4.5 Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі қоғам мен мемлекеттік жүйе шараларын, адамдар мен жекеменшікті өрттен қорғауға бағытталған. Электрлік жүйесі бар бөлменің өрт қауіпсіздігі стандартпен реттеледі.
ЭВМ оперераторының жұмысы өрт қауіпсіздігінің Д категориясына сәйкес болуы керек. Ғимарат стандарт бойынша өртке қарсы І дәрежеге сәйкес (қабырғалар табиғи және жасанды тастардан және үгітілмейтін, жабық ғимаратта жанатын материалдардың болмауы).
Дисплейдің конструкциясында кедергілерді азайтуды және ысып кетуден сақтайтын арнайы ажыратпа қолданылады.
ЭВМ-ді жылу көздерінің қасында орналастыруға болмайды, дисплейдің экранына тіке күн көзі түспеуі керек. ЭВМ-ді қойған кезде артқы және жанғы қабырғалары басқа заттардан 0,2м қашықтықта тұру қажет. ЭВМ корпусындағы жылу режимін сақтау үшін желдеткіш тесік және салқындататын желдеткіш қарастырылған. Ішкі монтаж жоғарылатылған жылу сымдарымен жасалған.
Объекттің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі:
өртті тоқтату жүйесімен;
өртке қарсы қорғаныс жүйесімен;
ұйымдық-техникалық шаралармен;
Бөлме ішіндегі өртті тоқтату, жанатын материалдардың мөлшерінен, олардың қауіпсіз орналасуы, сонымен қатар тез жанатын материалдардың болмауымен байланысты.
Бөлменің өртке қарсы қорғанысы, өрт сигнализациясының автоматты қондырғысының, өрт сөндіргіш құралының болуы, мекеме адамдарын дәл уақытында эвакуациялау, адамдардың ұжымдық және индивидуалды қорғанысын қамтамасыз етеді.
Ұйымдық – техникалық шаралар жұмысшыларды өрт қауіпсіздігі ережесін оқытуды ұйымдастыру керек.
Электроқауіпсіздік
Стандартқа сәйкес электроқауіпсіздіктің астарынан адамдарды зиянды және қауіпті электр тоғының әсерінен қорғанысты қамтамасыз ету, ұйымдық және техникалық жүйе шараларын түсінеді. Басқа қауіпті көздерге қарағанда электр тоғын арнайы құралдар мен аспаптардың көмегінсіз табу мүмкін емес, сондықтан оның әсері адамға күтпеген жағдай болып табылады.Электр жарақаттың негізгі себептері:
Жүріп жатқан жұмыстың жақын болуынан токқа жетелейтін бөліктерді кездейсоқ ұстау;
Қорғаныс құралдарында ақау болуы, нәтижесінде адам токқа жетелейтін бөлікті ұстап, жапа шегуі;
Қуатты қосылып тұрған құралды сөндірілген деп қабылдау.
Кешен эксплуатациясы ДЭЕМ-де қарастырылады. Қуаттың көзі болып 220В ауыспалы тог жүйесі болып табылады.
Талапқа сәйкес электр тогынан қорғану ескертулері:
Нақты және толық көлемде өндірістің ережесін және техникалы эксплуатация ережесін орындау;
Операторды қауіпті қуатты бөліктерге және қуаты аз жұмысқа арналған оқшауланбаған бөліктерге жіберуге мүмкіндікті жою керек;
Электр тогынан жұмысшыға қорғану үшін мықты немесе көпқабатты оқшаулау материалын қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |