Кіріспе. Мұнай мен оның әлемдік экономикадағы ролі. Органикалық заттардың өнеркәсібінің негізгі бағыттары



бет9/23
Дата02.12.2019
өлшемі5,51 Mb.
#52825
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
ОЗХТ УМК КАЗ
ОЗХТ УМК КАЗ

13 сурет. Г-43-107 каталитикалық крекинг қондырғысының технологиялық кескіні: I – гидротазаланған шикізат; II –АГФУға кетеін газ; III – тұрақтануға баратын тұрақсыз бензин; IV – жеңіл газойль; V – ауыр газойль; VI – декантат; VІІ – су буы; VІІІ – түтінді газдар; ІX – су; Х – ауа; ХI – катализаторлы шаң
Р-1 отпорлы аумағынан кокстенген катализатор көлбеулі катализаторжүргізгіш бойымен Р-2 регенератордың қайнаушы қабатына беріледі онда кокс күюі жүзеге асады. Регенерацияланған катализатор төменгі көлбеулі катализаторжүргішгішпен одан ары лифт-реактордың араласу түйініне түседі.

2. Каталитикалық риформингтің өнеркәсіптік қондырғылары



14 сурет. Катализатордың стационарлы қабаты бар каталитикалық риформинг қондырғысының технологиялық кескіні:

I – гидротазаланған шикізат; II – ВСГ; III – тұрақты катализат; IV – құрғақ газ; V – басты фракция


Негізгі әдебиет 1[327-355], 2[86-120], 8[105-128]1[]

Қосымша әдебиет 1[140-167], 2[220-2253], 3[1220-237]

Бақылау сұрақтары

1. Каталитикалық крекингтің технологиялық параметрлері мен мақсаты.

2. Каталитикалық крекингтің өнеркәсіптік катализаторлары.

3. Дистиллятты шикізаттың каталитикалық крекингінің химизмі.

4. Каталитикалық крекингтің лифт-реакторының қондырғылары.

5. Каталитикалық риформинг процесінің мақсаты.

6. Бензинді фракцияның риформинг процесінің химизмі.

7. Риформинг процесінің аппаратуралық суреттелуі мен технологиясы.


8 ДӘРІС. Изобутанның олефиндермен с-алкилденуі мен бензиннің пентан-гексан фракцияларының изомерленуінің процестерінің технологиясы мен теориялық негіздері.
С-алкилдену деген термин органикалық химияда С-С қос байланысы бойынша көмірсутек молекуласындағы алкил тобын енгізуге қолданылады.

Процесс мақсаты –изобутанды бутилендермен және пропиленмен С-алкилдеп жоғарыоктанды бензин изокомпоненттерін өндіру. Процестің мақсатты өнімі – алкилат, ол изопарафиндерден тұрады, октан саны жоғары (90-95 моторлық әдіс бойынша).

Теориялық негіздері. Изоалкандардың олефиндермен С-алкилденуі жалпы түрде келесі теңдеумен суреттеледі:
CnH2n+2 + CmH2m Cn+mH2(n+m)+2
С-алкилдену реакциясы қышқылдық катализге жатады, ол жылу бөле жүреді 85-90кДж/моль түзілген изопарафин мен олефин түрінен тәуелді, сондықтан төмен температуралар термодинамикалық маңызды.

Каталитикалық алкилдеуге изопарафиндерден тек үшіншілік көміртек атомы бар изопарафиндер қабілетті. Олефиндер әртүрлі бола алады, бірақ көбінше изо-С8Н18 түзетін изобутан алкилдеуші бутилендерді көп қолданады. С-алкилдеу каталитикалық крекинг сияқты карбоний-ионды тізбекті механизм бойынша жүреді.



С-алкилдеудің катализаторлары. Алкилдеудің өнеркәсіптік процестерінде катализаторлар ретінде күкірт және фторсутекті қышқылдарды қолданады. Сұйық фазалы катализ үшін біршама маңызды қышқыл көрсеткіші оларда изобутан мен олефиндердің еруі болып табылады. Изобутанның Н2SO4 еруі шамамен 30 ретке кем, НF қарағанда. Осы қышқылдарда олефиндер біршама жақсы ериді. Осыған байланысты фаза бөліну бетіндегі изобутан концентрациясы (қышқылдағы көмірсутектердің эмульсиясы түріндей) олефиндер концентрациясы біршама төмен, ол олефиндер полимерлену реакциясы жүруінің үлкен ықтималдығына негізделген.

НF каталитикалық қаиеттерінің жинағы бойынша Н2SO4 қарағанда артық. С-алкилдеудің фторсутекті процестері күкіртқышқылдымен салыстрғанда келесі негізгі сипаттамаларға ие:

- қосымша өнімдердің біршама аз шығымы, сәйкесінше, біршама жоғары селективтілік;

- алкилат сапасы мен біршама жоғары шығым;

- қышқылдың біршама аз шығымы (Н2SO4бар жоғы 0,7 кг 100-160кг орнына 1т алкилат үшін);

- кәдімгі сумен суытумен салыстырғанда біршама жоғары температурада процесті жүргізе алу мүмкіндігі (күкіртқышқылдыда 25-40°С орнына 7-10°С);

- қозғалушы үйкелетін бөлшектерсіз қарапайым реакторлы құрылғының қолдану мүмкіндігі, изобутанның өзара жоғары ерігіштігіне негізделген және НF т.б.

Дегенмен НF үлкен ұшқыштығы мен жоғары токсикалығы оны С-алкилдеу процесінде қолдануды шектейді.



Шикізат. Мұнайөңдеуде алкенді шикізат ретінде көбінше пропан-пропиленді қоспасымен бірге бутан-бутиленді фракцияны қолданады онда алкен қосындысынан пропилен құрамы 50% көп емес.

Қалыпты құрылысты алкандар С35 алкилдену реакциясына түспейді және инертті қоспалар болып табылады. Шикізатта болатын диендер, күкірт қышқылымен әрекеттесіп күрделі өнімдер түзеді де қышқылдық ортада қалады да қышқылды сұйылтады да оның шығымын арттырады. Сондықтан диенді көмірсутектер шикізатта болмауы керек. С-алкилдеу шикізатына ылғал мен күкірттік қосылыстардың құрамы бойынша жоғары талаптар қойылады.

Негізгі параметрлері:

Қысым процеске маңызды әсер етеді. Көбінше Р 0,35-0,42 МПа ұстайды.

Температура. Практикада изобутанды бутиленмен алкилдегенде қолайлы температуралық аралық 5-13°С, пропиленмен – 10-22°С.

Изобутан:олефин қатынасы. Қолайлы қатынас 7:1.

Қышқыл концентрациясы. Көбінесе күкірт қышқылын қолданады, құрамында 88 ден 98% моногидрат болатын. Егер СH2SO4 88% төмен болса, қосымша реакциялар жылдамдайды.

H2SO4:шикізат қатынасы реакциялық қоспадағы шикізат пен катализатордың концентрациясын сипаттайды.осы қатынастың қолайлы мәні (көлемдік) құрайды ~1,5.



Берілетін шикізаттың жылдамдық көлемі. Қолайлысы 0,3-0,5r-1.

Күкіртқышқылды С-алкилдеу қондырғысының принципті технологиялық кескіні. Бастапқы көмірсутекті қоспаны (15 кескін) мұздатқышта буланатын изобутанмен суытады да бес паралелль ағынмен алкилатордың араластыратын секциясына береді (Р), алдымен секцияға циркулденуші және жаңа күкірт қышқылын әрі изобутанды енгізеді. Алкилатордың тұндырушы секциясынан алкилдеу өнімін шығарады, ол сілтімен бейтараптанғаннан кейін және сумен жуған соң циркулдеуші изобутан бөліну үшін К-2 бағанына бағыттайды. Реакторда буланған изобутан мен пропан сепаратор-рессивер арқылы компрессормен мұздатқыш арқылы К-1 баған-депропанизаторына беріледі. Осы бағанның төменгі өнімі (изобутан) қайнатқыш пен жылуалмасқыш арқылы К-2 ден изобутанның циркулдеуші ағынына қосылады. К-2 төменгі өнімі К-3 бағанға түседі, ал К-3 қалдық К-4 бағанға қосынды алкилатты айдау үшін. К-4 жоғарғы жағынан мақсатты өнім – жеңіл алкилат, ал төменгі жағынан – ауыр алкилат.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет