іс- әрекетінің маңызды жақтарына көп көңіл аударуымыз қажет.

Оқыту формалары өзгермейтін дүние емес. Мектептердің даму тарихында оқытудьщ міндеттері мен мазмұнының өзгеруіне қарай оқытуды ұйымдастырудың формасы да өзгереді; ескілер өледі, жаңалар туады. Олардың өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми-техниканың өзгеруіне байланысты болады.
Оқытудың кейбір формалары, мәселен, сабақ сияқтысы адамзатқа ұзақ та сенімді қызмет етіп келеді. Мұның өзі оқытудың формасы ретінде сабақ ғасырлар бойында өзгермеді деген сөз емес. Алғашқыда балаларды оқыту, негізінен алғанда, жеке-дара жолмен жүзеге асырылды. Бірақ мұндай жолмен оқушылардың шағын ғана мөлшерін оқытуға болатын еді. Қоғамның дамуы барған сайын сауатты адамдарды көп мөлшерде керек етті, осы қажеттіктің көрінісі ретінде оқытудың басқа да формалары туа бастады. Жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады Тіпті қазіргі кезде Қазақстанда бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Мектептердің оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып отыр. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс- әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы.
Оқыту процесі, білім беру, тәрбие және даму процестер мен байланысты сондықтан, оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының білікте іске асуына мүмкіндік тұғызады.
Оқыту іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Оқыту іс-әрекеті шешуші рөл атқарады. Оқыту іс- әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, спорт, қоғамдық іс- әрекеттер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет