Қарапайым көздер. Әдетте қарапайым көз үшеу болады: бiреуi маңдайда, қалған екеуi маңдайдың екi жағына және жоғарылау бастың төбе бөлiмiне орналасады. Кейбiр насекомдарда қарапайым көз дамыған. Көбiнесе олардың ортаңғысы жоғалып кеткен, кейде ортаңғысы сақталады да екi шеткiсi жоқ болады. Қабыршақ қанаттылар мен қос қанаттылардың көпшiлiгiнде қарапайым көздер бiржола болмайды.
Қарапайым көздiң күрделi көз омматидтерiнен айырмашылығы- оның орталық бөлiмiнде көптеген сезiм элементтерi болады және олар көру төмпешiгiнен емес, мидың алдыңғы бөлiгiнiң орталық учаскесiнен нервтеледi. Қарапайым көздердiң қандай қызмет атқаратыны туралы мағлұмат әлi жеткiлiксiз. Кейбiр жорамалдар бойынша олар жарық түсу қарқынының құбылмалы жағдайларында көрудiң өте тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, жарық нашарлаған кезде күрделi көздердiң реакциясын күшейтедi немесе жарық күшi жоғарылаған кезде оны тежейдi, сөйтiп күрделi көздерiнiң қызметiн реттеуге қатысады.
Насекомдар өздерiнiң нерв жүйесi мен сезiм мүшелерiнiң жақсы дамуына байланысты сыртқы ортадан келетiн алуан түрлi сигналдарды, және сол сигналдарға мақсатқа сай қимылдардың жиынтығымен (тұқым қуалау әрекеттерiн қоса) жауап қайтарады. Организмнiң реакциясының осындай жиынтығын тiршiлiк әрекетi деп атайды. Тiршiлiк әрекетi тек сыртқы тiртiркендiргiштермен ғана емес, сонымен қатар организмнiң физиологиялық күйi (аштық, жыныс мүшелерiнiң жетiлуi және т.б.) арқылы да анықталады. Тiршiлiк әрекетiнiң негiзiне рефлекс, яғни тiтiркенуге жауап қайтару реакциясы жатады. Тiршiлiк әрекетiнiң ең қарапайым көрiнiсi шартсыз рефлекстерге негiзделген, ал шартты рефлекстер жоғары нерв әрекетiнiң элементтерi болып саналады.Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, тұқым қуалайды. Тiршiлiк әрекетiнiң қарапайым түрiне танатоза күйi мысал болады: жемiс ағашын кенеттен сiлкiген кезде қимылдау процесiнiң рефлекторлық тежелуi байқалады да насекомдар бұтақтан жерге құлап, бiраз уақыт қимылсыз жатып қалады. Тiршiлiк әрекеттiң күрделiрек түрiне таксистер мен инстинктер жатады. Таксистер- тiтiркендiргiштiң әсерiнен туатын әртүрлi рефлекторлық қимылдар. Оларды тiтiркендiргiштердiң аттарына сәйкес термотаксис (жылу), фототаксис (жарық), гиротаксис (ылғал), хемотаксис (химиялық тiтiркендiргiш) деп атайды. Таксистер насекомының қимылы қалай қарай (тiтiркендiргiшке қарай немесе оған қарама-қарсы жаққа қарай) бағытталуына байланысты ұнамды және ұнамсыз болуы мүмкiн.
Инстинктер iштен туа пайда болған күрделi рефлекстер болып саналады. Насекомдардың тiршiлiгi үшiн, әсiресе жеке насекомдардың және түрдiң күллi популяциясының тiрi қалуы үшiн олардың маңызы зор. Инстинкт алғаш қарағанда мақсатқа сай, саналы әрекет болар деген ұғым туғызады. Мысалға, аралардың бүкiл әрекетiн- ұяшықтар жасауын, бал жинауын, личинкаларын асырауын, үйiр құруын және тағы басқа әрекеттерiн саналы қадамға жатқызуға болады.
Көбею мүшелерi. Насекомдардың барлығы дерлiк дара жынысты организмдер. Гермофродитизм насекомдардың тек аздаған түрлерiнде (мысалы, термиттердiң ұясында тiршiлiк ететiн шыбындар мен кокцидиялардың кейбiреулерiнде) ғана байқалады. Көпшiлiк жағдайда сыртқы құрылысы жағынан еркек касеком мен ұрғашы насекомның арасында айырмашылық аз немесе мүлде болмайды. Бұл жағдайда оларды бiр-бiрнен сыртқы жыныс мүшелерi арқылы ғана ажыратуға болады. Сонымен қатар насекомдарда анық көрiнетiн жыныс диморфизмi жиi кездеседi. Ондай насекомдардың еркегiн ұрғашысынан жақсы дамыған мұртшалары (мысалы, зауза қоңыздарында, бұйра көбелек пен жiбек көбелек тұқымдастарының өкiлдерiнде), көз құрылысы (араларда), ауыз аппаратының бөлiмшелерi (бұғы қоңызда), церкилерi (айыр құйрықтарда), терi қосалқылары (мүйiзтұмсық қоңызда) арқылы ажыратуға болады. Сонымен қатар еркек насекомның түсi ақшыл болады және қимылы жылдам келедi. Жыныс диморфизмi әсiресе желпуiш қанаттылардың өкiлдерiнде (еркегiнiң қанаттары жақсы жетiлген, ұрғашысы қанатсыз және дене пiшiнi құрт тәрiздi), кокцидтердiң көптеген түрлерiнде және көбелектердiң кейбiреулерiнде (қысқы мұр көбелегiнде, жұпсыз көбелекте және т.б.) өте айқын бiлiнедi.
Ұрғашы насекомның көбею мүшелерiне 1 жұп аналық, жұп және жұпсыз жұмыртқа өткiзгiш, бiр жұп қосалқы без және кейбiр насекомдарда кездесетiн тұқым қабылдағыш жатады. Аналық бездерi жұмыртқа түтiкшелерiнен тұрады, онда жұмыртқа клеткалары қалыптасады. Жұмыртқа түтiкшелерiнiң саны әр түрлi: кейбiр қоңыздар мен көбелектерде 4-8 жұп, бал арасында 220 жұпқа дейiн, ал термиттерде 12000 және одан да көп. Жұптас жұмыртқа өткiзгiштер өзара қосылып, жыныс тесiгi арқлы сырқа ашылатын жұпсыз жұмыртқа өткiзгiш құрайды. Жұпсыз ұрық өткiзгiшке тұқым қабылдағыштың жiңiшкерек келген жанама тармағы қосылады (шыбындардың кейбiр түрлерiнде 2-3 ұрық қабылдағыш болады). Ұрық қабылдағыш немесе сперматека еркек насекомның шағылысу кезiнде бөлiнетiн сперматозоидтарын сақтау қызметiн атқарады. Сперматозоидтарды сақтау кейде 4-5 жылға созылады (мысалы, бал арасында сондай). Жұмыртқаның ұрықтануы жұпсыз жұмыртқа өткiзгiштен өтiп бара жатқан-кезiнде орындалады. Осы кезде сперматозоидтар тұқым қабылдағыштан шағады да жұмыртқаның ұрықтандырады. Көбiнесе жұпсыз жұмыртқа өткiзгiш кеңiнен, қапшық тәрiздi мүше-қынапқа айналады. Жұпсыз жұмыртқа өткiзгiшке қосалқы бездерiнiң жанама тармағы ашылады.
Ұрғашы насекомның қосалқы бездерi әр түрлi қызмет атқарады. Олар жұмартқаны субстратқа жабыстыру үшiн (көбелек және басқа көптеген насекомдарда), жұмыртқа пiлләсi-оотека (таракан мен дәуiтте) немесе күбiрше (шегiрткеде) жасау үшiн пайдаланылатын секреттердi бөлiп шығарады. Ал адамда және басқа жануарларды шағатын жарғақ қанаттыларда олар улы бездердiң қызметiн атқарады.
Еркек насекомының өсiп-өну мүшелерiне жұптас аталық безi, жұптас тұқым жолы, жұпсыз тұқым шашқыш канал, қосалқы жыныс бездерi және копулятивтi мүше жатады. Аталық бездердiң пiшiнi әр түрлi: шоқтанған, бөлшектi, диск тәрiздi бұралған иiр болып келедi де iшiнде сперматозоидтар қалыптасатын тұқым түтiктерiнен немесе фолликулалардан тұрады. Тұқым түтiктерi жұптасқан тұқым жолына қосылады, көбiнесе олардың ұшы кеңiнен, тұқым көпiршiктерiне айналады. Сперма сыртқа шығар алдында сонда жиналады да шағылысу кезiнде тұқым шашқыш каналға түседi. Одан соң тұқым шашқыш каналға түседi. Одан соң тұқым шашқыш канал сперманы копулятивтi мүше арқылы итерiп сыртқа шығады. Еркек насекомның қосалқы бездерiнiң саны 1-3 болады. Ал тарақанда олар оншақты түтiкшеден тұратын бiр бума шоғыр түрiнде. Қосалқы бездер тұқым шашқыш каналға қосылады. Олардың секретi шағылысу кезiнде сперманы сыртқы әсерлерден қорғайды (мысалы, араларда). Кейбiр насекомдарда қосалқы бездердiң секретi ерекше бiр капсул жасап, сперма порциясын қапшықтайды. Ондай капсулды сперматофор деп атайды. Шағылысу кезiнде еркек насеком сперматофорды ұрғашы насекомның жыныс тесiгiне енгiзiп жiбередi немесе оған жабыстырып қояды; бұдан кейiн сперматозоидтар сперматофорлық ұрықтану тура қанаттыларда, дәуiттерде және кейбiр қоңыздарда байқалады .