Кіріспе І. Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп



бет23/35
Дата22.12.2021
өлшемі0,82 Mb.
#127599
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
1. Топтық жұмыстарда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 2. Топтық жұмысты бағалау ерекшеліктері
14, Практикалық жұмыс 9 (1), мотив, Тапсырма лгілері ж не балл ою кестесі 2-то сан бойынша жиынты
Бақылау әдістері

Қазіргі заман дидактикасында бақылаудың келесі әдістері қолданылады:



Зерттеу әдісі — мұғалімдердің күнделікті оқушылардың білім деңгейі мен даму барысындағы өткізілетін процесс. Осы әдіс оқушылардың қай білім деңгейінде екенін және жұмысты дұрыс ұйымдастыра алатынын көрсетеді. Зерттеудің нәтижесі мүғалімнің жұмыс барысында және бағалау барысында көрінеді. Осы әдістің бір кемшілігі, ол берілген ішкі сезім арқылы зерттеу.

Оқулықты дұрыс пайдалану әдісі - оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеру, тілдерді үйрену барысында қолданылуы мен ақпаратты іздеу нәтижелері арқылы тексеріледі.

Ауызша бақылау әдісі — ереже бойынша оқушылардың емтихандық

немесе сынақтың сұрақтарына дұрыс жауап қайтаруынан тұрады. Сабақтарда жеке, ұжымдық, фронтальды сұраныстар болады. Ауызша бақылаудың ең негізгі формасы — пікір алмасу, әңгімелесу.



Жазбаша бақылау әдісі — оқушылардың білім дәрежесін тереңдетіп

тексеруін талап етеді. Жазбаша бақылау әдісінің негізгі формалары — сыныптық, өзіндік, бақылау жүмыстары болады. Практикалық бақылау әдістері - оқушылардың практикалық білімін тексеру, білімін дұрыс пайдалана білуі және кез келген есепті шығара білуін анықтайды. Бүгінгі күні осы әдіс ең жаңа және қолайлы болып табылады. Тестілеу окушылар білімдерінің сапасын жедел түрде тексеру үшін деректерді (жауаптарды) автоматгы түрде енгізу мүмкіндігімен және нәтижелерді автоматгандырыльш өвдеудің алдын ала берілген сапалық параметрлерімен пайдаланылады.

Тестілеу технологиясы өзінің кемшіліктері мен шектеулері бола отырып, бәрібір де оқушылардың жеңіл есептердің шешуін шешіп, нұсқалардың жауаптарын таңдап немесе сөздерді, формулаларды, терминдерді және т.б. қоса бере отырып, дайындықтарының дәрежесі мен деңгейлерін тексерудің ең тез және ең сенімді тәсілі болып табылады. Ең бастысы - тестілеу технологиясы компьютердің жадында жинакталатын статистикалық материалдар жинауға мүмкіндік береді.

Бағалау технологиясы - рейтингтік және баға қою бойынша. Үйымдастыру тәсілі бойынша - автоматты бақылау, өздік бақылау және оқытушының бақылауы.

Дидактикалық тест. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады:

- қалыптастыру сұрактары;

- есептерді шығару сұрақтары;

- өз білімдерін дұрыс пайдалана білуіне арналған сұрақтар;



- шығармашылық қабылеттерін арттыру сұрактары.

Бақылау жумыстары - окушылардың білімдері, ептіліктері мен дағдыларын, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін тексеріп бағалаудың ең тиімді әдісі. Жеке тақырыптарды немесе оқу бағдарламасының бөлімдерін өткеннен кейін мұғалімнің оқушылардың білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын жазбаша немесе практикалық түрде тексеріп баға беруі әдістің негізін құрайды.

Әңгімелесу - әртүрлі дәрежеде окытудың барлық кезеңдерінде пайдаланылады. Әңгімелесу, жоғарғы сыныптарда, мысалы, қағидаларды, тұжырымдарды, заңдарды, теорияларды және т.б. игерулерін анықтау үшін және сынақтар мен емтихандарды өткізу кезінде негізгі мәнге ие болады.

Бағалау технологиясы — баға кою және (немесе) сапалық. Ұйымдастыру тәсілі бойынша - мұғалімнің бақылауы.

Сауал қою - (жедел сауал қою) көбінесе алдағы жаңа материалды қабылдау дайындығын шұғыл тексеру кезінде, зейінді болуларына пайдаланылады. Сауал қою, ереже бойынша не сабақтың басында, не сабақтың аяғында жаңа терминдер мен түсініктемелерді бекіту үшін өткізіледі. Сауал коюдың элементтері сынақ өткізу кезінде де пайдаланылады. Бағалау технологиясы – сапалық немесе баға қою бойынша, өзаралық бақылау немесе оқытушының бақылауы пайдаланылады.

Сынақ алу - бақылау нысандарының жоғарғы сыныптарда көп тараған түрі. Окушыларға сынақ жүргізілетін сұрақтардың тізімі немесе тақырыптардың тізбесі беріледі, дайындық деңгейінің талаптары жариялана отырып сипатталады. Жаксы нәтижелерді тек қана жеке сынақ емес, ойланып жасалған, бақылаудың басқа нысандарымен келісілген сынақтар жүйесі де береді.

Өздік жумыс информатика сабағының білімін тексеру бойынша бақылаудың көптеген қалыпты нысандарының бірі болып табылады. Өздік жұмыстың ерекшелік сипаттамасы, сабақтағы тапсырмаларды оқушының оқытушының көмегімен және басқару нұсқауларымен емес, өздігімен орындауында болып табылады. Оқушы өзінің жіберетін уақытын есепке ала отырып, тапсырманы орындау үрдісінде өзінің іс-әрекетін өз бетімен жоспарлап, жұмысының нәтижесін бағалауы керек. Өздік жұмыс кез келген жас шамасында, сонымен бірге білімді бақылау өткен материал бойынша ғана емес, жаңа тақырыпты оқып үйренгенде де жемісті түрде пайдаланылуы мүмкін. Бағалау технологиясы — баға қою бойынша және (немесе) сапалық. Ұйымдастыру тәсілі бойынша - өздік бакылау және оқытушының бақылауы.

Жазбаша бақылау жұмысы - оқушылардың жазбаша түрде орындайтын тапсырмалары және (немесе) есептерінің тізбесінен тұрады. Осындай бақылау жұмысы талдауды, пайымдауды, негіздемені, құрылымын және т.б. талап ететін сұрақтардан тұрады. Бағалау технологиясы — баға қою бойынша. Үйымдастыру тәсілі бойынша - оқытушының бақылауы.

Пікірсайыс - ауызша да, жазбаша да нұсқамен ұйымдастырылуы мүмкін, сауал қою, әңгімелесу, байқау немесе рецензиялау әдістерін бірлестіре отырып пайдаланылады, ал, бағалау үшін оқытушының сараптамалық қорытындысының негізінде сапалық технология қолданылады.

Байқау — оқытудың барлық кезеңдеріндегі іскерлікті, дағдыны қалыптастыру және жұмысты қабылдау кездеріндегі негізгі бақылау нұсқасы болып табылады.

Байқау, негізінде, машықтандыру сабақтарында қолданылады. Бағалау үшін баға қою және сапалық технология қолданылады, бақылауды окытушы жүзеге асырады және өзаралық бакылау пайдаланылады. Бақылауды ұйымдастырудың әр түрлі нысандары ұсынылады, олар ақпаратты тасымалдаушылар бойынша электрондық және қағаздық болып бөлінеді.

Тестік бақылауларды дайындау үшін кез келген дайын сабақты пайдалануға болады немесе оқушыларға тестті дайын күйінде ұсынуға болады. Уақытша, ресурстық және басқа да шектеуліктерге қатысты, сонымен қатар, мұғалімнің де өзінің жеке таңдамаларымен бірге, осы екі нұсқаны да пайдаланудың мәні зор деп айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет