Зерттеу жұмысының мақсаты: Қан сорғыштардың соналардың тарататын трипанасома паразиттерін анықтауға қажетті диагностикалық препараттарды алу әдістерін зерттеу, қолданылатын иммунологиялық реакцияларды жетілдіру және трипанасимо паразиттері мен соналардың Оңтүстік аймақтарда таралуы мен экологиялық ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеті:Қан сорғыш соналар мен трапанасома паразиттерінің Қазақстаның оңтүстігінде таралу ерекшеліктерін анықтау мақсатында төмендегідей міндеттер алынды:
1. Қан сорғыш соналардың климаттық экологиялық байланыстарын салыстырмалы зерттеу;
2. Трипанасома паразиттерінің анықтауға қажетті серологиялық реакцияларды жетілдіру.
3. Қан сорғыш соналардың трипанасома қарапайымдыларымен Қазақстанның оңтүстік аймақтарында таралуы мен экологиялық байланыстарын зерттеу.
Зepттey ныcаны жәнe әдіcтepі: Көптеген зерттеушілердің мәліметтерінде малдың трипанасомозын серологиялық әдістермен анықтауға болатыны көрсетілген.
Осыған байланысты токсоплазманың малдарда таралуын зерттеу үшін жаңа, тиiмдi әдiстер енгiзу өзектi мәселе болып саналады
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:Жүргiзiлген зерттеу жұмыстарының нәтижесiнде:
- Алғаш рет қан сорғыш соналар мен трипанасома паразиттерінің Қазақстанның оңтүстік аймақтарында таралу ерекшеліктері айқындалды.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы:Жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде, антиденені бейтараптау реакциясын қолдану әдiстерi жаңартылды.
Жер бетiндегi өсiмдiктер мен жануарлардың басым көпшiлiгi нөлден төменгi температурада белсендi тiршiлiгiнен айырылады. Сондай-ақ оларға орта жағдайының жоғарғы температурасы да қолайсыз әсер етедi. Әрбiр ағзалар тiршiлiгi, құрамындағы негiзгi органикалық зат ақуызға байланыс-ты болғандықтан, оларға әсер ететiн температуралық фактор ақуыз қасие-тiн жоғалтпайтын мөлшерде болу керек.
Ол мөлшер 0-тан 50С арасы. Дегенмен кейбiр ағзалар бұл шектен тысқары мөлшердс өмiр сүре алады. Жер бетiндегi температура көзi негi-зiнен күн сәулесi болып табылады. Ал оның таралуына, өзгеруiне жер бе-дерi, топырақтың жылу өткiзгiштiгi, жылу сыйымдылығы, ауадағы бұлт-тар, теңiзден келетiн суық және салқын ауа ағындары ықпал етедi.
Термофильдi ағзаларға оптимум жоғарғы температура болатындар жа-тады. Оларға көптеген ұсақ ағзалар, насекомдар дернәсiлдерi, жұмыр құрт-тар, кенелер т.б. топырақтың жоғарғы қабатында өмiр сүретiн ағзалар жа-тады. Топырақтың жоғарғы қабатында органикалық заттар, шiрiндiлер температурасы жоғары болады.