Кiрiспе тақырыптың өзектiлiгi



бет13/20
Дата05.06.2024
өлшемі0,72 Mb.
#203189
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Дисс..трипан!!

Сүйек майы - гемеостаздың негізгі мүшесі болып табылады. Онда иммундік жүйенің басты жасушасы - лимфоциттердің бастапқы популяциялары орналасқан. Сүйек майының жасушалары антидене түзушілердің стимуляторы (АТС) жэнс В-активин деп аталатын полипептидтерді жасап шығарады. Олар антидене түзейтін жасушалардың белсендігін күшейтеді.
Сөл бездері антигендерді лимфа құрамынан ұстап қалатын сүзгі қызметін атқарады. Олар қан айналымымен тікелей байланыста болып, лимфоциттерді кеуде өзегі арқылы қуыс көктамырға жеткізіп тұрады.
Көкбауыр. Бұл мүшенің қызыл және ақ пульпалары болады. Оның алғашқысы эритроциттермен қанығып тұрады, ал соңғысы Т-, В-лимфоциттері және макрофагтары бар кәдімгі лимфоидты ұлпа болып табылады. Көктамыр арқылы енген антигендерге қарсы антиденелер негізінен көкбауырда түзіледі. Қан мен оның эритроциттері осы көк бауырдың иммундық бақылауында болады. Белсенділігінен айырылған эритроциттер мен лейкоциттерді көкбауыр қан айналымынан бөліп шығарады.
Пейер түйіндері сүт қоректілердің ащы ішегінің кілегейлі қабығының астында орын тепкен. Кейбір зерттеушілердің жорамалы бойынша олар құстың Фабрициев қалтасының қызметін атқарады. Бұл лимфоидтық ұлпа гуморальдік иммунитеттің өрістеуінс жауапты В-лимфоциттеріне өте бай келеді. Жекеленген лимфоидтық түйіндер жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның, тыныс алу және несеп бөлу жолдары қабырғаларының ішінде де кездеседі.
Қанның құрамына эритроциттерден басқа лимфоидты жасушалар, гранулоциттер және моноциттер енеді. Лимфа (лат. таза су) және лимфоидты мүшелер жануарлардың қан айналымын лейкоциттермен эмбриогенез кезенінен бастап қанықтыра бастайды. Лимфа негізінен иммундық жүйенің ең маңызды элементі лимфоциттерден тұрады. Ол канмен бірге денені айналып келіп, сөл бездерінде қаннан қайтадан бөлініп, иммундық ақзалары жөнелтіледі.
Ангигендер (лат. anti-қарсы, genus-тұқым, тегі) деп иммундік жауапты тудыра алатын генетикалық болмысы жағынан ағзаға бөгде заттар мен құрылымдарды атайды. Антигендер қатарына ақуыз тектес әртүрлі заттар, липидтермен және полисахаридтермен байланысқан ақуыздар, жануар және өсімдік тектес жасушалар, жыланның, шаянның, араның, сонымен қатар өсімдіктердің улары, вирустар, бактериялар, микроскопиялық саңырауқұлактар, қарапайымдылар, микробтардың экзо- және эндотоксиндері және т.б. жатады [9].
Антигендердің үш негізгі қасиеттері бар:
1) антиденелер мен сезімдендірілген лимфоциттердің пайда болуына себебін тигізеді;
2) өздеріне қарсы түзілген иммундік жауаптың өнімдерімен әрекеттеседі;
3) иммунитетті қалыптастырады.
Бірінші қасиеті олардың антигендігін, екіншісі - ерекшелігін немесе өзінділігін, ал үшіншісі - иммуногендігін айқындайды. Антигендердің бұл қасиеттері бір-біріне тәуелсіз болып келуі де мүмкін. Мысалы, пневмококктардың тазартылған полисахарид-тері үй қоянының иммундік жауабын тудырмайды, бірақ капсуласы бар тұтас микроб жасушалары антигенді болып келеді. Ал, ағзада түзілген антиденелер пневмококктармен ғана емес, сонымен қатар олардың тазартылған полисахаридтерімен де әрекеттеседі. Антиген иммуногенді болуы үшін оның молекулалық массасы 10000 Д кем болмауы керек. Антигеннің молекулалық массасының ұлғаюы оның иммуногендігінің өсіреді. Корпускулярлық антигендср (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, эритроциттер) ерігіш антигендермен салыстырғанда иммуногенді болып келеді.
Антигендер бір-бірінен өздерінің құрылымдары бойынша ерекшеленеді. Антигенге қарсы түзілген антидене оның детерминанты деп аталатын белгілі бір бөлігімен ғана байланысқа түседі.
Мұндай бөліктердің саны, құрылысы әр антигендерде әртүрлі болып келеді. Детерминанталардың саны антигенмен байланысқа түсе алатын антиденелердің санын анықтайды. Антигеннің бұл қасиеті оның валенттілігі деп белгіленеді. Антигеннің валенттілігі оның детерминанталарының санына бағынышты болып келеді, яғни молекула неғұрлым үлкен болса, оның валенттілігі соғұрлым жоғары болады [10].
Антигендердің толық және толымсыз түрлері болады. Толық антигендер иммундік жүйенің өздеріне қарсы антиденелердің немесе сезімдендірілген лимфоциттердің түзілуіне түрткі болады және олармен in vivo немесе in vitro жағдайларында әрекеттесе алады. Ал, толымсыз антигендер немесе гаптендер деп антиденелерді түзей алмайтын, бірақ олармен байланыса алатын күрделі көмірсуларды, липидтерді және басқа заттарды атайды. Гаптендерге белоктың азғана мөлшерін қосу арқылы оларды толық антигендерге айналдыруға болады [11].
Табиғатта жануар, өсімдік, микроб тектес антигендердің сан-алуан түрлері кездеседі. Қазіргі кезде антигендердің жасанды түрлерін де құрастыруға мүмкіндік туып отыр. Кейбір химиялық заттар, соның ішінде дәрі-дәрмектер, антибиотиктер, ароматикалық аминдер және т.б. ағзадағы ақуыздармен қосылып, антигендерге тән қасиеттерге ие болады. Антигендерді мына төменде көрсетілген топтарға жіктеуге болады [12].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет