Кiрiспе тақырыптың өзектiлiгi



бет15/20
Дата05.06.2024
өлшемі0,72 Mb.
#203189
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дисс..трипан!!

М-иммуноглобулині. Бұл класқа енетін иммуноглобулин-дердің үлесіне Ig молекулаларының жалпы мөлшерінің 10% тиеді. Оның молекулалық массасы 900 КД, седиментациясы 19S тең. IgМ жұлдыз тәріздес бес жаққа тарамдалған иммуноглобулиндердің бес молекуласынан құралған.
М-класының антиденелерінің 10 белсенді орталықтары болғандықтан, олар агглютинация, преципитация, опсонизация және лизис реакцияларында жақсы белсенділік көрсетеді. IgM әдетте жұқтырылған немесе иммунделген организмде ең бірінші пайда болатын антиденелер.
Қан IgМ мөлшері орта есеппен алғанда 1,0 г/л шамасында болады. Иммуноглобулиндердің бұл тобы қанға енген микробтарға күшті әсер етіп, фагоцитоз процесін жандандыра түседі.
G иммуноглобулині - антиденелердің ең жақсы зерттелген класы. Оның молекулалық салмағы 160КД, седиментация константасы 7S, ең көп мөлшері қан сарысуында болады (12г/л). Жалпы алғанда IgG үлесінс иммуноглобулиндердің 70%-85%-і тиеді. Екі валентгі болғандықтан ол поливалентті антигендермен торшалық құрылымды түзейді, ерігіш антигендермен преципитация феноменін қалыптастырады. Корпускулярлық антигендерді агглютинациялау және опсонизациялау реакциялары осы антиденелердің көмегімен іске асады. Комплементті өз молекуласына байланыстырған иммуноглобулин антигенді еріту қабілетіне ие болады. IgG организмнің көптеген вирустық және бактериялық инфекциялардан қорғанысы бекінде маңызды рөл атқарады, токсиндерді жақсы бейтараптай алады. Басқа иммуноглобулиндерге қарағанда ол ыстыққа біршама төзімді болып келеді. Айталық, оның молекуласы 75°С температурада 30 минут өзінің белсенділігін сақтайды.
А иммуноглобулинінің иммуноглобулиннің молекулалық салмағы 170 КД, седиментация константасы 7S. Оның үлесінс иммуноглобулиндердің 15-20% тиеді. IgA преципитация және токсиндерді бейтараптау реакцияларында белсенділік көрсетпейді, комплементгі өзіне байланыстыра алмайды, ыстыққа төзімді болып келеді. Иммуноглобулиндер көкбауырда, лимфа бездерінде және кілегейлі қабықтарда пайда болып, сілекейдің, көз жасының, секреттерімен қосылады және уыз сүттің құрамына да енеді.
D иммуноглобулині. Қан сарысуындағы бұл класқа жататын антиденелердің үлесіне иммуноглобулиндердің жалпы мөлшерінің 1% ғана тиеді. IgD молекулалық массасы 160 КД, ал седиментация константасы 7S. Оның биологиялық функциясы әлі толық зерттелмеген. D иммуноглобулинінің В-лимфоциттері рецепторларының құрамына енетіні казіргі кезде дәлелденіп отыр. IgD - ыстыққа төзімді, комплементтің белсенділігін альтернативті жолмен күшейте алатын, антивирустық қасиеті бар және ұлпалармен байланыса алмайтын антиденелер.
Е-иммуноглобулинінің молекулалық салмағы 190КД, ал седиментация константасы 8,5S, қан сарысуында орта есеппен алғанда 0,25 мг/мл мөлшерінде болады. Ол ыстыққа төзімсіз, комплементті байланыстыра алмайтын, бірақ ұлпа жасушаларымен берік байланысқа түсіп, сезімталдықтың шапшаң түрінің қалыптасуына қатынасатын иммуноглобулин. IgE адамның атиптік реакцияларын, атап айтқанда пішен қызбасын, есекжемін (терінің қолбырап қабынуын), демікпесін тудырады. Аллергиялық аурулар кезінде оның қан сарсысуындағы қанықпасы күрт өсіп, орта есеппен ажанда 1,6 мг/л мөлшеріне дейін жетеді. Ғылыми деректерге қарағанда бұл кластың антиденелері құрттар мен қарапайымдылар қоздыратын аурулар бекінде макрофагтар мен эозинофильдердің фагоцитарлық әрекетінің күшеюіне жағдай жасайды.
Антиденелерді көкбауырдағы, лимфа бездеріндегі, сүйек майындағы, Пейер түйіндерінде плазматикалық жасушалар жасап шығарады.
Иммуноглобулиндер м-РНК көмегімен плазмоциттердің цитоплазматикалық торымен байланысқан полирибосомаларында полипептидтердің жеке тізбектері түрінде түзіледі. Плазматикалық жасушалар иммуноглобулиндерді жеке полипептидтердің тізбегі түрінде немесе тұтас молекула түрінде бөліп шығарады. Иммуноглобулиидердің құрастырылуы цитоплазматикалық тордың цистерналарында өтеді. Антидененің L- және Н- тізбектері бір-бірімен қосылып, оның тұтас молекуласын құрайды. Әр плазматикалық жасуша секундына 50 ден 700-ге дейін иммуноглобулин молекуласын жасап шығарады. Антидененің әр полипептидінің өзгермелі және тұрақты бөлшектері әртүрлі гендермен жасалынады.
Антидененің белсенді орталығын антигеннің детерминантасының кеңістік конфигурациясына сәйкес келетін қуыс немесе саңылау ретінде қарастыруға болады. Зерттеушілердің болжамы бойынша антиген мен антиденені өте жақын қашықтықта әрекет көрсете алатын күштер, мысалы, Кулон және Вандервальс күштері және т.б. факторлар, бір-бірімен байланыстырады.
Белгілі бір антигенге иммундік жүйенің бірінші рет жауап қайтарыуының барысында дәйекті түрде бір-бірінің орнын басатын бірнеше кезеңдерді ажыратуға болады. Антигеннің денеге енуінен бастап, антиденелердің титрі өсе бастауына дейінгі уықытты қамтитын жасырын кезең - индуктивті кезең деп белгіленеді. Оны антиденелердің титрін шарықтау шегіне жеткізетін өнімді кезең алмастырады. Сонан соң белгілі бір уақыт аралығында антиденелердің деңгейінің тұрақтану кезең орын алады. Ақырында, бұл динамика антидене өндірудің әлсірсу аяқталады. Әрбір кезеңнің ұзақтығы антигеннің қасиеттеріне, жануардың түріне, күйіне және сыртқы ортаның жағдайларына байланысты болады. Әдетте ең бірінші пайда болатын антиденелер ІgM класына жатады, олардан кейін IgG, IgA және т.б. антиденелері түзіле бастайды.
Егер бірнеше айдан соң ағзаға антиген қайтадан егілсе, онда иммундік жүйе оған әлдеқайда күшті жауап қайтарады. Бұл құбылыс ағзаға осы антигенге қарсы алғашқы жауап барысында пайда болған Т- және В- еске сақтағыш лимфоциттерінің әрекетімен түсіндіріледі. Бұл жасушалар иммунологиялық жадының негізін құрайды. Сонымен, иммунологиялық жады деп ағазаның нақты бір антигенге гуморальдік және жасушалық әрекеттері арқылы тез және қарқынды түрде жауап беруін айтады. Екінші немесе қайталанған жауап анамнездік реакция деп аталып, IgG класына жататын антидененелердің титрінің жылдам артуымен сипатталады.
Дала - бұл аймақта судың тапшылығынан түк шөптесiн өсiмдiктер, ас-тық тұқымдастар ғана өседi. Жан-жануарларға бай және әр түрлi түрлерi кездеседi, /кемiрушiлер, аңдар, көптеген құстар/. Биологиялық өнiмi шама-мен алғанда жоғары деп есептеуге болады. Жылына әр гекгарынан 60 центнер өнiм бередi.
Температураға байланысты жер бетiнен аймақтарға бөлiнуi таулы жерлерде де кездеседi. Таулы жердегi өзгешелiк төменнен жоғары қарай өзгередi.
Сондықтан далалы, далалы-орманды алқап төменгi беткейде ор-наласса, орманды қылқан жапырақты орман, тундра және мәңгiлiк қар мен мұз ортаңғы және жоғарғы шыңдарына орналасады.
Өсімдектердің температураға бейімделуі
Өсiмдiктер қозғалыссыз бiр орнында тұрақты өсуiне сәйкес орта температурасына бейiмделiп өседi.
Қалыпты аймақ өсiмдiктерi эвритермдi болып келедi. Олар жыл мезгiлiнiң ауысып отыру нәтижесiндегi суық және жылы температуралар-дың 600С дейiнгi аралықта өзгеруiне төзе бередi.
Тропикалық және суық аймақтағы өсетiн өсiмдiктер стенотермдi болып келедi. Тропикалық өсiмдiктер температурасын 50С-80С төмендеге-нiне, ал криофильдi жасыл балдырлар 00С суықтыққа шыдамсыз келедi.
Өсiмдiктердiң температураға бейiмдiлiгi биохимиялық, физиология-лық және морфологиялық өзгерiстерге байланысты болады. Өсiмдiктер жа-пырақтарындағы устьицалар арқылы суды буландыру жолымен өз денесiн-дегi температураны төмендете алады. Сондықтан сыртқы орта темпера-турасы көтерiлген сайын, өсiмдiктердiң суды булауы артып отырады. Сол арқылы, олар температурасын 4-60С, ал кейде 10-150С-қа дейiн төмендете алады. Күн сәулесiнiң шағылысуы, оның топыраққа енуi т.б. жағдайларға байланысты өсiмдiктердiң әртүрлi бөлiктерiнде температура өзгермелi бо-лып келедi. Тундра аймағындағы өсiмдiктердiң жерге жатаған болып орна-ласуы олардың органикалық заттар ыдырауында пайда болған, сондай-ақ күн сәулесiн сiңiру арқылы алынған топырақ температурасын ұтымды пайдалануы болып табылады. Түнде температураның төмендеп, күндiз көтерiлiп отыруы өсiмдiктер тiршiлiгiне қолайсыз жағдай болып саналады.
2 ТРИПАНАСОМАНЫҢ ЭРИТРАЦИТТІ ДИАГНОСТИКУМДАРЫН АЛУ ӘДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУ

2.1 Антиденені бейтараптау(АдБР) реакциясын қою




АдБР жалпыға бiрдей ұсынылған әдiстермен қойылып, әрбiр пайдаланылған паразит ауруларына сәйкес өзгертiлiп. АДБР пробиркаға немесе пластинкаға қойылады. Пластинканың бiр қатарының 1-шiден 8-шi шұңқырына 0,5 мл ерiткiш құяды.
Ерiткiш ретiнде 0,7% желатиннен тұратын физиологиялық ерiтiндi пайдаланылады.
Сонан соң 1-шi шұңқырға 0,5 мл 1:25 физиологиялық ерiтiндiге тексерiлетiн қан сарысуы құйылды. Шприцпен 1-шi шұңқырдан 0,5 мл алып екiншi шұңқырға ауыстырылып, барлық шұңқырларға 0,25 мл 1%-тi эритроцит диагностикумы құйылды.
Пластинка жайлап шайқатылған соң бөлме температурасында (16-25оС) ұсталынды [12-35].
Реакция нәтижесi 2-3 сағат өткен соң есепке алынып, 4 балдық жүйемен бағаланды:
4 балл – эритроциттер ойыс ойық түбiн түгелдей жұқа қабықпен жауып жатады;
3 балл – эритроциттердiң жауып жатқан аймағы алдыңғыға қарағанда аздау;
2 балл – эритроциттердiң агглютинаттары аз, тек ойықтың түбiнiң ортасына көрiнедi;
1 балл – эритроцит тұнбасының шет жақтарында шамалы агглютинат-түйiршiктерi байқалады.
Терiс реакция – эритроциттер ойық түбiнде түйме сияқты болып бiр жерге жиналып, шоғырланды. Тексерiлетiн қан сарысуының ең жоғарғы титрiне 3-4 балдық ерiтiндi алынды.
АдБР-сының сапалы жүргенiн қадағалау үшiн арнаулы тексеру шұңқырлары болуы керек:
1 шұңқыр – 0,5 мл физиологиялық ерiтiндi және 0,25 мл эритроциттi диагностикум құйылған;
2 шұңқыр – 0,5 мл қан сарысуының 1-50 ерiтiндiсi және 0,25 мл 1% қалыпты эритроцит құйылған.
Бұл шұңқырларда гемагглютинация реакциясы жүрмеу керек. Эритроциттi диагностикумды тексеру үшiн алдын ала тексерiп титрi көрсетiлген иммунды қан сарысуын бiр қатар шұңқырларға көрсетiлген ерiтiндiге дейiн титрлеп, оларға эритроциттi диагностикум қосылады. Реакция барлық шұңқырларда оң 3-4 балдық көрсеткiште болу керек [36-40].
Жер бетiндегi өсiмдiктер мен жануарлардың басым көпшiлiгi нөлден төменгi температурада белсендi тiршiлiгiнен айырылады. Сондай-ақ оларға орта жағдайының жоғарғы температурасы да қолайсыз әсер етедi. Әрбiр ағзалар тiршiлiгi, құрамындағы негiзгi органикалық зат ақуызға байланыс-ты болғандықтан, оларға әсер ететiн температуралық фактор ақуыз қасие-тiн жоғалтпайтын мөлшерде болу керек.
Ол мөлшер 0-тан 50С арасы. Дегенмен кейбiр ағзалар бұл шектен тысқары мөлшердс өмiр сүре алады. Жер бетiндегi температура көзi негi-зiнен күн сәулесi болып табылады. Ал оның таралуына, өзгеруiне жер бе-дерi, топырақтың жылу өткiзгiштiгi, жылу сыйымдылығы, ауадағы бұлт-тар, теңiзден келетiн суық және салқын ауа ағындары ықпал етедi.
Ағзалар температураға байланысты термофильдi және криофильдi болып бөлiнедi.
Термофильдi ағзаларға оптимум жоғарғы температура болатындар жа-тады. Оларға көптеген ұсақ ағзалар, насекомдар дернәсiлдерi, жұмыр құрт-тар, кенелер т.б. топырақтың жоғарғы қабатында өмiр сүретiн ағзалар жа-тады. Топырақтың жоғарғы қабатында органикалық заттар, шiрiндiлер температурасы жоғары болады. Термофильдi ағзаларға сондай-ақ 860С-930С ыстық су көздерiнде /гейзерлерде/ кездесетiн көк-жасыл балдырлар, бактериялар, құмды жердегi 65С кейiнгi ыстыққа шыдамды қақ қыналар, өсiмдiк және оның дәндерiн жатқызуға болады.
Криофильдi ағзалар орта температурасының 80С-100С дейiн төмен-дегенiнде өмiр сүре алады. Оларға бактериялар, саңырауқұлақтар, қына-лар, мүктер, кейбiр буынаяқтылар т.б. жатады. Тундра, арктида, антрак-тида, биiк тау шындарында суық теңiздерде өмiр сүретiн ағзаларды жатқы-зуға болады.
Сыртқы орта температурасына тәуелдi және тәуелдi еместiгiне байла-нысты ағзалар гомойотермдi және поикилотермдi топтарға бөлiнедi.
Гомойотермдi ағзаларға омыртқалылар құстар мен сүтқоректiлер жа-тады. Олар сыртқы температураға тәуелдi емес, дене температурасын бiр-қалыпты ұстап тұрады.
Пойкилотермдi ағзалардың денесiнiң температурасы сыртқы орта температурасына тәуелдi болады. Олардың өмiр сүруiне керектi жылу сыртқы ортадан келедi. Пойкилотермдi ағзаларға барлық ұсақ ағзалар, өсiмдiктер, омыртқасыз және кейбiр хордалы жануарлар мен жәндiктер жатады.
Гомойотермдi ағзалар денелерiне керектi оптимальдi температураны, өздерi көптеген биохимиялық реакциялар арқылы тұрақты ұстап тұра алады.
Гомойотермдi жануарлар iшiнде ерекше топқа гетеротермдiлер жата-ды. Олар белсендi кездерiнíде дене температурасы тұрақты ұстай алса, белсендi емес кездерiнде /қысқы ұйқыға жату/ дене температурасы зат алмасу процестерi бәсеңдеу себебiнен сыртқы ортаға сәйкес төмендеп кетедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет