Кіріспе тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»


Қ.ЖҰБАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ МОДЕЛЬДЕУ ӘДІСІН ДЕФЕКТОЛОГ-МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЭКСПЕРИМЕНТІ



бет10/17
Дата28.01.2022
өлшемі236,13 Kb.
#115339
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Жанахметов Е. маг.дис.

3 Қ.ЖҰБАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ МОДЕЛЬДЕУ ӘДІСІН ДЕФЕКТОЛОГ-МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЭКСПЕРИМЕНТІ

3.1 Диагностикалық эксперимент және талдаулар нәтижелері

Балаға қойылатын сұрақтар тек қана қысқа жауап емес, кеңейтіп те берілуін ескереді. Мысалы: «Атың кім? Әкеңнің аты кім? Жасың қаншада? Қайда тұрасың? Бала – бақшаға қалай барасың? Үйірмелеріңде қанша адам бар? Әкең мен шешең немен айналысады? Сенің қарындасың, апайың, ағайың, інің қанша? олардың жастары қаншада? Бүгін ауа райы қандай? сен бүгін үйде /бақшада/ қандай тамақ іштің? Қыста, жазда қандай киім киесің? Қандай ойынды, кіммен ойнағанды жақсы көресің? Орманда қандай аңдар жүреді? Қоян түбіті қыста неге түлейді?» т.б.

Баланың фонематикалық есту қабілетін тексеру үшін мынадай тапсырмалар беріледі:

а/ дыбыстары дұрыс айтылған бірнеше буындарды /па – ба – пе – та – да – де сияқты түрлерін/ қайталау және жадында сақтау;

б/ берілген дыбысы бар сөзді басқа сөздердің ішінен тауып алу;

в/ берілген дыбысы бар суретті іріктеп алу;

г/ белгілі бір дыбысқа өз бетінше сөйлем ойлап табу.

Байланысты сөзді тексеру үшін қозғалмайтын және қозғалмалы суреттерді ұсынады.

«Біз ойнаймыз», «Үй және жабайы жануарлар» деген сияқты, сонымен қатар «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің мүкістігін тзетуге арналған дидактикалық материал» деген суреттердің ішінен алуды ұсынады [31,55].

1. Зерттеу жүргізу барысында балалардың деңгейін ескере отырып мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту мүмкіндігін анықтау мақсатында әдістемелерге талдау жасау;

2. Мектепке дейінгі мекемелерде әдістемені өткізу барысында жалпы сөйлеу тілін дамыту мақсатында жүргізілген тапсырмалардың балалар сөйлеу тілін дамытуда әсерін анықтау;

3. Әдістемеде балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін тапсырмалар берілген. Алайда сөйлеу тілін дамыту үшін тапсырмалар әрбір баланың деңгейі негізінде жасалса сөйлеу тілінің мүмкіндігі артқан болар еді.

Анықтаушы эксперимент №10 «Алма» балабақшасының мектепке даярлық тобының балаларына жүргізіледі.

Арнайы топтарда логопедиялық түзету жұмысы жүйесі арнайы топтарда күн тәртібін мұқият сақтап, жұмыс барысын жоспарлап орындайды. Сонымен қатар тәрбиеші мен логопедтің міндеттерін анықтап ажырата отырып байланысты жұмыс жүргізуінің де маңызы зор. Сабақтың мөлшері 30-35 минут. Логопед шағын топпен немесе дербес сабақ жүргізеді.Шағын топқа ақаулары ұқсас 3-4 бала топталады.Топтын құрамы жыл бойында балалардың өзіндік ерекшеліктеріне және жетістіктеріне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Сондықтан біз балалардың сөйлеу тілінің қаншалықты дамығандығын анықтау мақсатынада төмендегідей әдістемелерді жүргіздік.

1-әдістеме

А.Н.Леонтьевтің әдістемесі бойынша балалардың сөйлеу қабілетінің даму деңгейін анықтауға арналған әдістеме.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың тапсырмаларға деген көзқарас қатынастарын анықтау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет