Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет62/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Ұзақтығына қарай: 1. Жедел
2. созылмалы түрі болады.
Иммунитет- тұрақты.
Арнайы алдын-алу шаралары. Кемірушілермен, құрт – құмырсқалармен күрес. Санитарлық шаралар.
Арнайы шаралары. Табиғи ошақты мекендейтін адамдарға вакцина жасалады.
Иммунитет 3- 6 жылға дейін сақталады.
Емі. Стрептомицин, биомицин, тетрациклин, мономицин, канамицин.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Туляремия қоздырғышын анықтау.
Материалды алу және зерттеу қатаң режимдік жағдайда болу керек!
Зерттеу материалы. 1. Бубонның ішіндегісі
2. көз кілегейінің шырыны
3. қақырық
4. нәжіс
5. қан
Негізгі зерттеу әдісі. 1. Аллергиялық
2. серологиялық
3. биологиялық
4. люминесценттік- микроскопиялық
Қоректік орталар. Сарысу ортасы.
Бруцеллез (Сарып).
1886 жылы Д. Брюс өлген адамның талағынан ұсақ коккобактериялар анықтаған, оны Micrococcus деп атаған. Оны 1896 жылы Б. Банг, 1914 жылы Ж. Траум, 1916 жылы Ивенс та анықтаған. Олар өте ұқсас болғандықтан Брюстің атымен бруцеллалар деп аталған.
Бруцеллалар қожайының белгісіне байланысты әртүрлі болады:
1. Br. Melitensis –ұсақ малдар ауырады (қойлар, ешкілер)
2. Br. abortus – ірі қара малдар ауырады
3. Br. Suis – шошқалар ауырады.
Бруцеллаларландың әр түрі биоварларға бөлінеді. Br. Melitensis- 3 биовары бар. Br. abortus - 9 биовары бар. . Br. Suis- 5 биовары бар.
Адам үшін патогенді Br. Melitensis.
Морфология. Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары ұсақ 0,6 – 0,8*0,3-0,5 мкм таяқша немесе сопақша тәрізді. Қозғалмайды. Спора түзбейді. Нәзік капсуласы бар. Грам теріс.
Культивирлеу. Бруцеллалар – аэробтар. Қоректік ортаны талғайды. Жәй өседі( 2-3 апта ). Арнайы қоректік ортада өсіреді: сарысу – декстраз агар, агар картофель тұнбасы сарысумен және қанды агар, ЕПА бауырмен, ЕПС. Олар 37 градус температурада рН 6,8-7,2 өседі. Тығыз қоректік ортада нәзік, ұсақ, томпақ жылтыр S- түрлі колония құрады. Кейбір факторлардың әсерінен R- түрге өзгереді. Антибиотиктердің әсерінен 1- түрлі пайда болады. Сұйық қоректік ортада біркелкі лайлы болады.
Бруцеллаларды күкірттісутек құруына және бояулы орталарда (фуксин, тиамин) өсуіне ажыратады.
Ферментативті қасиеті. Бруцеллалар Д – рибозаны, Д – галактозаны, аланинді, аспарагинді ыдыратады. Кейбір штаммалары амин қышқылдарын аммиякқа дейін гидролиздейді. Бруцеллалар гиалуронидаза, каталаза, пероксидаза, липаза, фосфатаза құрайды.
Токсин түзуі. Эндотоксин түзеді. Сонымен қатар аллергендік қасиеті бар.
Антигендік құрылымы. Бруцеллаларда 2 соматикалық қарсытек бар: А және М. Олар микроб клеткасының құрамына кіреді.
Br. Melitensis- те – М –қарсытегі.
Br. abortus және Br. Suis – A – қарсытегі.
Сонымен қатар термолабильді Vi қарсытегі де анықталған.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. 100 градус температурада бруцеллалар бірден өледі. 60 градус температурада 30 минуттан кейін өледі. Төмен температураға төзімді. Күн сәулесі оларды өлтіреді. Ылғалды жерде 3-4 айға дейін сақталады. Сүт тағамдарында 40-45 күн, қатырған етте 5 айға дейін, топырақта және суда 3-5 айға дейін сақталады.
Жануарлар қабылдаушылығы. Бруцеллезбен негізінде ауылшаруашылық малдары, шошқалар, т.б. ауырады. Бруцелланың әр түрі белгілі бір жануарда ауру тудырады, сонымен қатар олар бір түрден екіншісіне ауысып отырады. Мысалы: Br. Abortus кіші малдарда да ауру тудырады.
Аурудың негізгі белгілері: ұршағы малда- аборт (түсік тастау) еркек малда- орхит (жұмыртқасының қабынуы). Сонымен қатар буындары зақымданады, арықтайды, жүні түседі. Бруцеллез жануарларда жасырын түрде болып, аурудың таралуына мүмкіндік туғызады.
Тәжірбиелік жануарлардан бруцеллезбен ақ тышқандар мен теңіз шошқалары ауырады.
Инфекция көзі. Ауру малдар.
Таралу жолдары. Тамақ арқылы, тұрмыстық – жанасу, ауа түйіршіктері.
Жанасу жолы: жануарлармен жұмыс істегенде, мал сойғанда, еттерін өндегенде т.б. жұғады. Ауа арқылы: тыныс жолдарының кілегей қабаты, тері арқылы.
Тағамдар: жұқтырылған сүт тағамдары: сүт, брынза, ет, т.б.
Патогенез. Ағзаға еніп, лимфа жолдары арқылы қанға, сүйек миына, паренхиматозды мүшелерге өтеді және клетка ішінде орналасады. Ауру асқынғанда бруцеллалар клетка ішінен шығып қайтадан қанға түсіп, ауру қайталайды. Буындар қабынады, невралгия, табиғи аборттар болады.
Иммунитет. Фагоцитозбен және гуморальды факторлармен байланысты.
Алдын-алу шаралары. Жануарларды зерттеу, сүт және ет комбинаттарында.
Арнайы алдын-алу шаралары. Тірі вакцинамен иммундау.
Емі. Антибиотиктер: левомицитин, эритромицин, иммуноглобулин.
Микробиолгиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Бруцеллез қоздырғышын анықтау.
Зерттеу материалы. 1. Қан
2. жұлын сұйықтығы
3. сүйек майы
4. зәр
5. емшек сүті
6. секциялық материал
Негізгі зерттеу әдісі. 1. Серологиялық
2. аллергиялық
3. биологиялық
4. бактериологиялық
Қоректік орталар: 1. ЕПС
2. ЕПА
3. сарысу- декстрозды агар
4. қанды агар
5. «Д» ортасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет