Кіріспе І. Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп


Өздік жұмыстарды ұйымдастыру талаптары



бет29/35
Дата22.12.2021
өлшемі0,82 Mb.
#127599
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
1. Топтық жұмыстарда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 2. Топтық жұмысты бағалау ерекшеліктері
14, Практикалық жұмыс 9 (1), мотив, Тапсырма лгілері ж не балл ою кестесі 2-то сан бойынша жиынты
Өздік жұмыстарды ұйымдастыру талаптары

- өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келу қажет;

- оқушылардың ойлау кабілетін дамытуға тиісті; - өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек;

- әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.

- өздік жұмыс тек кайталау кезінде ғана жүргізбей сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

Өздік жұмыс үйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, топпен жұмыс, барлық окушымен болады.

Өздік жұмыстарының негізгі түрлері: оқулықнен жұмыс, жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыс, тексеру, бақылау, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірбие жасау, тест жұмысын орындау болып табылады.

Оку процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру өзара тығыз байланысты екі міндетті есте түұуды қажет етеді. Бұл, біріншіден оқушылардың танымдық қызметтегі өзіндік, яғни оларды өз бетінше білім алуға үйрету болса, екіншіден алған теориялық білімдерін, дағдыларын практикада өз бетінше колдана білуге үйрету.

Оқушылардың өзіндік жұмысы - бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын жұмысы. Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс - әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады. Бұл жас жеткіншектің мәселе түйінін өз бетімен шешуге талпыныс жасауын, дағдының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Информатика пәні бойынша оку процесінде окушылардың орындайтын өзіндік жүмыстарының түрлері көп.

Оларды мынадай 3 топка белуге болады:

- меңгерілген жаңа білімдер бойынша жұмыстар;

- меңгерілген біліктер мен дағдылар бойынша жұмыстар;

- білімдерді, біліктерді және дағдыларды қолдану бойынша жұмысгар.

Бұл аталған жұмыс топтары бір - бірімен өте тығыз байланыс­ты. Мысалы, окулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен, сөздіктермен, анықтамалармен жұмыс істеудін көмегімен білім қорын толықтыруға, сондай — ақ бұрын алған білімдерді қолдануға қол жеткізуге болады. Оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарының барлығына мұғалім жетекшілік рөл атқарады. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға дидактикалық талаптардың орындалып отырылуы қамтамасыз етіледі. Олардың ішінен мыналар басшылыкқа алынады:


  • жоспарлы түрде, жүйелі, түсінікті, бір ізіділікпен жүргізілуі;

  • жаттығулардын біртіндеп, яғни қиындық дәрежесіне қарай өз кезегімен күрделеніліп отырылуы;

  • теориялык, практикалық даярлықтары мен окушылардың жеке дара ерекшеліктерінің ескерілуі;

  • сабақта орындалатын өзіндік жұмыстар мен сабақтан тыс орындалатын өздік жүмыстардын бір - бірімен үйлесімі;

  • теорияның практикамен байланысы; үздіксіз, жүйелі түрдегі бақылаудың үнемі болуы қажет.

Өздік жұмыстарға басшылық жасауда бұл дидактикалық талаптарды пайдаланудың кейбір ерекшеліктері бар. Әрбір өзіндік жұмыстың мазмұн көлемі оқушылардың шамасы келетіндей, жас және дара ерекшеліктері ескеріліп берілуі тиіс. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарды максатына карай: окыту; жаттыктыру; бекіту; кайталау; дамыту; шығармашылық яғни іздену мақсатында; бакылау болып бөлінеді.

Репродуктивті деңгейде оқушы тақырыппен танысады, берілген тапсырмаларын орындайды.

Продуктивті деңгейде шығармашылық, іздену бағытындағы тапсырмаларды орындайды, яғни берілген тапсырма жоспарын жасау, баяндама дайындау, талдау, зерттеу, материалдар жинау, жоба кұру және т.б.

Информатика пәнін оқыту барысында өзіндік жұмыстарды жоғарыдағы айтылған талаптарды ескере отырып, келесі принциптерге сәйкес ұйымдастыру керектігі аныкталды:

- білім берудің іргелендірілуі мен стандарт талабына сай маман даярлау;

- оқу-тәрбие мен ғылыми - зерттеу процестерін үйлестіру, яғни оку процесін ғылыми зерттеушілік жұмыстарға барынша жақындату;

- арнайы пәндерді мәселелік жағдаймен, компьютерлік технологиялар негізінде окыту. Осыдан, оқытушының оқушылардың өз бетінше орындалатын жұмыстарын ұйымдастыруға, дидактикалық тапсырмаларды орындауы нәтижелі болуы үшін соларды басқаруға компьютерді пайдалана отырып жүзеге асыруға болады.

Сонымен қатар, информатика пәнінен өзіндік жұмыстардың ұйымдастырылуы, басқарылуы, оның компьютерлік технология негізінде іске асырылуы өзіндік жұмысқа психологиялық кедергі бола алмайды. Себебі информатика пәнін оқытудағы ерекшеліктің бірі компьютерді әрдайым сабақта қолдану болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет