Тестілердің классификациясы:
1. Ақыл-ой дамуының, жалпы ақыл-ой қабілетінің тестілері.
2. Іс-әрекеттің әр түрлі аясында арнайы қабілеттің тестісі.
3. Оқығандықтың, үлгірімнің, академиялық жетістіктің тестілері.
4. Тұлғаның жекелеген белгілерін /еске сақтау, ойлау, мінез т.б./
анықтаудың тестілері.
5. Тәрбиеленгендік деңгейдің /жалпы адамзаттық, адамгершілік,
әлеуметтік т.б./ тестілері.
Оқығандықтың диагностикалық тестілердің маңызды өлшемдері: әрекеттігі (валидность), көрсеткішті болуы, сенімділігі /дұрыстығы/, сараланғандығы /айырмашылығының көрінуі/.
Тестінің әрекеттігі оқып жатқан білім, іскерлікті толық және жан-жақты тексеруде көрініс табады.
Тестінің әрекеттілігінің шарттары:
меңгерген білім аумағынды сұрақтарды анық және түсінікті қою;
статистикалық әдістердің дұрыс таңдалуы. 0,7-0,9 саны оқығандықтың тестінің жоғары әрекеттілігін көрсетеді. 0,45-0,55 корреляция коэффициентінде тестінің әрекеттілігі қанағаттанарлық деп есептелінеді, ал бұдан да төменгі мәндерде қанағатсыз болып саналады.
тестінің сенімділігі тестідегі тапсырмалардың көп болғанында жоғары болады.
Тестінің пәрменділігі. Тең жағдайда уақыт бірлігінде жауаптардың көп санын қамтамасыз ететін тестіні пәрменді тесті деп атайды.
Тестілік қадағалаудың материалдарын даярлаудың ережесі:
Оқушылар қателігін негіздей алмайтын жауаптарды тестіге енгізуге болмайды.
Дұрыс емес жауаптар ұқсас /типичных/ қателердің негізінде жасалып, дұрыс сияқты болуға тиісті.
Дұрыс жауаптар барлық жауаптардың арасында кездейсоқтық жағдайда орналасуы қажет.
Сұрақтар оқулықта жазылғандағыға дәлме-дәл болмауы тиісті.
Бір сұрақтың жауаптары екінші сұрақтың жауаптарын шешуге көмектеспейтіндей болуы керек.
Сұрақтар әдейі бұрыс жолға түсіретіндей құрылмауы қажет.
Оқығандықтың тестісі дидактикалық процестің барлық кезеңдерінде қолданады. Олардың көмегімен білімдерді, іскерліктерді ағымдық, мерзімдік, қорытынды тексеруді жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |