Жанғыш көмірсутекті газды өңдеуге дайындау. Жанғыш газдар дегеніміз газтәрізді заттар қоспасы: C1- C4 алкандар мен алкендер, сутектер, көміртек тотығы мен H2S, азот, аргон, гелий мен су буы көміртек қостотығы сияқты жанбайтын газдармен сұйытылған.
Жанғыш газдар шыққан тегіне тәуелді келесі топтарға жіктеледі:
табиғи (құрғақ), оның көп бөлігі газды кенорнынан өндірілген метаннан тұрады;
мұнайлы (майлы), CH4 мен оның гомологтарынан C1- C5 тұрады олар мұнаймен ілесе шыққан;
газоконденсатты, құрамы бойынша газконденсатты кенорнынан өндірілген мұнайға ұқсасты;
жасанды, оларға жатады: 1) мұнайзауыттық, мұнайды өңдегенде алынған; 2) қатты отынды өңдегендегі газдар (коксты және т.б.).
H2S пен CO2 көмірсутекті газдардың қышқылды коррозиялық-агрессивті компоненттері болып табылады, ол ылғалды ортада құбыр мен қондырғыда ішкі коррозия туғызады да газдың отындық сапасын нашарлатады. Сондықтан осы қоспаларды көмірсутекті газдарды өңдеп, тасымалдау алдында бөліп алып тастау керек.
Газда болатын ылғал, аппаратура жұмысында әртүрлі қиындықтар туғызады. Су буы ұңғыда дайындау жағдайында және тасымалдағанда конденсирлене алады, сол себепті қатты кристалогидраттар түзіп, ол авариялық жағдай туғызады. Осы себепті табиғи газдарды қышқыл компоненттерден тазалағаннан кейін қажетті нормаға дейін міндетті түрде кептіру керек. Практикада жанғыш газдардың ылғал құрамы туралы олардың шықтану нүктесі бойынша белгілейді, ол дегеніміз су буы конденсациялана алатын температура (яғни шық түрінде түседі).
Жанғыш газдарды кептіру. Табиғи газдарды кептіру үшін абсорбциялық процесс кең қолданылады, абсорбент ретінде жоғарыконцентрленген гликоль ерітнділері – диэтиленгликоль (ДЭГ), триэтиленгликоль (ТЭГ), сонымен қатар пропиленгликоль (ПГ) қолданылады.
Газды кептіру процесіне екі саты кіреді, ылғал абсорбциясы мен десорбциясы табақшасы (немесе насадкасы) бар бағанды типті екі аппаратта сәйкесінше жүзеге асады – абсорбер мен десорберде. Абсорбция ~20°С темпераутра мен - 2-6МПа қысымда жүзеге асады, десорбция – төмен қысымда және жоғары температурада 160-190°С.
2 сурет. Табиғи газды гликольдермен кептірудің қондырғысының кескіні: I – шикі газ; II – кепкен газ; III – қаныққан гликоль; IV- регенерацияланған гликоль; V- су конденсаты; VI – көмірсутектер мен судың конденсаты; К-1 – абсорбер; К-2 – десорбер; С-1 және С-2 –сепараторлар-каплеотбойниктер; Е – конденсаттың жинаушы ыдысы
H2S пен CO2 жанғыш газдарды тазалау.. келесі негізгі процестер қолданылады:
- абсорбциялық, физикалық немесе химиялық абсорбентерді әлде олардың қоспасын қолдана отырып;
- адсорбциялық, цеолиттерді қолдана отырып.
- тотықтырғышты, күкіртті қосылыстарды (H2S, меркаптандар) элементтік күкіртке химиялық түрлендіруге негізделген немесе сілтілік ерітіндіні каталитикалық тотықтырып ренегерациялау мен газдарды сілтілік тазалаудың комбинирленген процесін қолданып (Мерокс-процесі типті).
Физикалық абсорбциялық процестерде абсорбенттер ретінде диметиловый эфир полиэтиленгликольдің диметил эфирін (селоксол-процесс), N- метилпирролидон, пропиленкарбонат (флюор-процесс), метанол және т.б. қолданады. Химиялық абсорбенттер ретінде аминдер, сілтілер, аммиак және т.б. кең қолданады
Комбинирленген абсорбциялық процестерде, сіңіруші ретінде физикалық немесе химиялық сіңіргіштер қолданады, практикалық кең таралған «Сульфинол» процесі онда сульфанол мен диизопропаноламин. Ертеде отандық ГӨЗ және МӨЗ жанғыш газдарды тазалауға этаноламинді процестер (МЭА, ДЭА) кең қолданылды.
Негізгі әдебиет 1[35-49], 3[20-38], 5[19-53],1[]
Қосымша әдебиет 4 [120-136],6[22-70]
Бақылау сұрақтары:
Мұнайды ұңғыда дайындау мақсаттары.
УПН технологиясы.
Жанғыш көмірсутекті газдардың жіктелуі.
Тасымалдауға және өңдеуге жанғыш газдарды дайындау үшін қолданылатын технологиялық процестер.
3 ДӘРІС. Өнеркәсіптік қондырғыларда мұнай мен газды біріншілік өңдеу. Атмосфералық-вакуумды мұнай өңдеу қондырғылары
Мұнай өңдеуді түтікті (АТ) және вакуумды түтікті (ВТ) немесе атмосфералы-вакуумды түтікті (АВТ) қондырғыларда жүзеге асырады. Технологиялық мұнай айдау қондырғылары барлық МӨЗ негізін құрайды. Оларда мұнай химия өндірісі үшін және екіншілік процестер үшін шикізаттар, майлағыш майлар, мотор отынының барлық компоненттері өндіріледі.
Біріншілік мұнай өңдеу қондырғысы үздіксіз жұмыс жасау үшін және МӨЗ өңдеуге түскен мұнайөнімінің сапасын жақсарту үшін мұнайды қосымша тұзсыздандырып, сусыздандырады. Егер мұнайда хлоридтер құрамы 3-5 мг/л және су болса жеткілікті деп саналады.
Заманауи өнімділігі жоғары мұнай өңдеу қондырғысы дегеніміз ол: екіншілік айдау мен бензин фракциясы тұрақтанған, тұзсыздану және сусыздану процестері комбинирленген болып табылады: ЭЛОУ-АВТ-екіншілік айдау.
ЭЛОУ-АВТ-екіншілік айдау комбинирленген қондырғысының принципті технологиялық кескінімен танысамыз. Қондырғы келесі бөліктерден тұрады:
Екісатылы сусыздану және тұзсыздану блогы;
Мұнайды атмосфералық айдау блогы;
Мазутты вакуумды айдау блогы;
Бензин фракциясын екіншілік айдау және тұрақтандыру блогы.
Блок ЭЛОУ. ЭЛОУ негізгі аппараты электродегидраторлар болып табылады. Мұнайды тұзсыздандыру процесі үлкен су мөлшерін қолданумен байланысты. Престті суды қолдануды қысқарту үшін сәйкесінше, көптеген МӨЗ ағын су мөлшерін азайту үшін жуылған су берілуіне қарсы ағыны бар екісатылы кескінді қолданады.
Екісатылы тұзсыздану және сусыздану ЭЛОУ принципті кескінін қарастырайық .
Достарыңызбен бөлісу: |