Кіріспе І. Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп



бет27/35
Дата22.12.2021
өлшемі0,82 Mb.
#127599
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
1. Топтық жұмыстарда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 2. Топтық жұмысты бағалау ерекшеліктері

Бақылау жұмысы

Бақылау жұмысы окытудың ақыл-ойын, кабілетін жетілдіру мақсатында олардың білімі мен дағдысын есепке алудың, тексерудің бір түрі. Оқыту программасына сай, бақылау жұмысы сынақ, емтихан ретінде өтіп, ауызша не жазбаша орындалады.

Бакылау жұмысы барлық пән бойынша күнделікті сабақ процесінде, тоқсандық, жылдық, курстық қорытындыларда, оқу орындарына түсу, оны біріктіру кезеңдерінде жүргізіледі. Бакылау жүмысы кезінде окушыларға сөздіктерді, аныктамалық кітаптарды пайдалануға рұқсат етіледі, жұмыс 10-15 минуттан 1-4 сағатқа дейін созылады, емтихандық бақылау жұмыстарының мазмұнын, уакыт мөлшерін, оны өткізу мерзімдерін оқу министрлігі белгілеп отырады.

Бақылау жұмысы жаттығу, лабораториялық жұмыстар, семинар, сұрақ-жауап, диктант, мазмұндама, шығарма түрінде өтеді. Жеке немесе бір топ оқушыға бакылау жұмысы бірнеше нұсқада ұсынылады. Бакылау жұмысы өздік жумыстың жеке турі болып табылады. Олардың ерекше белгісі - оқушылардың толығымен өз беттілігі, ал ең басты міндеті - білім, іскерлікпен дағдыны тексеру.

Бақылау жұмысында оқушыларға есептердің бірнеше нұсқасын береді.

2 нұсқадан таратуға тапсырманы, әдетге тақтаға жазады, ал 4 - 6 нұсқаларын жеке карточкаларда дайындайды. Бақылау жұмыстары қорытынды болады, оларды үлкен тақырыптар бойынша жүргізеді (тұтас сабаққа негізделген), және ағымдағы материал бойынша есеп пен сұрақтан тұратын болады (сабақтың жартысына есептелген). Бұл бақылау жұмыстарына олардың көмегімен оқушылардың оқытылған материалдың мәнін қаншалықты түсінгендерін тексеруге болатын сұрақтар кіреді.



Дәстурлі бақылау жұмыстары оқытылатын тақырып бойынша орташа қиындықты 2-3 есептен тұрады. Сонымен қатар, бір - бірімен өзара байланысқан әрекеттердің қатарын орындауды талап ететін есепті оқушы қандай себеппен орындалмағаны белгісіз болатындықтан мұндай жұмыстар жиі оқушылардың білім мен іскерлігінің нақты көлемін толық анықтауға мүмкіндік бермейді. Мұндай есептерді шешуді тексеру мұғалімнен бір талай уақыт пен еңбекті талап етеді. Дәстүрлі бақылау жұмыстарының белгіленген кемшіліктеріне байланысты, оқушылардың білімдерін бақылау үшін такырып пен бөлім материалын 70 - 80% ке дейін жеткізуге мүмкіндік беретін, көлемі бойынша үлкен емес сұрақ - есептердің жеткілікті санынан тұратын арнайы тапсырмаларды қолдану идеясы туындайды.

Бақылауды есептеу міндеті оқыту нәтижелерін жүйелі анықтау арқылы көрініс тауып, әр окушыға қатысты үлгерімін, окыту жұмыстарындағы кемшіліктер мен жетістіктерді ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.

Бақылау - тузетуіиілік және диагностикалық міндеттері сыныптың дайындық деңгейін, окушылардың біліміндегі кемшіліктерден туындайтын тақырыптық түрлі сұрақтар арасында оқыту уақытын бөлу, окыту әдістемесіне өзгерістер енгізу үшін «мұғалім - окушының» орнына кері байланысын қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижелері оқушыға оқушылардың білімдегі кемшіліктері болдырмауға бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, оқытушы оқушылардың білімі мен дағдысын анықтай, өз кезегінде жаңа оку материалдарын игеруге негіз болады. Тексеру оқушылардың білім нәтижелерінің жағдайын анықтап қана қоймай, қателіктерін міндетті түрде жөндеуге бағытталған.

Бақылаудың тәрбиелік міндеті, ағымдық бақылау оку процесінде тікелей енгізіліп, негізінен оқу дайындығындағы олқылықтарды анықтап оны жоюға бағыттайды, оқушының білімін тереңдету мен байытуға қызмет етеді. Осы бақылау оқу материалының шағын бөлігін оқытумен бейнеленеді және тәртіп бойынша әр сабакта орындалады. Ағымдық бақылаудың нәтижесі бойынша мұғалім оқушылардың келесі оқу материалын толыққанды игеруге дайын ба деген мәселені шешуге тиісті.

Агымдық тексерудің тәрбиелік маңызы, оқушыларды тәртіпке үйрену сынып және үй жұмыстарына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, жүйелі еңбекке үйретуі, білімдер мен біліктерді игеруге, өз бетімен жұмыс дағдысын қалыптастыруға көмектесуі арқылы көрініс табады. Сонымен бірге ағымдық тексеруге оның оқушыларға психологиялық әсерін де ескерту қажет. Дұрыс қойылған жағдайды ол оқушыларды тікелей сабаққа оқу еңбегіне дұрыс қарым - қатынасқа ынталандырылады. Оку нәтижелерін бағалаудың да үлкен тәрбиелік маңызы зор. Оны дұрыс қолдану арқылы мүғалім оқушының өз білімдері мен біліктерін жетілдіруге, еңбек сүйгіштігін дамытуға, өз бетінше және шыншыл ойлануына, өз еңбегін өзі бағалауға және дұрыс бағалауға тұжырымдамаларын жасауға тұрақты түрде ынталануына қол жеткізеді. Ағымдық бақылаудың өзіндік ерекшелігі тарау немесе тақырыпты оқытудың барлық кезеңдерінде өткізілуі болып табылады: Оқу материалымен танысу, білімдер мен біліктілерді қалыптастыру мен дамыту оларды бекіту мен тереңдету. Бұдан шығатын қорытынды төмендегідей, ағымдық бақылау процесі барысында оқушылардан оқу материалын игерудің нақты кезеңімен карастырылатын танымдық деңгейдегі білім ғана талап етіледі. Білім мен білік әлі калыптасқан кезде оқу дайындағына талапты күшейту - оқыту нәтижелерін жөнсіз бағалаудың басты себептерінің бірі.

Дәл қазіргі кезде информатиканы оқытуда бақылаудың осы міндеттерінің маңызы аса зор.



Бақылаудың оқытушылық міндеті оқушылар білімін тереңдеруге әсер етіп, негізгі қателіктерді көрсетеді. Окытушы сыныптың назарын курстың маңызды дүниетанымдылық идеяларымен басты сауалдарға аударады. Бұл маңызды міндет сондай-ақ материалды бекітумен қайталау нәтижесінде оқушылардың біліктіліктері мен дағдыларының, білімінің жағдайын тексеру процесі арқылы көрініс табады. Сынақтық тапсырмаларды орындау оқушылар білімін жүйелеп, кеңейте түседі. Өзін - өзі бағалау мен тексеру дағдыларын, оқу еңбегін тиімді пайдаланудың қалыптастыруға жол ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет