Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет51/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Ем-дом жасау. Марусяға ем-дом жасау оңайға түспеді (М.Мақатаев). Қазы да жаман болмас еді-ау! –деді Бәйтекең өзі білетін ем-домын тізіп (Ғ.Сланов. Жанартау, 107 б). Мұндағы бізге түсініксіз сөз – «дом». Түркі тілдерінің бірі туваларда дейді ғалым Ә.Нұрмағамбетов, «дом» сөзі жеке тұрып-ақ ауруды дуалау, үшкіру немес дәрі мағынасын береді (тув. –рус.сл). Тува тілінде кездесуіне қарап, сөз төркіні түркі тілдері деу қиын. Тунгус-маньчжур тобына жататын кейбір тілде (салон тілінде) goo – дәрі мағынасында қолданылады. Бірақ бұл тілге монғол тілінен өткендігі көрінеді. Сондай-ақ тува тіліне монғол тілінен ауысқан деуге деректер жоқ емес. Жазба және қазіргі монғол тілінде дом – балгерлік, дуалаушылық, сиқырлық кейде дәрі мағынасында қолданылған. Ал қазақ тілінде «дом» сөзі «емге» қосарланып, қазіргі тұрғыдан алғанда, «емдеу» сөзінің синониміне айналып кеткен. Сонда «ем-домның» алғашқы мағынасы «дәрі-дәрмек» дегенмен бірдей [69;73].

Қорыта айтқанда, мұндай фразеологизмдер алғашында этнос өміріндегі ақиқат шындықты бейнелейтін шағын оқиға негізінде туындап, уақыт өте келе сөйлеу тілінде тұрақталып, семантикалық құрылымы жағынан тұтасып, этнолингвистикалық мағынаға ұласқан.

Сондай-ақ, медицина атауларының көбі қарғыс мәніндегі фразеологизмдердің жасалуына негіз болған. Бұл тіркестердің бәрі мағыналық жағынан жағымсыз әсер қалдырады. Мысалы:

Жеміт – тері мен сүйек арасындағы ет. « Жемітіңді жегір » деген қарғыс «Өз етіңді же» деген мәнде қолданылады.

- Қағынды келгір – қағынды болып ауырғыр, жетпегір.



- Қара талақ келгір – сиыр малына айтылатын қарғыс.

- Қаратүйнек келгір – ішегің түйілгір.

- Көктүйнек болғыр! – ауруға шалдыққыр деген мағынада балаларға

қаратылып айтылатын қарғыс. Көк түйнек келгірлер, нанымды талап кетті-ау, талап кетті (Ш.Хұсайынов).



- Көк шешек келгір! – шешекпен ауырғыр.

- Бықпырт тигір! Бықпырт – қойда болатын ауру.

- Қатпа келгір! – қатпа болып ауырғыр.

- Көзің аққыр! Көзің желкеңнен шыққыр! Көзің тас төбеңе шыққыр!

Көзің ағып түсіп, көрмей қалғыр, көзің теріс бітсін деген мағынада.



- Көгала келсін! – көгаламен ауырғыр, өлгір деп қарғау. - Әй, көгала,

кімнің үйі ол, айтшы қарыспай! – деп бір жағы ыза болып, бір жағы күш сұрайды. (С.Ж).



- Құлғана болғыр! – құлғана ауруымен ауырғыр.

- Сыпыр алғыр! Қара малда болатын індет.

- Желкең қиылғыр! Өмірің өшкір, жұлының үзілгір деген мағынада

көбіне балаларға айтылады.

- Мәлік (чума) келгір! Түйеде болатын ауру. Мәлік келгір, шыбындап қырылып қалғыр (М.Әуезов).

- Ішегің үзілгір! Қатты жылаған балаға айтылады.

- Кежегең кесілгір! Желкең қиылғыр деген мағынада.

- Топалаң келгір! – қойға және балаға айтылатын қарғыс, қырғын тигір.

- Жаққұрт келсін! – тісіңнің құрты ұстасын деген мағынада айтылатын

қарғыс.

- Күйдіргі – денені қатты күйдіріп-жандырып шығатын, адамға ауру

малдан жұғатын іріңді жара. Күйдіргі микробы жұққан жер 2-3 күн өткен соң қызара күлбіреп, кейін оған қанды сұйық зат жиылып жарылады.



- Ақшелек келгір! - өте тез таралатын жұқпалы ауруға шалдыққыр деген

мағынада жұмсалады.



- Ала күлік келгір! Ала күлік түйеде болатын аурудың түрі.

- Көк шешек – тілдегенде, ұрысқанда ер балаға айтылатын сөз.

- Жұлының үзілсін! Өле қал деген мағынада.

- Тіліңе теріскен [шиқан, күйдіргі, теміреткі] шықсын!

- Құмыр болғыр! – ауру болғыр. Құмыр – Түркменстан қазақтарының

тілінде суды көп ішкеннен болатын ауру түрі.



- Cусамыр болғыр! – сусап ауыратын кеселге душар болғыр деген мағынада.

- Шешек шыққыр! – қорасан шығып, өлгір деген мағынада жұмсалады.

- Алаөкпе тигір [болғыр]! Кеселге ұшырағыр! Мына алаөкпе тигірлеріңді

кидірмелетіп қайда апарасың, үйге кіргізейін деп пе едің соншама? (Х.Есенжанов).



- Бауыры езілсін! Бауырың тілінгір! Бауырыңа құрт түссін! Оны

бауырым дегеннің бауыры езілсін! (М.Әуезов).



- Сүйегің шыққыр! Өлігің шықсын, өл деген мағынада.

- Шиқан шыққыр! – сыздауық, жара басқыр деген мағынада.



- Аусыл болғыр! Сиыр малына айтылады.

- Күл шыққыр! – күл ауруы келгір.

-Ой, зәріңді ішкір! «Өз зәріңді өзің ішіп, уланып өлгір!» деген мағынада айтылатын қарғыс.

-Ой, зәрің зәр түбіне кеткір! «Зәрің ішіңнен шықпай, өзі шығатын өт жолында, қуығыңда қалсын!» деген жаман қарғыс.



- Қорасан шыққыр! – қорасанмен ауырғыр деген мағынада жұмсалып,

жаман ниет, қарғыс мәнді тіркестер санатына жатады. Қазақ тілінде «қорасан» шешек ауруының орнына эвфемистік ауыспалы мағынасы қолданылады. Бұл аурудың шешек, күл, әулие деген үш атауы бар.

Фразеологизмнің негізгі компонентіне алынған «қорасан» сөзі – VIII-X ғасырлардағы Иран провинциясындағы Хоросон – шығыс халқының мұсылман діни орталығы ретінде діндарлардың Мекке және Мәдина қалаларына барғаны сияқты жаратушыға бас иіп, оған табынып әр түрлі жұқпалы аурулардан жазылу үшін садақа беретін жері [70;222 б]. Осыдан «әулиге ат айтып, қорасанға қой айту» деген фраза қалыптасқан. Мұндағы «Әулиге ат айтып, қорасанға қой айтып» тіркесіндегі «әулие» сөзі өз-өзінен түсінікті, ал Қорасан деген кім? Енді осыған тоқталып өтсек:

«Қорасан баба атанып кеткен Әбдіжәлил баб Әзірет Әлімен алтыншы атадан, Мұхаммед пайғамбармен жетінші атадан қосылады. Ол жауынгер қолбасшы және елге мұсылман дінін таратушылардың бірі. Шежірешілер оның Қорасан лақабын иемденуін Ирандағы Қорасан қаласын жаулап алуына әкеп тіресе, бір деректе Қорасан ауруына ем табумен де байланыстырады» [71]. «Қорасан» сөзі қазір қазақ тілінде «ауру» мағынасында ғана айтылады. Бұл сөз мағыналық дамудың нәтижесінде омонимдік қатарлардың қалыптасуына негіз болған. 1. Қорасан – қала. 2 . Қорасан - әулие. 3. Қорасан – ауру. Осы белгілердің ішіндегі ауру түрі фразеологизмнің қалыптасуына уәж болған.

Осындай халықтық медицина атауларының фразеологизмдердегі көрінісін қарастыра отырып, біз ұлттың, халықтың байырғы дүниетанымы, дүниетүйсігі, салт-дәстүрі жеке сөздерге қарағанда фразеологизмдерде молырақ қордаланғандығына тағы да көзімізді жеткіземіз. Сондықтан фразеологизмдердің этномәдениеттің қоймасы, этномәдениетті сақтаушы және бүгінгі заманға жеткізуші қызметтері көрер көзге ұрып тұрады. Қысқасы, фразеологизмдерде Адам, Қоғам, Табиғат жөнінде тілдік ұжымның сан ғасырлық дәстүрлі білімдер жүйесі сақталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет