Кіріспе тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



бет13/17
Дата28.01.2022
өлшемі236,13 Kb.
#115339
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Жанахметов Е. маг.дис.

Деңгей Деңгейлер

Бала саны

Сапа

Жоғары дейгей

1

5 %

Орташа деңгей

12

60 %

Төмен деңгей

7

35 %



Сурет 5. Эксперимент тобының диаграммасы



3.2 Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жинақтау, талдау, қорытындылау
Экспериментті жүргізу үшін балалардың сөйлеу қабілетін дамыту мақсатында тапсырмалар берілді.

Сабақта оқулықтағы, қосымша әдебиеттердегі тапсырмаларды орындауға басты назар аударылды, балалардың даму деңгейіне қарай тапсырмалар дайындалды.

Қалыптастырушы эксперимент мақсаты:

- оқу тапсырмаларын әртүрлі тәсілдермен орындату арқылы балалардың сөйлеу қабілетін қалыптастыру.Бұл әдіс-тәсілдерді іздестіру, қолдану негізінде жүзеге асырылады.

- деңгейлік тапсырмаларды пайдаланып оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту. Балалардың қызығушылығы мен дағдысын қалыптастыру.

Деңгейлік тапсырмалардың берілуі балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше баланың біліміне, мүмкіндігіне сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалатын сатылы жұмыстар жүйесі.

1 деңгей үлгі бойынша

2 деңгей бірте -бірте күрделенген

3 деңгей бұрын білетініне сүйеніп,ұғым қалыптастыру.

Ең алдымен сабақты әртүрлі тәсілдермен орындату арқылы балалардың жалпы сөйлеу тілі кемшілігін дамытуға бағытталған сабақтан үзінді көрсетуді жөн көрдік.

Сабақтан үзінді:

Ө дыбысы мен әріп таңбасы.

I.Сабақтың мақсаты:

- Өтілген дыбыстарды қайталай отырып, жаңа ө дыбысымен таныстыру.

- Ө дыбысын сөйлем, буын ішінде дұрыс айтқызу.

- Ө әріп таңбасымен таныстыру.

II.Сабақтың барысы:

1.Қайталау.

Дауысты,дауыссыз дыбыстарды қайталау.

“О” дыбысын қайталау.

Жұмбақ шешу.

Өзі сары,домалақ,

Ортасында дәні бар.

Жерге түссе обал-ақ,

Балдай тәтті дәмі бар. (Өрік)

Суретін көрсету.

Өрік деген сөздін басында қандай дыбыс естіледі?

(Ө дыбысы).

Дұрыс, бүгін осы дыбыспен танысып,дұрыс айтуды үйренеміз.

Ө дыбысы дауысты жіңішке дыбыс,созылып жіңішке айтылады.

-О мен Ө дыбыстар ма?

-Өрік сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

III. “Тез алмастыр” ойынын өткізу.Мен сендерге жуан о дыбысымен сөз айтамын,ал сендер ө жіңішке дыбысқа тез алмастырып айтуларың керек.

Тор- төр соз-сөз он-өн

От-өт қол-көл жон-жөн

IV. Жаңылтпашты дұрыс айту.

Көбелек-бөдене,

Бөдене-көде не?

Бөдене не?Көдене не?

V. Ырғақты жаттығу.

Доп безек қағады.

Секіріп еденге,

Біресе жоғары

Секіріп сондай-ақ,

Жаттығу оңай-ақ.

VI. Ө әрпімен таныстыру.

Ө әрпінің таңбасын жазғызу.

VII. Мө буынына дыбыстық талдау жасау,текшелермен белгілеу.

VIII Ойын ”Сөз ойла,тез ойла”

Ө дыбысына сөздер ойлату.Қай бала белсенді жауап берсе,соны мадақтау.

IX.Сабақты қорыту.

Сабақ кезінде оқу тапсырмаларын орындаған балаларға мадақтау айтылады.Бұл әдіс балалардың келесі сабаққа деген қызығушылығына ықпалын тигізеді.

Мектеп жасына дейінгі топтарды оқытудың маңызды мақсаттарының бірі балалардың сөйлеу тілін дамытып, өскелең ұрпақты жан- жақты білімді, саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Бұл міндет қазіргі заман талабына сай оқытып, арнайы білім беріп оқытудың әдіс тәсілдеріне жаңа көзқарастың қажеттігін көрсетіп отыр.
1-әдістеме

«Фонематикалық есту сынағы»


Кесте 5. Эксперимент тобының қорытындысы


%

Алынған балалар саны

Фонематикалық естудің даму деңгейі

25

5

Төмен

50

10

орташа

25

5

жоғары


Сурет 6. Эксперимент тобының диаграммасы

Тапсырмалардың барлығын ұсынамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет