1.2 Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың психологиялық -дидактикалық шарттары. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық т.б. үрдістері жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын қажет етеді. Сондықтан, мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістер арқылы мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылықпен ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше -білім ала алу дағдыларының дамуына негіз салу.
Қоғамның денгейі қандай болса, мектептердегі білім беру сапасы да соған лайық болмақ. Қоғамның алдына қойған мақсаттарына сәйкес оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудың мақсаты анықталатыны, соған лайықты білім беру жүйесі құрылатыны, мақсат өзгерсе білім беру жүйесінің де өзгеретіні педагогикалық ғылымдар тарихынан белгілі. Өйткені, қоғам - тапсырыс беруші, ал мектеп - осы тапсырысты жүзеге асырушы педагогикалық жүйе. Олай болса, еліміздегі нарықтық қатынастардың орнығуы жүріп жатқан жағдайда мектептегі оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру мақсаттарының өзгеруі де заңды құбылыс.
Қазіргі кездегі оқушы мұғалімнің белсенді әсерінің объектісі -«білім толтырылуы тиіс құмыра», илеуге көне беретін «балшық» емес (Галперин П.Я) . Ол өсіп, дамып отыратын өзіндік тұлға. Оқушыны оқыту субъектісі ретінде қарай отырып қана бейнелеу өнері, дүниетану, еңбек, математика оқытудың мақсаты мен міндетін нәтижелі іске асыруға болады. Сол себептен де Л.М.Фридман: оқыту мен тәрбиелеудің барлық күрделі міндеттерінің жүзеге асырылуы, оқушының қаншалықты мөлшерде өзінін оқу-тәрбиелік қызметінің субъектісі болуына байланысты - деп көрсеткен болатын.
Сондықтан да, педагогикалық үрдіс барысында мұғалім-тәрбиеші басты ролге ие бола отырып, барлық уақытта оқушының қызмет субъектісі болуына ықпал жасауы тиіс.
Қазіргі, адамға қажетті білімдер көлемі қауырт, әрі тез өсіп отырған жағдайда, оқушылардың белгілі -бір деректердің жиынтығын ғана меңгеруіне ден коюына болмайды. Сондықтан субьектінің өз бетінше білімін толтыру ғылыми және саяси информаииялардың ағынында бағдар ұстай білу біліктілігіне дағдыландыру қазіргі кездегі аса маңызды іс. Бұл мәселе, мектептегі оқытудың дәстүрлі түсіндіру-көрсетпелік түрімен қатар, белсенді-шығармашылыққа ден қоюды талап етіп отыр. Өйткені осы кезге дейін білім жүйесі біліммен біршама қаруланған “атқарушылар” даярлап келді.Ендігі жерде білім беру жүйесін шығармашыл, ғылымда, техникада, экономика мен басқаруда жаңа жолдар мен әдістер іздеп таба алатын, батыл да жаңашыл, ақыл -ойы дамыған адамдарды даярлау талап етілуде. Білім беру жүйесі – өзіндік ақыл -ойы дамыған адамдарды даярлау талап етілуде. Білім беру жүйесі – өзіндік ақыл – ой “фабрикасы” болуы тиіс (Г.И.Волков). А.Е.Әбілқасымованың пікірінше, жеке адамның белсенділігі дегеніміз «серпімді» ізденімпаздық, ал ізденімпаздық - тұрақты белсенділік. Танымдық белсенділік пен ізденімпаздық әлеуметтік белсенділік пен ізденімпаздықтың түрлері болып табылады. Танымдык кажетсіну - белсенділіктің және ізденімпаздықты дамытудың қайнар көзі.
Танымдық қажетсіну - өзіндік заңдылықтары бар ерекше қажетсіну - сәби дүниеге келген күннен бастап пайда болып, адам жасының үлкеюіне қарай біртіндеп күрделеніп, принципті түрде өзгеріп отырады, бұл орайда танымдық қажетсінудің қарапайым деңгейінің орнына неғұрлым күрделі деңгейі келеді. Жасқа жас қосылған сайын танымдық қажетсінуді қанағаттандыру тәсілдері де өзгереді.
Таным барысындағы қиыншылықтарды жеңу, бұл үшін қажетті ерік пен жігерін жұмсау жеке тұлғаның өзінің танымдық әрекетін нысаналы түрде және саналылықпен реттеуін талап етеді. Еріктің болуы жеке тұлға үшін елеулі, маңызды мақсаттар меп міндеттерге тікелей байланысты. Мақсаткерлік адамның ерік мінез-құлқының негізгі нысандарының бірі тұлғаның ерік күшін іске асыру үшін зор маңызы бар. Алға мақсат қою және оны қабылдау - жеке тұлғаның мақсатқа жету жөніндегі бұдан былайғы ерік-күшін айқындайтын кезең болып табылады. А.Н.Леонтьевтің қызмет теориясына сәйкес мақсаттың қызметті ұйымдастырудағы реттеушілік маңызы, оның субъектіге сырттай берілетін-берілмейтініне немесе ізденімпаздықтың жемісіне айналатын-айналмайтынына байланысты. Таным қызмет түрлерінің бірі болғандықтан, таным барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік -күші таным қызметінің мақсатын кімнің алға қоятынына елеулі дәрежеде байланысты деп жорамалдауға болады.
В.И.Селиванов оқушылардың ерік - күшінің түрлі сипатын айқындайтын оқу-танымдық әрекеттің мақсатын қоюдың үш нұсқасын бөліп көрсетеді:
1. Шығармашылық әрекет мақсатын мұғалім қояды. Оқушы бұл мақсатты ат үсті қабылдайды. Мұның өзі ерік, күшінің төмен денгейде болуына алып келеді;
2. Мұғалім тапсырманы немесе тақырыпты хабарлайды, осыған сәйкес оқушының өзі шығармашылық әрекетті жүзеге асыруга тиіс, сөйтіп осы негізде оқушы мақсатын өзі немесе мұғаліммен бірге анықтайды. Мақсаттың койылуына ізденімпаздық үлесінің көп болуы ерік, күшінің неғұрлым жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді;
3. Оқушы өзінің шығармашылық әрекетінің мақсатын өз бетінше анықтайды, бұл - өз бастамасымен өз бетінше жұмыс істеу болып табылады. Мұндай жағдайда ерік күшінің деңгейі неғұрлым жоғары.
Е.Н.Кабанова-Меллер оқушылардың өз бетінше жұмысын белсендіру үшін оларды ой қызметінің нақты бір әдістер жүйесіне оқыту қажеттілігіне назар аударады (білім жүйесін қалыптастырумен катар).
П.Я. Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.Н. Кулюткнн өз еңбектерінде оқушыларда интеллектуальдық қызметтің жалпыланған тәсілдерін қалыптастыру қажеттілігі тікелей көрсетіліп, осы қызметтің компоненттерін ажырату мәселесі қарастырылады.
Ізденімпаздық қызметтің алдын-ала жинақталған білім мен біліктілікке сүйенетіні, оларсыз мүмкін болмайтыны белгілі. Бұл кездегі дайын түрде меңгерілген білімдердің негізгі қызметі - олардың ізденімпаздық қызметінің құралдары мен ізденіс өрісі функциясын атқаруында. Ізденімпаздық қызметі білімдер мен біліктіліктерді шығармашылық шешімдердің құралдары мен ізденіс өрісі функциясын атқаруында. Ізденімпаздық қызметі білімдер мен біліктерді шығармашылық шешімдердің құралдарына айналдырып, ол іздену іс-әрекеттерінің орындау қабілетін қалыптастырады.
Оқушының шығармашылық жұмыстары өте маңызды, баланың ақыл- ойын дамытады, білімдер мен біліктілікерді шығармашылық түрге айналдырады. Пайда болған мәселеге қатысты танымдық қызметін ұйымдастыру арқылы оқушыда өз бетінше жаңа білім іздеп табуға деген даярлықтары мен қабілеттері артады, алға қарай жылжу пайда болады. Бұл дайындықтар мен қабілеттер неғұрлым күрделі де ауқымды болса, соғұрлым өзінің қызметін ұйымдастыру және бақылау қабілеті мен пайда болған мәселеге бара- бар тұлғаның интеллектуальдық мүмкіндігі жоғары болғаны.
Шындығында, оқу қызметі дамудың қол жеткен деңгейіне сүйене отырып, баланың әрмен қарай дамуына, яғни дамудың келесі деңгейіне жетуіне жағдай жасайды. Керісінше, оқушының интеллектуалдық мүмкіндігінің меңгерілмеу білімге сәйкес келуі білімді саналы түрде меңгеруге жол ашады.
Сонымен, білім мазмұны оны меңгеру әдістерімен бірлесе отырып, баланың интеллектуалдық дамуына әсер етеді. Мұндағы меңгеру әдістері үлгі бойынша орындалатын іс-қимыл әдістері болса, онда әңгіме дағды мен біліктілікті меңгеру туралы болғаны. Ал егер аталган әдістер, іс-қимыл әдістері мен білімдер іздестірудің жолдары түрінде болса, онда әнгіме шығармашылық іс- әрекетті атқару қабілеті туралы болып отырғаны (И.Я.Лернер).
Н.Л.Половникова өз зерттеулерінде шығармашылық, іс -әрекетті үш деңгейге бөледі, олар: көшіруші, жаңғыртушы-шығармашылық құрастырушылық-шығармашылық деңгейлер, олардың әрқайсысы танымдық қызмет әдістерінің белгілі бір жайттарын игеруге сай келеді. Т.И.Шамова оқу мақсатын шығармашылық ізденімпаздықтың көшіруші, ішінара іздестіруші және зерттеуші деңгейлеріне ажырату үшін негіз болады деп есептейді.
Шығармашылық таным мен белсенділіктің маңызды көрсеткіші оқушының өз бетінше ізденіп, сұрақ қоя білуінде. Сабақта меңгерілген теориялық заңдылықтарды өмірде пайдалана білу - жаңаша танымның көрсеткіші. Шығармашылық іс -әрекетке баулу қабілетін арттыру үшін мұғалім мен оқушының шығармашылық ізденулері өзара ұштасуы тиіс.
Өз бетінше жасайтын жұмыстардың ішіндегі ерекше орын алатындардың қатарына шығармашылық сипаттағы жұмыстар жатады. Шығармашылық жұмыс - оқушының өз бетінше жасайтын жұмыстары және олардың белсенділігінің дамуындағы қажетті кезең. Өз ізденісінің және шығармашылық жұмысының жемісін сезінген оқушылар педагогтардың еңбегін бағалай біледі және оқуға деген ынтасы арта түседі. Таным үрдісінің шығармашылықпен жақындаса түсуі окуға деген пригматикалық қатынасқа сенімді кедергі болады.
Шығармашылық- дәл сипатталатын, қатаң реттеуге келмейтін интеллектуалдық іс-әрекеттер мен операциялар арқылы адамның объективті немесе субъективті жаңа нәрсе жасау үрдісі. Мұның атқаратын функциясы - жинақталған тәжірибені қайта жаңғырту ғана емес, жаңа элементтер жасай отырып оқушы мен оның ептіліктерін дамыту.
Шығармашылық жайлы әңгіме қозғалғанда біздің санамызда -Евклид, Гомер, Леонардо да Винчи, Моцарт, Бетховен, Ньютон, Лобачевский, Гете, Пушкии, Пуанкарс сияқты және т.б. өткен уақыттың ойшыл -даналары еске түседі. Бұлар өз ойларымен, мәселелерге жаңаша көзқарасымен келу арқылы қоршаған ортаға, оның заңдылықтарын ашуға деген адамзаттың мүмкіншіліктерін көрсете білді. Бірақ та мұның барлығы шығармашылықтың бір ғана қыры.
Шығармашылық тек қана ғылымда, әдебиет және бейнелеу өнеріне ғана емес бүкіл адамзат қызмет аймағында қажет. Қазіргі мектепте оқитын балалар бірнеше жылдан соң өз бетінше өмір сүруге көшіп экономика, мәдениеттің және т.б. дамуына өз үлестерін қоса бастайды. Әрине, оған еңбек етіп, өз жұмысын ұнатудан басқа шығармашылық қабілет те қажет-ақ. Ал оны іске асыру үшін оқушыларды тапсырмаларды орындау барысында жаңа жолдарды, тәсілдерді іздеп таба білуге, яғни мектеп курсының материалдарын шығармашылықпен игеруге жүйелі түрде тәрбиелеу қажет.
Шығармашылық іс- әрекетке баулу жаттығуды қажет етеді. Әрбір өз бетінше шешілген қиыншылықтар шығармашылық қызметті ұштай түседі. Мәселеге шынайы ден қоймай, іштен түрткі болмай, бір мәселе бойынша ұзақ ойланып толғанбай, шығармашылық нәтижеге жету мүмкін емес.
Өз еңбегінен қанағат алатын, өз күшін сынап көруге болатын, белгілі нәрсенің жаңа жақтарын өз бетінше ашуға болатын, жинақтылықты, шығармашылық қиялды, интуиция, фантазияның жинақталуын талап ететін тапсырмалар және өз бетінше берілетін жұмыстарды оқушылар жоғары бағалайды. Оқудан қанағат алуға ықпал жасайтын, шығармашылық қуаныш әкелетін тапсырмалар, өз бетінше жұмыстар дайындау - мұғалімнің оқу-танымына шығармашылық элементін енгізе білуі мен оқу үрдісін танымдық және шығармашылық бағытта жүргізуге ұмтылысы айқын екендігін аңғартады. Бұл бағытқа мыналарды жатқызуға болады:
- шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды оқушыларға ұдайы ұсыну
және шығарту; - оқу бағдарламасынан тыс эксперименттік, зерттеушілік сипаттағы
тапсырмаларды орындату; - түрлі оқу, ғылыми ақпараттарды салыстыру, талдау жасату және
іздестірту; - оқу материалдарын жалпылау және жүйелеу, шығармашылық талдау
жасауға берілетін тапсырмалар орындату; - сабақ барысында шығармашылық ойын өткізу т.с.с.
Шығармашылық жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың танымдық және эстетикалық қажеттіліктерін бір мезгілде ғана қанағаттандыруға септігін тигізеді. Шығармашылық қабілеттің бірден қалыптаспайтындығы белгілі. Оқытудың алғашқы күнінен-ақ бұл мәселе педагогикалық ұжымның назарында болуы тиіс. Мектеп курсының әрбір пәні оқушының шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға үлес қоса алады. Әсіресе математика, еңбек, бейнелеу өнері, дүниетану пәндерінің қосар үлесі мол. Стандартты емес тапсырмаларды шешімдерін іздестіру, пайымдаудағы қателіктерді табу, теореманың мазмұнына талдау жасау, белгілі ғалымдардың шығармашылық қызметтері жайлы әңгіме өткізу - мұның барлығы да шығармашылық іс- әрекетке баулуға негіз болады. Оқушылардың шығармашылық қызметі бар нәрсені түсіндіретін өнімді кызметтің бір түрі ретінде карастырады (Н.Я.Виленкин, Л.Ю.Германович. О.Б.Епишева. Ж.Икрамов. Б.И.Коротяв, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов және т.б.) .
Көптеген авторлар атап өткендей, шығармашылық қызметтін түрлерін сабақтың төмендегідей дидактикалық мақсаттары бойынша жіктеуге болады:
а) жалпы білім алу мақсатында зерттеу;
ә) білімді жалпылау мақсатында зерттеу;
б) білімді бекіту мақсатында зерттеу (М.А.Данилов, Б.П.Есипов, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткнн және т.б.).
М.И. Махмутов мектептегі зерттеулерді оқушылардың алдына, мәселелік деңгейі жоғары, теориялық және практикалық шығармашылық тапсырмаларды қою арқылы мұғалім ұйымдастыратынын атап өтеді. М.И. Махмутовтың айтуынша, шығармашылық тапсырмалардың ерекшеліктері болып алғашқы фактілерді жинақтау, суреттеу, талдау сияқты практикалық жұмыстар табылады. Көбінесе, мәселе бірден туындамайды, фактілердің арасындағы сәйкес келмеушілік, қарама -қарсылықтар табылғаннан соң ғана туындайды. Ал оның шешімі фактінің түсініктемесі болып табылады. М.И. Махмутов әсіресе, қазіргі мектептердегі зерттеушілік тапсырмалардың 20- шы жылдардағы мектептерде қолданылған тапсырмалар айырмашылығына ерекше назар аударады. Олар:
1. Әмбебап сипатта емес және оқушылардың басқа да қызметтерімен бірге тіркесте қолданылады.
2. Практикалық жұмыстарда (лабораторияда: мектеп шеберханаларында, мектеп оқу -тәжірибелік учаскеде өндірісте және т.б.) прагматикалық емес сипатта, теориялық біліммен оның қолданылуымен тығыз байланысты.
Оқушылардың өз бетінше танымдық қызметтің теориясына П.И.Пидкасистыйдың еңбектерінде терең талдау жасалған. Ол, оқуды оқыту үрдісінің құрамында қарастыруға тиіс және зерттеу элементтерін қосатын жеке өзіндік таным формасы ретінде практикалық ұйымдастырылуы қажет екендігін атап өтеді. Таным қызметінің осындай үрдісінде ғана оқушы өзінің дербестігін көрсете алады, яғни алынған мәліметтің дұрыстығын түрлі тәжірибелерде және сынақтарда тексереді, туындайтын сұрақтарға өз білімі мен зеректігін қолдану арқылы жауап іздестіреді. Оқушының жеке танымдағы ғылыми зерттеудің элементтерін жетілдірудің негізгі жолы оқыту үрдісінде проблемалық жағдайлардың жиынтығын қолдану. П.И.Пидкасистый атап өткендей, танымдық оқу қызметіндегі дербестік пен шығармашылық үрдісінің ірге тасы шығармашылық ізденуге қажетті білім көлемі біліктілік пен дағдының саналы түрде, терең игерілуі болып табылады.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қолдау және бекітудің психологиялық ынтасы жетістік болып табылады. Жетістікке жету барысында, оқушының жүзі қуанышпен, қанағаттанарлықпен ерекшеленеді. Жетістікке жету қуанышына бөленіп, оқушы басқа, одан да қиын істерді атқаруға дайын болады.
К.Д.Ушинскийдің пікірінше, кез-келген әрекетте, әсіресе, білім алуда-оқушыны жетістікке келтіретін шарттарды қамсыздандыру маңызды. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің жемісті өтуін қамсыздандыратын және осыған байланысты талаптар: - оқушыларды жетістікке жетуіне ұмтылдыру;
- сынып және әр оқушының жетістіктерін жүйелі көрсету, жеткен
нәтижелер туралы қорытынды беру; - мүмкін болған қиындықтарды есепке алу және олардың алдын-алуды
қарастыру; - «оқушы өз күштеріне сеніп, жетістікке жету қуанышын сезіну» іс-
әрекетін ұйымдастыру. Танымға деген бағытты арттыра отырып оқушылардың шығармашылық іс -әрекетке баулу қажет. Проблемалық тапсырмаларды орындау барысында әрекет субъектісі үшін жаңа, пайдалы нәрсе қалыптасады. Бұл мәндегі әрбір проблемалық тапсырма шығармашылық болып табылады. Жаңа туралы сөз қозғағанда, субъект үшін жаңа нәрсені назарға аламыз және бұл «жаңаны» оқушы өзіндік іздену әрекетінін нәтижесінде өзі үшін ашуға және жасауға міндетті. Мұндай әрекеттің механизмін қарастырайық: оқушылар жаңа білім меңгергені үшін жақсы баға алу арқылы бағытталған. Өзіндік жұмыс үрдісінде негізгімен қатар, жаңа материалды еске түсіруі тағы бір неше түрі қосылады: көзбен көру, дыбыстау, есіту, жолдасымен талдау, кайталау. Олай болса, төменгі сынып оқушыларының шығармашылық іс -әрекетке баулу үшін, біздің ойымызша, білімді менгеру механизімінің өзгерісі қажет: жаңа білім оқушыға дайын үлгі түрінде берілмейді, оны олар өзіндік іздену әрекеті үрдісінде жасайды. Оқу тапсырмаларын логикалық және практикалық шешу үшін тиімді жағдай жасауда ескеретін оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулу келесі негізгі шарттардан тұрады: - танымдық үрдістер мен жағдайлардың өзара әрекеті;
- сабақтағы қондырма рөлі;
- қабылдау мен бақылауды ұйымдастыру;
- оқушылардың назарын аудару;
- жадты дайындау;
- заттарға не құбылыстарға тән белгілер, олардың бір-бірімен өзара
байланыстары көрінетін логикалық ойлаудың негізгі формаларын- ұғымдарын қалыптастыру; - оқушылардың оқытылатын материал мәнін ұғынуын қадағалау;
- оқушылардың ойлауын дамыту, оны белсендіру;
- мықты білімге дағды мен икемге сүйене отырып елестетуге тәрбиелеу;
- танымдық әрекеттерді ұйымдастыру кезеңін есепке алу.
1-кезең белсенді өзіндік шығармашылық жұмыс үшін жағдай жасау;
2-кезең аналитика-синтетикалық ойлау әрекетін ұйымдастыру, сондай-ақ
осы негізде оқушылардың жаңа білімі мен интеллектуалды
мәселесін калыптастыру;
3-кезең жаттығу арқылы бекіту, оқушылардың танымдық
әрекетінің техникалық компоненттерін жасау мен автоматтандыру.
Оқушылардың төмендегі шарттар бойынша шығармашылық қасиеттерінің даму деңгейін анықтауға болады:
• ойлау әрекетінің маңызды шарты ретінде белгілі білім қорының болуы; • тиімді танымдық жұмыс тәсілдерінің білім жүйесін қалыптастыру; • игерілген тәсілді жаңа тапсырмаға аудара білу жиыны; • анализ бен синтез тереңдігі мен толықтылығы; • ой сапасының дамушылығы; • жекеден жалпыға жылжу жылдамдығы; • ойлау үнемділігі; • интеллектуалды белсенділік пен дербестік; • ойлау әрекетінің жалпылануы; • ойлаудың саналылығы; • ойлау әрекетінің нұсқалылығы; • ойлай әрекетінің тұрақтылығы; • ойлау дербестігі мен тараптардың көмегіне сүйену; • оқушыларда оқуға жақсы қатынастың, танымдық мүдденің, үйренуге қажеттіліктің қалыптасуы. Н.Л.Половникованың оқушылардың шығармашылық іс- әрекетінің мынадай деңгейлерін атап көрсетті:
- бірінші деңгей (көшірмелі әрекет) – шығармашылық әрекеттің негізі формасы; үлгілерінің көшірмесін жасай білуі; - екінші деңгей (өндіру, талдау)- әрекеттің негізгі тәсілдерін
игеру, олардың таңдау және алғашқы шығармашылық тұрғыда қолдану; - үшінші деңгей (шығармашылық) танымдық әрекеттің барлық тәсілдерін
таңдап, оларды шығармашылық деңгейде қолдану, П.И.Пидкасистый шығармашылық іс -әрекетке баулудың ізденімпаздықтың даму деңгейлерін былай көрсетеді: - репродуктивті деңгей-(неғұрлым төменгі) танымдық тапсырманы тек қана үлгі бойынша орындайды; - қайта жаңғыртушы деңгейі-оқушы белгілі үлгілер, нұсқаулар бойынша
әрекет етеді; - вариантты (ішінара іздену) жаңа тапсырмаларды өздігінен орындайды,
бірақ кейбір тұстарын оқытушының көмегімен орындайды; - шығармашылық (жоғары) мәселені оқушы өзі талқылап, өзі шешеді. Сонымен қорыта келе танымдық ықылас танымдық жүйесіне ғана емес, нәтижесіне де бағытталады, ол үнемі мақсатқа ұмтылысымен, оны іске асыруымен, еріктік қуат және жігерімен байланыстырылады. Мұның барысында танымдық ықылас түрлі сезімдерді қалыптастырады: интеллектуалды, эстетикалык, моральдық. Психологтардың пікірі бойынша ықылас заты «ықылас жылуымен нәрленеді». Төменгі сынып оқушыларының оқуға, танымдық қызметіне деген мотивациясын арттыру үшін оқу үрдісі ерекше түрде ұйымдастырылуы тиіс.
Қазіргі кезде кез келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай арқылы құрылады:
- мұғалім мақсатты құрастырады, бірақ бағаларды өлшеу
үшін түсіндірмейді; - мұғалім алдына қойған мәселелерді қалыптасқан мақсаттардың элементі
ретінде қарастырады; - қалыптасқан мақсаттарға жету кұралдары мен әдістерін мұғалім өзі
таңдайды, яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін ұсынады, сондықтан біз мақсатқа жетудің әдістерінің көпнұсқалығы туралы айтуымызға болады; - жаңа тапсырманы меңгеріп, қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше
мұғалімнің ұсынған жаттығуларын орындайды; - мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап, оқушылардың білім деңгейін
тексереді, ары қарай бұл цикл жалғаса береді. Осы нобайды талдап, біз мынадай қорытындыға келдік: қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқу - тәрбие үрдісі барысында білімді жинақтау болып табылады (дағдылар, шеберліктер). Ал бұл білім жүйесінің заңды нәтижесі ретінді қажет болған жағдайда алған білімін ( дағдыларын, шеберлігін) қолдана алатын жеке тұлға болып саналады. Алайда, азаматтық бүкіл өмірі бойы жиналған білімі мен ілімі соншалықты көп, терең. Сондықтан қазіргі оқыту үрдісінде оның бәрін оқушыларға жеткізу қиындап бара жатыр, тіпті мүмкін емес десе де болады. Ендеше оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек.
Мұны шешу үшін оқушы кез келген әдіспен берілген дайын білімді жаттап алуға бағытталған селқос тыңдаушы ғана болмай, керісінше, ол өзіне керекті жаңа білімді іздеп, қажет болған жағдайларда оны қолдануға ұмтылуы тиіс. Мынадай жұмыс механизмін қарастырып көрелік: оқушы жаңа білімді себепкерлеп, жақсы баға алу үшін не өз бетінше, не өзінің сыныптасымен, не топта ( 3-4 адамнан) жұмыс істеу керек делік. Өз бетінше жұмыс істеу барысында жаңа материалдық негізгі еске сақтаудан өзге тағыда басқа еске сақтаудың түрлері қосылады - көзбен көру, есту, қайталау, т.т. Біздің ойымызша, төменгі сынып оқушыларының шығармашылықмотивациясын арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай нобайы керек: . мақсатты қоя алу ( мақсатты түсіндіру);
. мақсатты жүзеге асыра білу (орындалатын бөлігі);
. нәтижені бағалай алу.
Бүгінгі мектептерде тек қана екінші буын-орындалатын бөлу ғана жүзеге асады. Сондықтан да, ол мектеп тәжірбиесінде кең таралған, өйткені мұғалім оны оңай қолдана алады. Мақсатты қоя білуге тоқталсақ, онда біз ол максаттың тек қана жекеленген, бөлек, бір-бірімен бірікпеген оқу үрдісінің талаптарын көздегенін байқаймыз. Оқыту үрдісінің мұндай түрі оқушылардың өз қызметін бақылып, оған баға беріп, нәтиженің тиімділігін қалыптастырмайды. Басқаша айтқанда, оқушының танымдыққа емес, тіпті оқу үрдісіне деген қызығуының артуы екі талай. Осы көрсетілген үш элементтің жүзеге асырылуы үшін оқу пәні ішкі ой ерекшеліктеріне, яғни ол ойдың даму тарихы мен қалыптасуына, сонымен катар әр оқу пәні-жалпы білім жүйесінің тек қана бір бөлігі екенін түсінгенде ғана іске аспақ. Яғни, қазіргі заманғы оқу үрдісінің мазмұнына деген көзқарас оның диалектикалық дамуында ғана қарастырылуы керек. Басқа сөзбен айтқанда, пәндік білім беру жүйесін негізінде диалектикалық қайшылық, яғни, бір жүйеде нақты пәнді алсақ, білім беру жүйесінің дамуына мүмкіншілік беретіні қозғаушы күш деп қарастырылады.
Түсініктерді қолдану үшін, адам, алдымен, білімнің негізін үйрену керек. Егер түсінік жоқ болса, адам элементінің барлық түрлілігін тану керек, нәтижесінде ол еш нәрсені білмейді. Өйткені, түсініктер материалдық заттардың, құбылыстардың жалпы қасиеттері мен қатынастарын нақты түрде карастырады.
Біздіңше, төменгі сынып оқушыларында ұғынатын түсініктер оның маңызын жаттап алып, көптеген жаттығуларды орындағаннан емес, оларды түсіну ғана болады. Мотивацияның өсуі мен белсендендіру барысында логикалық ойлау дами бастайды, сөздік қоры ұлғаяды, ғылыми-публицистикалық әдебиетке деген қызығу пайда болады.
Шығармашылық іс -әрекетке баулу үшін мұғалім оқу үрдісінің негізінде төменгі сынып оқушыларының мотивациясын арттыруға көңіл бөлсе ғана, олардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті, белсенділігі және тіліде дамып, логикалық ойлау кабілеті қажетті деңгейде дамиды, ал соның арқасында бастауыш мектептер орта бІлім көрсеткіштері едәуір көтеріле түсері сөзсіз. Оқушыларда оқу-танымдық іс-әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру-оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы түрде игеріп, оның танымдық- шығармашылық және қарапайым есептерді шешуге дұрыс қолдана білуге жетелейді, білімін өз бетінше жетілдіру қабілетін дамытады. Өз бетінше оқып-үйрену үшін қажетті мінез-құлықтың, ерік-жігер мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі, әсересе, жоғары сынып оқушылары мен төменгі сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыстарда айқын білінеді. Көптеген психологиялық зерттеулер оқу үрдісінде зерттеушілік тапсырмалардың қосылуы заңды құбылыс екендігін дәлелдеп отыр. Д.Н.Богоявленскийдің айтуынша, кез келген мазмұн оқыту объектісі бола алады, тек сонда, егер де олоқу қызметін бағыттаушы және ынталандырушы, белгілі бір тапсырманын түрлі қабылдайтын болса , В.В.Давыдов зерттеушілік және ізденімпаздық іс-әрекеттерді қандай да бір формада қайталаушы оқу әрекеті құрылымының ерекшеліктері мен заңдылықтарын оқытудың кажеттігін көрсетеді. Сонымен, жүргізілген талдауларға сүйене отырып, мәселенін тексерілу деңгейін жалпы түрде былайша сипаттауға болады: Өз бетінше қызметтің сипаты түрліше танымдық тапсырма шартымен және оның оқушылардың алдына койылу әдісімен анықталады; өз бетінше қызметтің ең жоғары деңгейі оқушылардың шығармашылық тапсырманы орындау барысында көрінеді.
Сөйтіп, оқыту үрдісінде шығармашылық іс -әрекетке баулу мынадай жағдайларда орын алады: 1) оқушылардың шығармашылық іс -әрекетке баулуға дайын болса, 2) оқушылардың өз бетінше шығармашылық іс -әрекет жүргізуге икемділігі болса, 3) шығармашылық тапсырмалардың анық жүйесі бар болса. Дегенмен, оқушыларды шығармашылық іс- әрекетке баулуда оқу іс -әрекетін ұйымдастырудың көптеген мәселелері әлі де болса өз шешімін таппаған. Олар: оқушылардың шығармашылық іс -әрекетке баулитын сабақтың құрылымы; оқушылардағы шығармашылық баулу белгілері; шығармашылық іс -әрекетке баулудағы мұғалім жұмысының әдістемелік жүйесі және т.б. мәселелер. Сонымен, жалпы алғанда оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың психологиялық -дидактикалық шарттары өзіндік жұмыстың мазмұны мен оны ұйымдастыру жолдарын қарастыруды көздейді. Оқушылардың өзіндік жұмысы – оларды шығармашылық іс -әрекетке, баулудың формасы ретінде қарастыруымызға болады. Оны алуан түрлі адамзат қызметтерін сипатына қарай шығармашылық (продуктивті) және механикалық (репродуктивті) іс -әрекет деп екіге бөледі. Солардың ішінде адамзат қызметіндегі үлкен орынды шығармашылық іс -әрекет алады.
«Шығармашылық іс -әрекет» ұғымын анықтау мәселесі философтардың, социологтардың, психологтардың, педагогтардың және басқа да ғылым өкілдерінің зерттеу объектісі болып табылады. Оған Б.М.Кедров , Л.Д.Кудрявцев , Я.А.Понамарев , О.К.Тихомиров және басқалардын еңбектері арналған.
Шығармашылық іс- әрекет деп - қандай да бір қатаң ереже (алгоритм) бойынша емес, өз бетінше ұйымдастыруға негізделген кез-келген қызметті түсінетіндігін айта келе Б.А.Викол өз еңбегінде соңғының құрамына қызметін тиімді жоспарлай алуға қабілетті, өз іс-әрекетін жағдайға қарай қайта құра білу, өзін-өзі қадағалау, қызметке қатысты объектілер жайлы түсінігін қайта қарау, қажет болса өзгерте алу қабілетін жатқызады. Шығармашылық іс -әрекетті анықтайтын касиет ретінде оның мынадай процессуалдық сипаттамасын қарастырамыз: негізделмеуі немесе толық емес негізделуі, қызмет нәтижссіне жету үшін қай операцияны қандай жағдайда орындау қажет екендігін білмеу (немесе дұрыс емес, толық емес білім). Оның қажетті, ерекше белгісі ретінде іс-әрекетті өз бетінше таба білу және өз бетінше шешім қабылдау талабын есептейміз.
Біздің шығармашылық іс -әрекетті былайша талқылауымыз О.К.Тихомировтың ойымен сәйкес келеді. « шығармашылық деп біз осы стадияда автоматты түрде жүзеге аспайтын үрдістерді ғана айта аламыз».
Шынында да, процессуалдық сипаттамасы арқылы шығармашылық деп анықталған кез-келген іс- әрекет алынған нәтиженің қасиеті арқылы анықтағанда да сондай болып қала береді. Себебі негізделген іс -әрекет нәтижесінде біз жаңа материалдық немесе рухани байлықтар ала аламыз. Ал керісінше болған жағдайда, біз оны дұрыс деп есептемейміз, яғни қатаң алгоритм арқылы нәтижесі жаңа материалдық және рухани байлықтар болған іс -әрекет біздің түсінігімізде шығармашылық емес. Мысал ретінде, шығыны мүмкіншілігінше аз кететін тасымалдауды жоспарлау қызметін қарастыруға болады.
Шығармашылық іс -әрекетке баулу - оқыту үрдісі үшін барынша маңызды. И.Я.Лернер интеллектінің табиғи қабілеті мен еңбек сүйгіштігіне байланысты болатын және олардың негізін қалайтын сипаттар номенклатурасын былайша көрсетті:
- білімдер мен біліктіліктерді жаңа ахуалға өз бетінше пайдалану
- таныс ахуалдағы жаңа мәселені көре алу;
- обьектінің жаңа функцнясы қызметін көре білу;
- кызметтің белгілі әдістерінен өз бегінше жаңа әдіс құрастыру;
- қарама-қайшы фактілердің барлығын, берілген мәселенің әр түрлі
шешілу мүмкіндіктерін, әдістерін көре білу; - барлық белгілі әдістерден бас тартып, принципті түрде жаңа әдіс жасау.
Келтірілген номенклатура кез келген мәселені шешу барысында түрлі формада ұшырасып отырады. Олай болса, алдын-ала шығармашылық іс -әрекеттің қатаң сызбасын жасауға болмайды. Өйткені әлі пайда болмаған мәселенің шешілу әдістерін, сипаты мен күрделілігін алдын-ала білу мүмкін емес. Тек мәселені көре білу біліктілігі мен қызмет әдістерін комбинациялауды талап ететін жаңа мәселенің шешімін іздестірудің нақты үрдістерінде ғана шығармашылық іс -әрекет тәжірибесін жинақтауға болады.
ІІІындығында, мәселе шығармашылыққа оқыту мүмкіндігі емес, окытудың тиімді болуы мен шығармашылық мүмкіндіктерді қалыптастыру шарттарында, яғни шығармашылық кызмет әдісінде болып отыр. (И.ЯЛернер).
Шығармашылық іс - әрекет тәжірибесін жинақтаудың әдісі зерттеу әдісі болып табылады. Бұл:
- шығармашылық іс-әрекеттің жоғарыда келтірілген сипаттарын
қалыптастыратын; - білімді шығармашылық түрде меңгеруді, яғни проблемалық
есептерді шешу мен осы арқылы жаңа білімдер іздеп табуды үйрететін; - танымның ғылыми әдістерін іздестіру үрдісі барысында ғылыми
әдістерді меңгеруді қамтамасыз ететін. - іс- әрекетке қызығушылық пен іс -әрекетті қажет етушілік себептер осы қызметтен тыс пайда болмайтын болғандықтан, шығармашылық іс -әрекетке қызығушылық пен оны қажет етушілікті қалыптастыру шарты болатын және де ауыстырылуы мүмкін болмайтын бірден-бір әдіс. Мұның басты міндеті мәселелер мен проблемалық есептерді шешудегі іздену қызметін ұйымдастыру.
В.Г.Разумовский шығармашылық үрдістің схемасы мен оның кезеңдері туралы былай дейді: «Ең жиі аталып жүрген кезеңдер мыналар:
1) қажеттілікті немесе қиыншылықты қарап білу;
2) осы қажеттілікті немесе қиындықты талдау;
3) жетуге мүмкін ақпараттарды қарап шығу;
4) жаңа ойдың немесе прннциптің туындауы;
5) принципті белгілі бір схемада жазу;
6) шешімінің дұрыстығын бағалау».
Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулу негізінде оқыту процесінде жүзеге асырылады. Осыған орай, оқу процесіндегі бірқатар пәндер (дүниетану еңбек, бейнелеу) арқылы оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулу жолдарын қарастыруға болады.