Кіріспе. Мұнай мен оның әлемдік экономикадағы ролі. Органикалық заттардың өнеркәсібінің негізгі бағыттары



бет6/23
Дата02.12.2019
өлшемі5,51 Mb.
#52825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ОЗХТ УМК КАЗ


10 сурет. Дистилятты шикізаттың термиялық қондырғысының принципиалды технологиялық кескіні: I - шикізат; II – тұрақтануға баратын бензин; III - К шыққан ауыр бензин; IV – вакуумды отгон; V - термогазойль; VI - крекинг-қалдық; VІІ - ГФУға баратын газ; VІІІ - вакуум-жүйедегі су буы мен газдар; ІX – су буы

Шикізатты (гудрон) сорғышпен (14) жылуалмасқыш арқылы 12 ректификациялық бағанның төменгі бөлігіне 8 және бірмезгілде төмен қысымды 9 буландырушының жоғарғы бөлігіне береді. 9 шикізат, ауыр газойльді фракциямен сұйытылып 8 бағанның төменгі бөлігіне бағытталады. Рециркулят пен шикізаттың біріккен ағынын 18 сорғышпен реакциялық камераның 3 шығатын жоғарғы бөлігіне (1) ауыр шикізат пеші арқылы 8 ден сорылып алынады. Газойльді фракциялар, 8 бағанның «глухой» табақшасында жиналған, сорғышпен 19 терең крекинг пеші арқылы 2 береді әрі жоғарғы бөлігіне 3. 3 түскен крекинг өнімі төмен қысымды буландырғышқа келеді 9. 9 да крекинг-қалдықтан газойль фракциясының буы бөлінеді. Осы будың ауыр бөлігі конденсацияланып және қоспаға шикізатпен крекингке қайта оралады, ал жеңіл бөлігі қондырғыдан 9 жоғарғы жағы арқылы шығарылады. Буланудан шыққан 4 бу ағыны 8 бағанға бөлінуге келіп түседі. 8 жоғарғы жағынан газдар мен бензин буы кетеді, ол мұздатқышта суытылып 6, газосепараторда 7 бөлінеді. Газды ГФУға ал бензинді тұрақтануға бағыттайды.

Дистиллятты шикізат крекингінде келтірілген типті кескінді бірнеше рет өзгертеді: шикізат біркелкі ағынмен бағанның төменгі жағына 8 бағытталады. Буландырғыштың жоғарғы жағынан 9 керосинді фракцияны алады, ал «глухой» табақшадан 9 – термогазойль.

Баяу кокстену қондырғысы (БКҚ). Кокстену қондырғысынң шикізаты мұнай айдау қалдығы, май өндірісі, крекинг-қалдық, ауыр пиролиз шайыры болып табылады.

Шикізат сапасының негізгі көрсеткіштері тығыздық, Конрадсон бойынша кокстену, металлдар мен күкірт құрамы және топтық химиялық құрамы болып табылады.

«Баяу» деген атау түтікті пештердің реакциялық змеевиктер жұмысының ерекше жағдайларымен және кокстену камерасымен байланысты. Шикізатты алдын ала пеште жоғары температураға дейін (470-510°С) қыздыру керек, сосын қыздырылмайтын, оқшау коксті камераға беріледі онда кокстену шикізатпен келген жылу есебінен жүреді.

Баяу кокстену қондырғысы (БКҚ) технологиялық кескіні 11.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет