ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысты орындау барысында нан алу технологиясы қарастырылды. Жұмыс барысында кіріспеге тоқталып, нан өндірісі туралы мағлұмат берілді.
Дипломдық жұмысымның барысында тағамдық құндылығын жоғарылатушы қоспа ретінде сұлы ақуызын және қарбыз дәнінің ұнтағын қолдана отырып, кез келген нан өндірісінің түрін өндіріп шығару, дайындау әдістерін қарастырдым. Дипломдық жұмысымның мақсаты, елге пайдасы тиетін, шығыны аз тағамдық құндылығы жоғары нан өндіріп шығару.
Жұмысты орындау барысында кіріспеге тоқталып өттім. Кіріспеде өнім туралы жалпы мағлұмат жазылды.
Әдеби шолуға тоқталдым. Әдеби шолуда нан өнімінің жіктелуі, классификациясы қарастырылды. Сонымен қатар, әдеби шолу барысында патенттік ізденістер енгіздім
Қазіргі таңда дәрілік қасиеті бар, дәрумендерге бай өсімдіктерді тамақ өнеркәсібінде кең қолдану келелі мәселе болып отыр, сондықтан күнделікті тұтынатын өнімдердің тағамдық құндылығын жоғарылату мақсат болып отыр, сол үшін сұлы ұны мен қарбыз дәнінің ұнтағын қолданып, нан құрамын дәрумендермен, макро- және микроэлементтермен байытылды.
Қарбыз дəндерінен алынған ұнтақты қамырға тағамдық жəне биологиялық құндылығын арттыра отырып, ұн салмағының 1-ден 7 % қосу нанның пісіп жетілу үдерісінің қарқындылығына, сонымен қатар, дəмінің, хош иісі мен кеуектілігінің артуына, жалпы тауарлық түрінің жақсаруына алып келеді.
Сұлы дәні құрамында 13% ақуыз, 6,8%май, 67,6% азотсыз экстракт заттар, 11% клетчатка және витаминдер бар. Сұлы ақуызында аминқышқылындар құрамы жоғары, толық құнды, лизин аминқышқылы құрамы жағынан мал ақуызында жақын. Липиттер құрамында адамның өсу процесіне және әр түрлі физиологиялық функцияларына қажетті линол және линолен қышқылы бар. Бұл қышқылдар адам ағзасында синтезделмейтін болғандықтан, олардың мөлшері тағам арқылы берілетіні бәрімізге белгілі. Сұлы дәнінің құрамында фосфор, калий, магний көп, және де лицитин, рибофлобин, тиамин, холин мөлшері көп кездеседі. Қарбыздың дəндерінде каротиндер, токоферолдар, В тобының дəрумендері (тиамин, рибофлавин, никотин қышқылы, фолий қышқылы), макро- жəне микроэлементтердің кең түрі, соның ішінде, мырыш, селен, полиқанықпаған май қышқылдары бар.
Дипломдық жұмысты жасау кезінде өндірістік салада дайындау кезеңдерін терең түсіндім деп ойлаймын.
Ұсынылып отырған нан өндірісі экономикалық жағынан тиімді және техникалық мүмкіндігі жоғары деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |