1.3 Буынаяқтылардың экологиясы
Насекомның денесi бас, көкiрек және қүрсақ деп аталатын 3 бөлiмнен, ал олардың әрқайсысы әр түрлi қосымша мүшелермен (қосалқылар) жабдықталған бiрнеше бунақтардан түрады.
Бас және оның қосалқылары. Бас-тканьдерi мейлiнше тығыздалған және мидың сауыты болып есептеледi де, өзара бiрiгiп бiтiскен 5 бунақтан түрады. Онда симметриялы орналасқан 1 жүп күрделi көз, қарапайым көздер және қозғалмалы мүртшалар мен ауыз мүшелерi болады.
Мұртшалар немесе антенналар. Маңдайдың екi жағында көз аралығында орналасқан, бiрнеше буыннан түрады. Иiс және сезiм мүшелерiнiң қызметiн атқарады. Насекомның мүртшаларының қүрылысы қандай түрлерге немесе топтарға жататынына байланысты әр түрлi болады. Сондықтан бүл белгi насеком түрлерiн анықтау үшiн кең пайдаланылады. Көпшiлiк жағдайда бiр түрге жататын насекомдардың мұртшаларының құрылысы жынысына қарай әр түрлi болады: еркек насекомнның ұрғашы насекомға қарағанда жақсы жетiлген.
Қоректiк заттардың түрлерiне және олармен қоректену тәсiлдерiне байланысты әр түрлi топқа жататын насекомдардың ауыз мүшелерi құрылысы әр түрлi болып келедi. Ауыз мүшесi негiзiнен кемiргiш және сорғыш болып 2 топқа бөлiнедi. Кемiргiш ауыз өсiмдiктердiң әр түрлi мүшелерi, тұқымдары және органикалық қалдықтар сияқты қоректiк заттардың қатты түрлерiмен қоректенуге бейiмделген.
Кемiргiш ауыз бунақталмаған бiр жұп жоғарғы жақтан, бунақталған бiр жұп төменгi жақтан және бунақталған төменгi ерiннен тұрады. Ауыз мүшелерiн үстiңгi жағынан жоғарғы ерiн бүркеп тұрады. Жоғарғы ерiн, әдетте төрт бұрышты пластинка сияқты терi қатпары болып саналады. Ауыз мүшелерiнiң мұндай түрi таракандрға, тура қанаттыларға, қоңыздарға, көбелектердiң жұлдызқұрттарына және көптеген басқа насекомдардың дернәсiлдерiне тән.Сорғыш ауыз мүшелерi едәуiр өзгерiстерге ұшыраған, бiрақ соған қарамай көпшiлiк жағдайларда кемiргiш ауыз мүшелерi типiне тән жалпы белгiлер оларда сақталып қалған. Мысалы, жалап кемiргiш ауыз мүшелерiнiң (бал арасы, жабайы ара) төменгi жақтары және төменгi ернi ұзын тұмсыққа айналған. Олардың жеке бөлшектерi өте ұзарған, бiрақ кемiргiш ауыз мүшелерiне тән бунақталу әлi сақталған. Қандалалардың шаншып-сорғыш ауыз мүшелерiнiң жоғарғы және төменгi жақ бөлiмдерi өте жiңiшке және ұзын шаншығыш қылшықтарға айналған. Олар көп бунақталған ұзын тұмсықтың iшiнде орналасады. Қандала қоректенген кезде оның тұмсығы субстратқа тiрелiп, артқа қарай бүгiледi, сонымен қатар шаншығыш қылшықтар жабын қабықты тесiп, өсiмдiк тканына немесе құрбан организмнiң денесiне енедi. Шаншығыш қылшықтың екiншi жұбы өзара тығыз жанасады. Осының нәтежесiнде оладың iшiнде 2 өзек түзiледi. Оның бiреумен өсiмдiк тканiне немесе организм денесiне қандала өзiнiң сiлекейiн құяды да, екiншiсiмен сыртта алдын ала қорытылған тамақ затын сорып алады. Гүлдiң тәттi сiрнесiмен қоректенетiн көбелектердiң ұзын тұмсығы төменгi жақ мүшелерiнiң бунақталу қабiлеттiлiгiн жойып, тым ұзаруынан пайда болған.
Кеуде. Насекомның кеуде бөлiмi- алдыңғы, ортаңғы, артқы кеуде деп аталатын 3 бунақтан түзiлген. Бунақтардың әрқайсысы арқа немесе тергит деп аталатын жоғарғы жарты сақинадан, төс немесе стеринит деп аталатын төменгi жарты сақинадан және плейрит деп аталатын бүйiр жағындағы бөлiктерден тұрады.
Кеуде бөлiктiң әрбiр бунағында бiр жұп аяқ (барлығы 3 жұп аяқ), ал ортаңғы және артқы көкiректе бiр жұптан (барлығы 2 жұп) қанат болады.
Насекомның аяғы жамбас (төспен жалғасқан), ұрғашы, сан, жiлiншiк (сирақ), табан деп аталатын бiрнеше бунақтан тұрады.
Тiршiлiк ету жағдайларына және жеке топтардың мамандану дәрежесiне байланысты насекомдардың аяқтарын бiрнеше типке бөледi. Мысалы, таракан, барылдақ қоңыз, қандала сияқты жылдам жүретiн насекомдарға жiңiшкерген Ұзын сирақты аяқ тән. Ал төрт бунақтан тұратын жалпақ табанды жуандау және қысқарақ келген жүргiш аяқ типi қоңыздардың бiрқатар тұқымдастарының (жапырақ жегiлер, бiзтұмсықтылар, мұрттылар т.б.) өкiлдерiнде кездеседi. Тiршiлiк жағдайларына немесе қозғалу тәсiлдерiне бейiмделу алдыңғы немесе артқы аяқтардың мамандануына себеп болған. Мысалы, бұзаубастың, зауза қоңыздың жетiлiп дамуы ұзақ уақыт топырақ арасында өтуiне байланысты алдыңғы аяғы жердi қазуыға, дәуiттiң алдыңғы аяғы құрбанын шап берiп ұстауға, шегiрткенiң артқы аяғы секiруге, суды мекендейтiн насекомдардың (жүзгiш қоңыз т.б.) артқы аяғы жүзуге, араның артқы аяғы гүл тозаңдарын жинауға бейiмделген. Осы айтылғандарға сәйкес насекомдарда қазғыш, ұстағыш, секiргiш, жинағыш аяқ типтерi пайда болған.
Насекомдарда әдетте 2 жұп қанат болады. Алайда кейбiреулерiнде тек қана алдыңғы жұп қанат (қос қанаттылар немесе шыбындар кокцидтердiң бiраз түрлерiнде) кейде артқы жұп қанат (желпуiш қанаттылардың еркегiнде) дамыған. Қанаттары мүлде жоқ немесе дамымаған насекомдар да (алғашқы қанатсыздар класс тармағының өкiлдерi, бiте, бүрге, төсек қандаласы тағы басқаларда) жиi кездеседi.
Насекомдарда кездесетiн алуан түрлi қанаттардың барлығы 3 түрлi белгiлерiне, яғни консистенциясына (бiртектi, әртектi), тұйықталған тор көздерiнiң санына (торлы немесе жарғақты) және қабыршақтану немесе түк басу (жалаңаш немесе жабық) дәрежесiне қарай жiктеледi.Егер насекомдардың қанаттары жалаңаш та әртектi болса, бiрiншi жұбы терi жарғақты, екiншi жұбы торлы болса, олар тура қанаттылар отрядына жатады. Сол сияқты қанаттары бiртектi де, жалаңаш жарғақты болса жарғақ қанаттылар отрядына жатады. Қанаттары бiртектi және жарғақты қабыршақтармен бүркелген болса, қабыршақ қанаттылар отрядына жатады.
Құрсақ. Құрсақ насекомының денесiнiң үшiншi бөлiгi, ол азды-көптi өзара ұқсас бiрқатар бунақтардан тұрады. Ересек насекомның құрсақ бунақтарында аяқ болмайды.Жыныс қосалқыларына ұрғашы насекомның жұмыртқа қынабы және еркек насекомның сыртқы жыныс мүшелерi жатады. Жұмыртқа қынабы тура қанаттылар (әсiресе шекшектер мен шiлделiктерде өте ұзын) мен жарғақ қанаттыларда (шаншарларда) жақсы жетiлген. Мысалы, перуан шаншарының денесiнiң ұзындығы 2 см, ал жұмыртқа салғышының ұзындығы 15 см. Ара және басқа шағып алатын насекомдардың жұмыртқа салғышы бiзгекке айналған. Еркек насекомның сыртқы жыныс құралы копулятивтi мүшеден және әр түрлi құрылысты бiрнеше қосалқылардан тұрады.
Құрсақ артқы көкiрекпен тұтаса жалғасады. Құрсақтың мұндай түрiн қондырма құрсақ дейдi. Жарғақ қанаттылардың көптеген түрлерiнiң құрсағы көкiрек пен түрi өзгерген II және III құрсақ бунақтары болып саналатын сабақша арқылы жалғасады. Бұл жағдайда сабақша қысқа болса, онда аспа құрсақ (арада, түктi арада), ал ұзын болса сабақшалы құрсақ (құмырсқада, шаншарда) деп аталады.
Терi жамылғы. Насекомның тiршiлiгi үшiн терi жамылғысының маңызы өте зор. Ол бұлшық ет жүйесiнiң тiрегi бола отырып, дененiң ылғал режимiн реттеудi қамтамасыз етедi. Сонымен қатар тыныс алу, зәр шығару, дененi механикалық зақымданудан және зиянды заттардың енуiнен қорғау қызметтерiн де атқарады. Насекомдардың түсiнiң де әр түрлi болуы осы терi жамылғысына байланысты. Терi қабаттың туындылары болып есептелетiн сыртқы қосалқылар (түк, қылшық, қабыршақ) iшкi немесе эндоскелеттiк, өсiндiлер және әр түрлi-терi бездерi (балауыз шығаратын, лак беретiн, иiс шығаратын және тағы басқалар) маңызды роль атқарады [3,4,5].
Бұлшық ет жүйесi. Насекомдардың бұлшық еттерi жақсы жетiлiп, барынша жiктелiп бөлiнген. Мысалы, кейбiр көбелектердiң жұлдызқұрттарындағы бұлшық еттер саны 2000 жетедi. Ең жақсы жетiлген бұлшық ет насекомының кеуде бөлiгiнде орналасқан. Әсiресе жақсы ұшатын насекомдарда. Мұндай бұлшық ет насекомдардың ұшу жылдамдығын ұлғайтады, қанат қағу жиiлiгiн арттыруға мүмкiндiк туғызады. Мысалы, бал арасы қанатын секундына 450 рет, шыбындардың кейбiр түрлерi 1000 шамасына дейiн қағады, ал инелiктердiң кейбiр түрлерi сағатына 144 км жылдамдықпен ұша алады.Ас қорыту жүйесi. Насекомдардың ас қорыту жүйесi iшектен және қызмет жағынан сонымен байланысты сiлекей бездерiнен тұрады. lшек ауыз қуысынан басталып, дене бойымен өтедi де құрсақ соңындағы артқы тесiкпен аяқталады. lшек 3 бөлiмнен тұрады: алдыңғы iшек, ортаңғы iшек және артқы iшек. Алдыңғы iшек пен артқы iшек, ұрықтың дамуы кезiнде сыртқы ұрық жапырағының (эктодерманың) iшке қарай ойысуынан пайда болған және ол iшкi жағынан хитиндi кутикуламен астарланған. Ортаңғы iшек iшкi ұрық жапырағынан (эндодермадан) пайда болған және оның iшкi керегелерi кутикула емес, бездi эпителияның клеткаларымен астарланған.
Алдыңғы iшек жұтқыншақ, өнеш, жемсау және алдыңғы қарын немесе еттi қарын деп аталатын 4 бөлiкке бөлiнедi. Өңеш-айқын шекарасыз едәуiр көлемдi жемсаумен ұштасатын ұзын түтiкше. Жемсауда тамақ уақытша жиналып алдын ала қорытыла бастайды. Бiрақ, iшектiң бұл бөлiмiнде тамақтың сiңiрiлу процесi жүрмейдi. Көбелек пен шыбынның кейбiр түрлерiнде жемсау өңештен оқшаулау орналасады да онымен жiңiшке түтiкше арқылы жалғасады. Еттi қарында (егер ол жақсы жетiлген болса) күштi бұлшық еттер бар және оның iшкi керегелерi хитиндi тiстермен жабдықталған. Оның қызметi әр түрлi. Мысалы, тараканның шекшектiң және мұртты қоңыздың кейбiр түрлерiнiң еттi қарны тамақты майдалау қызметiн атқарса, бал арасында оны бөлшектеп ортаңғы iшекке өткiзiп тұрады, ал барылдауық қоңызда ас қорыту ферменттерiн ортаңғы iшектен жемсауға және өңешке жiберу қызметiн атқарады.
Ортаңғы iшек-ас қорыту жүйесiнiң ең негiзгi бөлiмi. Ол қи қоңызы және өлексе шыбыны сияқты қиынырақ қорытылатын заттармен қоректенетiн насекомдарда өте ұзын болады да, иiрiлiп орналасады. Сонымен қатар ортаңғы iшектiң сiңiру аумағы ұштары бiтеу қосымша тармақтар мен қатпарлар есебiнен де ұлғая түседi. Тең қанатты насекомдарда ортаңғы iшектiң сiңiру аумағын тиiмдi пайдалану артық заттардан (балластан) құтылу арқылыда iске асырылады.
Ортаңғы iшекте ас қорыту ферменттерi бөлiнiп шығады және қорытылған тамақ сiңiрiледi. Көпшiлiк насекомдардың ортаңғы iшегiнiң эпителиясынан перитрофты қабық түзiледi. Ол эпителия клеткаларын тамақ түйiршiктерiнiң зақымдауынан қорғайды және осы қабық арқылы iшектiң iшiне оңай енетiн ферменттердi толық пайдалануға мүмкiндiк туады.Артқы iшек, мальпигий түтiкшелерi келiп құйылатын, қысқа бөлiктен және аш iшек пен тура iшектен тұрады. Артқы iшекте тамақ қалдықтарында болатын судың сорылу процесi жүредi. Оған кейбiр насекомдардың тура iшегiнде болатын ректаль бездерi де көмектеседi. Экскременттiң бiржола қалыптасуы және оның сыртқа шығарылуы артқы тесiк арқылы iске асырылады.
Насекомдарда 3-4 жұп, кейде одан да көп, сiлекей бездерi болады. Олар әдетте жоғарғы ерiнмен және жоғарғы жақпен, төменгi жақпен байланысты болады да түтiкшелер арқылы алдыңғы ауыз қуысына немесе тұмсық қуысына ашылады. Сiлекей бездерi мен ортаңғы iшек ас қорыту ферменттерi түзiлетiн орын. Ферменттер тамақтың қорытылуы үшiн өте қажет.
Қоректiк заттардың әуелi iшек қуысына түсуден бұрын-ақ ферменттердiң көмегiмен қорытыла бастауы жиi байқалады. Мұны iшектен тыс қорытылу дейдi. Мысалы, бақашық кандала астықтың денiн тұмсығымен шаншыған кезде оған сiлекей ферментiн құяды. Фермент дән iшiнде биохимиялық өзгерiстер жасап, оны соруды жеңiлдетедi. lшектен тыс қорытылу әсiресе жыртқыш насекомдарда өте айқын байқалады. Мысалы, алтын көздiлердiң және басқа да тор қанаттылардың личинкалары ас қорыту ферменттерiн құрбандарының денесiне жақтарында болатын түтiкше арқылы жiбередi. Одан соң бiрнеше минуттан кейiн сол түтiкше арқылы гидролизденген қоспаны соруға кiрiседi.
Қан айналу жүйесi. Насекомдардың қан айналу жүйесi ашық. Ол құрсақтың үстiңгi жағына орналасқан арқа тамырдан немесе жүректен, одан алға қарай барып, бас қуысына ашылатын қолқадан тұрады. Жүрек бiрнеше камераға (қуысқа) бөлiнедi. Әр камерада бiр жұптан бүйiр тесiктерi устьицалар бар. Камера кеңейген кезде олар арқылы қан iшке сорылады. Жүректiң камералары кезекпен бiрiнен соң бiрi жиырылып қанды алға қарай (қолқаға) айдайды. Қолқадан шыққан қан бас қуысына одан соң iшкi дене қуысына құйылады. Құрсақта қан өкпе қапшықтарын және трехея жүйесiн аралап өтiп, оттегiне қанығады да одан соң қайтадан жүрекке барады. Қанның дене қуыстарын және ондағы iшкi мүшелердi аралап айналып шығуына белгiлi дәрежеде арқа және құрсақ диафрагмалары көмектеседi.
Қан қоректiк заттарды тасымалдайды, олармен дене тканьдарын қамтамасыз етедi, зат алмасу процесiнде пайда болған сұйық заттарды сiңiрiп мальпиги түтiкшелерiне жеткiзедi, көптеген физиологиялық процестердi реттейтiн гормондарды тасымалдайды.
Тыныстану жүйесi. Насекомның тыныстануы денесiнiң өн бойына түгел таралған трахея (кеңiрдек) жүйесi арқылы, өте сирек-терi жамылғы арқылы жүзеге асырылады. Трахея дегенiмiз iшкi керегелерi хитиндi қабықпен астарланған қуыс түтiкшелер. Хитиндi қабық бұрала спиральданып қалыңдаған. Бұл жағдай қозғалған немесе иiлген кезде түтiкше қуысының таралуына кедергi жасайды.
Трахеялар ауадағы оттегiн тiкелей клеткалар мен тканьдарға жеткiзетiн диаметрi 1 мкм-ден де кiшi өте ұсақ капиллярларға-трахеолдарға тармақталған. Трахеялар сыртқы дененiң екi жақ бүйiрiне орналасқан жұпты тыныс тесiктерi арқылы ашылады. Әдетте 10 жұп тыныс тесiгi болады. Оның 2 жұбы дененiң кеуде бөлiгiнде және 8 жұбы құрсақта орналасады. Кейде олардың оннан аз болуы немесе бiржола жоқ болуы (алғашқы қанатсыздарда, суда және паразиттiк тiршiлiк ететiн насекомдардың личинкаларында) мүмкiн. Тiкелей тыныс тесiктерiнен басталатын трахеялар кеңiнен ауа қапшықтарына айналады. Олар әдетте жақсы ұша алатын насекомдарда жетiлген. Ауа трахея жүйесiне құрсақтың қимылдау әрекетi нәтижесiнде қарқынды түрде енедi. Осы кезде тыныс тесiктерiнiң бiреуi ашылып, екiншiсi жабылып тұрады да дем алу немесе дем шығару қызметi орындалады.
Зәр шығару жүйесi. Насекомдарда зәр шығару экскреция, секреция және инкреция (немесе iшкi секреция) деп аталатын 3 түрлi процестен тұрады.
Экскреция-зат алмасу кезiнде ас қорыту жүйесiнен тыс жерде пайда болатын, организм үшiн зиянды және керексiз заттарды- экскреттердi денеден шығару процесi. Экскреттерге несеп қышқылы және оның тұздары, сонымен қатар калий, натрий, кальций, магний катиондары, қымыздық қышқылы мен фосфор қышқылы және басқа азот алмасуының ерiтiндi түрiндегi өнiмдерi жатады. Экскреттердi бөлiп шығаратын мүшелерге мальпиги түтiкшелерi, алғашқы қанатсыздардың төменгi ерiн бездерi және майлы дененiң клеткалары жатады.Мальпиги түтiкшелерi-зәр шығару жүйесiнiң негiзгi мүшесi. Түтiкшелердiң бос жатқан бiр ұшы тұйық болады да, екiншi ұшы iшекпен жалғасады. Олардың саны 2 шамасынан (сымырларда) 150 шамасына дейiн (араларда) құбылып тұрады. Бiрақ, түтiкшелер санының осындай айқын өзгерiп тұруына қарамай, олардың салмақ бiрлiгiне келетiн көлемi әр түрлi насекомдарда қарайлас шамада болады. Мальпиги түтiкшелерi атқаратын қызметi жағынан омыртқалы жануарлардың бүйрегiне ұқсас. Несеп қышқылды кальций және натрий тұздарының судағы ерiтiндiсi (ураттар) түтiкшенiң iшiн шайып өтетiн гемолимфадан бөлiнедi де, түтiкшенiң ақырғы бөлiмiнiң қуысына өтедi. Сол кезде түтiкшедегi бос көмiр қышқылы ураттардан несеп қышқылын ығыстырады. Осының нәтижесiнде көмiр қышқылының сiлтiсi және бос несеп қышқылы түзiледi. Несеп қышқылы концентрацияның көтерiлуiне орай ұсақ кристалдарға айналады да түтiкшеден iшекке, одан соң артқы iшектегi экскременттермен бiрге аналь тесiгi арқылы сыртқы шығарылады. Оңай еритiн көмiр қышқылының сiлтiлерi сумен түтiкшенiң керегесi арқылы қайтадан қанға өтедi, онда несеп қышқылымен кездесiп, қайтадан түтiкше қуысына өтетiн ураттарды түзедi. Ылғалды ортада тiршiлiк ететiн немесе суы көп қоректiк заттармен қоректенетiн насекомдарда мальпиги түтiкшелерi гемолимфадан артық суды да бөлiп шығарады. Кейде бұл процесс өте жылдам жүредi.
Кейбiр жағдайларда, мысалы тор қанатты насекомдар мен кейбiр қоңыздардың дернәсiлдерiнде, мальпиги түтiкшелерi тек экскреторлық қана емес, сонымен қатар пiллә жасауға немесе оны кальций тұздарымен цементтеуге пайдаланылатын секреттердi шығарып, секреторлық та қызмет атқарады.
Төменгi ерiн бездерi алғашқы қанатсыздардың кейбiр түрлерiнде, мысалы аяқ құйрықтылар мен қылшық құйрықтыларда, мальпиги түтiкшелерi сияқты экскреторлық қызмет атқарады. Ол бездер бiр жұп болып келедi де, насекомның бас бөлiмiнде орналасады және төменгi түп бөлiмiне ашылатын екеуiне жалғыз каналы болады.Майлы дененiң мальпиги түтiкшелерi мен төменгi ерiн бездерiнен айырмашылығы-ол экскреттердi сыртқа шығармай, кристалдар түрiнде қор ретiнде жинайды. Экскреттер не өмiр бойы майлы денеде қалып қояды, немесе қор жиналғаннан соң насекомның дернәсiлi қуыпшықтанар кезде мальпиги түтiкшелерi арқылы денеден шығарылады.
Секреция-организмге қажеттi заттардың, яғни секреттердiң шығу процесi. Секреттердi экзокрин деп атайтын әр түрлi бездер шығарады. Оларға жоғарыда қаралып кеткен ас қорыту ферменттерiн бөлiп шығаратын сiлекей бездерi мен ортаңғы iшектiң бездерi, сонымен қатар дененi механикалық зақымданудан қорғайтын заттарды (балауыз, лак, жiбек) бөлiп шығаратын бездер жатады.
Кейбiр бездер басқа жануарларға химиялық жолмен әсер ететiн телергон деп аталатын активтi заттарды бөлiп шығарады. Олар жануарлардың басқа түрлерiне әсер ететiн гетеротелергон және өз түрiнiң басқаларына әсер ететiн гемотелергон немесе феромон деп аталатын екi топқа бөлiнедi.
Гетеротелергондарға ара уы сияқты насекомның жауынан қорғану үшiн қажеттi және реплент деп аталатын өткiр иiстi және басқа шошытушы заттар жатады. Бұған бомбылаушы қоңыздардың қауiп туған кезде азот қышқылы мен тотығынан бөлiнiп ауада шу және азғана түтiн шығара қопарылыс беретiн секретi мысал бола алады.Феромонның бiрнеше түрлерi кездеседi. Жинау феромоны-қорек көздерiн пайдаланар кезде немесе шағылысу үшiн орын iздегенде насекомдарды (кандалардың, тура қанаттылардың, қабық жемiрi қоңыздарының) бiр жерге шоғырлануын қамтамасыз етедi. Қорытқыш немесе қорғану феромоны- шағатын жарғақ қанаттыларда, бiтелерде, термиттерде, жыныс бездерiнiң жетiлуiн бақылаушы феромон- жұмысшы араларда, аналық насекомды шығару феромоны-араларда және басқа топтанып тiршiлiк ететiн насекомдарда болады.Феромондардың практикалық маңызы зор. Әсiресе жыныс феромоны немесе жыныс аттрактанты жақсы зерттелген. Олар өте аз мөлшерде, бiрақ басқа жынысты насекомды өзiне тарта алатындай дәрежеде бөлiнедi. Мысалы, бiр ұрғашы насекомның беретiн секретi одан ондаған, кейде жүздеген метр қашықтықта орналасқан сол түрдiң еркектерiн өзiне тартып жинау үшiн жеткiлiктi. Феромондардың кейбiреулерi синтезделетiн алынған және олар зиянды насекомдардың жекелеген түрлерiмен күресу және олардың сан мөлшерiн есепке алу үшiн пайдаланылады.
Инкреция-өткiзгiш түтiкшелерi жоқ эндокриндiк бездердiң секреттерiнiң тiкелей бiрден қанға өту процесi. Ондай секреттердi гормондар деп атайды. Олар қан мен дененiң барлық бөлiмдерiне таралып, зат алмасу процесi мен насекомның дамуын реттейдi. Әсiресе, бас миының нейросекротор клеткалары, алдыңғы көкiрек немесе проторокаль бездерi және “жатқан денелер” (прилежащие) деп аталатын жұп без өте жақсы дамыған.
Мидың нейросекретор клеткалары эндокрин бездерiнiң әрекетiн күшейтетiн активтi гормон бөледi. Бұл гормонның бөлiнуi тоқталып, диапаузаға кетедi.
Алдыңғы кеуде немесе проторокаль бездерi алдыңғы кеуде ганглиясының, яғни құрсақ нерв жүйесiнiң бүйiр жақтарында орналасқан. Бұл бездер насекомдардың дернәсiлдерi мен қуыршықтарында болады да, дернәсiлдiң түлеуiне және метоморфозына (түрленiп өзгеруiне) жағдай жасайды және диапауза күйiнен шығаратын, түлеу гормонын немесе экдизон деп аталатын гормонды бөлiп шығарады. Экдизон арнайы без емес, ол әр түрлi насекомдарға әсер ете алады. Кристалл түрiнде бөлiнедi.
“Жатқан денелер” –дөңгелек пiшiндi бездер мидың арт жағында өңеш үстiнде орналасады да ювениль немесе неотенин гормонын бөлiп шығарады. Ювениль гормоны клеткалар мен тканьдардың жiктелiп, дифференциалануына жол бермей, дернәсiлдiң ересек насекомға айналауына кедергi келтiредi, яғни метоморфоздың ингибиторы болып саналады. Бұл гормон қанға оқтын-оқтын қосылып тұрады, осыған байланысты экдизон мен ювениль гормонының арасында баланс өзгередi де насеком түлейдi. Дернәсiлдiң даму кезеңiнiң соңында ювениль гормонының мөлшерi кiлт азаяды да метоморфоз процесi жүредi. Осы кезде организмде гормонның концентрация келтiру алдарынан, мысалы жасанды иньекция кезiнде дернәсiл бiрнеше рет қосымша түлеп, денесi шамадан тыс ұлғайып кетедi. Ювениль гормонының атқаратын басқа қызметтерiне мыналар жатады: репродуктивтi даму процестерiне жағдай жасау, әсiресе ұрғашы касекомының жыныс безiнде сары уыздың түзiлуi және метоморфоздан кейiн еркек насекомның қосалқы жыныс бездерiнiң дамуын, қауымдық түрде тiршiлiк ететiн насекомдардың косталық полиморфизiмiнiң, шегiрткелерiнiң фазалық полиморфизмiнiң және бiтелердiң маусымдық полиморфизмiнiң райда болуын қамтамасыз ету.
Нерв жүйесi. Насекомдарда үш түрлi нерв жүйесi болады: орталық, шеткi және симпатикалық нерв жүйелерi. Орталық нерв жүйесiнiң негiзiн бунақ аралық ұзын тәжiлермен (немесе коннективтермен) жалғасқан нерв түйiндерi (немесе ганглиялар) құрады. Орталық нерв жүйесi бас және құрсақ бөлiмiнен тұрады. Бас бөлiмге өңештiң үстiне орналасқан өте жақсы жетiлген “жұтқыншақ үстi” түйiн (немесе бас миы) және одан гөрi нашар жетiлген өңеш астында орналасқан “жұтқыншақ асты” түйiн жатады. Осы екi нерв түйiнi өзара коннективтермен жалғасып, жұтқыншақ жанындағы нерв сақинасын құрады. Құрсақ бөлiмi құрсақ нерв тiзбегiн құратын бiрқатар ганглиялардан тұрады.
Мидың құрылысы өте күрделi: өзара тұтаса бiрiккен үш ганглиядан тұрады. Алдыңғы бөлiмi (протоцеребрум) басқаларына қарағанда жақсы жетiлген және ол күрделi көздер мен бiр сабақшалы немесе саңырауқұлақ тәрiздi, денелердi нервтендiретiн 2 көру төмпешiгiн өзiне қосып алған. Сабақшалы денелер нерв жүйесiнiң ең жоғарғы ассоциялаушы және координациялаушы ортаңғы болып саналады және олар қауымдасып тiршiлiк ететiн насекомдарға жақсы дамыған. Мидың ортаңғы бөлiмi (дейтоцербрум) мұртшаларды, ал артқы бөлiмi (тритоцербрум)- жоғарғы ерiндi нервтендiретiн және симпатикалық нерв жүйесiмен байланысты болады.
“Жұтқыншақ асты” түйiн бастың жақ бөлiмiнiң 3 ганглиясының тұтасып қосылуы нәтижесiнде пайда болған. Ол ауыз мүшелерi мен iшек түтiгiнiң алдыңғы бөлiмiн нервтендiредi.
Құрсақ нерв тiзбегi қарапайым насекомдарда 3 жұп көкiрек және 8 жұп құрсақ ганглияларынан тұрады. Насекомдардың нерв жүйесiнiң ең негiзгi ерекшелiктерiнiң бiрi-құрсақ нерв тiзбегi ганглияларының кейбiреулерiнiң тұтаса бiрiгiп кету ықтималдығында. Бұл әсiресе дамудың жоғарғы сатысына көтерiлген қоңыздар мен шыбындарда байқалады. Мысалы, өлексемен қоректенетiн сұр шыбынның көкiрек және құрсақ ганглияларының барлығы қосылып, көкiрек бөлiмiнде бiр түйiн түзедi. Ал құрсақта тек нервтер ғана қалады.
Шеткi нерв жүйесi-орталық және симпатикалық нерв жүйелерiнiң ганглияларынан шығаратын нервтердiң жиынтығы. Ганглиялар сол нервтер арқылы дене бөлiмшелерiнде орналасқан әр түрлi сезiм мүшелерiмен және бұлшық еттермен жалғасады.Симпатикалық нерв жүйесi насекомдардың iшкi мүшелерi мен бұлшық ет жүйесiнiң жұмысын реттейдi. Ол бас пен көкiрекке орналасқан бiрнеше ганглиялардан, құрсақ нерв тiзбегiнiң коннективтерi арасынан өтетiн жұпсыз симпатикалық нервтер және құрсақ тiзбегiнiң соңғы түйiнiмен жалғасатын оның құйрық бөлiмiнен тұрады.
Сезiм мүшелерi. Насекомдарда азды-көптi дәрежеде көру, есту иiс сезу, дәм және түйсiну сезiмдерi дамыған. Бұлардан басқа кейбiр жеке түрлер ауа температурасы мен ылғалдылықтың, су мен ауа ортасының қысымының өзгеруiн және магниттiк өрiсiмен электростатикалық өрiсiнiң әсерiн де қабылдай алады.
Иiс сезу мүшесi негiзiнен тақта немесе конус түрiнде мұртша кутикуласының ойыс бөлiктерiнде нерв клеткаларымен жалғаса шоғырланған. Иiс сезу элементтерiнiң (сенсиллдердiң) саны әдетте, еркек насекомда көп болады (ұрғашы насекоммен салыстырғанда). Ол әсiресе гүл шырынын iздеуде иiс сезiмiнiң маңызы қызмет атқаруына байланысты жұмысшы араларда көп болады-мұртшалардың әрқайсысында 600 шамасына дейiн жетедi. Кейбiр насекомдардың сезiмталдығы адамдiкiнен әлдеқайда жоғары болады. Мысалы, кейбiр көбелектердiң таңбаланған еркегi ұрғашы көбелектiң жыныс аттрактанттарының исiн 11 км қашықтықтан сезе алады.
Түйсiну сезiмдерiнiң қызметiн дене бөлiктерiнiң әр түрлi учпскелерiнде, әсiресе мұрташалар мен ауыз мүшелерiнде орналасқан сезгiш қылшықтар атқарады. Қылшықтың тiтiркенуi нерв клеткасына өтедi, одан соң пайда болған қозу нерв талшықтарының бойымен нерв орталығына берiледi.
Дәм сезу мүшелерi құрылысы жағынан иiс сезу мүшелерiне өте ұқсас. Олар ауыз бөлiмшелерiнде орналасқан. Сонымен қатар дәм сезу сүйелдерi көбелек, ара және шыбынның алдыңғы аяқтарының табанынан да табылған. Мысалы, аш көбелектiң табанын қант ерiтiндiсiне тигiзсе, ол тұмсығын соза бастайды. Көбелектер қанттың судағы концентрациясы адам сезе алатын шамадан 2000 есе аз болса да, оны сезе алады. Насекомдар тәттi, тұзды, ащы және қышқыл дәмдердi азды-көптi ажырата алады.
Есту органдары тек дыбыс шығара алатын насекомдарда ғана жақсы дамыған, мысалы шегiрткелерде, шекшектерде, шiлделiктерде, цикадаларда, қандалалардың кейбiреулерiнде жетiлген болады. Олар- тимпанальды органдар деп аталатын кутикуланың дабыл жарғағы сияқты жұқа учаскелерi. Онда сезгiш элементтер барынша топтанған. Шегiртке мен цикадада тимпанальды органдар құрсақтың бiрiншi бунағында, ал шекшек пен шiлделiкте олар алдыңғы аяқтың жiлiншiк бөлiгiнде орналасқан.
Насекомдарда көру мүшелерi жақсы жетiлген. Тек өмiр бойы жер астын немесе үңгiрдi мекендейтiн насекомдарда ғана көз болмайды немесе ол дамымаған. Насекомдарда көздiң 2 түрi бар: күрделi және қарапайым көз. Күрделi немесе фасеттi көздер бастың екi жағына орналасқан. Олар көптеген көру элементтерiнен-омматидтерден, немесе фасеттерден тұрады. Олардың саны өте көп. Мысалы, үй шыбынының көзiндегi омматидтердiң саны 400, ал инелiкте әуелi 28000 жетедi. Омматидтер екi жағы дөңес линза пiшiндi мөлдiр хрусталиктен немесе қасаң қабықтан және оның астында жатқан хрустальды конустан тұрады. Бұлар бiрiгiп бiртұтас оптика жүйесiн құрады. Конустың астында жарық сәулесiн қабылдайтын тор орналасқан. Тордың клеткалары мидың көру төмпешiктерi мен нерв талшықтары арқылы жалғасады. Омматидтердiң әрқайсысын пигмент клеткалары қоршап жатады.
Күндiз ғана тiршiлiк ететiн, сондықтан күндiзгi насекомдар деп аталатын түрлерде пигмент клеткалары омматидтердi бiрiнен –бiрiн мүлде бөлiп тұрады. Осыған байланысты олар тек тура тiкелей түсетiн сәуленi ғана қабылдай алады. Ымырт және түн насекомдарының көздерi мейлiнше жақсы жетiлген және олар жарықтың азды-көптi дәрежеде өзгеруiн сезе алады, яғни аккомодацияға абiлеттiлiгi бар. Олардың оптикалық бөлiгi сезгiш бөлiктен едәуiр қашықта тұратындықтан ымырт кезiнде омматидтiң торына тiкелей келетiн сәулелердi ғана емес, сонымен қатар көршi омматидтерден шыққан қиғаш сәулелердi де көредi. Мұның өзi жарық нәтижелiгiнiң күшеюiне мүмкiндiк туғызады. Жарық күштi болған кезде пигмент омматидтiң бойымен жылжып орын ауыстыра бастайды да, күндiзгi насекомдардың көзi сияқты оны басқа омматидтен бөлiп тастайды. Осындай реакцияның жылдамдығы мысалы, алманың жемiр көбелегiнде шамамен бiр сағатқа тең; швед шыбынын көгiлдiр реңдi жасыл түс жақсы тартады; аралардың гүлдi көру қабiлеттiлiгi спектрдiң қысқа толқынды бөлiгiне қарай жақындаған және олар спектрдiң қызғылт-сары учаскесiн нашар ажыратады, бiрақ оның есесiне адым көзi қабылдай алмайтын, ультракүлгiн түстi учаскелердi жақсы көре алады.
Достарыңызбен бөлісу: |