Кіріспе. Мұнай мен оның әлемдік экономикадағы ролі. Органикалық заттардың өнеркәсібінің негізгі бағыттары



бет8/23
Дата02.12.2019
өлшемі5,51 Mb.
#52825
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
ОЗХТ УМК КАЗ
ОЗХТ УМК КАЗ

12 сурет. Дизельдік отынды гидротазалаудың принципті технологиялық кескіні: I – шикізат, II – жаңа ВСГ, III- гидрогенизат, IV –бензин, V-тазалауға көмірсутекті газ, VI –үрленетін газ, VII- регенирацияланған МЭА, VIII –регенерацияға МЭА ерітіндісі
Циркуляциялық СҚГ шикізатпен араластырып, қоспаны жылуалмастырғышта және П-1 түтікті пешінде реакция темпрературасына дейін қыздырады да Р-1 реакторына береді. Реактордан кейін газдыөнімді қоспаны жылуалмастырғышта бөлшектеп суытып (210-230°С дейін) одан ары СҚГ сепарация секциясына тазалауға бағыттайды, ол С-1 және С-2 сепараторларынан тұрады. СҚГ, С-2 суық сепараторынан шыққан, К-2 абсорберде МЭА (моноэтаноламин) тазалағаннан кейін циркуляцияға береді. Ыстық және суық сепараторлардың гидрогенизатын араластырып, К-1 тұрақтандырушы бағанға бағыттайды, онда П-1 қызған СҚГ беріледі де тазаланған өнімнен көмірсутекті газдарды және отгонды бөледі (бензин).

Бензиндерді, керосиндерді, вакуумды дистиллятты гидротазалау және мұнай қалдықтарын гидробайыту өздігінен жүреді.



Мұнай шикізатының гидрокрекингі. Каталитикалық гидрокрекинг кез келген мұнай шикізатынан жоғарысапалы мұнайөнімінің кең ассортиментін сәйкесті катализаторлар мен технологиялық шарттарды таңдай отырып алуға мүмкіндік береді.

Мұнайөңдеуде гидрокрекингтің келесі типтері қолданылады:



  1. Жеңіл изопарафинді көмірсутектер алу мақсатында бензин фракцияларын гидрокрекингілеу, ол автобензинге жоғароктанды қоспа, жасанды көксағыз өндірісіне құнды шикізат болып табылады;

  2. Тқату төмендету үшін дизельдік және реактивтік отындардың октан санын жоғарлату мақсатында бензиндерді селективті гидрокрекингілеу;

  3. Бірмезгілде дизельдік фракциялар алуға каталитикалық крекинг шикізатын байыту мақсатында вакуумды газоильді жеңіл крекингтеу;

  4. Жоғарыиндексті май негізі мен мотор отынын алу мақсатында вакуумды дистилляттардың гидрокрекингі;

  5. Мотор отынын, майлағыш майлар мен каталитикалық крекинг үшін шикізат алуға арналған мұнай қалдықтарын крекингілеу.

Гидрокрекингтің көптеген өнеркәсіптік қондырғылары 15-17МПа қысымда жұмыс жасайды. Салыстырмалы біршама қымбат тұратын катализаторларды қолданып мұнай қалдықтарын крекингтеу үшін 20МПа дейін қысым керек.

Шет елде (АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония) 15-17МПа қысымда ВД гидрокрекинг процесі кең дамыған, ол бензин алуға бағытталған (ЮОП, ФИН, Шелл және Юнион Ойл талдамалары). Ресейде ГКВД процесі 10-15МПа қысымда реактивті және дизелді отындар алуға бағытталған, екі модификацияда: бір- және екісатылы.

Шикізат (350-500°С) және рециклденуші қалдықты СҚГ араластырады, алдымен жылуалмастырғышта қыздырады, сосын П-1 пеште реакция температурасына дейін қыздырады да Р-1(Р-2) реакторына жібереді. Реакциялық қоспаны жылуалмастырғышта суытады, одан ары ауа мұздатқышында және 44-55°С температурамен жоғары қысымды С-1 сепараторға бағытталады, онда СҚГ мен тұрақсыз гидрогенизатқа бөліну жүреді. СҚГ Н2S тен тазалағаннан кейін циркуляцияға жібереді. Тұрақсыз гидрогенизатты төмен қысымды сепараторға С-2 бағыттайды, онда көмірсутекті газдың бөлігі бөлінеді, ал сұйық ағынды жылуалмастырғыш арқылы тұрақтандырушы бағанға береді К-1. Тұрақты гидрогенизат одан ары К-2 атмосфералық бағанда ауыр бензинге, дизель отынына және >360°С дейінгі фракцияға бөлінеді.
Негізгі әдебиет 1[286-319], 2[190-235],8[102-110]1[]

Қосымша әдебиет 2[120-131], 5[443-457]

Бақылау сұрақтары

1.Мұнай фракцияларын өңдеудің каталитикалық гидрогенизациялық процестерінің мақсаты.



  1. Мұнай фракцияларының гетероорганикалық қосылыстарының гидрогенолизінің химизмі.

  2. Мотор отындарының гидротазалануының өнеркәсіптік катализаторлары.

  3. Мұнай фракциясын гидротазалау технологиясы.

  4. Дизельдік отынды гидротазалаудың принципті технологиялық кескіні.

  5. Дистилляттар мен қалдықтардың гидрокрекингінің мақсаты. Гидрокрекинг қондырғысының типтері.


7 ДӘРІС. Каталитикалық крекинг және каталитикалық риформинг процестерінің технологиясы.
Каталитикалық крекинг мақсаты– жоғарыоктанды бензин мен құнды сығылған газдардың технологиялық шығымы жоғары өндіріс (50% дейін және одан жоғары), сонымен қатар мұнайхимиялық процестер үшін шикізат. Каталитикалық крекинг сығылған газы изомерлі құрылысты бензиннің жоғарыоктанды компонентінің өндірісі үшін шикізат болып табылады: алкилат және метил-трет-бутил эфирі. Каталитикалық крекингте алынған жеңіл диффузиялық отын компоненті ретінде қолданылады, ал құрамында полициклді ароматы көмірсутектер жоғары болатын ауыр газойль – технологиялық көміртек немесе инелі кокстың өндірісі үшін шикізат болады.

Каталитикалық крекинг шикізаты. Каталитикалық крекинг шикізаты ретінде дәстүрге сай фракциялық құрамы кең вакуумды дистиллят (350- 500°С) қолданылады. Бірқатар жағдайларда каталитикалық крекинг шикізатына термодеструктивті процестердің газойльді фракциялары тартылады, ГК, гудрондарды деасфальттау процесінің рафинаты, май өндірісінің жартылай өнімдері және т.б. Арнаулы жобаланған қондырғысында мазуттың, гудронның ауыр шикізаты қалдықтары алдын ала гидротазалауға, деасфальттануға және деметалдануға ұшырамай ақ каталитикалық крекингке барады.

Крекингтің өнеркәсіптік катализаторларына күрделі көпкомпонентті жүйелер кіреді, олар: 1) матрицадан (тасымалдаушыдан); 2) активті компоненттен – цеолиттен; 3) көмекші активті және белсенсіз қоспадан тұрады.

Матрицалар беттің тасымалдаушы функциясын атқарады, онда сосын цеолитті және қосымша қоспаны дисперциялайды, сосын әлсіз қышқылдық катализаторды алдын ала бастапқы мұнайшикізатын жоғарымолекулалық крекингтейді. Каталитикалық крекинг катализаторларының матрицасы ретінде меншікті беті жоғары және қолайлы тесікті құрылымды жасанды аморфты алюмосиликатты қолданудың артықшылығы зор, ол крекингтенетін шикізаттың ірі молекуласына қол жеткізеді. Аморфты алюмосиликаттың химиялық құрамы мына формулалармен сипатталады Na2O(Al2O3 ·x SiO2) мұндағы x-1моль Al2O3 тотығындағы SiO2 моль саны. Катализаторға каталитикалық активтілік беру үшін аморфты алюмосиликатты күкіртқышқылды аммоний ерітіндісімен Na+ Al3+ катиондарына алмастыру үшін өңдейді.



Цеолит соңғы мақсатты өнімдер түзілуімен көмірсутекті шикізатты екіншілік каталитикалық түрлендіруді жүзеге асырады.

Цеолит дегеніміз жалпы формуласы келесідей үшөлшемді кристаллдық құрылымды алюмосиликаттар:

Ме2/пО·Al2O3 ·x SiO2 ·у Н2O, мұндағы п - металл катионының валенттілігі Ме; х- Si мен Al тотықтардың мольдік қатынасы, силикатты модул деп аталады; у- судың моль саны.

Барлық цеолиттердің кемшіліктері қоспасыз таза түріндегі механикалық мықтылығы өте жоғары емес әрі өнеркәсіптік катализаторлар ретінде қолданылмайды. Көбінше оларды диспестенген түрінде катализатор матрицасына 10-20% масс мөлшерінде енгізеді.



Көмекші қоспалар крекингтің цеолитқұрамды алюмосиликатты катализаторларына бірқатар арнаулы механикалық және физико-химикалық қасиеттер береді де оларды жақсартады.

Каталитикалық крекинг химизмі. Крекингтенетін шикізаттың химиялық түрленуін катализатор бетінде көмірсутек молекуласының тікелей хемосорбциясы арқылы карбоний-ионды механизм бойынша жүзеге асырады, ол активтілігі аз тесіктері ірі алюмосиликат пен актвиті компонент – цеолиттен тұрады:

Техникалық параметрлері. Реттелетін параметрлерге крекинг аумағындағы температура, шикізаттың катализатормен түйісу уақыты, катализатор циркуляциясының қысқалығы мен крекинг қылдығының рециркуляция коэфициенті жатады.

Тураағынды лифт-реакторлы каталитикалық крекинг қондырғысының технологиялық кескіні (Г-43-107). Каталитикалық крекинг Г-43-107 және оның модификацияланған комбинирленген қондырғысын алу перспективасының негізгі дамуы. Оның құрамына каталитикалық крекинг қондырғысынан басқа крекинг шикізаты үшін ГО блогы мен газдыфракция және бензинді тұрақтандыру блогы кіреді. Мына суретте Г-43-107 принципті қондырғысы келтірілген.

Гидрогенизациялық шикізатты алдын ала П пеште және жылуалмастырғышта қыздырғаннан кейін рециркулятпен және су буымен аралстырады да лифт-реактордың араласу түйініне енгізеді (Р-1). Регенерацияланған ыстық катализатормен түйісіп, шикізат буланады да лифт-реакторда катализге ұшырайды да одан ары Р-1 қайнаушы қабатының форсирленген аумағына түседі. Реакция өнімдерін екісатылы циклонда каталитикалық шаңнан бөледі де К-1 ректификациялық бағанның төменгі бөлігіне бөлінуге бағыттайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет