«3»-тік бағасы келесі жағдайларда қойылады:
- бағдарламалық материалдан білім алып, бірақ оны өздігінен орындауда қиналып, мұғалімге қосымша нақтылаушы сұрақтарын қойса; еске түсіретш сұрақтарға жауап беруді ұнатса;
- өзгертілген сұрақтарға жауап беруге қиналса;
- ауызша да, жазбаша да жауаптарында қателіктер жіберсе.
«2»-лік бағасы келесі ж ағдайда қойылады:
- окушы материалды баскаша түсінсе;
- ауызша да, жазбаша да жауаптарында өрескел қателіктер жіберсе.
2.3 Компьютер арқылы оқушы білімін бақылауды ұйымдастыру жолдары
Тест – оқушының білімін, біліктілігі мен дағдысын бақылаудың немесе оқушы білімінің бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше түрі болып табылады. Көп жұмыстарда «тест» ұғымы анықталды. «Тест» (ағылшынша Test – байқау, зерттеу, сынау) – психология мен пеадагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу дегенде білдіреду. В.С.Аванесов «Тест түріндегі тапсырма – бұл мазмұнынан басқа тестің түріне де мынадай талаптар қойылатын тапсырма: барлық сынаушылар үшін нұсқаулардың бірдей болуы, нұсқаулардың тапсырма мазмұны мен түріне сәйкестілігі; қысқалығы; тапсырманың – ақиқат немесе жалған, жауапқа қатысты логикалық түрде тұжырымдалып айтылуы; тапсырма элементтерінің дұрыс орналасуы, қысқалығы, фасеттілігі, жауаптың белгілі бір орнының болуы, бағананың қабылданған қалыптағы бірдейлігі» деп тұжырымдады .
Тест оқушы білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады.
Тарихи тұрғыдан тесттердің ең көне түрі оқушылардың дарындылығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге қолданылған. Бұл тесттер оқушының белгілі бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеректігін, нақтылы көріністі көз алдына елестету қабілетін тағы басқа маңызды сипаттарды анықтауға көмектеседі деп есептеледі.
Қазіргі педагогикалық практикада тестер өте жиі пайдаланып келеді. Оларды қолдану аясы да күннен күнге ұлғайып барады: оқушылардың бір пәннің бір тақырыбынан ғана алған білімін тексеруден бастап, жоғары оқу орындары мен мектеп пәндерінің барлығынан да жаппай осы тест жүргізу әдісіне көшуге бет бұрып келеміз. Тесттер мен олардың айналасындағы материалдар тек ғалымдар зерттеуіне ғана өзекті материал болып қалмай, оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында білім жүйесін басқару органдары да қызықтыра бастады. Осы факторлар қолданылатын тесттердің сапасын көтерумен қатар, олардың бүгінгі пайдалану аймағын да анықтау жүйелерін даярлауға әкеліп отыр. Мұндағы бір айта кететін мәселе- кез келген бір тестің қолдану аясы оның мазмұндық, технологиялық және де басқа ерекшеліктеріне тәуелді болатыны, осыған орай педагогтар пайдалануындағы тест материалдарын топтарға бөліп жіктеу (классификациялау) қажеттілігі туындап отыр.
Тест материалы немесе тест деген түсінік әрбір сұраққа сәйкес оның мүмкін болатын бірнеше жауаптарымен бірге берілген тапсырмалар жиынын білдіреді. Тест материалдары көбінесе бланк түрінде немесе компьютерге арналған бейнелеу формасында беріледі, онда оның дұрыс жауаптарымен бірге келтірілген сұрақтар, оның бағалау критериі немесе нормасы, нәтижелерді есепке алу процедурасы, яғни шкаласы, оқушылардың тест жауаптарын қалай толтыру керектігі жайлы нұсқаулар және т.б. болады. Егер тест алу компьютер арқылы жүргізілсе, онда тест материалдары тест тапсырмаларының арнайы банктерінде жинақталып тұрады да, олардан сұрақтар вариантын қандай тәсілмен алуға болатыны жайлы нұсқау беріледі.
Тесттердің осындай параметрлері оларды жіктеудің белгілі бір критериіне сәйкес оны тесттің қай түріне жатқызуға болатындығының айғағы болып табылады. Екінші жағынан, тест материалын бір топқа кіргізу оны жасаушылардың алдына қойған мақсатына байланысты тесттердің қандай да бір болмасын қасиеттерге, технологияларға қарай реттеуге тура келеді. Реттеліп, мақсат қойылып құрылған тест тапсырмаларын қолдану оқу процесінің сапасына, яғни оқу нәтижесіне әсер етеді.
Тест (байқау,тексеру) – оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын тексеретін стандартталған тапсырмалар жинағы.
В.П. Беспалько тест тапсырмаларын білімге қойылатын талаптарға сәйкес тест деңгейлерін жасаған:
1-деңгейдегі тестілер оқушылардың жалпы түсінігін тексеруге арналған тапсырмалар. Бұл деңгейде оқу процесінде берілген жалпы ақпараттар, яғни теорияның негізгі мәселелерін білуін тексеру.
2-деңгейдегі тестілер оқушылардың бұрынғы алған білімдерін есте сақтап, оны жауап беруде қолдана білуін тексеру.
3-деңгейдегі тестеілер, яғни оқушылардың бұрын алған білімдерін практикада қолдана білуін тексеру.
4-деңгейдегі тестілер оқушылардың бұрын алған білімдері мен біліктілігінің арқасында, жаңа, тың идеялар қалыптасуын анықтауға арналған тапсырмалар.
Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тестік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды дейгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады. Оқыту үрдісін тестік тапсырмалардың көмегімен информатикадан білім сапасын бағалауды қамтамасыз етудің объективтік қажеттілігі, оқыту теориясы мен практикасында білімді тестік әдіспен бағалаудың жеткілікті деңгейде қаралмағандығы осы зерттеу жұмысын таңдап алуға негіз болды.
Тест – нақты пән облысынан оқушының білімі мен эксперттік білім моделі сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланысқан тестік тапсырмалар жинағы. Сабақтарда тестік тапсырмаларды пайдалану жақсы нәтижелер беріп келеді. Тестерді тұрақты пайдалану мен информатикалық диктанттар өткізу білімді жүйелі түрге келтіру, осының салдарынан білімсапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Оқу орындарында компьютердің кеңінен қолданылып, интернетке қосылып, өмірімізге белсене араласуына байланысты кейінгі кезде оқушылардың жұмысын бағалаудың өзі әртүрлі тест программалары арқылы компьютерге жүктеліп, соның міндетіне кіріп келеді. Бұл әдіс бір жағынан оқушының білім деңгейлерін көтеріп, ойлау қабілеттерін жетілдірсе, екінші жағынан мұғалімнің уақытын үнемдейді. Қазіргі таңдағы жаңа технология –оқушылардың еңбегін рейтингтік жүйемен бағалаудың өзі көбіне осындай тест программаларына сүйенеді. Әр түрлі алгоритмдік тілде жазылған тест программалары қазірде көбейіп келеді. Ғылыми негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмаларды жүйелі пайдалану оқыту сапасын жақсартуға, оқушылардың бойында уақытты үнемдей білу, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде компьютерді пайдаланып, оқушыларды тоқсан ішінде бірнеше рет тестілеу – олардың ағымдық білімін бағалаудың негізгі әдістерінің бірі. Өзіндік жұмыстар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардың білім деңгейін көтеретіні сөзсіз. Тестілік тапсырмалардың мазмұнын іріктеудің негізгі принциптері:
— оқытуға арналған материалдың мәнділігі мен ғылыми нақтылығы;
— тест мазмұнының оқытылатын пәннің қазіргі кездегі даму деңгейіне сәйкес болуы;
— тест мазмұны элементтерінің репрезентативтілігі;
— оқытылатын материалдың қиындық дәрежесінің біртіндеп өсуі;
— тест мазмұнының әр түрлі варианттылығы, жүйелілігі, кешенділігі мен теңдестірілгендігі;
— тест мазмұны мен формасының өзара байланыстылығы.
Тестілеуді өткізу бағытында оқушылардың негізгі пәндері бойынша білімді сапалы бағалау және бақылауға арналған автоматтандырылған тестілеу жүйесі (тестілер генераторы, тестілік қабықша) жасалды.
Автоматтандырылған тестілеу жүйесі мүмкіндік береді:
— сабақ уақытын үнемді пайдалануға;
— оқушылардың білімін сапалы түрде бағалауға;
— оқытушыларды жазбаша түрдегі тексеруден босату;
— оқушылардың алған жаңа сапалы білімдері арқылы біліктілік пен дағдыны қалыптастырудағы қызығушылығын арттыруға;
— ағымды бақылау жүргізуде негізгі тексеруші құрал ретінде қолдануға;
— оқытудың мотивациялық бағытын арттыруға;
— бағалаудың объективтілігіне.
Мұндай жүйелендірілген тестілеулер келесі жаңа тақырыптарды бастау үшін оқушылардың өтілген материалды қайталауларына мүмкіндік береді, яғни оқушы бойында, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін қалыптастырады. Тестілік бақылауды қолдану оқушылардың оқу процесінде бір деңгейден келесі деңгейдің матералдарын игеруге жағдай жасайды.
Осылайша, тесттер дәстүрлі бағалау құралдарына қарағанда оқушылардың қандай да бір саладағы жетістіктерін неғұрлым объективті және ауқымды түрде анықтауға жол ашады, білімге деген талабының жоғарылауына мүмкіндік береді деуге болады. Осындай автоматтандырылған тестілеу жүйелерін заман талабына сай білім беру жолында тиімді кеңінен қолдануға болады:
Hot potatоes бағдарламасының көмегімен тест тапсырмаларын құрудың бірнеше әдістерін яғни, таңдау, сәйкестендіру, толықтыру, дұрыс тізбек құру мүмкіндіктерін қолдануға болады.
LearningApps.org мультимедиялық бағдарламаның көмегімен интерактивті тапсырмаларды алуға болады.
easyQuizzy –де жасалған автотест арқылы тест алу.
MS Excel – бағдарламасы арқылы тест алу.
Тәжірибеде жиі қолданылып жүрген Hot potatоes бағдарламасында тест тапсырмалардың құрудың бірнеше әдістеріне тоқталсақ:
Hot potatоes - инструментальді бағдарлама-қабықша, оқытушыға интерактивті тапсырмаларды программалау тілдерін меңгермей немесе бағдарламашы көмегіне жүгінбей өз бетімен құрастыруға мүмкіндік береді. Hot potatоes – бағдарламасы Web негізінде интерактивті оқытушы тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді. Оның ерекшелігі: жасалған тапсырмалар Web-парақ форматында сақталады, қолдану үшін web-браузерді талап етеді. Бағдарлама көмегімен әр түрлі пән бойынша мәтінді, графиканы, аудио және бейнеақаратты қолданып 10 түрлі тапсырмалар жасауға болады.
1-сурет. Hot potatоes бағдарламасының сыртқы беті
JQUIZ - Викторина- көптеген таңдау жауаптары бар сұрақтар. Оқытушы тапсырмаларға әр түрлі жауапқа түсініктеме орналастыра алады.
2-сурет. JQUIZ мүмкіндігінің көмегімен әзірленген таңдау тесті.
JCLOZE - Қалып қойған жерді толтыру. Оқушылар жіберілген сөздің бірінші әрпін көріп, көмек сұрай алады. Ұпай санын есептеу автоматты түрде жүргізіледі.
3-сурет. JCLOZE мүмкіндігінің көмегімен әзірленген толықтыру тесті.
4-сурет. JMATCH мүмкіндігінің көмегімен әзірленген сәйкестендіру тесті.
JMIX - Жүйелі реттілікті қалпына келтіру. Барлық тапсырмалар жаттығу режимінде орындалады. Тапсырмаларды орындау нәтижесі процентпен бағаланады.
5-сурет. JMIX мүмкіндігінің көмегімен әзірленген тізбек құру тесті.
JCROSS – сөзжұмбақ құру.
LearningApps.org – бұл PH Bern білім беру Информатика Педагогикалық колледжі Орталығының Майнц және Циттау / Герлиц қалалары Университеттерімен бірлескен ғылыми-зерттеу жобасы. Интерактивті білім беру қосымшасының негізгі тапсырмасы оқушыларды интерактивті және қызықты формада оқытатын арнайы мультимедиялық бағдарлама. Интерактивті тапсырмаларды құрастырушы LearningApps.org
«Викторина»; «Сөздерді белгілеу»; «Кім миллионер болғысы келеді?»; «Топтастыру», «Картада белгілеу», «Жұпты табу», «Құрастыруға арналған пазлдар», «Суреттерді сұрыптау», «Сөзжұмбақ, Бұл қай жерде?», «Топ бойынша тест алу» және тағы басқа сияқты білім беруге арналған он-лайн қосымшалардың көп түрін ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |