Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың ғылыми -теориялық негіздері



бет4/15
Дата05.02.2022
өлшемі2,17 Mb.
#22976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Зерттеудің тәжірибелік базасы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының №1 Абай атындағы мектеп-интернатында өткізілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
І - Тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың
ғылыми -теориялық негіздері.
1.1 Бастауыш сынып оқушылары- оқу - танымдық іс- әрекеттің
субъектісі ретінде
Оқушылардың танымдық шығармашылық проблемасын терең теориялық мазмұнсыз, оқыту прсщесіндегі дидактикалық белсенділік принціпінсіз, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беруде қазіргі концептуалдық жолдарды есепке алмастан шешу мүмкін емес.
Тұлға үшін адамзат баласы жүзеге асыратын іс-әрекеттердің ішіндегі ең бір күрделісі-танымдық процесс болып табылады. Педагогикада оқушылардың «оқу танымдық іс-әрекеті» ұғымдары «ойлау іс-әрекеті» ұғымдары жиірек пайдаланылады. «Ойлау» және «таным» ұғымдарына анықтама берер болсақ, философиялық энциклопедиялық сөздікте ойлау ұғымы объективтік шындықтың белсенді формасы ретінде сипатталады. Ойлау адамзат баласы танымының жоғары сатысы болып табылады. Сондықтан «таным» ойлауға қарағанда әлде қайда кеңірек ұғым философиялық сөздікте «таным объективті шындықтың бейнеленуінің жоғарғы формасы» ретінде сипатталса, ал бейнелеу-материяның жалпыға бірдей ортақ қасиеті ретінде сипатталып, оның мәні бейнеленуші объектінің белгілнрін, қасиеттерін, элементтері арасындағы қатынастарын басқа объектілермен байланыстарын қайта жаңғыртуда, қайта елестетіп көрсетуде болып табылады
А.П.Карповтың пікірінше мектептегі оқушының танымдық іс-әрекеті - оны өмірге даярлаудағы қажетті кезең. Танымдық іс-әрекет құрылымы жағынан іс-әрекеттегі ұқсас, кез келген басқа солармен бірлікте болады.
Г.Н.Щукина танымдық іс-әрекеттің субъектісі оқушы болуға тиісті деп есептейді. Олай болса, әлеуметтік- педагогикалық негізі бар оқып-үйренудің де «қайнаған ортасында» оқушы, оның жеке басының тұлғасы, оның санасы, танылуға тиісті және танылу үстіндегі айнала қоршаған дүниеге қатынасы, таным процесіне қатынасы және танымдық іс әрекетке қатысушы- оқушыларға, оқып-үйрену ісін ұйымдастырушы және бағыт беруші мұғалімдерге қатынасы, көзқарас болады. Әрі бұл оқып үйренудің әлеуметтік мақсатқа, оны мұғалімнің ұйымдастырумен бағыт беруіне тәуелділікте болатындығын және соған қарамастан өзінің субъективтік - тұлғалық негізін жоғалтпайтынын ұмытпауға тиіспіз.
Т.С.Сабыровтың пікірінше, танымдық іс-әрекеттің ерекшелігінің біріне оның оқу құрылымы жатады. Оның құрылымына да кез келген іс-әрекеттің құрылымына жататынын компоненттер енеді. Алайда, бұл іс-әрекеттің мақсаттық және бағдарламалық сипаты міндетті түрде біліммен, білікпен, дағдылармен қамтамасыз ететін жүйелікті, бір ізділікті талап етеді, әдіс тәсілдермен, оның ұйымдастыруымен шектеледі. Осы мағынада алғанда, танымдық іс -әрекеттің әрбір құрылымдық компоненті бүкіл оқыту процесінің құрылымына тәуелді болып шығады, осылармен шектеледі.
М.А. Асылжанованың пікірінше, балалық шақта балалардың жас ерекшеліктері әрі алғашқы қабілеттіліктердің қалыптаса бастау факторлары да болып табылады. Төменгі сынып оқушысының танымдық іс -әрекеті жас ұрпақтың міндетті түрде меңгеруге тиісті, үнемі жетілдіріп отырған іс -әрекеті болып табылады.
Жеке адамның белсенділігі педагогикалық проблема ретінде В.И. Лозоваяның докторлық диссертациясында зерттелінді. (Лозовая, 1990). Автор жеке тұлғаның мәні мен осы ұғымының әрекет ұғымына қатынасын ашуды түрлі көзқарастың орнына алып отырғанын атап өтеді. Оларды қысқаша келтіре кетейік.
- Белсенділік жеке тұлғалардың ерекше қасиеті ретіндегі жалпы категория
болып қарастырылады. Әрекет әлеуметтік нысан үшін айрықша
белсенділік ретінде көрініс табады.
- Белсенділік және әрекет ұғымдары теңестіріледі.
- Белсенділік әрекеттің сапалық сипаттамасы деген анықтама беріледі.
- Белсенділік дегеніміз жеке адамның сипаты, оның қасиеті.
Танымдық іс -әрекетті түсіндірудің түрлі нұсқаларына (оқуға ұмтылушылық пен ерік жігер көрсетумен сипатталатыны шәкірттің қал жағдайы, білімді жігерлі түрде игеруге дайын болушылық пен ұмтылушылық; ақыл ой әрекеті; әрекет сапасы, т.б.) талдау жасай келе В.И. Лозовая олардың бәрі осы ұғымның елеулі жақтарын толықтырады дегенге меңзейді.
Бұл көзқарастар- жеке адамның білім алуды, қол жеткізген білімін тереңдетуді қоғамның рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсіну танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.
Мектеп оқушыларының танымдық іс -әрекетті жетілдіру мәселесіне педагогтардың, психологтардың, көптеген еңбектеріне арналған зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әртүрлі пікірлер айтылған. Біреулері танымдық белсенділікті іс -әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырылады.
Таным-ол адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тәжірибе жинақтау, оны қорыту арқылы терең де тиянақты білім негізінде пайда болады. Танымдық іс -әрекетке баланың ақыл -ойын өсіру үшін олардың елестеулерін дамытуға көбірек зер салу керек.Егер бала ойын, , оқу әрекеттері арқылы айналасындағы дүниемен тығыз байланыста болса, заттарды қабылдауға әрекет етсе, оның танымы артады. Танымдық ойын арқылы түрлі объектілерді көреді, байқай алады, оларға назар аударады.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу - ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру үшін С.Жақыпов өз еңбегінде " сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, логикалық сызбаларды, шартты - графикалық құралдарды қолдану керек. Бұл оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін жандандырып өз бетімен жұмыс жасауға және оны меңгеруге төзімділігін арттырудың бірден - бір тәсілі болып табылады" деп көрсетті.
Оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі үрдіс Танымдық әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі артады.
Төменгі мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым - қатынас шеңберінің көбеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтардың бүкіл оқыту - тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді Негізгі түрі - оқу болып табылады. Осы оқу арқылы олардың танымы дамиды. Оқыту үрдісінің қозғаушысы - ұстаз бен оқушының біріккен танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.
Кіші мектеп оқушысы - бұл адамның іс-әрекет берілген жағдайда оқу іс-әрекетінің субъектісі ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. Осы сапада кіші мектеп оқушысы ең алдымен, оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу мүмкіндігін қамтамасыз ететін физиологиялық, (анатомиялық-морфологиялық) және психикалық, ең алдымен интеллектуалдық даму деңгейімен анықталады. Л.И. Божовичтің, Д.Б. Элькониннін, Н.Г. Салминаның, Н.И. Гуткинаның зерттеулерінде баланың мектепке дайындығының негізгі көрсеткіштері суреттелген: оның ішкі позициясының, семиотикалық функциясының, ырықтылығының қалыптасуы, ережелер жүйесіне бағдарлану іскерлігі және т.б. Мектепте окуға дайындық мектепке, оқуға, танымға деген жаңаны ашуға қуалау, жаңа дүниеге, үлкендер дүниесіне ену ретіндегі катынасын білдіреді. Бұл жаңа міндеттерге: мектеп, мұғалімдер, сынып алдындағы жауапкершілікке дайындық. Жаңаны тосу, оған қызығу кіші мектеп оқушысының мотивациясының негізінде жатыр. Дәл осы қызығушылыққа танымдық қажеттілікті эмоционалдық бастан кешіру ретінде, яғни, кіші мектеп оқушысының танымдық қажеттілігі осы қажеттілікке жауап беретін оқыту мазмұнымен «кездескен» кезде оқу іс-әрекетінің ішкі мотивациясы негізделеді.
Тосулар (экспектациялар) жүйесі түсініктік, ғылыми ойлау алғышарттарының қалыптасқандығы сияқты дайындық негізінде жатыр. Бұл дайындық бүкіл алдыңғы психикалық дамудың қорытындысы ретінде, отбасындағы және бала бақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың бүкіл жүйесінің нәтижесі ретінде түсініледі. Баланың мектепке дайындығы бірқатар талаптардың қанағаттандырылуымен анықталады. Оларға жататындар: баланың жалпы физикалық дамуы, жеткілікті білімдер көлемінің болуы, өзін-өзі күтудің, мінез-құлық мәдениетінің, қарым-қатынастың, қарапайым еңбектің, «тұрмыстық» дағдыларының болуы; тілдің дамуы; жазудың алғышарттарының болуы (қол саусақтарының ұсақ бұлшық еттерінің дамуы); ынтымақтастық іскерлігі; оқуға ниеттену. Оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде оқушыға қажетті интеллектуалдық, тұлғалық, іс-әрекеттік сапалар тіпті дүниеге келген сәттен бастап қалыптасады. Олардың қалыптасқандық деңгейінен елеулі мөлшерде баланың мектеп өміріне енуі, оның мектепке деген қатынасы және оқудың табыстылығы, оқу іс- әрекетіне қосылғандығы тәуелді. Бастауыш мектепте, осы кезеңдегі жетекші іс-әрекеттің негізгі элементтері, қажетті оқу дағдылары мен іскерліктері қалыптасады.
Кіші мектеп оқушысы сыртқы немесе А.А. Люблинская терминдеріндегі практикалық белсенділіктің үстемдігімен сипатталады және де бұл белсенділіктің күші орасан зор зерттеушілер кіші мектеп оқушысы, яғни жаңа позицияға, субъект ретінде оқушы позициясына ие болғанда кездесетін бірқатар қиындықтарды анықтайды. Бұл жаңа тәртіп қиындықтары, мұғаліммен жаңа қатынастар қиындықтары. Осы кезде бастапқы мектеппен танысу қуанышы осы қиындықтардан өту дәрменсіздігінен жиі туындайтын енжарлықпен, селкостықпен алмасады. Мұғалімнің осы жас кезеңінің негізгі психикалық жаңа құрылымдарын есепке алуы өте маңызды - кез-келген оқу пәнін меңгеруде көрінетін әрекеттердің ішкі жоспары, ырықтылығы және рефлексия. Осы жаста өзін оқу субъектісі ретінде саналы түсіну басталады.
Түрлі міндеттерді орындау іскерліктерін, жаңа білімдерді игеруді, оқудағы ынтымақтастық қуанышын, мұғалім беделін қабылдауды камтитын оқу іс-әрекеті білім беру жүйесіндегі (А.Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, В.В. Давыдов). А.Н. Леонтьев бойынша, жетекші іс-әрекет ұзақ кезеңді алып қана коймайды, сондай-ақ оның арнасында: а) іс-әрекеттің басқа, жеке түрлері қалыптасады; б) сенсорлық-перцептивті, мнемологиялық және атенциондық функциялардың жиынтығы ретінде интеллект дамиды және в) іс-әрекет субъекті тұлғасының өзі қалыптасады. Кіші мектеп оқушысының оқу іс-әрекетінде жазу, оку, компьютермен жұмыс істеу, таңдамалы іс-әрекет түрлері қалыптасады. Жетекші іс-әрекеттің толықтай сипаттамасын Г.А. Цукерман келтіреді.
Кіші мектеп оқушысы оку іс-әрекетінің субъекті ретінде өзі де осы іс-әрекетте дамиды және қалыптасады, талдаудың, синтездің, жалпылауды, жіктеудің жаңа тәсілдерін меңгереді. В.В. Давыдов бойынша мақсатты дамыта оқыту жағдайында бұл қалыптасу білімдерді игерудің жүйелілігі мен жалпылығы есебінен жылдамырақ және тиімдірек іске асырылады. «Оқу іс-әрекеті мектеп жасында жетекші болатын себебі, біріншіден, оқу іс- әрекеті арқылы баланың қоғаммен негізгі қатынастары іске асады; екіншіден, оқу -іс-әрекетінде мектеп жасындағы бала тұлғасының негізгі сапаларының да, сондай-ақ жекеленген психикалық процестердің калыптасуы іске асады», - деп Д.Б. Эльконин көрсетеді. Кіші мектеп оқушысының оқу іс-әрекетінде өзіне, дүниеге, қоғамға, басқа адамдарға деген катынасы қалыптасады және ең бастысы бұл қатынас, оқытудың мазмұны мен әдісіне, мұғалімге, сыныпқа, мектепке және т.б. деген катынас ретінде, негізінен, осы іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады.
Өмір жағдайының өзгеруімен, отбасынан немесе бала бақшадан мектепке ауысумен байланысты кіші мектеп Т. Сабыров оқушының танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануды қарастырған.
Қ.Жарықбаев өз еңбегінде танымды қалыптастыру процесі зейіннен, қиялдан, ақыл-ойдан басталады,- дейді. Оқушылардың зейінін дұрыс калыптастыру барысында танымдық процесте мұғалімнің алатын орны ерекше. Егер мұғалімнің зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, ондай мұғалім окушылардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды.
Танымдық іс -әрекет дегеніміздің өзі - оқушының білімге деген ынта - ықыласының ерекше бір көрінісі , яғни , оқушы білім алуда ілгері қарай жылжып , білмеуден білуге қарай қадам басады.
Мысалы бастауыш мектептерде пән сабағында оқушының белсенділігін арттыратын әдістерді қолдану, әртүрлі ойындар арқылы оларға тапсырмалар беру.
Оқушылардың тапсырмаларды орындау жеке-дара шығармашылық, қызығушылық өзіндік жұмыс арқылы танымдық іс - әрекеті қалыптасады. Сабақтарда оқушыларға білім, тәрбие беріп, олардың қызығушылығын, ынта - ықыласын және танымдық қасиеттерінің артуына мүмкіндік жасауымыз қажет.
Мысалы: мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығы сурет салу, ән - күй, кино, өлеңмен таныстырып, дамытып отырудың маңызы зор. Оқушылардың танымдық белсенділігі, ең бірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына, оның әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне, сеніміне, оқушылардың жетістіктерін әрдайым қадағалап отыруына байланысты. Оқу бала үшін қиын емес, жаңаны тану, зерттелмегенді өз бетінше ашу, танымдық іс-әрекетінің жетістіктеріне жетудің бірден-бір көзі.
Таным ұғымының ауқымы өте кең. Бұл ұғымға ғылымның түрлі саласынан, атап айтқанда философия, психология, педагогика жан - жақты түсінік берген. Сонымен осы әдебиеттерге сүйене отырып, танымның мәнін ашуға тырысайық. Ерте кезден - ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін -өзі танып білуге тырысқан. Сондықтан адамның танымы белгілі бір қоғамда, практикалық қажеттілігіне сәйкес жүріп жатады. "Танымдық қызығушылық ол адамның дүниеге деген танымдық құштарлығы мен сезіну кезіндегі танымдық қатынасы" - деген пікірге көз салсақ. Кішікбеков Д, Сыдықов У. "Философия" еңбегінде: "Заттар құбылыстар мен процестер және олардың қасиеттері маңызды байланыстары таным білуші субьектіден тәуелсіз өмір сүреді. Түйсіктердің, қабылдаудың және ақыл - ойдың арқасында біз затарды, олардың қажеттерін танып білеміз. Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерінің, мәнді қатынастарының адам санасында идеалды образдар, жүйесі ретінде бейнелеушінің қайшылыққа толы күрделі процессі".
Яғни, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі. Таным сезімдік және логикалық деп білеміз. Сезімдік таным дегеніміз сезім мүшелері: көру, есту, сезіну, қабылдау және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып білу. Ал, психологиялық тұрғысынан алсақ: адамның түйсінуі, кабылдауы, есі, ойлауы, сөйлеуі, қиялы мұның барлығы танымдық қуаттары, танымдық жан қуаттарының күррделі ағымын аңғару үшін алдымен олар белгілі топтарға жіктеледі. Бұл топтастыру бойынша психикалық процестер, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталынады. Танымдық әрекеттерінің кейбірі (түйсік, қабылдау, елестету) сыртқы дүние құбылыстары мен заттарын тікелей танып, білуді енді біреулері (ойлау, қиял, т.б.) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, өзгерістерді тереңдей бойлай білуде ерекше орын алады. Қ. Жарықбаевтың "Психология" еңбегінде "Алдымыздағы тұрған мәселені шешу, заттардың себеп - салдар байланыстарын көрсету, болмысты жалпылай және жанама түрде тану ойлау процесінің арқасында болып отырады. Ойлау адам танымының ең жоғарғы түрі", -дейді.
Танымды қалыптастыруда жас балаға өлең, тақпақ, ертегі, әңгімелер жаттатып, жиі қайталатып есіне түсіріп отыру ес дамуының шарттарының бірі. Бала мектепке келгеннен кейін танымдық тәрбиеде баланың логикалық есін дамытуда мұғалім түрлі шаралар қолданады. Таным процесіндегі есті тәрбиелеу, оны дамытып, байыту, есте қалдыру, қайта жаңғырту жаттығуларының әдістерін дұрыс жолға қоюмен тығыз байланысты.
Танымдық деңгейді әрі кеңейтіп, әрі тереңдету мүмкіншіліктері ес, еске сақтауға тығыз байланыста болғандықтан, оқыту, тәрбие ісінде оған лайықты әдістер қалыптастыру қажет. Оқушы өз өмірінде көріп - естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі танымдық ойлары мен сезімдерін, әр - қилы іс - әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады. Есте қалдыру процесі талғамалы. Өйткені, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен кұбылыстардан, болмыс пен оқиғалардан өмір мен тіршілікке қажетті танымдық материалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз.
1.Арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу.
2.Есте қалдырудың тәжірибелік мәнінің оқушының танымдық
қажеттігіне байланысты болу.
3. Сол мән - мағыналарды түсіну үшін, ойлау процесімен тығыз ұштастыру.
4. Өз танымы мен еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу деп қарастырады.
Қазіргі заман талаптарына сай оқушыларды өзінің шыққан тегін, қоршаған ортаны, жақсы мен жаманды ажырата білуге, отанын сүюге, білімге деген құштарлығын оятуға, танымдық қасиетін дұрыс жолға қоя білуге үйретуіміз қажет.
Сонымен, бізге педагогикалық және психологиялық еңбектерге талдау жасау бастауыш сынып оқушылары оқу -танымдық іс -әрекеттің субъектісі ретінде роль атқаратындығын анықтадық.
Оқушыладың шығармашылық қызметі оқу тәрбие үрдісінде жүзеге асатыны белгілі. Сонымен қатар, ондағы психологиялық-дидактикалық шарттарды есепке алу қажет екендігін байқатады. Ол туралы келесі бөлімде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет