Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет31/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)

Ферментативті қасиеті. Пневмококктардың қант ыдырату қасиеті жақсы дамыған, олар лактозаны, глюкозаны, сахарозаны, мальтозаны, инсулинді қышқылға дейін ыдыратады. Маннитті ыдыратпайды. Ақуыз ыдырату қасиеті нашарлау: сүтті ұйытады, желатинді ерітпейді, индол түзбейді. Пневмококктар өтте ериді. Инсулинді ыдыратуы және өтте еруі пневмококкті, стрептококктан ажыратуға диагностикалық маңызы зор.
Патогендік факторы. Пневмококктар гиалуронидаза, фибринолизин, т.б. өндіреді.
Токсин түзуі. Пневмококктар эндотоксин, гемолизин, лейкоцидин түзеді. Вируленттігі пневмококктың капсуласындағы антифагинге байланысты.
Антигендік құрылымы немесе классификациясы. Пневмококктың цитоплазмасында протеинді антиген, ал капсуласында полисахаридті антиген болады. Полисахаридті антигенге байланысты барлық пневмококктар 84 сероварға бөлінеді. Адамдарда жиі кездесетіні 1,2,3 сероварлар.
Қоршаған орта факторларына төзімділігі. Пневмококктар тұрақсыз микрооргнаизмдерге жатады. 60 градус температурада 3-5 минуттан кейін өледі. Салқын температура мен кептіруге төзімді. Кептірілген қақырықта 2 айға дейін тіршілігін сақтайды. Қоректік ортада 5-6 күнге дейін сақталады, сондықтан өсім алғанда 2-3 күн сайын қайта себу керек.
Дезинфекциялаушы ерітінділер: 3 % фенол ерітіндісі бірнеше минуттан кейін өлтіріледі.
Жануарлардың қабылдаушылығы. Пневмококктардың табиғи қожайыны адам, сонымен қатар олар бұзауларда, қозыларда, иттерде, шошқаларда және маймылдарда ауру қоздырады. Тәжірибелік жануарлардан ақ тышқандар пневмококке өте сезімтал.
Инфекция көзі. Ауру адам және бактериятасымалдаушы
Таралу жолдары. Ауа түйіршіктері және ауа шаңдары.
Ену жолдары. Жоғары тыныс жолдарының кілегей қабаты, көз, құлақ.
Адамдағы аурулар. Пневмококктар іріңді қабыну ауруларын әртүрлі мүшелерде қоздырады, жиі кездесетіндері : 1. Өкпенің қабынуы
2. Көз жарасы
3. Құлақтың қабынуы(отит)
Өкпенің қабынуы жиі кездеседі, ауыр түрде, жоғары температурамен, жөтелмен сипатталады, ақыры қаза болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет