Дәрістің жоспары:
1 Атаулар шкаласы
2 Реттілік шкаласы
3 Интервалдар (аралықтар) шкаласы
4 Қатынастар шкаласы
Метрология мен квалиметрияға ортақ ұғым боп шкала ұғымы табылады. Метрологияда шкала дегеніміз - өлшем құралының санау қондырғысының бір бөлігі, ол шама мәндірінің тізбекті қатарына сай болатын бір тәртіпте қойылған белгілердің (таңбалардың) қатары. Сонымен метрологияда шкала өлшем құралының бөлігі ретінде қолданылады.
Ал квалиметрияда шкала ұғымы математикалық мағынада қолданылады, яғни әртүрлі объектілердің қасиеттерін бағалау мен салыстыру әдісі ретінде жүреді. Тәжірибе жүзінде квалиметриялық шкаланың бес түрін қолдануға болады: атаулар шкаласы, реттілік шкаласы, интервалдар (аралақтар) шкаласы, қатынастар шкаласы және абсолюттік мәндердің шкаласы.
Атаулар шкаласы – бірнеше белгісіз өлшемдерді бір өлшеммен салыстыру керек болған жағдайда қолданылады. Атаулар шкаласы бойынша өлшемдерді эквиваленттік, теңдік белгілері болып бірнеше түрге бөледі. Шамалардың мұндай өлшемі ең қарапайым, бірақ ақпаратты беру жағынан ең тиімсіз болып саналады. Бұл шкаланы қолданғанда бірдей емес шаманың ішінен базалық шамамен салыстырғанда қайсысы үлкен немесе қайсысы кіші екенін анықтауға бола алмайды, яғни шамалардың өсуі немесе кемуі: реттілік қатынасы дәлелденбейді.
Калибрлеу – бұл өлшемнің арнайы түрі, ол өлшенетін шама мен белгілі калибрдің шамасы арасындағы қатынасты табу мақсатында жүргізіледі.
Реттілік шкаласы – бұл өлшемдер шамасы туралы жүйелі түсінік беретін өлшеудің қарапайым әдісінде салыстырылатын өлшемдердің қатынасы белгіленеді. Барлық өлшемдердің жұптап салыстыруымен жүзеге асыратын қарастырылатын өлшемдердің анықталған кезектілігін белгілену әдісі ранжирлеу деп аталады.
Ранжирлеумен алынатын өлшем қатарлары – реттілік шкаласы:
Q1>Q4>Q2>Q3>Q5 - өсу шкаласы немесе Q32154 – кему шкаласы
Өлшемдердің дұрыстығы мен дәлдігін көбейту мақсатында ранжирлеу әдісімен реттілік шкаласы ранжирленген реперлік нүктелерді енгізеді, олардың көмегімен өлшенетін шаманың рангісі немесе өлшемсіз балды анықтауға болады. Мұндай шкала реперлік реттілік шкала деп аталады.
Мысалы, оқушылардың білімдерін реперлік реттілік шкаласын қолданып бағалайды. Оның келесі реперлік нүктелері бар, сандық мәндері балдармен өлшенеді: білімнің жоқтығы – 1 балл; қанағаттанарлықсыз білімі үшін – 2 балл; қанағаттанарлық білімі үшін – 3 балл; жақсы білімі үшін – 4 балл; өте жақсы білімі үшін – 5 балл. Мұнда сапалық бағалар сандық түрде көрсетіледі. Мысал ретінде: реперлік реттілік шкаламен өлшенетін - он екі баллдық халықаралық сейсмикалық шкаламен анықталатын жерсілкінісінің қарқындылығын келтіруге болады.
Реперлік реттілік шкаланың көмегімен теңіз толқындары, фотоматериалдардың сезімталдығы, температура мен басқа да шамалар өлшенеді.
Реттілік шкаланы қолданып, бағалауға мысал ретінде, Моос шкаласына негізделген минералдардың қаттылығын бағалау болып табылады. Моос шкаласы қаттылықтың 10 эталонынан тұрады: тальк – 1; гипс – 2; кальцит – 3; флюорит – 4; апатит – 5; ортоклаз – 6; кварц – 7; топаз – 8; корунд – 9; алмас – 10. Қаттылықты Моос шкаласының эталонын объектінің сыртқы бетін сызу арқылы анықтайды.
Салыстырылатын өлшемдердің айырмашылықтары белгіленетін өлшеулер шкаласы – интервалдар (аралықтар) шкаласы деп аталады. Реттілік шкалаға қарағанда, бұл шкалада өлшемдердің шамасын көрсетілуі жетілдірілген, себебі мұнда анықталған интервалдар, яғни өлшемдердің реперлік нүктелер арасындағы белгіленген өлшемдердің бөліктері бар.
Интервалдар шкаласында өлшенетін өлшемдердің мәндері белгісіз болады, себебі онда тек қана салыстыратын өлшемдер арасындағы айырымы ғана көрсетіледі. Бірақ интервал шкаласының мәліметтері бойынша бір өлшем екіншіден төмен немесе, керісінше, жоғары екендігін ғана емес, сонымен қатар бір өлшем екіншіден неше есе айырмашылығы барын анықтауға болады. Бұл шкалада интервалдармен арифметикалық әрекеттерді жасауға болады: олардың шамаларын қосуға және алуға болады.
Интервалдар шкаласына, мысал ретінде, Цельсий шкаласын келтіруге болады: мұнда санауды бастау үшін мұздың еру температурасын алады. Мұздың еру температурасы мен судың қайнау температурасы арасындағы интервал (аралық) бірдей 100 интервалдарға – градустерге бөлінген. Осы бірліктің көмегімен Цельсий шкаласы градустарға оңдық және теріс бағытта бөлінген.
Реомюрдің температуралық шкаласында басқа өлшеу бірлігі бар. Мұнда мұздың еру температурасы мен судың қайнау температурасы арасындағы интервал 80 интервалдарға бөлінген, соның салдарынан Реомюр градусы Цельсий градусынан үлкен.
Фаренгейттің температуралық шкаласында осы интервал 180 интервалдарға бөлінген, сондықтан Фаренгейт градусы Цельсий градусынан кіші болып саналады. Фаренгейт шкаласында Цельсий мен Реомюр шкалаларымен салыстырғанда санауды теріс бағытта 32 градусқа шегіндіртіп жүргізеді.
Қатынастар шкаласы - өлшенетін N шаманың сандық мәні анықталған Qi өлшемнің басқа Qj өлшеміне математикалық қатынасы ретінде анықталатын өлшеуіш шкала, яғни:
N=Qi / Qj;
мұндағы: Qi - өлшем өлшеу бірлігі ретінде, себебі, N Qj өлшемінде неше Qi өлшемі бар екендігін көрсетеді.
Қатынастық шкаланың мәнін түсіндіретін формула ретінде келесіні келтіруге болады:
Q=q*N,
мұндағы: Q – бағаланатын параметрдің шамасы;
q – өлшем бірлігі;
N – осы параметрдің сандық сипаттамасын көрсететін нақты оң саны.
Қатынастар шкаласы әмбебап болып келеді, өйткені оның көмегімен өлшемдердің өскен немесе кеміген ранжирленген қатарларын құруға, сол өлшемдердің өзгерістерінің аралықтарын санап шығуға, сонымен қатар өлшенетін шамалардың сандық мәндерін анықтауға болады.
Көптеген сапа көрсеткіштерін, әсіресе тығыздық, күш, сол сияқты объектілердің геометриялық өлшемдерін өлшеу үшін қатынастар шкаласын қолдану жөн деп есептеледі.
Абсолюттік мәндердің шкаласы – мұнда бір нәрсенің шамасы тікелей өлшенеді. Мысалы: бұйымда ақаулардың саны, өндірілген өнімнің саны, дәріске қатысқан студенттердің саны, өмір сүрген жылдардың саны осы шкаланың көмегімен табылады. Мұндай өлшемдерде өлшем шкаласында өлшенетін шаманың абсолюттік сандық мәндері белгіленеді.
Абсолюттік шамалардың шкаласында қатынастар шкаласында бар барлық қасиеттер жиналған, бірақ одан айырмашылығы, осы шкалада белгіленген шамалар абсолюттік болып келеді.
Абсолюттік шамалардың шкаласы бойынша алынған өлшеулердің нәтижелері дұрыс, ақпаратты беру жағынан мол және өлшеудің дәлдігіне өте сезімталды болады.
Интервалдар (аралықтар), қатынастар және абсолюттік мәндердің шкалалары метриялық деп аталады, өйткені оларды құрастыру кезінде өлшем бірліктері ретінде қолданылатын өлшемдер қолданылады.
«Үйлесімді сандар» негізіндегі шкалалар – бұл үйлесімді сандар қатарларын қолдануға негізделген өлшеу шкалалары, олар аралықтар немесе абсолютті шамалардың метриялық шкалалары болып табылады. Бұл шкалалар квалитеттермен есептеледі.
Үйлесімді деп техникада, технологияда, ғылымда және басқа да қызмет салаларында көп қолданатын сандарды айтады. Үйлесімді сандар көптеген белгілі өзарабайланысқан сандар болып табылады, оларға тән жүйелік қасиет бар, сондықтан оларды әртүрлі шамалардың өлшемдерін таңдауда, белгілеуде және өлшеуде қолданады. Мұндай математикалық сандар қатарлары әртүрлі қатынастарды сипаттайды. Көбінесе мұндай математикалық есептеулер қарапайым арифметикалық немесе геометриялық прогрессия түрінде кездеседі.
Номиналды өлшемдердің орнатылған сандардың геометриялық өлшемдерінің дәлдік деңгейі квалитет деп аталады және ол ІТ әріптерімен белгіленеді, яғни ISO Tolerance деген сөздердің қысқартылуы (орыс тілінде ИСО допуск дегенді білдіреді)
Сонымен квалитет дегеніміз белгілі әдістер мен өңдеу құралдарын, өңдеудің сапалыќ бақылауын анықтайтын бұйымдарды дайындау дәлдігінің сипаттамасы.
№ 10-11 дәрістер Тақырыбы: Сапа деңгейін бағалау әдістемелерін
Достарыңызбен бөлісу: |