II - Тарау. Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс- әрекетке баулудың жолдары 2.1 Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулудың технологиясы Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдары мен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, соңғы нәтиже оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Егер, мектеп-өскелең ұрпаққа жинақталған тәжірибе беру бойынша міндеттерді нәтижелі шешетін болса үздіксіз білім беру идеясы қазіргі заманғы жағдайда іске асуы мүмкін. Өскелең ұрпаққа тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және окушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді менгеруі кажет: ана тілін, ғылым тілін және технология.
"Технология" ұғымының мәнін өндірістік процестерге байланысты П.Р. Атутов пен В.А. Поляков "Технология (технологиялық процесс) - өндірістік процестің негізгі бөлігі. Осындай мәнде өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау және т. б., өндірісті техникалық бақылау, сондай-ақ өндірістік процестерді сипаттауды және оларды орындау бойынша нұсқауды технология ...." деп айта келе, шикізатты алу, өңдеу және қайта өңдеу тәсілдері мен амалдарын даярлайтын және жетілдіретін ғылыми пәнді технология деп атайтынын жазды.
Педагогикалық іс -әрекет саласында “Технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор және т.б) деген идеаға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау технологиясын, мұғалім мен оқушылардың іс -әрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптер мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Педагогикалық технологияға берілген анықтамалар бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (В.П. Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс -әрекеттің моделі (В.М. Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адаммен ортаның өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К. Селевко) В.А. Сластениннің ойы бойынша педагогикалық технология деген: ол қатаң ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.
Жалпы педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы төмендегідей болып табылады.
Біріншіден, педагогикалық технология тәжірибе жүзінде бұрынғы педагогикалық экспериментті жоққа шығарып, оны алдын- ала жобаланған оқу -тәрбие процесс жолына аударады, кейін бұл жобаның сыныпта жүзеге асырылуын камтамасыз етеді. Бұл дидактикалық (тәрбие) түсініктеме тілдерінде мүмкін болып табылады.
Екіншіден, бұрынғы мұғалімдерге арналған сабақ жоспарларынан өзгеше, педагогикалық технология окушының өзіндік жұмыс мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесіндегі жоба ұсынады, яғни бұл оқу-танымдық жұмыс жобалануы кез-келген оқушылар санын жоғарғы тұрақты табысқа жетуге болады дегенді білдіреді.
Үшіншіден, педагогикалық технологияның айшықты қасиеті - мақсат білімділік процесі. Бұл педагогикалық технологияның негізгі мәселесі дәстүрлі педагогикадан басты айырмашылығы. Ол екі қырынан талқыланады:
- мақсат білімділіктің болжамы және окушылардың оқу
бағдарламасын сапалы меңгеруін объективті бақылау; - жалпы тұлғаның дамуы.
Төртіншіден, педагогикалық технологияны нақты педагогикалық жүйе жобасы ретінде білу арқасында оның маңызды қағидаларының бірі - бүкіл оқу-тәрбие процесінің тұтастық қағидасын (құрылымдық және мазмұндық) тұжырымдауға болады. Тұтастық қағидасы педагогикалық жүйенің аралық элементтерінің үйлесімділігі.
№ 1 кесте