Кiрiспе тақырыптың өзектiлiгi



бет7/20
Дата05.06.2024
өлшемі0,72 Mb.
#203189
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Дисс..трипан!!

Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.
Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж.) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.
Қазір адамның азық-түлігі ретінде қолдануға болатын бірнеше мың түрлер белгілі. Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200—250-ден аспайтын түрлері пайдаланады. Ауылшаруашылық өнімдерінің басым көпшілігін 12—15 өсімдік береді.
Жабайы түрлер — табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өнім көзі және әсіресе, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқым-дары мен іріктемелерін шығаруда маңызы зор.
1960—1970 жылдардагы «Жасыл революңия», жоғары өнімді және ауруларға төзімді дәнді дақылдардың жаңа іріктемелерін жасауда жабайы түрлерді, мысалы Түркиядан әкелінген бидай шығарумен байланысты. Тек Азия елдерінің өзінде ғана «Жасыл революция» нәтижесінде бидай өндіру 2 миллиард долларға, күріш — 1,5 миллиард АҚШ долларына артқан.
Жабайы түрлер — дәрі-дәрмектердің маңызды көзі. Қазіргі кезде осы мақсатта шамамен 5 мың өсімдіктердің түрлері қолданылады. Олардың жалпы бағасы 40 миллиард доллар. Шипалы қасиеттері бар өсімдіктердің көптеген түрлері әлі медицинада қолданылмай келеді.
Биоалуантүрлілік — адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.
Биоалуантүрлілік экожүйелердегі байланыстардың толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті — тұрақтылықты қамтамасыз " етеді.
Неғұрлым экожүйенің деңгейі жоғары болса, соғұрлым оны құрайтын элементтердің көпшілігі олардың алуан түрлілігін қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады, ал ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуында оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.
Мысалы, ғаламдық экожүйе ретінде биосфераның алуантүрлілігі, олай болса оның тұрақтылығы және т.б. қасиеттері түрлердің, популяциялар мен экожүйелердің санына ғана емес, тіршілік ету орталарына, рельеф формаларына, климаттың типіне, табиғат белдеулеріне, геохимиялық аймақтар, ландшафттар және басқа да құрылымдық бірліктердің ерекшеліктеріне де байланысты.
Қарапайым жүйелердің тіршілігін сақтау үшін көп энергия жұмсау қажет. Мысалы, қышқылдық жаңбырлардың әсерінен тіршілігі жойылған су қой-масы сырттан табиғи күйге келтіретін энергия жұмсалмаса қалдықтардың қоймасына айналады. Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзалардың түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10—30 млн. жыл. Түрлердің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір суретін түрлер — «тірі қазбалар» да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500 млн. жыл (силур дәуірінен бері), жалаңаш тұқымды ағаш — гинкго дәуірінен бері 150 млн. жыл тіршілік етіп келеді Жануарлардың ішінен тірі туатын балық латимерияны атауға болады. Ол 60 млн. жыл бұрын жойыльш кеткен деп есептеліп келді Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан табылған.
Жалпы алғанда жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады.
Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жыл-дамдықпен жүре бастады. Бұл процесс бір бағытта жүрді, сондықтан түрлердің жойылуы оған қарама-қарсы басқа жаңа түрлермен компенсацияланбайды.
Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құстар және 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.
П. Ревелль мен Ч. Ревелльдің (1994) болжамы бойынша алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін, олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер.
Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60% жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану (30—35%), содан кейінгі орында азық қоры-ның кемуі (4%), зиянкестерді жою (3%) және кездейсоқ жемтік (2%) түр.
Шектен тыс пайдалану қандай да бір кәсіптік маңызы бар жануарлар үшін қауіпті. 1983 жылы тек қана тіс сүйектері үшін ғана 80 мың (барлық са-нының 8%) африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы маңызды себептердің бірі олардың интродукңияланған, яғни сырттан әкелінген түрлерімен бәсекелестікке қабілетсіз болуы. Мұндай құбылыстарға шектелген территорияларда, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді.
Түрлердің алуантүрлігінің кемуінің әсіресе екі салдары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Біріншіден, бір түрдің жойылуы, әдетте онымен қоректік немесе басқа да байланыстармен тығыз байланысты, бірнеше түрдің тіршілік әрекетін бұзуға әкеліп соқтырады.
Екіншіден, қандай да бір түрді толық жоюдың қажеті жоқ. Олардың саны белгілі бір шамадан төмендеп кетсе, олар қайта қалпына келе алмайды. Ірі омыртқалы жануарлар үшін шекті деңгей 500—100 дара, ұсақ омыртқалылар үшін шамамен 10 мың дара, омыртқасыздар үшін шамамен 50 мың дара, өсімдіктер үшін бірнеше мың дара. Адам қызметінің нәтижесінде ағзалардың жойылуына кейбір мысалдар келтірейік.
1988 жылы Солтүстік теңізінде түлендердің жойылуы байқалды. Болжамдар бойынша, мұның себебін табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуынан іздеу керек: теңіз суларының биогенді элементтермен байытылуы алтын балдырлардың күрт артып кетуіне әкелді. Осының нәтижесінде судағы оттегінің мөлшері кеміп кеткен (өлген балдырлардың ыдырауының нәтижесінде), ал мұның өзі түлендердің өліміне әкеліп соқтырған.
Көптеген жануарлар автомобиль жолдарында өледі. Автомобилист 10 мың км жүріп өткенде 1,5 млн.-га жуық бунақденелілердің дараларын жояды. Транспорт дөңгелегінің астында жылына 6 млн. бақалар, 120 мың қояндар, 100 мың кірпілер өледі.
Ішкі су қоймаларының ластануы, тұздылығының, қышқылдығының артуы нәтижесінде көптеген жануарларға жойылу қаупі төніп отыр. Ертеде бай балық шаруашылығымен ерекшеленетін Арал теңізі іс жүзінде бағалылығынан айырылды. Азов және Каспий теңіздерінде балық өндіру 10—12 есе кеміп кеткен. Әсіресе, бекіре тәрізділердің саны шектен тыс аулау мен браконьерлік себебінен күрт төмендеген. Сонымен қатар, судың улануы, оттегінің кемуі, қышқылдық жаңбырлардың әсерінен бекіре тәрізді балықтардың аурулары 1980 жылдардан бері кең етек алып отыр.
Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі. Адам рельефті, өзен арналарын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, белгілі бір өзіне қажетті ағаш түрлерінен тұратын бағалы ормандарды ғана өсіреді.
Түрлердің толық жойылуының нәтижелері өте ауыр. Жекеленген экожүйелердің түрлік алуантүрлілігінің кемуін басқа экожүйелерден әкелу арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік болса, ал толық жойылған түр жүйе ретінде биосфера үшін қайтымсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет