5 сурет. ЭЛОУ-АВТ-екіншілік айдау қондырғысында мазутты вакуумды айдау блогы қондырғысын принципті технологиялық кескіні:
1 – вакуумды баған; 2-вакуумды пеш; 3-пароэжекторлы вакуум сорғыш; І-АВТдан мазут; ІІ-жеңіл вакуумды газойль; ІІІ – вакуумды газойль; IV-қараңғыланған (затемненная) фракция; V-гудрон; VI-су буы; VII-ыдырау газы; VIII-конденсат (су мен мұнайөнімі)
АТ блогының атмосфералық бағанынан төмен жағынан алынған мазут, 2 пеш арқылы паралельді ағынмен вакуумды бағанға сорылады 1. Мұнай мен су буының қоспасы, ыдыраушы газдарды жоғарғы жағынан 1 вакуум құрушы жүйеге береді. Конденсатор-мұздатқышта суып, конденсацияланғаннан кейін оны газосепараторда газды және сұйық фазаға бөледі. Газды үшсатылы булыэжекторлы вакуумды сорғышпен сорады, ал конденсатты сулы конденсаттан мұнайөнімін бөліп алу үшін тұндырмаға бағыттайды. Вакуумды бағанның жоғарғы бүйірлі погонына жеңіл вакуумды газойльді тартып алады (соляр). Оның бір бөлігі суығаннан кейін жылуалмастырғышқа бағанның бас жағына жоғарғы айналдырушы орошения ретінде қайтарады.
Екінші бүйірлі погонды кең газойльді (майлы) фракциясын алады. Оның бөлігін суығаннан кейін орталық айналушы вакуумды бағанның орошениесі түрінде қолданады. Жылуалмастырғыш пен мұздатқыштан кейін вакуумды газойльдің балансты мөлшерін қондырғыдан шығарады.
Бағананың концентрленген бөлігінің төменгі табақшасынан қоюланған (затемненную) фракцияны шығарады, оның бір бөлігін төменгі циркуляциялаушы орошение ретінде ал екінші бөлігін рецикл түрінде вакуумды пешке қолданады.
Вакуумды бағанның төмен жағынан гудронды алады да суығаннан кейін қондырғыдан шығарады. Гудронның бөлшегі суығаннан кейін жылуалмастырғышқа бағанның төмен жағына квенчинт (рецикл) ретінде келеді. Вакуумды бағанның төменгі жағына және пеш змеевигіне сулы бу беріледі.
Вакуумды бағанның технологиялық режимі:
Температура, °С
қоректену – 395; жоғарғысы – 125; төменгісі – 352
шығысы:
л.в.г – 195; ш.в.г – 260; қараңғыланған фракциялар – 300
Қысым (абс.), кПа – 8,0
Бензинді екіншілік айдау және тұрақтану блогы. Бензинденген және атмосфералық бағанның жоғарғы жағынан алынған тура айдалатын бензиндерде, еріген көмірсутекті газдар болады (С1-С4). Сондықтан олар алдымен құрғақ (С1-С2) және сығылған (С2-С4) газдар бөлінуе отырып тұрақтануға ұшырайды.
Тураайдалатын бензиндер алдын ала тұрақтанғаннан кейін тауарлық ретінде қолданыла алмайды, олардың төменгі детонациялық тұрақтылығы төмен болғандықтан. Пускті қасиетін және тауарлық автобензиндердің буының серпімділігін реттеу үшін көбінше қ.б – 62(85)% болатын бензин фракциясы қолданылады ол сонымен қатар оның детонациялық тұрақтылығы біршама жоғары.
Одан ары өңдеу үшін тұрақтанған бензиндер фракцияларға екіншілік өңдеуге ұшырайды, яғни каталитикалық риформинг процесінің шикізаты ретінде автобензиннің жоғарыоктанды компонентін алу мақсатында немесе жекелеген ароматты көмірсутектер бензолдар, туолуолдар, ксилолдар алуға. Тураайдалатын бензиндерді отындық бағытқа өңдегенде оны екі фракцияға бөлсе жеткілікті: Қ.Б - 85°С және 85-180°С. Ароматты көмірсутектер өндірісінде бастапқы бензинді келесі фракциячларға бөледі: 62-85°С (бензолды), 85-105°С (120) (толуолды) және 150-(120)-140°С (ксилолды). Бензинді екіншілік айдау және тұрақтану блогының принциптік кескінімен танысайық (6 сурет).
6 сурет. ЭЛОУ-АВТ-6 бензинді екіншілік айдау мен тұрақтандыру блогының принципиалды кескіні: 1- тұрақтандыру бағаны; 2-5- екіншілік айдау бағаны; I – тұрақтанбаған бензин; II - фракциялар С5 - 62ºС; III-фракциялар 65-105ºС; IV - фракциялар 62-85ºС; V - фракциялар 85-105ºС; VI - фракциялар 105-140ºС; VI I - фракциялар 140-180ºС; VIII - С2-С4 сығылған фракциясы; ІХ – құрғақ газ (С1-С4); Х – су буы
АТ блогынан шыққан тұрақтанбаған бензин жылуалмастырғышта қызғаннан кейін тұрақтану бағанына (дебутанизатор) 1 түседі. Осы бағанның жоғарғы жағынан сығылған газды алады С2-С4, ол конденсатор-мұздатқыш арқылы өтіп, газосепараторға түседі. Конденсат бөлігін 1 бағанға өткір орошения ретінде қолданып, балансты мөлшерін қондырғыдан шығарады. Подвод тепла в низ дебутанизатор төменгі жағына жылу келтіруді пеште тұрақты бензиннің қызған ағынымен жүзеге асырады. Тұрақты бензиннен 2 бағанда С5 - 105°С фракцияларын алады. Осы фракция буы ауамен суыту аппаратында конденсирленеді. Конденсат бөлігін өткір орошения ретінде 2 қайтарады да, балансты бөлігін 3 бағанға бағыттайды. Одан басқа жоғарғы бу бөлігін 2 конденсациясыз 3 бағанға жібереді. 3 жоғарғы жағынан С5 - 62°С фракцитясын, төменгі жағынан – 62-105°С алады, оны қондырғыдан мақсатты шығаруға болады немесе 4 бағанға бензолды (62-85°С) және толуолды (85-105°С) бөлу үшін бағыттайды.
2 баған қалдығын – фракциялары 105-180°С –5 бағанға 105-140°С және 140-180°С фракцияларына бөліну үшін бағыттайды.
4 бағанның төменгі жағындағы жылуды қайнатқыш арқылы келтіреді, ал қалған бағанды (2,3 және 5) – осы бағандардың кубты қалдықтарының пешінде қызған ыстық ағынмен.
Мұнайды біріншілік айдағанда алынған өнімдер тауарлық болмайды және қайтадан байытуға жіберіледі (ГО, депарафининдену) немесе одан ары екіншілік процестерді одан ары қайта өңдеу жолымен.
ЭЛОУ-АВТ-екіншілік айдау қондырғысының шамамен жылдық шығындық көрсеткіштері, жылына өнімділігі млн. т/жылына мұнайға келесідей:
су, млн. м3 – 21
электроэнергиясы, млн. кВт – 54-55
су буы, мың. т – 150
отын, мың. т – 200
Газконденсатты фракциялағандағы технологияның ерекшеліктері. Газоконденсатты көмірсутектер шикізатының өндірілу көлемінің жоғарлауы ұңғыда жинау, тұрақтандыру мен конденсатты өңдеу технологиясын жетілдірумен байланысты. Көмірсутектік конденсаттың бөлігі газдан температура мен газ қысымын газды комплексті дайындау қондырғысында (ГКДҚ) төмендеткенде бөлінеді. Тұрақты конденсат алу үшін негізінен бензинді (85°С) және дизельді фракциялар қолданылады (до 36°С). Отын алудың негізгі тәсілі газды конденсатты жекелеген бензинді және дизельді фракцияларға тура айдау болып табылады. Себебі ГК толығымен түсті фракциялардан тұрады, көптеген жағдайларда оларды салыстырмалы түрде қысқартылған МӨЗ вакуумды айдаусыз технологиялық кескінімен өңдейді. Тек Қарашығанақ газконденсатында өңдеу технологиясы (ГК) бар, тек ОАО «Салаватнефтеоргсинтез», конденсат фракциялануы ЭЛОУ-АВТ қондырғысында жүзеге асады онда мұнайөңдеу технологиясының бірқатар ерекшеліктері бар.
15-тәуліктік тәжірибелік ЭЛОУ-АВТ қондырғысының нәтижесі бойынша фракцияларды жинау бойынша келесі көрсеткіштер алынған (% масс. шикізатқа):
1. Тұрақсыз бензин – 39,4
2. Керосинді фракция – 12,9
3. Дизельді фракция – 27,7
4. Тереңвакуумды газойль – 15,2
5. гудрон (>540°С) – 4,3
6. газ + шығындар – 0,5
Мұнайөңдеудің көмірсутекті газын фракциялау. Газдыфракциялау процесі метил-трет-бутил эфирі өндірісі үшін және алкилдеу процесі үшін шикізат, құнды мұнайхимиялық шикізат болатын, жоғарыоктанды бензиндердің компоненті болып табылатын тазалығы жоғары мұнайзауыттық газдардан (АВТ қондырғысында мұнайдан бөлінетін газдар мен термодинамикалық және каталитикалық процестерде түзілетін, сонымен қатар тұрақсыз бензиндердің тұрақтанған газдары) жекелеген көмірсутектерді С1-С6 (қаныққан, қанықпаған, қалыпты және изоқұрылысты) алуға арналған.
МӨЗ мұнайзауыттық газдарды бөлу үшін газфракциялану қондырғысының екі типі қолданылады, олардың әрқайсысында компрессия мен конденсация блоктары бар (газды компрессормен сығу процесі мен оны газ және сұйық екі фазалы жүйе түзуімен мұздатқышта суыту): ректификациялық – қысқартып ГФУ; абсорбциялық-ректификациялық – АГФУ. ГФУ – қаныққан газдарды бөлу үшін, АГФУ майлы газды фракциялау мен каталитикалық крекинг бензинін тұрақтандыру үшін.
Көмірсутекті газдарды фракциялауға дейін газдарды алдымен күкірттен тазарту және кептіру блогына бағыттайды.
ГФУ принципті кескіні келесідей: газды шикізаттан алдымен деэтанизаторда 1 құрғақ газ бөліп алады (метан-этан). 1 бас жағында орошения берілуінің төменгі температурасын ұстап тұрады, ол аммиакты конденсатор-мұздатқышта суытылған. Кубты қалдық 1 пропанды бағанға түседі 2, онда ол осы бағанның жоғарғы жағынан шығарылатын пропанды фракцияға бөлінеді де С4 және одан жоғарғы көмірсутектердің қоспасы бутанды бағанға бағытталады 3. осы бағанның ректификаты бутандар қоспасы болып табылады, ол изобутанды бағанда 4 изобутанды және бутанды фракцияларға бөлінеді. Кубты өнімді 3 одан ары пентанды бағанға береді 5. 5 жоғарғы жағынан пентандар қоспасы шығарылады, изопентанды бағанда 6 қ-пентан мен изопентанға бөледі. Төменгі өнім 5 – фракция С6 және одан жоғарғысын қондырғыдан шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |