Кіріспе. Мұнай мен оның әлемдік экономикадағы ролі. Органикалық заттардың өнеркәсібінің негізгі бағыттары



бет10/23
Дата02.12.2019
өлшемі5,51 Mb.
#52825
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
ОЗХТ УМК КАЗ
ОЗХТ УМК КАЗ

15 сурет. Изобутанды бутиленмен С-алкилдеудің принципті технологиялық кескіні: I- шикізат; II- жаңа қышқыл; III- пропан, IV- бутан, V- изобутан, VI- жеңіл алкилат, VII-ауыр алкилат, VIII –сілті ерітіндісі, IX - су
Пентен-гександы бензин фракциясының каталитикалық изомерленуі.

Мақсаты – автобензиннің жоғарыоктанды изокомпоненттерін алу.

Шикізат – тураайдалатын бензиннің төменоктанды компоненттері– Қ.Б. - 62°С және каталитикалық риформинг рафинаты.

Катализаторлары: 1) Алюмоплатиналы фторланған жоғарытемпературалы катализаторлар құрамында 0,5% Pt; 2) Металл-цеолитті орташатемпературалы катализаторлар, құрамында Pt-0,8%; 3) Алюмоплатиналы, промотирлі хлорлы төментемпературалы катализаторлар. Олардың барлығы бифункционалды катализаторлар, дегидрогидрлеуші және қышқылдық белсенділіктерге ие. Активті орталықтар металдық сияқты қышқылдықта Н2 тез уланады. Крекингтің қосымша реакцияларын басу үшін Н2-құрамды газды циркуляциялағанда қысым астында жүргізеді.

Негізгі параметрлері:

Температура – температураны жоғарлатқан сайын изомерлену реакциясының жылдамдығы шектелетін тепе теңдік шегіне дейін өседі. Одан ары t жоғарлату гидрокрекинг реакцияны жоғарлауына әкеледі. Жеңіл газдар түзілуімен (орташаланған температуралар 360-440°С)

Қысым – температура жоғарлаған сайын процесс тереңдеуі төмендейді, бірақ изомерлену селективтілігі жоғарлайды (орташаланған қысым мәні 2,8-3,0МПа).

Шикізат берілуінің көлемдік жылдамдығы. Түрленудің тұрақты дәрежесінде, көлемдік жылдамдық пен температура изомерлену жылдамдығына антибатты әсер етеді. Көлемдік жылдамдықты екі есе жоғарлату үшін процесс температурасын шамамен 8-11°С арттыру керек.

қ.б. - 62°С бензинді фракцияның изомерленуінің принципті технологиялық кескіні.

Бастапқы шикізат қоспасы (16 сурет), рециркулденуші тұрақты изомеризат пен абсорбентті қыздырғанан кейін К-1 бағанындағы жылуалмастырғышқа береді. К-1 жоғарғы жағынан изопентанды фракцияны алады, одан ары оны бутанды баған К-2 ректификацияға ұшырайды, онда бутаннан мақсатты изопентан бөлінуі жүреді. К-1 төменгі өнімін пентанды бағанға К-3 береді. К-3 төменгі К04 изогександы бағанға фракциялануға бағыттайды, оны жоғарғы жағынан екінші мақсаты өнім - изооктан алынады.

К-3 жоғарғы жағынан алынған пентанды фракцияны, құрамында ~91% (масс.) қ-пентан бар, Н2-құрамды газбен араластырады әрі содан кейін түтікті пеште қажетті температураға дейін қыздырғаннан кейін П-1 стационарлы катализатор қабаты бар Р-1 изомерлену реакторына бағыттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет