Байланысты: Сыздық Сәбина. Құрамы функционалды қоспалармен байытылған нан өндіру технологиясын жасау последний
Тағамдық асханалық тұз. Тағамдық асханалық тұзы табиғи натрий хлориді NaCl басқада тұздар қоспасынан тұрады. Тағамдық асханалық тұзын әртүрлі әдістермен табады. Өңдеу және өңдеудің әдістері бойынша оларды келесідей бөледі: тасты , тұнба түзуші, бақтарға (немесе хауыздарға) және қайнатпа тұз. Тағамдық асханалық тұзының құрамындағы қоспалардың және бөлшектердің мөлшері бойынша келесідей сорттарға бөледі: экстра, жоғары, бірінші және екінші .
Тағамдық асханалық тұздың сапасы ГОСТ талаптарына сәйкес келуі керек. Тұз суда жақсы ериді. Қаныққан ерітіндіде 26...28% тұз бар. Тұз барлық нан өнімдерінің түрлерін жасауда құрамына кіреді., кейбір диетикалық өнімдерді есепке алмағанда, ұн массасынан 1...2,5% мөлшеріне сәйкес келеді. Тұз желімшені берік етіп қамырдың структуралы-механикалық қасиеттерін және нанның дәмін жақсартады.