Кіріспе тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



бет15/17
Дата28.01.2022
өлшемі236,13 Kb.
#115339
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Жанахметов Е. маг.дис.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сөйлеу – бұл адам санасын қалыптастыру құралы.

Сөйлеу әрекеті есту қабілеті бұзылған балалардың дамуына әсер ететін биологиялық, әлеуметтік және баланың өз ерекшелігіне байланысты туа пайда болатын, даму барысында жетілдіріп отыратын қабілет.

Сөйлеу тілі бұзылған баланың білімге алуға және әлеуметтік жағдайларға дайындығында логопедиялық жұмыстардың маңызы зор. Сөйлеу әрекетін қалыптастыру екі бағытта жүзеге асырылады: бір жағынан оқудың нәтижеге жетуіне мүмкіндік туғызылса, екінші жағынан тіл кемшіліктерін қалпына келтіру мүмкіндіктері пайда болады..

Олай болса, сөйлеу тілін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру мақсаты – балалардың қоршаған ортаны өз мүмкіндіктеріне қарай жетілдіріп, қоғамды тануға, білімді игеруге жол ашу. Бұл мақсатты жүзеге асыруда оқыту процесі барысында әртүрлі әдіс – тәсілдерді пайдаланып, сөйлеу әрекетін қалыптастыруда логопедиялық жұмыстар ұйымдастырылады.

Ғылыми әдебиеттерді зерттеу және талдау нәтижесінде оқыту процесі барысында сөйлеу тілін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері ұсынылады:

Сөйлеу тілін қалыптастыру екі жақты ынтымақтастықпен жүргізілсе ғана тиімді болады. Баланың қызғушылығын оятатын мақсатты жұмыстың нәтижесінде ғана әр баланың өзіндік танымы, дүниеге көзқарасы және пікірі қалыптасады.

Мектепте балалардың сөйлеу тілін қалыптастыруды жүзеге асыратын логопедиялық топтармен арнайы жұмыстарды ұйымдастыру және логопедиялық жұмыстарды жолға қою.

Жоғарыда талданған пікірлерді ескере отырып, оқыту процесі барысында балалардың сөйлеу тілінн қалыптастыру үшін төмендегідей ұсыныстар беріледі:

1.Балаларға берілетін логопедиялық тапсырмалар мазмұныны пән бағдарламасында белгіленген оқу материалынан күрделі болмауы.

2.Сөйлеу тілін қалыптастыру барысында берілетін логопедиялық тапсырмаларда пән бағдарламасында көрсетілмеген ұғымдар мен заңдылықтардың болмауы.

3.Логопедиялық тапсырмаларды құрастыруда оқушының дара және даму ерекшелігін есепке алу қажет.

Міне, осы жағдайларды ескере отырып ұйымдастырылған логопедиялық жұмыстар балалардың оқыту процесі барысында сөйлеу тілін қалыптастыруда мақсатты нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндіктер туғызады.

Бүгінгі таңда да, болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан бүгінгі білім-болашақта өз білімін жетілдірудің және дамытудың негізі. Мұнан шығатын қорытынды балалардың сөйлесу тілін қалыптастырудың, дамытудың тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз.

Мектеп жасына дейінгі балаларға жүргізілген педагогикалық-тәжірибелік экспримент жұмысы белгіленген болжамының дұрыстығын дәлелдеді.

Балалардың сөйлеу қабілетінің деңгейінің дамуы өздігінен пайда болмайды. Ол жүйелі, арнайы мақсатты жұмыстарды талап етеді.

Тапсырмаларды әртүрлі тәсілдермен орындату арқылы балалардың сөйлеу тілі қабілеттерін дамытуда неге басты назар аудару керектігіне көңіл бөлген жөн.

Балалардың сөйлеу тілі қабілетін дамыту жүйелі, мақсатты жұмыс түрлері мен әдістеріне байланысты жүргізілсе, жұмыстың сәтті аяқталуына ықпалын тигізері сөзсіз.

Зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе,оқу тапсырмаларын әртүрлі тәсілдермен орындату арқылы балалардың сөйлеу тілін дамытуға түрліше әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Сонымен қатар әдістемелерді әртүрлі тәсілдермен орындатуда әртүрлі тәсілдер қолданылып сөйлеу тілін қалыптастыру тапсырмаларын түріне қарай өзгертіп түрлендіріп отырған жөн. Арнайы білім беру балалардың сөйлеу және ақыл–ойының дамуын, танып білу әрекетіне дайын болуын қамтамасыз етеді.

Сөздік қорының шектелуі мен жұтаңдығы, әр түрлі дәрежедегі жинақтаушы сөздердің көптілігін білмеу оқушылардың сөйлеу тілінде нақтылықтың болмауына және сонымен қатар ойды жинақтай білмеуге әкеліп соқтырады. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар негізінен өздерінің жұтаң тәжірибелері шегіндегі күнделікті сөздерді ғана түсінеді. Олар қарапайым байланыстырып сөйлеу дағдыларында меңгермеген.

Жалпы тіл кемістігі бар мектеп жасына дейінгі балаларда мұндай қорыту болмайды. Олар үнемі қолданылатын заттар мен жиі қайталанатын әрекеттерді білдіретін сөздерді және сөйлемдердің қарапайым құрылымдарын еліктеу арқылы меңгереді.

Балалардың сөйлеуі әңгіменің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Балалардың сөйлеу қызметін қалыптастыруға тапсырма берілгенде сөйлеу қызметі басқарылады, қателерін түзетеді, белгілі бір заттар мен құбылыстарға зейін аударуға, дұрыс бақылауға және олардың байланысын табуға, өз әсерін, талдауын сөзбен жеткізе білуге үйретеді. Балалардың қойылған сұраққа жауап беру нәтижесінде олардың сөйлемді дұрыс құру икемділіктері бекітіледі, заттарды сипаттау, көргендерін айту арқылы өз ойын байланысты түрде айта білуге үйретеді.

Сөйлеу тілін дамыту сабақтарындағы сөздік жұмыс үш бағытта жүреді:

Сөздік қорын жаңа лексикалық бірліктерді (сөздерді) қолдану арқылы байыту;

Таныс сөздердің мағыналарын нақтылау;

Балалардың сөздік қорын жандандыру;

Жалпы сөйлеу тілі кемшілігі бар балалар суреттегі таныс заттарды кейде танымайды. Олар суретті шынайы жағдайлармен байланыстыра алмайды. Әсіресе, тақырыпты суреттегі кейіпкерлердің арасындағы байланысты таба алмайды. Сондықтан сөйлеу тілін дамытуға арналған барлық сабақтар белгілі бір дәйектілікпен (нақты заттар, шынайы өмір жағдайларынан олардың бейнелеріне, содан кейін сипатталуына көшеді) жүргізіледі:


  • Нақты заттарды тану және атау;

  • Суретте бейнеленген заттарды тану және атау;

  • Суретте бейнеленген жағдайларды түсініп, соларды үлгілей білу;

  • Қарапайым тақырыпты жұмыс;

  • Сурет бойынша өз пікірін айта білу;

  • Балалардың түсінуіне оңай тақпақ, ертегі, әңгімелерді оқу.

Сұрақты–жауаптық, диалогті сөйлеуді дамыту. Сұрақтарға жауап беру арқылы байланыстыра сөйлей білуге дайындау.

Тапсырмаларды дұрыс жүйелі ұйымдастыру, тиісті тәсілдер мен әдістерді қолдану балалардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін дамытуға себепкер болады.

Арнаулы білім саласында осы бағытта ұйымдастырылатын логопедиялық жұмыстардың және логопед қызметінің өзіндік функциялары мен міндеттері айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет