Кiрiспе тақырыптың өзектiлiгi



бет6/20
Дата05.06.2024
өлшемі0,72 Mb.
#203189
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дисс..трипан!!

III кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология - бүкіл ғаламдық ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының колданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына: А. М. Гиляровтың "Популяциялық экология"(1990) М. Захарченконың "Экологияның қазіргі проблемалары" (1955), Н. Реймерстің "Экология" (1994), В. В. Глуховтың "Экологияның экономикалық негіздері" (1995), Ф. Мотузконның "Экология негіздері" (1994), С. Боголюбовтың "Экология және право" (1989), Ю. А. Израильдің "Экологиялық мониторинг" (1995), Н. Реймерстің "Экологияландыру" (1993), Г. Сидеренконың "Экологияның қазіргі заманғы проблемалары" (1993), М. Бигонның "Экология" (1989), В. Вронскийдің "Қолданбалы экология" (1996), С. Тлеубергеновтың "Адам экологиясы" (1996), Г. К. Сағымбаевтің "Экология негіздері", Экология және экономика (1995), Ж. Ж. Жатканбаевтың "Экология"(2000,2004), А. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаевтің "Экология" (2001), С. Дрябо мен В. Ясвиннің "Экологиялық педагогика және психология" (1996), В. Хелсенің "Философия және экология" (1993), т.б. еңбектерді жатқызажы.
Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының бірі -экологиялық педагогика (көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беру), адам экологиясы және халықтық экология "этноэкология" бағыттары дами түсуде. Бұл - бүгінгі өмір талабы. Өйткені биосферадағы тіршіліктің тұрақты сақталуы - адамның ақыл-ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түскен кез туды. Сондықтан XXI ғасыр адамзаттың ақыл-ойы кемелденген - нооэкология кезеңі болмақ. Өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы адам баласының ақыл-ойының деңгейіне тікелей қатысты.
Экология ғылымының негізгі мақсаты - биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера" атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халыкаралық деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.
1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда айнала қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселелері көтерілді.
1972 жылы Стокгольмде "Қоршаған ортаны қорғау" туралы білім беру, 1977 жылы Тбилиси қаласында БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары "Экологиялық білім беру" туралы 40-тан астам шешімдер қабылданып, ғаламдық, стратегиялық жоспарлар қабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), т.б. конференцияларымен жалғасады.
Экологиялық білім берудің бұрынғы КСРО кезеңіне тоқталсақ, онда негізінен орыстың табиғат зерттеуші әрі көрнекті ағартушылары А. М. Теряев, И. И. Мартынов, В. Г. Белинский, А. Н. Герцен, Н. Г. Чернышевский еңбектерін атауға болады. Одан соң А. Н. Бекетов, К. А. Тимирязев, Д. Н. Кайгородов, т.б. табиғатты зерттеу мен корғау туралы мәселелерді көтерді.
XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Ф. Натали, Н. М. Берзилин, В.М.Корсунский, т:б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып дамытуды ұсынды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Беларуссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург, т.б). "Биосфера", "Экология", "Табиғат қорғау", т.б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог-ғалымдар Н. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А. Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н. Захлебный, т.б. халықтық оқу жүйесінде экологиялық білім берудің санқырлы теориялық,.практикалық негіздерін ұсынды.
Экологиялық білім беруде және жоғары білімді эколог мамандарды даярлауда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің орны ерекше. Университет профессоры А. С. Бейсенованың жетекшілігімен "Жоғары оқу орындарында эколог мамандар дайындау" және "Мектеп оқушыларына экологиялық білім беру" тұжырымдамасы жасалынды. Ал, 1987 жылы университетте география-экология факультеті ашылып, мамандар даярлай бастады. Қазір Әль-Фараби атындағы университетте (ҚазМҰУ), Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Атырау, Түркістан қалаларындағы оқу орындарында химия-экология, география-экология, т.б. мамандықтары бойынша бөлімдер ашылды. Соңғы жылдары Республиканың академиялық ғылыми-зерттеу институттары биоресурстар бойынша экологиялық іргелі жұмыстар жүргізсе, жоғары оқу орындары білікті эколог мамандарын даярлауда. Осы бағытта егеменді Республикамыздың парламенті мен үкіметі "Қоршаған табиғи ортаны қорғау" туралы Заңды (1997), "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі" тұжырымдамасы" (1996), экономикалық білім бағдарламасын (1999), Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жоспарын (1996), Қазақстан Республикасында 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы (2003), "Жер, су және орман туралы кодекстер (2003), т.б. маңызы зор құжаттар қабылдады.
Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі.Ол туралы пікір, таластар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымын біз белгілі экологтар Ю. Одум, Н. П. Наумов, Г. А. Ноиков, Н. Ф. Реймерс, В. А. Радкевичтің жіктеуі негізінде береміз.
Биоэкологиялық зерттеулер бағыты. Биоэкология бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология, Аутэкология - жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни, жеке организмге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Одан әрі зерттеулер тереңдетіліп, биохимиялық, биофизикалық, генетикалық сипат алады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, ролі мен маңызына, айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс-әрекеті туралы практикалық маңызына жан-жақты сипаттама беріледі.
Демэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылымы (жас, жыныс, кебею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.
Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі түрғысында қарастырады. Өйткені, особь, популяция белгілі бір нақты түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэкология, особь, популяция, түр, биоценоз-биогеоценоз (экожүйе) - биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.
Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) жиынтығын біртүтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер бірлестіктерінің қалыптасуы, құрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия және зат алмасулар, сандық және сапалық өзгерістер, биологиялық өнімділігі мен бірлестіктердің тұрақтылығы туралы жан-жақты мәселелер қаралады.
Геоэкология - экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады. Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, географиялық ландшафтар бойынша экожүйелердің құрылымы, бірлестіктері, тұрақтылығы, кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі, экожүйелер өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы зерттеулер жиынтығы.
Ғаламдық экология - табиғи және табиғи іс-әрекетінен туындайтын биосфера шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп-қатер, экологиялық апаттар, әлемнің климаттық ауытқуы, шөлейттену, жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі эпидемиялар т.б. Осы бағыттағы ірі-ірі бүкіл әлемді (ғаламды) қамтитын проблемаларды қарастырады.
Адам экологиясы - ауыл, село, қала тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық және халықаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдардың экологиялық құқын қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты зерттеу.
Жер шары тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарын іздестіреді.
Нооэкология - адам, табиғат, коғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайларды, қарым- қатынастарды бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл-ойымен шешуді қамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең жоғарғы дәрежедегі жаңа техно-логиясын жасау, планетадағы адамзат қауымын азық-түлік, энергия және шикізатпен қамтамасыз ету, халықтар мен ұлттар арасындағы достықты, ауызбіршілікті қалыптастыру, этноэкология, экологиялық білім мен тәрбие, мәдениет, мораль, құқық, т.б. Адам мен биосфера шегіндегі тұракты дамудың адами жоспарларын жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын іздестіреді.
Биосфераның негізгі биологиялық қасиеттерінің бірі - кеңістік тұрғысынан біркелкі болмауы. Биосфераның кеңістік бойынша жетілуі өте ұзақ және күрделі биогеохимиялық үрдістердің нәтижесі. Биосферадағы неше түрлі жіктелудің көрінісі - экожүйелер, биогеоценоздар және жасанды, табиғи ландшафтар.
Экожүйе (экосистема) система ішіндегі түрлердің көп түрлілігі мен зат айналымын түзейтін энергия ағымы мен қамтамасыз ететін берілген учаскідегі (биотоптағы) барлық организмдерді (яғни биоценоз біріктіретін кез келген) бірлестікті (әртүрлі көлемдегі және жеке рангтегі) белгілеу үшін пайдаланды. Бұл терминді ғылымға АТэнсли (1935 ж.) енгізген еді.
Экожүйелердің негізгі биологиялық қасиеттерінің бірі - олардың әр түрлі деңгейде болуы. Ең жоғарғы ұйымдасқан деңгейі - биосфера мен ноосфера, қарапайым экожүйелер (биогеоценоздар) биосфераның ғылыми тұрғысынан біркелкі болып келеді. Әсіресе, ондагы өсімдік бірлестіктері (фитоценоздар) жануарлар бірлестіктері (зооценоздар) физикалық, химиялық және биологиялық жағдайлары, сонымен бірге тұрақты энергия ағымы мен зат алмасулары бір тұтас жүйе ішінде әрекет етеді.
Экожүйенің құрамьша тірі организмдердің үлкен тобы кіреді. Олар экологиялық, бірлестіктерді (экосистема) құрайды. Өмір сүретін ортаның (топырақ, су, ауаның) құрамы біргей, бірыңғай бөлігі - экотоп (эkos — грекше үй, топос - жер бөлім, орын) енеді.
Экожүйе эволюциялық даму кезінде жеке биологиялық түрлер мен әр түрлі популяциялардың айналаны қоршаған ортаға және бір-біріне бейімделуі негізінде құрылған. Бұл ортаның өзгеруімен құрамға кіретін ағзалардың сандық шамасының өзгеруіне қарсы тұра алатын, өзін-өзі басқаратын қарсы тұра алатын, тұрақты механизм.
Дегенмен популяциядағы, экожүйедегі және биосферадагы өзін-өзі басқару процесі тіпті де шексіз емес.
Егер айналаны қоршаган ортадағы (топырақ, ауа, климат) өзгерістер, ағзалар бейімделген тұрақты шамадан асса, онда экожүйедегі үйлесімдік бүтіндей бұзылады. Ландшафта, әсіресе табиғи жагдайдың (орман, тоғай өрті, өзен арнасының ауысуы сияқты) күрт өзгеруімен немесе адамның шаруашылық кезіндегі теріс әрекеті -топырақтың (жел және су эрозиясына ұшырауы) улы химикаттар (пестицидтер, гербицидтер, дефолианттар, десиканттар) қолданылуы негізінде бүкіл экожүйенің бұзылуынан, әйтпесе, тізбектің бір бөлігінің жоғалуынан ауыр қиыншылыққа ұшырайды. Мұндай жағдайда ол бастапқы қалыпқа келмес ірі өзгеріске енеді. Тіршілік бірнеше өркендеу дәрежесінде байқалады.
Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының ең маңызды көрінісі — табиғи экожүйелердің кедейленуі, яғни биоалуантүрліліктің кемуі больш табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет