Ауру атауларына байланысты сөздер. Мажал. әл, күш, шама (Түркістан) [73]. Мажалы болмай қалды.
Ауру, дерт мағынасында айтылатын бейтап сөзін Түркістан тұрғындары қолданса (Байекең бейтап кісі еді ғой), сиқа сөзін Маңғыстаулықтар қолданған.
Әйтек ұстама ауру (Түркістан). Оның әйтегі ұстап ауырып жатыр.
Тамақ ауруларының аттары: Баспақ тамақтан болатын ауру (Түркістан). Бақа тамақ тамағы асқынып, ірің шығып тұратын ауру. Ділбас (Павл, Көкш) 1. түйенің көмейінен ауыратын ауруының аты. 2. (Қост) адамда болатын ауру, тамақ ісіп, қызарып ауыруы.
Сүзек ауруын Түркістан тұрғындары делбезек десе, Маңғыстау қазақтары кезік деген, келте деп Алматы, Жамбыл облыстарының қазақтары атаған. Біз келсек Әліш келтемен ауырып жатыр екен.
Суық тиіп ауыратын аурулар: Желәспі суықтан болған кесел. Мен желәспімен ауырғанда күшәләны жонып, талқандап, мейізбен талқанға қосып он бір күн жегізіп емдеді (Түркістан). Аяздап қалу (Қарақ) суық тиіп ауыру. Гезік (Қарақ) тұмау, суық тигеннен болатын ауру. Жел ауру (Ақт) суық тиіп ауыру. Желге ауу (Алм) жел тию, суықтан шаншу тию.
Жыланкөз денесі шұрық-шұрық тесік болып ауыратын құлғана, мерез ауруы. Жыланкөз ауруына жылан жегізеді.
Іш ауруларын былайша атаған: Күл кірне іші бүріп ауыратын ауру. Күл кірне жаста да, үлкендерде де болады. Күл кірнені емдегенде, пиалаға жылы күл салады. Үш жеріне қызыл дәрі, үш жеріне май салады. Жеті түрлі нәрсе қояды, ұн т.б дәндерден. Күлді толтырып салып «Әш кірне, суық кірне кірер болса, кірсе шығар болар. Әуелі құдай, құдайдан соң қурай, қурай. Өлі әруақ, тірі әруақ! Ем бола көр, шық, шық! Менің қолым емес, кірнешілердің қолы, әкім Лұқпанның қолы, шық, шық, кірне! » - деп шүберекпен жауып ауырған адамның ішіне басады. Ұшынды кірне іші бүріп ауыратын ауру, күл кірне. Бұрма іш ауру іші түйнеп ауыратын ауру. Бұрма іш ауруды кіндік түбінен саусақпен оңды-солды үш рет бұрап емдейтін бұрын. Сатқақ іш ауру іші өтіп ауыратын ауру. Сатқақ іш ауруды бұрын қаратікен тұзға шомылдырып емдейтін. Іш бұрғы іші бүріп ауыратын іш ауруының түрі. Ит тиген іші кеуіп кететін ауру түрі. Үңірек – іш ауру (Маңғыстау) [74]. Бұрнау. Іштің бүріп ауыруы (Маңғ). Бетеке (Қ.Орда, Ақт) іштің ісігі. Бетеке кетіп, бет қалар. Жерше (Шымк, Мақт) іші өтіп ауыру. Ыстық жерде жерше көп болады.
Ноқта сепкіл.
Құрқұлақ ауруының аттары: Деңгене (Жезқ, Семей). Деңгене болған адамның тісінің көк еті қанап, аяғын баса алмай, мешел боп қалады. Бүкіржік (Шымк). Көгала (Орал) діңгене, құрқұлақ.
Омал – ревматизм. Саркезін – сары ауру.
Көз аурулары: Елі – көз ауруы. Әз (ҚХР) көз ауруы, ауыр қасірет, қайғыдан, көп жылаудан көздің көру қуатынан айырылуы. Гөр (Түрікм, Ташкент) соқыр. Гөр адамның көрген күні осы ғой. Кәри (Ақт, Атырау) су қараңғы соқыр. Соны көрмей тұрсың ба, бейшара, кәри екенсің ғой. Көзді кісі (Қарақ) екі көзі су қараңғы, соқыр адам. Көзі болу (Атырау) көз ауруына шалдығу. Мақан екі-үш күннен бері қарай көзі болып жатыр да.
Сырқат, науқас мағынасында сырқос//сұрқос,. дімкес//дімкәс, кінәрәт (Қост),кірбең (Алм) жеңіл-желпі сырқат, дімкәс. сөздері қолданылады.
Аяқ аурулары: Аяқ қораздану (Атырау) аяқтың ісіп ауыруы. Аяқсу (Орал, Семей) асқыну, аяқтың ауырлай түсуі.
Берішмек (Рес, Орын) ірің ішінде қатқан ісік. Зіл (Қ.орда, Қарм) жарадан ағатын ірің. Жараның зілі алынбайынша солқылдап ауруы басылмайды. Ұстап тұрып қарайды да азғантай берішмек бар екен деп жатады емдеушілер. Бесқонақ (Қ.Орда, Қарм) шешек ауруының жеңіл түрі. Бесқонақ қана болып шыққан ғой, дәрігердің көмегімен. Бүпсек (ҚХР) асқазанның қыжылдап ауыруы. Гүңелең гүң (Қарақ) мылқау, тілі де, құлағы да жоқ, іштен туа кәріп боп туған адам. Дүрмән (Ауғ) құрсақтағы бала. Жады (Шығ.Қаз) қан ауруы. Өткен жылы Абшириннің баласы жады ауруымен қайтты. Жел (Көкш) мұрынға түсетін ауру. Мұрынға жел түскенде, тамақ қаңсып ауыра бастайды. Желғұз (Шығ.Қаз) өкпе, асқазан, т.б. іш мүшелерінің ауыруы. Жел маңқа (Рес, Орын) мұрынға шығатын жара. Жел маңқаға кейбіреу насыбай атады, кейбіреу шылым тартады. Жүгірмек (Жамб: Сарысу, Талас аудандарында) адамда болатын ауру аты. Талай дүниеден өтіп кеткен осы ғадатың тұрғанда, Қожа-еке, сен де өліп кетерсің жүгірмектен. Жылымшы ауру (Түркм, Таш) ұзаққа созылған ауру. Зәруерт ауру//зәрует ауру (Семей) қауіпті, қатты ауру. Бұрынғы кезде көп адам зәруерт ауруға душар болушы еді. Итие (Орал) баланың сүйек туберкулезі. Жас бала итие болып ауырса, оның сүйектері дұрыс өспейді. Кәл (Шымк, Мақт, Қарақ) таз. Қазір дәрігерлер кәл ауруына жол бермейді. Кәсте болу (Арал) анықталмаған ауру болу. Кесебент (Қарақ) ауру. Қазір әкесі аят, бірақ кесебент көбірек болды. Кеселхана (Қарақ) аурухана. Киез (Орал) мойынды бұрғызбай ауыртатын ауру, күйез. Киезге кездессең кербез келіншектің сыртынан сәлем ет. Көксау (Көкш, Рес) талаурап ауыратын өкпе сырқаты. Көкше 1. (Алм, Жам) буынға түсетін құрт ауруы. Көкшеге шалдыққан адам бір мүшесінен майып болады. 2. (Орал) саусақ кебесінің іріңдеп қабынуы, күбіртке. Күбіртке тырнағын жеген адамды көкше шығыпты деп айтамыз. Күбірткейлі (Қ.орда) тырнақ көбесінің іріңдеп қабынуынан болатын жара, күбіртке. Күләпсән (Ақт) денеге сары жара болып түсетін тері ауруы. Шерміш 1. (Таулы Қошағаш) кішкене адам. 2. (Сем, Маңғ) қарны қампиып, жүре алмай қалған, ауру, мешел бала. Ол шерміш болыпты ғой. Шипә (Көкш) шипа, ем, дауа. Шошымал (Қост) шошынып, елегізіп ауыратын ауру. Шошымал болған баланы қожа молдаға үшкіртіп жатушы еді, содан тәуір боп кететіні де болады. Шұбаты (Қост) күйдіргі ауруы. Шұбаты шыққан адамның басы айналып, денесі қатты қызады, ем қолданбаса, адам өліп кетуі де мүмкін. Шығу 1. (Атыр, Қост) шиқан, сыздауық. 2. (МХР) жара. Ойнына шығу шығыпты ғой Шілделік (Орал, Қост) баланың, әсіресе, емшектегі баланың бетіне түсетін жара.. Ыссы (Қарақ.) қышыма, қотыр. Ысытпа (Шымк, Қ.орда) безгек. Ысытпа білінер кезде кісіні қалшылдатып тоңдырады. Табы (Қарақ) ауруы бар, науқас. Қарлығаштың табы бар ғой, әр жылы осы мезгілде ауыра береді. Тақыл (МХР) оба ауруы. Тәжі (Орал) адамның бетіне түсетін жара. Тырыспай (Қ.орда) қол-аяғы тырысып ауыратын ауру; оба ауруы. Сақау (Сем) сөйлей де, ести де алмайтын кемтар адам. Сар кезік (Атыр, Маңғ) сары ауру. Сармас (Алм); сарылама (Түрікм); сатық ауру (Жамб) сары ауру. Сарып (Қарақ.) буын-буыны сырқырап ауыру (бруцеллез). Селеуіш (Орал) баланың бетіне бөртіп шығатын жара. Сиқа (Атырау) ауру, науқас. Сом (Орал) адамның етті жеріне шығатын ісік, жара. Мойнына сом шығып, сәні кеткен жігіттің. Суық жел (Алм) ауру түрі. Суық желің болса, ыстық-ыстық май шыжғырып ұртта. Сұқ түскен (Орал) көз тиген, көздің сұғы өткен. Сүйек ауру (Жамб) сүйектің ісіп кебетін ауру түрі. Сүйек тасу (Қ.орда, Жамб) адамның сүйегі, буын-буыны сырқырап ауыру. Сүйек тасу ауруын байқасымен дәрігерге көріну керек. Сүйек чағу (МХР) аяққа суық өту (ревматизм). Түнде сүйек чағып ұйықтамай чықтым. Сыйқа (Атырау, Маңғ) ауру, дерт, сырқау. Миларын тесіп құрт жеген, Сыйқалы екен бастары-ай, Құрт жегеннің зарпынан, Болған екен миы қашпалы-ай! (Қашаған ақын). Сырқуат (Орал, Павл) аяқ-қолдың сырқырап ауыруы. Сырқуат желден жабысады. Омал (Атырау, Маңғ) ревматизм ауруы. Өкпе қалқу (Рес) өкпенің қабынуы. өкпе қалқыған кезде андыздың тамырын қайнатып ішеді. Пес (Қарағанды обл) алапес ауруы. Бұрын песпен көп ауыратын. Бұл күнде пес ауруы кездеспейді. Порқан (Қарақ.) бақсы. Нысан (Қарағанды обл) ерінге түсетін жара. Қабырға зертең (Сем) ауру аты. Түсіпхан қабырға зертеңнен өлді. Қадақ (Қ.орда, Алм) өкпеден суық тиіп ауыру. Қазбашы (Қ.орда) укол салатын дәрігер. Қақас, қақастау (Қ.орда, Арал) науқас, сырқат. Күндегіге қарағанда бүгін қақастаумын. Қам (ҚХР) шаман, бақсы, балгер. Қансарсу (Рес) ревматизм. Ол кісі салқын тиіп қансарсу болған. Қара жел (Сем) сай-сүйекті қақсататын ауру. Қара жел (Талд) ішіне жел кіргеннен іші кеуіп ауыру. Қарамық 1. (Рес) қызылша ауруының бір түрі. 2. (Талд) шешектің бір түрі. Қарандыз (Жамб, Сем) сазды жерге шығатын, түбін дәрі үшін жұмсайтын өсімдік. Қари (Атырау) соқыр. Көзі қари болған адам. Қарлық (Атырау) тамақтың ауруы. Салқын су ішкеннен тамағым қарлық болып жүр. Қиғақ (МХР) қолға, саусаққа түсетін жара. Қолына қиғақ түсіпті. Қима (Сем) бас ауруы. Қималы (Рес) аурушаң, денсаулығы кем. Қой ауру (Орал, Атырау, Түрікм, Таш) қарны үлкейіп, ішкені бойына жұқпай, шеке тамыры көгеріп тұратын балалар ауруы. Қазір қой ауруын тез-ақ емдейді. Құзыр 1. (Ақт, Атырау, Маңғ, Орал) ауру, дерт, сырқат. Сенің қандай құзырың бар? 2. (Рес) мерез. Құлғана (Алм) тамақтың тесіліп ауыруы. Құмыр (Түрікм, Таш) суды көп ішетін ауру түрі. Құрөзек (Қ.орда) жас баланың тамақ ауруы. Құрсақ туу (Атырау) бала табу. Құшныр (ҚХР) балшы, балгер, бақсы. Құшыр (Өзб) дәрігерлік ем, шипа. Қызба (Қарақ.) безгек ауру. Қыздырма (Атырау, Маңғ) безгек ауруы. Қызыл өңеш (Қост), қылғыма (Жамб), қылөңеш (Қост) қылтамақ. Қылғұна (Жамб) мойынға жара шығып, іріңдеп жазылмайтын ауру. Қылша (Алм, Жамб, Жезқ) қызылша. Мейман (Жамб) шешек ауруы. Музайка (Жамб, Шу) темекіден болатын ауру аты. Мысқыл (Ақт) мерез. Тамаққа жара түсіп, іріңдеп жүретін ауру.
Жындану, ауысуды 1. есалаң, есуас, делқұлы, суасы, манжу, мақауыс (Қостанай облысы). 2. миғула, кекес, жарымес, кеше (Атырау). 3. мәнжу, есалаң (Алтай.авт.обл) 4. әйтек (Шымкент обл) . 5. меңіреу, делбетап, нақұрыс, бедірек, жарымес (Алматы обл). 6. мәжүн, езмалта нәумесір, есуас (Семей обл). 7. кембағыл, миғула (Баянөлгей ауд) 8. мақау (Ақтөбе обл).
Қылтамақ ауруының жер ерекшелігіндегі диалектісі: Қылғыма (жамб обл, Шу ауд); қызылөнеш (Торғай обл, Жанкелді ауд); сарыауру (Алматы обл, Жамб ауд); сарамас (Қарақалпақ); тырыспай (Қызылорда обл, Арал ауд).
Буын қабыну (ревматизм): әруақ (Орал обл); сүйек тасу (Жамб обл); қансору (Орынбор обл); омал (Маңғыстау ауд);
Диалектолог Р.И. Аванесов диалектілік айырым белгілерінің пайда болу жолы әр түрлі дей келе, белгілі бір диалектілік жүйедегі кейбір айырым белгілер тілдегі басқа диалектілік жеке жүйелерге қатыссыз, байланыссыз болып келсе, бірде сол диалектілік жүйедегі айырым белгілерінің бірқатары басқа диалектілік жүйедегі сол типтес айырым белгілерге қатысты, байланысты болып келетініне тоқталады. Осыдан барып айырым белгілер қатыссыз, қатысты болып екіге бөлінетінін көрсетеді.
Белгілі бір диалектідегі тіл ерекшеліктерінің басқа диалектілік жеке жүйелерге қатыссыз болып келуінен сәйкессіз диалектілік ерекшеліктер пайда болады. Демек, сәйкессіз, сәйкесті диалектілік ерекшеліктер жеке диалектілік жүйелердегі тіл элементтерінің біріне-бірі қатыссыз я қатысты болып дамуының нәтижесі [75;30]. Олардың басқа диалектілерде мағына жағынан сәйкес келетін баламасы, яғни қарама-қарсы құбылыстары болмайды.
Жергілікті халықтың географиялық, кәсіби-шаруашылық, мәдени-рухани өмірі мен әдет-ғұрпындағы өзгешелікке байланысты бір сөйленісте белгілі бір ауру атауы басқа жерлерде кездеспеуі, айтылмауы, тіпті оған балама боларлық атаудың болмауы мүмкін. Осы құбылыс сәйкессіз диалектілік ерекшеліктерді туғызады. Мысалы: орал аймағында күбіртке сияқты тырнақ арасынан шығатын жараны қандыкерік деп атайды. Осы ауру атауы қазақ тілінің басқа сөйленістерінде жоқ.
Диалектілік материалдарға қарағанда қазақ тілінде бір-біріне жақын сөйленістерге ортақ сәйкессіз ерекшеліктер де кездесетіні байқалады. Мысалы: Қарақалпақстан аймағындағы қазақтардың тіліндегі сарамас (сары ауру) сөзі Оралдың Чапай өңірінде де кездеседі. Бірақ, бұл өңірде сарамас ауру атауы емес, ол сорлы, бейшара деген ұғымды білдіреді. – Ой, сарамас, сарамас, саған арам ас, - деп қарт біреуге күбірлеп, зілдене тіл қатады.
Оралда баланың туберкулез ауруын итие деп атаған. Осы атау Қазақстанның басқа сөйленісінде кездеспейді. Сол сияқты, Қостанай халқының тілінде күйдіргі ауруының шұбаты деп аталуы сәйкессіз диалектілік ерекшеліктердің көрінісі болып табылады.
Сәйкесті диалектілік ерекшеліктер белгілі бір диалектілік жүйедегі тіл ерекшеліктерінің басқа диалектілік жеке жүйелерге қатысты болып келуінен, яғни бір сөйленістегі белгілі бір құбылыстардың басқа сөйленістерінде соған қарама-қарсы тұрған, парапар құбылыстары болуынан туады. Мысалы: сары ауру, сар кезік, сарамас // сармас, сары гезік, сар ауру, сатық, сарылама сөздері сәйкес диалектілік құбылыстың сыңарлары.
Маңғыстау қазақтарындағы жергілікті ерекшеліктерді Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан көптеп кездестіруге болады. Мысалы: қышытқы – қышыма. Қышытқыға шыдамағандар өздерін өздері осқылап үсті-бастарын жарақаттап далдұл қып тастады [76;263].
Бүкіржік – рахит болу (бойы өспей қалу). Қызылорда өңірінде бұл сөз құрғұлақ мәнінде қолданылады. Мысалы: Қыс тісінің арасына сіңір кірмесе, жаз таңдайына өңез қатпаса, қазекең бүкіржік боп орнынан тұра алмай қалады ғой [Кекілбаев, 245 б]. Қазақ тілінде кішірейткіш, еркелету, менсінбеу сияқты мағына беретін – шық//шік аффиксі бар. Ол оғыз тілдерінде – жық//жік болып айтылады. Сонда бұл жерде ж//ш сәйкестігі бар деген сөз.
Мысқыл – мерез жарасының бір түрі. ..... мысқыл жараны ыссылай тартқан күшік етінің былауы қағып түсед (265 б)
Басыр – соқыр, екі көзі көрмейтін адам. Ал бұның сол іргеге телмірген, есікке телмірген басыр күйі. Монтан (Жамб) қарақұрттың уын оқып қайтаратын адам.
Достарыңызбен бөлісу: |