Бақылаудың негізгі түрлері
Қазіргі бақылау жүйесінде білімді тексеріп бағалаудың (диагностикалаудың) алуан түрі қолданылады.
Уакытша фактор бойынша бақылаудың келесі түрлерін бөліп қарауға болады: алдын ала (кіріспе, қорытынды, алдын ала), ағымдық, кезеңдік (тақырыптық, сатылы, аралық) және қорытынды (емтихандық).
Алдын ала бақылау оку басында оқушылардың білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын, сондай-ак даму денгейін аныктауға арналған бақылау. Көбінесе оку басында немесе жаңа тақырыпты (бөлімді) окыту алдында қолданылады. Сыныпқа жаңадан келген оқушыларға да қатысты пайдаланылады.
Ағымдық бақылау - бұл оқушылардың білімдері, ептіліктері мен тәжірибелік дағдыларын жүйелі тексеру, әдетте оқу барысында қолданылып, көптеген құрама сабақтардың маңызды бөлігі болып табылады. Білімнің, ептіліктер мен дағдылардың, практикалық әрекеттің қалыптасу деңгейін, тереңдігін, беріктігі мен толықтығын Дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім бұл жағдайда ағымдағы оку материалын тексеріп қана қоймай, өткен тақырыптардан алған білімдерін қайталауды қамтамасыз етеді. Ауызша сауалнама, жазбаша тексеру жұмыстары, фронталды әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |