Кіріспе Ақпарат тасушылар дәуіріндегі қадам оптикалық дисктер


Қорытынды Қатқыл диск (



бет33/34
Дата31.05.2023
өлшемі4,32 Mb.
#178056
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Диплом Наурызбай Қатты дискілерге техни

Қорытынды


Қатқыл диск (немесе винчестер; ағылш. Hard Disk Drive, HDD) - дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы. Қатқыл диск қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш немесе ҚМДЖ (ағылш. Hard Disk Drive, HDD) қатқыл диск, компьютерлік сленгте «винчестер» - магнитті жазбаның ұстанымында негізделген есте сақтау құрылғысы. Көптеген компьютерлерде негізгі есте сақтау құрылғысы болып табылады.
Қатқыл диск басты ерекшелігі – ақпарат ферромагнитті қабаты бар қатқыл пластинаның бетіне жазылады. Қатқыл дискіде хром қышқылының бірнеше пластиналы қабаты орналасқан. Қатқыл дискінің жұмыс жүйесінде санаушы бастары пластинаның сыртқы бетіне тимейді. Оның басты себебі, ферромагнитті диск жылдам айналған кезінде, санаушы бастардың сыртқы қабатына дискіні тигізбейтін ауа қабаты қалыптасады. Санаушы бас пен диск арасында бірнеше нанометр кеңістік қана қалады.
Дипломдық жобаның мақсаты - қатты дискілерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу болып табылады, яғни ақаулықтарды диагностикалау және істен шыққаннан кейін HDD жұмысын қалпына келтіру технологиясын зерттеу.
Жобаны зерттеу объектісі - перифериялық құрылғыларға техникалық қызмет көрсету әдістері.
Жобаны зерттеу пәні - HDD сақтау құрылғылары.
Мақсатқа жету үшін деректерді сақтау құрылғыларының сипаттамалары, диагностика әдістері, сақтау құрылғыларының проблемалары, ақаулық белгілері және оларды жою әдістері туралы ақпаратты қарастырылған.
Дипломдық жобаның жалпы бөлімінде сақтау құрылғылары туралы мәлімет берілген, оның ішінде сақтау құрылғыларының түрлері, ЭЕМ-нің жедел жады, тұрақты есте сақтау жады, тұрақты есте сақтау құрылғыларының интегралды микросхемалары қарастырылды.
Дипломдық жобаның арнайы бөлімінде қатты дискілерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары анықталды, толық атап кетсек: қатты дискінің ішкі құрылымы, дискінің атаулары, диск кластерлері, дискідегі файл аттары, қатты дискінің жұмыс ұстанымдары, диск құрамы, қатты диск жұмысы, көлем, жылдамдық және доступ уақыты, қатқыл дискі құрылымы-ның сызбасы, қатқыл дискіні тазарту, температураны бақылау.
Дипломдық жобаның тәжірибелік бөлімінде ҚМДЖ аппараттық бөлігінің ақаулары олардың көріну сипаты, оларды жою әдістемесі, жабдықтың ақаулық белгілері, деректерді қалпына келтіру, логикалық диск қателері бар деректерді қалпына келтіру жұмыстары қарастыртырылды.
Үшінші бөлімде жобаның экономикалық негізделуі жайлы айтылады. Онда бағдарламалық өнімді құрудағы шығындарды анықтау, бағдарламашының айлық табысы, жалпы шығындарды есептеу жұмыстары жүргізілді.
Төртінші бөлім еңбекті қорғау бөлімі болып тағайындалып отыр. Бұл бөлімде тапсырма бойынша еңбек қорғау заңдары, әрбір ғимараттардағы электрқауіпсіздік, өрт қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Сонымен бірге есептеу техникасы құралдарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарда еңбекті қорғау жөніндегі талаптар және есептеу техникасы құралдарымен жөндеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы талқыланды.
Қорытындылай келе, жұмыстың мақсатына жұмыс орнында қатқыл дисктерді диагностикалау әдістерінің ерекшеліктерін анықтау арқылы қол жеткізілді деп айтуға болады. Мақсатқа жету қойылған техникалық міндеттерді іске асырудың, сондай-ақ зерттеу тақырыбы бойынша теориялық материалды зерттеудің арқасында мүмкін болды.
Теориялық материалға сәйкес қатқыл дискті жөндеу технологиясы сипатталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет